Тақырыбы: Етістік .
презентация к уроку (3 класс) на тему

Шу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі

«Төле би атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

Етістік

/3  сынып/

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім: Сапарова С.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            Қонаев ауылы

Тақырыбы:  Етістік.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік : Етістік сөз табы туралы толық түсінік беру, етістіктің негізгі мағынасы мен қызметі туралы ұғымдарын кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың сауатты, әдемі жазуға, сөйлемді қатесіз

                               жазуға, сөздік қорын байыту, ойлау жүйесін дамыту.

Тәрбиелік: Топпен жұмыс істей отырып, жылдамдыққа, еңбекке,

                      ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ /жарыс түрінде/.

Әдіс – тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, әңгімелеу.

Көрнекілік: Интерактивті тақта.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларының зейінін сабаққа аудару.

Сәлемдесу: Үлкенге де сіз,

                     Кішіге де сіз,

                     Сәлем бердік сіздерге,

                     Құрметпенен біз!

 

Ал енді балалар, келіп отырған қонақтарға біз еліміздің білімді, мәдениетті, үлгілі оқушы екенімізді көрсетейік.

Елбасымыз биылғы жолдауында былай депті.

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!»

1.   Осы сөйлемді қалай түсінесіндер?

І. «Жауқазын» тобы

Атаң- анаң,

Қуат алар Отан содан.

Тең келмейді қатар оған,

Дұшпаның да бас иетін.

ІІ. «Бәйшешек» тобы

Тілің –ұлттық қасиетің.

Тартқан талай ұлыстар бар.

Тілсіздіктің қасіретін.

ІІІ. «Қызғалдақ» тобы

Қазақ тілі -өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім.

Міне балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі –туған тіліміз –қазақ тілі сабағы. Сабағымыз жарыс түрінде өткізіледі, 3 топқа бөлінеді.

І- топ «Жауқазын»,  ІІ –топ «Бәйшешек»,  ІІІ –топ «Қызғалдақ».

Әділқазылар сайланады.

2.   Таныстыру:  

І. Топтың аты «Жауқазын»

   Келдік біздер жарысқа,

    Сөз тобының сырларын,

    Баяндаймыз сайыста.

ІІ. «Бәйшешек» атты тобымыз

       Көп нәрседен хабармыз

      «Жауқазын», «Қызғалдақ» тобымен

      Сайысуға даярмыз.

ІІІ. Топтың аты «Қызғалдақ»

       Қазақ тілін мақтаймыз.

      Ереженің барлығын,

      Есімізде сақтаймыз.

ІІ. 1)Біз қандай тақырыпқа тоқталып – жатырмыз? /Сөз таптары/

Соның ішінде қай сөз табын өттік?

2) Үй тапсырмасын тексеріп, білімімізді пысықтайық.

І топ. Көктем келді, Қар еріп, сай – саланы су алды.

ІІ топ. Жарас қария қолдарын көлегейлеп, ұшқан құсқа жиі қарайды.

ІІІ топ. Тырналар келген соң, жер жыртуға болады. Қариялар сол сәтті тосады.

Сөйлемдегі зат есімдерді тауып, ажырату.

3.   «Екпінділер» деген сөзден бірнеше зат есімдер жазады.

    Ер, Еркін, ерлік, ел, піл, пікір, екпін, іні, ін т.б.

ІІІ. Жаңа сабақ. «Етістік»

1.   (13-6) + 1 = 8                                  сегіз / 2 әріп

2.   (6+7)-7 = 6                                      алты /3 әріп

3.   34+(10+26) = 70                             жетпіс/5 әріп

4.   (15+30)-40 = 5                                бес/3 әріп

5.   (14-4)-1 = 9                                     тоғыз/1 әріп

6.   (15+5)-13 = 7                                  жеті / 4 әріп

7.   (30+13)-41 = 2                                екі /2 әріп.

2) Суретпен жұмыс:

Балалардың, әженің не істеп жатқанын білдіретін қимыл атауларын  айт. /жарды, суарды, секірді, иірді, тартты/

Заттың қимылын, іс әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.

Оларға: Не істеді? Не қылды? Қайтті? Деген сұрақтар қойылады.

ІV. Дәптермен жұмыс:

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

414 жаттығу.

Тоғайда түрлі аңдар ...........  Терең шатқалға қояндар .............  Қызыл түлкілер тоғайда.............  Тиіндер ағаштан ағашқа............

Керекті сөздер: жүреді, жасырынады, болады, секіреді.

V. Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрау.

1. Ғажап, қызық, құндыз, аң.

2. Ағаштарды, жуан, жығады, ол.

3. Бағалы, құндыздың, терісі, аса.

VІ.Мақал құрау.

Көрсетілген стрелка бағытымен екі әріп тастай отырып, бір мақал құрастырып айту.

 

 

 
 image

 

 

image1. К с е ө а г п р е с з н ө а с й н ө л.         Көп сөйлеген сөз арзан.

 

 
 image

 

 

 

image2. С д н ө ы а з ң с о а ы й й                        Сөз - ойдың айнасы.

 

 

 
 image

 

 

3. Ж л ң а м с қ е ө с й з ы д і н і ө ы        Жақсының сөзі өлмейді.

 
 image

 

 

VІІ. Эссе жазу.  Әр топ өз атын қорғайды.

VІІІ. Қорытынды.

1. Семантикалық карта. Сөз таптарын ажырату.

Сөз таптары

Жалқы есім

Жалпы есім

Зат есімнің көпше түрі

Етістік

алаша

Алматы

аңшы

ойнады

тазала

ауа

қояндар

Тайбұрыл

апалар

аспаптар

Айдос

сөйлесті

 

 

 

 

 

2. Білімдерін бағалау. Жеңген топты мадақтау. Үйге тапсырма №415 жаттығу 117 бет. Ереже жаттау.

 

3. «Жүзден жүйрік» әнімен аяқтау.

 

Скачать:

ВложениеРазмер
Office presentation icon etistik_sveta.ppt2.54 МБ

Предварительный просмотр:


Подписи к слайдам:


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Разработка открытого урока в 6 классе Theme. Тақырыбы. Тема : Biggest and best !.

Theme. Тақырыбы. Тема : Biggest and best !.Type. Типі. Тип : Комбинированный.Objectives. Мақсаты. Цель : Обобщить знания по теме, развивать умения и навыки комунникации, самостоятельной работы, ...

әдебиеттік оқу пәні тақырыбы: "Үш жігіт туралы хикая"

бұл тақырыптың мазмұны  оқушыны түріктің белгілі ақыны және жазушысы Назым Хикметтің "Үш жігіт туралы хикая" атты әңгімесін дұрыс оқыпәңгіменің өзекті түйінді ойын ашуға  жағдай жасау....

Тақырыбы: 16 желтоқсан. Қайрат Рысқұлбеков

Тақырыбы: 16 желтоқсан. Қайрат Рысқұлбеков...

Қазақ тілі /2 сынып/ Сабақтың тақырыбы:Сөйлем

Сабақтың тақырыбы:СөйлемСабақтың мақсаты:                  Білімділігі: Оқушыларға сөйлем туралы ұғым беру және ола...

Математикадан ашық сабақ 3 сынып Тақырыбы: Көлем. Сыйымдылық

3сынып Көлем, сыйымдылық ұғымымен таныстыру. Білім берудің жаңа тәсілдері арқылы оқытуды іске асыру...

Математикадан ашық сабақ Тақырыбы: 440+50, 750-90 (44онд. +5 онд., 75 онд. – 9 онд.) түріндегі үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту

Мақсаты: 440+50 және  750-90 өрнегін шешудің жаңа алгоритмімен танысамыз.Міндеті:1.     Өрнек және есептерді шығару дағдыларын арттыру.2.     Математикалық...

Сабақтың тақырыбы: Айнала дүниедегі денелер мен құбылыстар

Сабақтың тақырыбы: Айнала дүниедегі денелер мен құбылыстарСабақтың мақсаты: 1 Табиғат,қоршаған дүние  туралы түсінік беру 2 Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту....