«5» -тiк кімге бұйырады?
календарно-тематическое планирование (3 класс) на тему
ШҚО, Үржар ауданы, “Алтыншоқы орта мектеп – бақшасы” КММ
Бастауыш сынып мұғалімі -Темирбаева Гульмира Мукашевна
Класс: 3”A” класс
Сабақ: Математика
Сабақтың тақырыбы: «5» -тiк кімге бұйырады?
Қосындыны санға бөлу (бекіту сабағы)
Сабақтың мақсаты:
1. Қосындыны санға бөлудегі қолайлы әдіс-тәсілдерді үйрену. Ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.
2. Ойларын жүйелі жеткізіп, шапшаң есептеуге, ойнай отырып ойлануға үйрету.
3. Оқушылардың өзара бәсекелестігін дамыту, шығармашылыққа баулу
Сабақтың түрi: интеллектуалдық ойын сабақ
Сабақтың әдісі: RWST стратегиялары,сұрақ-жауап, талдау, топтастыру.
Скачать:
| Вложение | Размер |
|---|---|
| 88.5 КБ |
Предварительный просмотр:
ШҚО, Үржар ауданы, “Алтыншоқы орта мектеп – бақшасы” КММ
Бастауыш сынып мұғалімі -Темирбаева Гульмира Мукашевна
Класс: 3”A” класс
Сабақ: Математика
Сабақтың тақырыбы: «5» -тiк кімге бұйырады?
Қосындыны санға бөлу (бекіту сабағы)
Сабақтың мақсаты:
- Қосындыны санға бөлудегі қолайлы әдіс-тәсілдерді үйрену. Ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.
- Ойларын жүйелі жеткізіп, шапшаң есептеуге, ойнай отырып ойлануға үйрету.
- Оқушылардың өзара бәсекелестігін дамыту, шығармашылыққа баулу
Сабақтың түрi: интеллектуалдық ойын сабақ
Сабақтың әдісі: RWST стратегиялары,сұрақ-жауап, талдау, топтастыру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, сурет сызба
Күтілетін нәтиже:
Белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа баулып, шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.
Сабақтың барысы.
- Психологиялық дайындық. Эпиграф
«Әлем математика тілімен бейнеленген»
Г.Галилей.
Балалар, математиканың құпия да тамаша әлеміне сапар шегейік.
Біздің әлем сандарсыз қалай болар еді, соны көзімізге елестетіп көрейікші.
(Әуен ырғағы). Қане көзімізді жұмайық, мені тыңдаңдар.
Қыстың бір шуақты, бірақ аязды күнінде бастауыш кластрдың аудандық семинары болыпты. Оған жан-жақтан көп мұғалімдер келіпті. Бір класта математика сабағы өтіпті. Оған көп бала қатынасыпты. Бірнеше бала жақсы баға алыпты, одан да көбірегі өте жақсы баға алыпты.
Біраз бала нашар баға да алған көрінеді.....
- Не түсіндіңдер, балалар?
- Әлемді сандарсыз елестету мүмкін бе екен?
Иә, балалар, бізді жан-жақты сандар қоршап тұр. Олар бізге барлық жерде қажет. Біз сан арқылы санап қана қоймаймыз. Сандарсыз біз уақытты да күнді де белгілей алмас едік.
Ендеше, бүгін қай күн, кезекшілер?
- 2013 жылдың, ақпан айының 15-жұлдызы. Аптаның 5-күні.
- Сабақта кім жоқ?
- Сыныпта барлығы 16 оқушы, бәрі түгел.
Бүгін біз сіздермен
« 5-кімге бұйырады?» деген интеллектуалдық ойын ойнаймыз.
Ойын барысында «Қосындыны санға бөлу» тақырыбына байланысты тапсырмалар орындалады. Сіздерді ойнай отырып, ойлануға шақырамын.
Алға қойған мақсатымыз:
- Қосындыны санға бөлудегі қолайлы әдіс- тәсілдерді үйрену.
- Ауызша және жазбаша есептеу.
- Ойнай отырып, ойлану.
- Өзара бәсекелестік нәтижесінде көздеген мақсатқа жету.
5-тікке қол жеткізу үшін 5 батыл қадам жасаймыз.
1. Қадам – Зерек болсаң, шешіп көр.
2.Қадам - Ойлы болсаң, озып көр.
3. Қадам – Мықты болсаң, тауып көр.
4. Қадам - Жүйрік болсаң, шауып көр.
5. Қадам - Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Жеңілдіктермен танысамыз:
- Досыңа телефон шалу.
- 50х50
- Көрермендер кеңесі.
Қазір қай мезгіл? Қыс мезгілі аппақ қарымен көрікті. Ойынды аппақ қардан жаралған Қарша қыз бастайды.
Қарша қыз.
«5»-тік оңайлықпен келмейді. Ол үшін көп еңбектену керек.
Ойынға қатынасу үшін Үй тапсырмасын тексереміз. 200 бет №9
қас қағым сәтте 5 сұраққа жауап беріңдер.
Қас қағым сәт
- 1м. неше см. бар
- 1 аптада неше күн бар
- 1 сағатта неше минут бар
- 1 тәулікте неше сағат бар
- 1 ғасырда неше жыл бар
Жарнама-5-тік туралы өлең айтайық.
1 дегенім- жаман баға. Алады оны жаман бала
2 дегенім-нашар баға. Інішегім нашарлама
3 дегенім- орта баға. Сапасы да орта ғана
4 дегенім – жақсы баға. Алады оны жақсы бала
5 дегенім- үздік баға. Оқимыз біз үздік қана!
Бүгін үздік білім көрсеткендерге ғана «5»-тік бұйырады.
Сендерге сәттілік тілеймін!
3 топқа бөлінеміз. , жеңімпаздар анықтау үшін, әр тапсырмаға 1 ден 5 –ке дейінгі ұпай жазылады. Сабақ соңында ұпай санына байланысты тиісті бағаларынды аласыңдар..
1 қадам- Зерек болсаң, шешіп көр.
Жеңілдік- досыңа телефон шалу.
Оқулықпен жұмыс 200-бет №1
Ертегі кейіпкерлеріне көмек көрсетейік.
№1 тапсырма- Ой ашар тапсырмасы
(25+39):8
(22+18)х5
(60+40):20
15:5+45:5
24:4+12:4
(16+32):8
Жарнама- Адам өміріне қажетті 5 жағдай
2-қадам.Мықты болсаң, тауып көр
№ 2,3 жазбаша.201 бет. Сиқырлы фигуралардан бейне құрастыру- топтық жұмыс
Сергіту сәті Аяз.
Жан жылуы-Қар лақтыру.
3-қадам .
Ойлы болсаң, озып көр
Жеңілдік 50х50
№ 4.201 бет. Ой қозғау тапсырмалары өрнекті жазып, олардың мәнін табу.
- (40+16)*7=
- (70*4):40 =
- (420/6) *9=
4 қадам.- Жүйрік болсаң шауып көр.
№7-тапсырма- Миға шабуыл жасаймыз.
Есеп шығару.
1 топқа тапсырма: Талдау
Есептің шарты:
Барлық салмағы | әр банкада | Банка саны | |
Қияр | 12 кг | 3 кг | ? |
қызанақ | 15 кг | ? |
Есептің шешуі:
- 12:3=4(б)
15:3=5(б) 5+4=9(б)
- (12+15):3=9(б)
Жауабы: 9 банка қажет болды.
2-топ тапсырма
Барлығы | әр жәшікте | жәшік саны | |
І алма ағашы | 36кг | 6 | ? |
ІІ алма ағашы | 24кг | ? |
Шешуі:
- (36+24):6=10 (ж)
- 36:6=6 (ж)
24:6=4 (ж)
6+4= 10 (ж)
Жауабы: 10 жәшік қажет болды.
3-топ тапсырмасы: №8
Пропорция
Шарты
5 жәшікте – 40кг
7 жәшікте-- ?кг
Шешуі:
- 40:5=8(кг)
8х7=56(кг)
- (40х7):5=280:5=56(кг)
Жарнама -5 саусақ. Диана
Бас бармақ - атам,үйдің данасы
Балаң үйрек - әжем, ошақ анасы
Ортан терек - әкем, отау панасы
Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары
Титтей бөбек – мен, бәрінің базары
5 қадам- Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Жеңілдік- көрермендер кеңесі.
Математикалық жұмбақ.
Деңгейлік тапсырма.
1.топ- Мұз айдында 14 бала
Асыр сап жүр сырғанап
Сырғанамай 6 бала
Жағалауда тұр қарап
Енді осы бар балаға
Қосылды кеп 5 бала
Сонда болды барлығы неше бала?
(14+6)+5=25(б)
2. топ. Аулада 5 қоян
Қорада 4 қоян
1 қоян тығылды
2 қоян жығылды
Қалғаны неше қоян?
(5+4-2=8 )
3.топ. Түйе, бота маң басқан
4 аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ 5 ешкі
4 қозылы 2 қой
Бәрін бірге санап қой
(1+1+5+4+2=13)
Үйге тапсырма: 202бет № 12
Қай топ алға шықты?
Жинаған балдарын есептеу.
Оқушылар білімін бағалау.
5-болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз.
Қазақстан төрінде
Жұлдыз болып жанамыз!
Осымен бүгінгі
«5»-тік кімге бұйырады ? интеллектуалды ойынымыз аяқталды. Сендерге ұнады ма?
Математиктер үшін бұл ғылым қызықты ойын сияқты. Нақ осындай ойындардың арқасында болашақ математиктер пайда болады.
Бәлкім, сендер де солардың бірі боларсыңдар!- Байыпты бәсекелестік нәтиже бастайды.
Жұлдыздарың әрқашан жарық ,әрі биік болсын!
І топ «Үшбұрыш»
№ | Оқушының аты | Өткенді қайталау | І қадам | ІІ қадам | ІІІ қадам | ІVқадам | V қадам | |
ІІ топ «Төртбұрыш»
№ | Оқушының аты | Өткенді қайталау | І қадам | ІІ қадам | ІІІ қадам | ІVқадам | V қадам | |
ІІ топ «Дөңгелек»
№ | Оқушының аты | Өткенді қайталау | І қадам | ІІ қадам | ІІІ қадам | ІVқадам | V қадам | |