Доклад
статья на тему

Сетевые сообщества – не столько средство общения, это площадка для обмена опытом, обучения и повышения квалификации.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл bayandama.docx15.94 КБ

Предварительный просмотр:

Желі - кәсіби іскерліктің жаңа бір түрі. Бастапқы кезеңде  қоғамдастыққа кімдерді тартатынын адамдарымды анықтау жұмыстарымен айналысты. Әріптестерімді, басқа мектептегі ұстаздарды, аудандық білім беру ұйымының мамандарын желілік қоғамдастықта жұмыс жасауға шақырдым Оларды жаңалықтармен және болып жатқан жағдайлармен таныстырып отырдым.  Желілік қоғамдастықты өз мектебімде өткізіп қана қойғаным жоқ, көршілес мектептермен де қоғамдастықта болып, жұмыстандым. Ол үшін басқа мектептің хал ахуалын, сол мектеп үшін өзекті мәселе  болып отырған нәрселерге көңіл аударуға тырыстым. Көршілес Жаңакөш мектебінің, курста бірге оқып жүрген  С.Б.Тайпақовтың  А.Тихоненко атындағы мектебімен, Шыңғырлау ОЖББМ үнемі байланыста болдым.  «Желілер- балалардың жетістігін құрайтын жоғары стандарттарға және тендікке қол жеткізу әдісі” Фуллан (2004) Өз мектебімде қоғамдастыққа  қолдау көрсеткендер де табылды. Ең әуелі, басшылық тарапынан оқу ісінің меңгерушісі Тугарисова Гулайым Балекенқызы  мектептің құжаттарын қарап саралауға рұқсат берді және    мектептің өткен 3 жылдығына сараптама жүргізілген талдау есебімен таныстырды. Оған қоса алдағы оқу жылының жұмыс жоспарымен таныстырды.  Мұғалімдермен, оқушылармен және ата-аналармен жүргізген сауалнамаларды қорытып, басымдықтарды анықтадым. Әрине, мектеп әкімшілігінің қоғамдастықтың белсенді мүшелері болуы міндетті емес, бірақ олардың осы қоғамдастықты табысқа жеткізуде үлкен рөл атқаратынын білдім. Сол себепті мектеп әкімшілін түгелдей дерлік коучинг-сессияларыма шақырдым. Мектептегі желілік қоғамдастықты кеңейтуді жөн көрдім.  Жоспардың құрылымында көрсеткендей, басқарушы топ мүшелерімен яғни, Шыңғырлау және А.Тихоненко атындағы мектептерінің  2-3 деңгейлік курста оқып жатқан мұғалімдерімен  С.Э.Турмаганбетова және І деңгей мұғалімдерімен   желілік байланысқа түсіп, әр мектептің ахуалы туралы таныстым. Мектептердің проблемалары туралы жұмыстану барысында коучинг-сессиялар және желілік қоғамдастық бағытында жұмыстар  өткізілсе деген ұсыныстар айтылып, басымдықты анықтап алып сол бағытта  жоспар құруды мақсат еттік.   Жоспар бойынша зерттеуші топ мүшелері Г.Б. Тугарисова, З.К.Нұрсейтова, Кужамкулова С.А., Л.Х Токтагалиева деген мұғалімдермен мектепішілік шаралар және ашық сабақтар өткізіп, мұндай шараларға көршілес мектептердің мұғалімдерін де қатыстырамыз.

