Мәңгілік ел-мәңгілік тіл
план-конспект урока (средняя группа) на тему

Шманова Айгерим Маратовна

Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдер - мақалдар, билер, ойындар арқылы өтілетін шараның мәнін жеткілікті меңгерту. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан - ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қ. Р мемлекеттік рәміздері, мультимедиялық тақта, слайд шоу, шарлар, жалаушалар, музыкалық аппаратура, музыкалық аспаптар, тіл тақырыбына байланысты қанатты сөздер.

Мақсаты: М

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл mngilik_el-mngilik_til.docx21.61 КБ

Предварительный просмотр:

Тақырыбы: «Мәңгілік ел, мәңгілік тіл!»

Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдер - мақалдар, билер, ойындар арқылы өтілетін шараның мәнін жеткілікті меңгерту. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан - ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қ. Р мемлекеттік рәміздері, мультимедиялық тақта, слайд шоу, шарлар, жалаушалар, музыкалық аппаратура, музыкалық аспаптар, тіл тақырыбына байланысты қанатты сөздер.

1 – жүргізуші қазақша: Назқоңыр:  Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің мерекесіне жиналған көрермендер! Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған мерекелік ертеңгілігімізді  бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н. Ә. Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап, мерекеге жиналып отырсыздар.

 2- жүргізуші орысша:  Айлина: Добрый день! Ценителям и чтущим свой родной язык! Сильные духом! Раные  Улановцы нашей Независимой страны! Поздравляю с днём языков народов Республики Казахстан.

3 – жүргізуші ағылшынша:  Нұркен:  итс коман холдей энд риспект фо азе нейшналс ин ауә кантри. Үй  каңгритулейт ю он зе холдей.


 1 – жүргізуші:  Бүгінгі ертенгілігіміздің сәнін келтіретін «Балдәурен»  тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар!

Тәрбиеші : Армысыздар,  құрметті қонақтар және  әріптестер, мереке баршаңызға құтты болсын!  Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны. Осыдан тура 29 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілді.

Алаулаған алабынан нұр тамып.
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып,
Көк байрағың желбірейді төрінде
Әнұраның тұр көгінде шырқалып.

( Әнұран орындалады)

1 - Жүргізуші: Сөз кезегі балабақша меңгерушісі:  Р.Көптілеуқызына береміз

Лебізіңізге рахмет!

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.                  (Расул)

Тәрбиеші: тобымыздың әнші қызы Қанжарбек Назқоңырдын орындауында  

«Мен қазақтың қызымын» әнін қабыл алыңыздар!

Үш бақытым
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,                      Нұркен
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.                          

Тәрбиеші: Теңіздей тербетілген биші кәріс кыздарымызды қарсы алыңыздар!

Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.                      (Саян)

Тәрбиеші: Ортақ бізге бір Отан 

Ортақ жердің байлығы 

Еңбек ортақ жер ортақ 

Ортақ бізге барлығы, дей келе келесі кезекті орыс халқының бишілеріне берейік.

Орыс биі:

Айшат Расул

Назқоңыр Нұркен

Нұрқанат Кәусар

Дінмұхаммет С.Айша

Бек Інжу

Тақпақ

Ақыл- ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың .

Өсірген ой – білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің,

 Мәнін терең білуге.                             (Н.Айша)

Тәрбиеші: Алдарыңызда әнші қызымыз Қасымхан Айшаттың орындауында «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар! !

Туған тілде  сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнімменен сәнім бар!

Туған тілім тіл болудан  қалса егер,

Жүрегімді суырып – ақ алыңдар                               (Бек)

Тәрбиеші: Құлақтан кіріп, бойды алар
                     Әсем ән мен тәтті күй
                      Көңілге сырлы ой салар
                      Әнді сүйсең менше сүй - деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті         әсем әнге берейік.

Ән : «Ана – тілім». Орындайтын:   Наурызбекқызы  Айша

Тәрбиеші: Алдарыңызда «Балдәурен» тобының тауыс бишілер тобын қарсы алыңыздар!

Назқоңыр

Айшат

Тәрбиеші: Жазса Тарас Днепрді,
                   Жазса Пушкин Еділді.
                   Неге маған жырламасқа,
                   Сырда туған елімді, деп Әбділда ТӘЖІБАЕВ  атамыз айтқандай біздің қос балапанымыз Назқоңыр мен Расулдың «Сырда туған баламын» әнін қабыл алыңыздар.

Ана тілім – өзгелерден бөлексің,

Бала жүрек саған арнап жыр төксін.

Қай аслға теңесемде жарасар,        

Ана тілім - баға жетпес өнерсің.                Нұрқанат

Би: «Киіз басу»

Назқоңыр

Кәусар

Н.Айша

Айшат

Шаңырақпен Нұркен шығады уықтарынан балалар  ұстап  Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындайды.

Тәрбиеші: Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы – туған тілі болып саналады. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. «Ынтымақ елдікке жеткізеді, Береке бірлікке жеткізеді» - дей келе бүгінгі мерекеге арналған іс – шарамыз өз мәресіне жетті. Әрдайым еліміз аман,  бейбітшілік заман болсын! Келесі кездескеше қош сау болыңыздар!