Ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру
учебно-методический материал по теме

Жумагалиева Роза Матжановна
Заман талабына сай білім беру – бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек,оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы,белсенді,қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл bayandama.docx21.86 КБ

Предварительный просмотр:

Ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы

бастауыш сынып оқушыларының

танымдық қызығушылығын арттыру

     Заман талабына сай білім беру – бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек,оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы,белсенді,қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.Білім сапасын арттыруда жаңа технологиялар қолдану және оны оқып,білумен айналысудың маңызы зор.Қазіргі кезде кең тараған және оң нәтижесін көрсетіп жатқан педагогикалық технологиялар түрлерін атауға болады:сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, оқытудың компьютерлік технологиясы,ойын арқылы оқыту технологиясы т.б.

      Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Оқу барысында компьютерді   пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, электрондық  есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделген технологияның бір түрі - ақпараттық  коммуникативтік технология. 

      ХХІ ғасыр –бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі,айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына , кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру  қоғамның  алдында тұрған ең  басты міндет. Ақпараттық коммуникативтік технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімді ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарды пайдалану  арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Қазіргі кезде қоғам өмірінің ақпараттануы және компьютерлік техника құралдарының кеңінен таралуы білім берудің мазмұнына ғана үлкен әсерін тигізіп қоймайды, ол оқу-тәрбие үрдісінің нысандары мен әдістеріне де ықпал етіп отыр. Мұндай оқыту әдістері мен нысандары «білім берудегі АКТ» (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) деген атау алды.Дәстүрлі оқытудың репродуктивті-иллюстративті технологиясы үш маңызды құраушыдан тұратыны белгілі. Олар: үйретуші, үйренуші және оқу материалы. Осы үш құраушының өзара іс-әрекеті педагогикалық үрдісті айқындайтын болса, оның негізіне осы жүйедегі үш құраушының арасындағы ақпаратпен алмасу алынады. Алайда мұндай оқытуда оқытушы оқу үрдісінің барысы туралы шағын ақпаратты ғана иеленеді де, оны жедел түрде басқара алмайды. Себебі мұндай педагогикалық жүйеде құраушылар арасындағы кері байланыс өте әлсіз немесе ол мүлдем болмайды.Ал АКТ мынадай өзара байланысты құраушылардан тұрады: үйретуші, тиісті бағдарламалармен қамтамасыз етілген компьютер, үйренуші және оқу материалы.Мұндай жүйеде бірнеше құраушылардың өзара әрекеті (ақпаратпен алмасу) жүзеге асырылады. Ақпараттық  технология – бұл компьютерлер арқылы жан – жақты ақпаратты – бағдарлама жүйесінде оқыту.

Оқу процесінде АКТ-ны қолданудың тиімділігі:

  • Ақпаратты қолдана отырып жұмыс істей алу білімін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін туғызады;
  • Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды;
  • Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді;
  • Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады;
  • Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді;
  • Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады;
  • Оқытудың ой - өрісін , дүниетанымын кеңейтеді;
  • Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі;
  • Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты қорытынды жасап дәлелдейді;
  • Алған білімін талдап,жинақтап, жүйелілік қалыптастырады;
  • Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі өсумен қатар шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады;
  • Оқуға деген белсенділігін арттырады;
  • Көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады;
  • Ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі;
  • Уақытты үнемдейді;
  • Қайталау мүмкіндігін кеңейтеді.

     Ақпаратты технология – төмендегідей үш бағытта өзінің септігін тигізеді.

І . Жаңа идеяны іздеу (жеке тақырып бойынша компьютерді қолдану, жеке дидактикалық есептер бөлімі)

ІІ.  Ең бастысы, анықтау, оның ішіндегі ақпараттық бөлікті қолдану.

ІІІ. Монотехнология (барлық оқыту түрлері, оқу үрдісінің барлық бағыты, диагностикалық барлық түрлерін қосу, мониторинг, бәрі компьютермен қолдану талап етеді).

     Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.Ақпаратты оқыту технологиясының ішінде бүгінгі күні интерактивті тақта ерекше орын алып отыр. Интерактивті оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық оқушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру. Оқушылар интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы программамен мүмкіндігінше пайдалана алады.Ондағы мақсат – оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Мұнда оқушының сабаққа деген көзқарастары өзгеріп,қызығушылық туады, белсенділігі арта түседі.Сонымен қатар аудиоақпараттық дидактикалық материалдарды және танымдық ойын түрлерін кеңінен қолдану оқушы бойында негізгі құзыреттіліктердің қалыптасуына: яғни проблеманың шешімін табу,мәтінмен жұмыс жасау,көпшілікке арналған ақпараттық объектілермен қалыпты жұмыс жасау құралдарын меңгереді.Оқушылар ақпаратты жинаудың жаңа тәсілдерін игеріп,оларды пайдалануға үйренеді. Ойын – балалардың шынайы және ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «менін» қалыптастыруға, шығармашылыққа, белсенділікке, өз-өзін дамытуға мүмкіндік береді.

1.Жұптасып жұмыс істеу;

2.Ротациялық (ауыспалы) үштік;

3.Карусель(айналмақ)

4.Шағын топтармен жұмыс;

5.Аквариум;

6.Аяқталмаған сөйлем;

7.Ойға шабуыл;

8.Броундық қозғалыс;

9.Есептеу ағашы;

10.Рөлдік ойын т.б.

 «Айналмақ» ойыны. Оқушылардан екі сақина жасалады.Ішкі және сыртқы.Ішкі сақина – бұл қозғалмай отырған оқушылар, сыртқы сақина – бұлар әрбір 30 сек сайын ауысып отырады.Осылайша олар бірнеше минутта тақырыпты айтып шығады.

 «Есептеу ағашы». Сыныптағы оқушылар бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді.Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына жауабын жазады. Содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз ойларын жазады.

«Броундық қозғалыс». Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл класс ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.

«Ауыспалы үштік ойыны»

Ойын шарты: оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа белгілі бір тақырып бойынша тапсырма (теория) таратылады, белгіленген уақыт ішінде дайындалып, әр топтан бір оқушыдан бір-бірімен ауысып отырады. Енді, әр топтың мүшесі өз тобында дайындалған тапсырмасымен қалған топ мүшелеріне түсіндіреді. Содан кейін практикалық жұмыс беріледі.

Бұл ойындар баланың әр қырынан көрінуіне (интеллектуалдылық, шығармашылық, эмоционалдылық,коммуникативтік) және оның мінез-құлқында,қарым-қатынасында,оқуында пайда болатын әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.Сонымен қатар баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттердің қалыптасуына көмектеседі.

      Жаңа ақпараттық технологияны сабақтарда пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктерін қорытындылай келе, компьютерлік технологияны пайдаланудың әр жақты екендігіне көз жеткізуге болады. Бұл технологияны сабақтарда пайдаланудың үш негізгі түрі бар:

1.Ақпараттық технологияны сабақтарда үздіксіз пайдалану;

2.Ақпараттық технологияны оқушылардың сабақтан тыс өзіндік орындау барысында пайдалану;

3.Ақпараттық технологияны танымдық қабілетін дамытуға пайдалану.

Өскелең ұрпақты жаңа оқуға,жаңа қатынастарға бейімдеуіміз ең бірінші мақсат,яғни бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу ұстаздар қауымының зор міндеті екенін ұмытпауымыз абзал.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

3 сыныпқа арналған күнтізбелік жоспарлар-3

3 сыныпқа арналған күнтізбелік жоспарлар-3...

"Бармақтай бала" (ертегі) Ш. Перро - 2 сынып, "Нағыз адам" В. Сухомлинский - 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Бармақтай бала (ертегі) Шарль Перро – 2 «к»...

Еңбек - бәрін жеңбек -2 сынып, Өнерлі бала сүйкімді - 3 сынып

Сабақтың тақырыбы:  2- сынып «Еңбек – бәрін жеңбек»                        ...

Бастауыш сынып оқушыларына арналған білім биржасы "Зияткерлік ойыны"

Оқушылардың  білімге  деген  құштарлығын  арттырып, қызықтыру  арқылы  білімін  тереңдетіп,  зияткерлік  қабілетін  дамытады.  Оқушылардың...

Мектепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық

Мектепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық...

Балаларды танымдық ойлау қабілеттерін дамыту

Балалардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту жолдары...

Ойындар мен жаттығулар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары (тамыз маслихатында оқылатын баяндама)

Қазіргі таңда жапондық тәрбие деген ұғым кеңінен таралған. Жапондықтар«егер балаңыз терезені сындырып тастаса, ашуыңызды көретіп, баланы жазаға тарпаңыз. Істі сол күйінде қалдырыңыз. Түнде салқын түск...