        Осы практика кезінде жұмыстана отырып, ортақ проблемасы бар, яғни басымдықтар анықталғаннан кейін Жаңакөш НБМ-не барып,  екеуміз  ол мектептің жұмыс жоспарымен танысуды жөн көріп,  алдын ала мектеп директорымен хабарласып,  кездесу уақытын белгіледік. Мектеп  мұғалімдері  бізді жылы қабақпен қарсы алды. Дөңгелек үстел арқылы ортақ мәселелерді анықтау мақсатында  пікірталастар ұйымдастырдық.  Әріптестерім өз ойларын ашық айта алды.  3 деңгейлік курстың мұғалімдерінің сабақтарына қызығушылықпен қатынасып жатқан мұғалімдердің бар екенін айтып, ол мұғалімдер де дөңгелек үстелде өз ойларымен бөлісті. Мен алдағы уақытта мектеп директорлары топ мүшелерімен байланысқа түсіп, желілік қоғамдастықта ойларымен бөліскім келеді. Менің Жаңакөш НБМ-не барғанымызда құшақ жая қарсы алды. Мектеп мұғалімдерімен қоса, мектеп әкімшілігінің де қолдауы өте жақсы болды. Маған басшылардың, мұғалім, ата-аналардың және оқушылардың қолдауы да жеткілікті болды. Аудандық білім беру тарапынан қолдау өте жақсы болды. Интернет желілері арқылы менімен бірге оқыған   курстас мұғалімдерден де қолдау көрдім. "Тәжірибе кезеңі" мұғалімдер күнімен тұспа-тұс келгендіктен, мектебіміздегі ардагер мұғалімдерді марапаттауға қатыстым. Алдағы уақытта тек мұғалімдерімен ғана емес, ауылымыздың жеке кәсіпкерлерімен де желілік қоғамдастықта  болып, мектептің атаулы іс-шараларына қолдау көрсету үшін байланыс жасауды жоспарлап отырмын.  Ауылымыздың әкімі көршілес мектепке бару үшін көлікпен қамтамсыз етіп, демеушілік көрсетті. Жалпы алғанда өткізіліп жатқан үдерістерді баспасөз беттеріне жариялаймын деп ойлаймын. Мұндай әрекеттер білім беру саласындағы басқа да адамдардың қызығушылығын оятатыны сөзсіз.

            Мұғалімдер мектепте кәсіби шешім қабылдауға қатыстырылған жағдайда көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдіруге ықпал ете алатындығы туралы тұжырым жасауға болады. /МАН, І, 68-бет/ Мен жаңашылдыққа қол созған әріптестеріммен үнемі  пікірлесіп,  қолдап отырамын. Желілік қауымдастықтағы мүшелеріне сенім арттамын және үнемі байланыста болып, оқу сапасын, үлгерімін арттыруға, әріптестерімнің кәсіби дағдыларын мен олардың өзіне деген сенімді дамытуға, мұғалімдік тәжірибені жалғастыруға, оқытудағы өзінің ептілігі мен дағдыларын жақсартуға, басқа мұғалімдерді іс-қимылдарды бірлесіп жоспарлауға, рефлексия және зерттеу жұмысына тартуға тырысып жұмыстанамын. Тәжірибем болашакта жалғасын табады деген ойдамын.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Доклад:"Эффективность учебного занятия-стимул к успеху педагога и обучающегося" Доклад:" Профессиональная компетенция педагога в дополнительном образовании"

Млтивация ребенка на освоение нового для себя и интересного вида деятельности.Профессионально компетентным можно назвать педагога доп. образования, который на достаточно высоком уровне осуществляет пе...

Доклад к педсовету от 27 марта 2013 г. Тема доклада: «Формирование продуктивных компетенций через участие учащихся в кружковой деятельности».

Развитие творческих способностей  детей является неотъемлемой частью образовательного процесса, который включает в себя не...

Доклад "ФОРМИРОВАНИЕ ИНФОРМАЦИОННО-КОММУНИКАТИВНОЙ КУЛЬТУРЫ ПЕДАГОГА." и презентация к докладу.

Аннотация:В данной работе рассматривается вопрос формирования и повышения информационно–коммуникационной культуры педагога современной школы. «Все течет – все изменяется», - говорили древние. Эт...

Доклад "ФОРМИРОВАНИЕ ИНФОРМАЦИОННО-КОММУНИКАТИВНОЙ КУЛЬТУРЫ ПЕДАГОГА." и презентация к докладу.

Аннотация:В данной работе рассматривается вопрос формирования и повышения информационно–коммуникационной культуры педагога современной школы. «Все течет – все изменяется», - говорили древние. Эт...

Доклад "ФОРМИРОВАНИЕ ИНФОРМАЦИОННО-КОММУНИКАТИВНОЙ КУЛЬТУРЫ ПЕДАГОГА." и презентация к докладу.

Аннотация:В данной работе рассматривается вопрос формирования и повышения информационно–коммуникационной культуры педагога современной школы. «Все течет – все изменяется», - говорили древние. Эт...