Юю дыбысы мен әрпі
план-конспект занятия (1 класс) по теме
Сауат ашу сабағы тақырыбы: Юю дыбысы мен әрпі
Скачать:
| Вложение | Размер |
|---|---|
| 20.89 КБ | |
| 1023.95 КБ |
Предварительный просмотр:
Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әріпі.
Сабақтың мақсаты: Жалпыбілімділік:Ю дыбысы мен әрпін таныстыру. Ю дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге, үлгі бойынша әріпті жазуға үйрету.
Дамытушылық:Сурет бойынша әңгіме құрату. Аталған дыбысқа сөз ойлату арқылы сөздік қорын байыту, буын туралы түсінігін кеңейту. Ойын элементтері арқылы ойлау ,есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мәні:Тазалыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Кеспе әріптер. Ю әріпіне байланысты суреттер, текше, ойыншықтар ,слайд.
Әдісі: Сұрақ -жауап, түсіндіру, ойын.
Сабақтың барысы: I .Психологиялық дайындық.
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, көк аспан.
Амансың ба, жер ана,
Амансың ба, достарым
Амансыздар ма, қонақтар.
II. Өткен сабаққа шолу «Ой шақыру» стратегиясы
- Дыбыс нешеге бөлінеді? (2)
- Дыбысты не істейміз?
- Әріпті қайтеміз?
- Сөз неден тұрады?
- Сөйлем ше?
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- Сөз, сөйлем құрату. Буынға бөлгізу.
- «Шахтер» С. Мәуленовтің өлеңін бірнеше балаға айтқызу.
III. Жаңа сабақ:Д/о: «Не қалай дыбыстайды?»ойыны арққылы жүргізіледі.
Шарты: Жануарлардың дыбысын естіп, қай жануар екенін және қандай дыбыстан басталып тұрғанын айтады. А) Мө-ө,-ө. Сиыр, с- дауыссыз дыбыс. Ә) Мә-ә-ә қой, қ – дауыссыз дыбыс. Б) Иа – а – а есек, е – дауысты, жіңішке. В) Әуп – әуп , Ит, и -дауысты, жіңішке. Г) А – а – Аю – ю Д) Аю қонаққа келеді, өзімен бірге сыйлық ала келді. – Аю сөзінде бізге таныс емес қандай дыбыс ? (ю)
Ю дыбысын хормен айтып, ауыз қуысыннан шыққан дыбыс кедергіге ұшыраған жоқ ендеше дауысты дыбыс екенін ажыратқызу. Ж) «Аю» туралы көркем әдебиет сабағында жаттаған тақпағын айтқызу. З) Бұл әріптің ерекшелігі я дыбысы сияқты қосарлы дыбыс естіледі Ю=й+у. Бірақ жазғанда бір ғана әріп жазылатынын ескертіледі.
IV. Сергіту сәті: 1,2,3 Бойға жинап күш ,
Жалқаулыұты тастаймыз.
Қолға қаламаламыз
Әдемі етіп ю әріпін жазамыз.
V. Дәптермен жұмыс.
Ауада, тақтада жызып көрсетіледі. Юю әрпін әліппе- дәптерге баспа түрінде жазады. Ю әрпі сөздің басында, ортасында, аяғында келетіні ескертіледі.
I. «Қызығушылығын ояту» стратегиясы
Жұмбақты шешкізу.
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.(Аю)
А) Аю сөзін буынға бөлдіру.
Ә) Аюдың түрлеріне сипаттама бергізу.
( Слайд бойынша жұмыс )
VII Оқулықпен жұмыс.
Әліппе – дәптердегі сөздерді оқып беріп, сөздік жұмыс жүргіземін.
Аю, жаю, баю
Ою, қою, тою
Ұю,құю
Ию , қию, жию
VIII. Кубизм стратегиясы
Д/о «Сөз ойла, тез ойла»
Қ (қою), т(тою), б(баю), Ұ (ұю), А(аю), О(ою)
IX. Сурет бойынша әңгіме құрату .
Менің әжем сырмақ сырды. Сырмаққа ою ойды. Сырмаққа қошқар мүйіз оюын ойып салды. Сырмақ әдемі болды.
X. Топтастыру стратегиясы. Д/о «Кім зейінді». Ойыншықтардың ішінен д, я, ю дыбысынан басталатын ойыншықтарды бөліп алу. Буынға бөліп, сөйлем құрайды.
XI. Д/о «Адасқан әріптерді орнына қой»ойыны
Шарты: Тақтадағы суреттердің астындағы әріптерді дұрыс орналастырып, шыққан сөзге дыбыстық талдау жасайды.
XII. Ою туралы білімдері сұралады. ( түрлері, аттары) Балаларды үш топқа бөліп отырғызылады.
I қатар балта оюын салады. IIқатар құс қанаты оюын ермексаз арқылы жапсырмалау. III қатар қызғалдақ оюын құрастырып жабыстырады.
XIII.Қорытынды.
-Бүгін сабақта не істедік?
-Қандай дыбыспен таныстық ?
Сабақты қорытындылап, аюдың сыйлығын таратып беру.
Абай атындағы көпсалалы мектеп- гимназия
( Сауат ашу)
Тәрбиеші:Сакенова Б.И.
2011-2012 оқу жылы
Предварительный просмотр:
Подписи к слайдам:
Аю, жаю, баю Ою, қою, тою Ұю,құю Ию , қию, жию
По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Е дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Е е дыбысы мен әрпіСабақтың мақсаты:1.Е дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруін...