Дыбыстарды дұрыс айтайық
статья по развитию речи (младшая группа) на тему
Балаларға дайын суретті қағаз бетіне дұрыс орналастырып, жапсыруды үйрету.
Дамытушылығы: Балалардың қол, саусақ икемділіктерін, ойынға ынталарын арттыру.
Скачать:
| Вложение | Размер |
|---|---|
| 16.4 КБ |
Предварительный просмотр:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
3 күні қазан айы 2016 жылы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі:Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Дыбыстарды дұрыс атайық (а-ә,о-ө)
Мақсаты: Балаларға дауысты дыбыстарды (а-ә,о-ө) дұрыс айтуға үйрету, артикуляциялық жаттығуларды орындау арқылы дауысты дыбыстарды қалай айту керектігін. Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.
Білімділігі: А дыбысының артикуляциясын анықтау.А дыбысын дұрыс айту, дауысты дыбыстардан ажырату.Сөз басынан бөліп айту.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту
Тәрбиелілігі: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы:әтеш,лақ,аю
Қостілділік компонент: әтеш-петух, лақ-козленек.
Қызметінің кезеңдері | Тәрбиеші әрекеті | Балалардың әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері Алдымыздан кезіккен, Көп танысты көреміз Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз | Шаттық шеңберіне түрып,тәрбиешімен бірге қайталайды. |
Ұйымдық іздестіру | Демонстр.матер.қолдану. Кішкентай баланың суретін көрсете отырып: Келгенше апам жұмыстан Бесікте ойнап жатады. Әрнені ұғып дыбыстан «А-а-а»-деп үн қатады. Бұл кім? -Кішкентай бала «а-а-а»-деп ән салады екен,кәне бәріміз қайталайықшы. -Бұзау қалай дыбыстайды? Әтештің суретін көрсету Оятпа,әтеш сен бізді, Өзім де сездім,таң атты. Сенсіз-ақ білем мезгілді Танимын енді сағатты. -әтеш қалай дыбыстайды? Қостілділік компонент: әтеш-петух, лақ-козленек Сергіту сәті Лағым,лағым,лағым Шойнаңдаған шұнағым Секіресің секеңдеп, Ойнағандай еркелеп. | Балаларға үй құстары мен жануарлардың суреттерін көрсете отырып, қалай дыбысталуын айту Әтештің даусын салады Қайталайды Сергіту жаттығуын жасайды |
Рефлексивті түзетушілік | Балалардың іс-әрекетін бағалау. -қандай үй жануарларын білесіңдер? -үйлеріңде қандай үй жануарлары бар? | Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қайталау. |
Күтілетін нәтеже:
Нені біледі: үй жануарларының төлдерін дұрыс атап, олар туралы білетіндерін әңгімелеуді;
Қандай түсініктерді игерді: есте сақтау қабілетін жетілдіріп, дыбыстарды дұрыс айту керектігін;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: үй құстары мен үй жануарларына қамқор жасауды.