«Мыстан кемпірдің қылықтары»

«Мыстан кемпірдің қылықтары» атты№ 1 «Аққу» естияр тобының жаңа жылдық ертеңгілігі  2013 жыл

 

Мыстан:Пай-пай! Мына жерде бұлар Жаңа жыл мерекесін тойламақ.Мен оларға көрсетемін.

-Мерке болмасын –деп сыпырғышымен шыршаны айналады.Жарық сөнеді.

-Шыршаны айналғандар, Антарктидаға бірақ түссің./кетіп қалады/

 

Музыка залына балалар кіреді.

Бастауыш:-Мынау не болғаны балалар? Біз Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз деп келдік.Жарық неге сөніп қалған?Неге қараңғы?

Ата-аналар мүмкін сіздер білесіздер?

Ата-аналар көргендерін айтады.

Бастауыш:: -Естідіңдер ме балалар,Мыстан кемпір бұл жерде болған екен.-Енді мерекені қалай өткіземіз?Не  болады енді?

Шырша :Неге сендер шулайсыңдар? Маған ұйқы бермедіңдер ғой.

Бастауыш::Балалар шырша сөйлеп тұр .Мына мыстан кемпір шыршаны да сыйқырлап тастапты. Мүмкін шыршаға тақпақ айтарсыңдар ма?

 

                        Тақпақтар:

Жасыл шырша жанында.                                        Жасыл желек жамылған.

Көңілдіміз баршамыз.                                             Асыл моншақ тағылған.

Ән салуға, би билеге                                              Міне сұлу шыршамыз.

Біз дайынбыз қашанда                                            Көз тоймайды қараса.

                                                                                                                

Бастауыш:: Балалар шырша тақпаққа көнбеді.Мүмкін шыршаны айналармыз:-Қане  шеңберге тұрып айналып көрейік.

 

Шыршаны айналғанда жарық жанады.Ақ аю шығады.

Ақ аю:-Міне керемет.Біздің Антарктидаға қонақтар келді.

Бастауыш: -Қайда, қайда?Антарктида дейсің бе?Балалар сендермен шыршаны айналамыз деп Антарктидаға түстік.Ал біздің Жаңа жылымыз ше ,бізді күтіп отырған ата-аналарымыз ше?

Ақ аю: Сендерге  бұл жер ұнамайды ма не?Біізде де Жаңа жыл.

Бастауыш::Жоқ ұнайды.Бізге Аяз ата келу керек, әрі қонақтар тосып отыр.

Ақ аю:Аяз ата осында жүр.Тіпті болмаса маған қыс туралы тақпақ айтып берсеңдерші.

 

Қыс туралы тақпатар

Аязды келіп қыс.                                                     Бораны мен дауылы.

Алғашқы қар ұшты.                                                Ақ қарымен қыс келді.

Аппақ боп үстіміз.                                                  Өрнек сызып әр үйдің.

Ақ қырау жабысты.                                                Әйнегіне сән берді.

Ақ аю:Рахмет сендерге балалар тақпақ айттыңдар, ал ән болмай ма?

Қыс туралы ән.

Ақ аю: -Балалар мен сендерге өзімнің жолдастарымды шақырғым келеді.Олар өте көңілді және тапқыр, ешқашан мұнаймайды.Олар сендерге көмектеседі.

                                   «Пингвиндер»   биі. /Махамбет,Мұхамед, Самат/.

Пингвиндер Аяз ата жоғалтақан таяқты сыйға тартады.

                                   Ойын « Сиқырлы».

Балалар балабақшаға оралады.

Бастауыш::-Балалар біз өзіміздің балалабақшамызға оралдық.Сендерге Антарктида ұнады ма?Мен тонып қалдым.

Ритмикалық би.

Мыстан кемпір келеді.-Бұл не бітпейтін мереке .Сыйқырлап тастағанымды сыйқырынан шығарып көңілденіп жатырсыңдар ғой ,бұл шыршаны мен түбімен жұлып алайын.

Бастауыш:;Мыстан кемпір сенің бұл қылығынды қалай түсінуге болады. Өзінде жора –жолдас болмағандықтан өшінді бізден алма.

Мыстан шыршадағы кілтті көріп: жарайды шыршаны қалдырайын ,ал мына кілтті алып кетемін ,ақшасы мол сандықтікі шығар ,сол сандықты іздеп келейін,және қарным да ашты мүмкін сандықта тамақта бар болар-деп кетіп бара жатқанда таяғын түсіріп алады.

Бастауыш::Анау  Мыстан тағы бір нәрсені бүлдірген сияқты .

Балалар тойымызды әрі жалғастырайық.

Ән «Шырша жыры».

Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді.Аяз ата Ақшақарды қолынан тартып жетелейді, ол кіргісі келмейді.

Ақшақар:Ата жіберіңізші мені, кірмеймін үйге қайтамын.

Аяз ата:Айналайыным-ау не болды саған ,ауырып тұрған жоқсын ба?

Ақшақар:Жоқ,жоқ,ауырып тұрған жоқпын.Ешқайда бармаймын ,үйге барайық.

Аяз ата :Қызым-ау не деп тұрсын,бізге тойға келдік.Балалар көп .Амандасу керек.

            Аяулы аналарғағардақты ұл-қыздарға.

            Бүлдіршін балаларға бір сәлем!

            Қандай жарқын жүздерін

            Қандай әсем жырларын.

            Асулармен алыстап

Асау желмен жарысқан

Аталарын сендерге

Шаршап келді алыстан.

Балалармен амандасады.

Аяз ата:Рахмет балаларым.Кәнекей қызым қонақтардан ұят болады,

басынды көтер.Ақшақар басын көтермейді.

Аяз ата:Қарашы балалардың әдемі киімін,шырша әсем безендірілген,бәрі тым сұлу.

Сол кезде Ақшақар жылап тұрып:-Мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым.

Аяз ата:Ештене етпес мен өз таяғыммен жағамын.

Ақшақар :-Қойыныз Ата!Сіздің таяғыныз бүкіл шыршаны қатырып тастайды.

Тәрбиеші:Ақшақар сенің таяғын қандай еді?

Ақшақар: -Менің таяғым жылтырауық..Сіздер оны көрген жоқсыздар ма?

Тәрбиеші:Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып,қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе?Қане балалар Ақшақарға сендер тауып беріңдерші.

/балалар шыршадан тауып береді/

Аяз ата:-Рахмет сендерге балапандарым.

Тәрбиеші :Аяз ата енді шыршаны жағып беріңіз, балалар көп күтті.

  Аяз ата мен балалар: «Шырша шамын жағайық.Жаңа жыл тойын ашайық»?

 

Ән «Аяз ата»

Ақшақар:Ата балаларға назар аударшы, ештене көріп тұрған жоқсын ба?

 

«Аяз аталар мен шыршалар» биі.

 

Ойын: « Кім қар түйіршігін дәл және көп лақтырады».

Жасыл желек жамылған                                         Жаңа жылды қарсы алдың

Асыл моншақ тағылған                                          Мініп алып күймеге           

Міне,сұлу шыршамыз                                             Мен де бүгін ән салдым

Көптен күтіп сағынған                                           Араластым биге де

 

Ақ қырауға малынған                                            Безендіріп шыршаны

Сақалы да мұрты да                                                Жыл қуантты баршаны

Аяз ата сағынған                                                      Той маскарад басталды      

Сәлем берді жұртына                                              Аяз оны басқарды

 

Аяз ата  биі

Аяз ата: Мен ыстықтадым,маған ұрлендерші.Жоқ көмектеспейді.

Ақшақар: Ата сізге кішкентай ұлпақарлар биі биін дайындап отыр сіз тамашалап көріңіз.

 

Ұлпақарлар биі

 

Аяз ата:-Бәрекелді балалар мені бір қуантып тастадыңдар ғой.

Тәрбиеші: Аяз ата ,сіз біздің балаларға әкелген сыйлығыныз бар шығар.

Аяз ата:Әрине әкелдім,ол сыйлықтар мына сандықта.Ақшақар сандықтың кілті қайда?

Ақшақар иығымен білмеймін деп көрсетеді.

Тәрбиеші:Қандай кілтті сұрап тұрсыз?Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілтті айтасыз ба?

Аяз ата :Иә,сол кілт.Ал мынау не?/қоңырау/

 

                                               Оркестр «Орман аңдары».

Тәрбиеші:Ол кілтті Мыстан алып кетті.Ол тіпті шыршамызды да алып кеткісі келген.

Аяз ата:Әй әттеген-ай.Жүр немерем екеуміз Мыстанды іздеп келейік,одан кілтті алуымыз керек.

/Осы кезде залға Мыстан кіреді/

Мыстан:Ах  бәлем!Таптым сандықты мұнда тұр екен ғой.

Аяз ата:-Мына ұрлықшы мұнда жүр.Кілтті қайтар,балаларға сыйлық беруім керек.

/Мыстан сандықты ашқысы келеді,сол кезде Аяз ата таяғымен тарсылдатып оны қатырады./

Мыстан кемпір:Міне кілттерін тек сендермен мен билейінші, ойнайыншы.

 

                                   Хоп-хоп ойын-би

 

                                   Аяз ата таяғында сырғанаймыз./Ойын-атрақцион/

.

Аяз ата:-Ал енді сыйлық та беретін уақыт та болды.

-Жарайсыңдар балаларым!Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде, көңілімді көтердіңдер.Барлықтарың да ақылды,білімді де өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерін қандай әдемі!Солай емес пе немерем? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар.

Сандықты ашпақ болады. Әуен ойналып,сандықтан жылан шығып

 «Жылан» биін билейді.

Аяз ата:Рахмет балам.Келер жылы Жылан жылы құтты болсын.Немерем сыйлықтарды таратуға көмектес.

Ал енді біз жолға шығайық.Басқа балалардың өнерін тамашалайық.Ал балаларым,сендер өсе беріңдер,өркендей беріңдер.Аспандарын ашық болсын.Қош болыңдар балалар!

Балалар:Сау болыңыздар.Рахмет.

Тәрбиеші:Құрметті қонақтар,балалар2013-ші жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.Жаңа жыл құтты болсын,отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін»!!!