Сабақ жоспары Сан есімді қайталау
план-конспект урока (6 класс)
Ашық сабақтың жоспары. Киелі сандармен байланысты өткізіледі. Жеті мәреден тұрады.
Скачать:
| Вложение | Размер |
|---|---|
| 496.35 КБ |
Предварительный просмотр:
В.И.Чаптынов атындағы Қосағаш орта мектебі.
Ашық сабақ:
«Сан есімді қайталау»
6 - сынып
Мұғалімі: Самарханова Галина Амантайқызы
Қосағаш, 2022 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Сан есім әлемінде
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың сан есім туралы түсініктерін біліктілік деңгейлерін байқау. Оқушылардың сан есімнен алған білімін жаттығуларда қалай қолданылатынын тексеру, сан есімдерді түрлеріне қарай талдау арқылы зерттеу.
Міндеттері :
а) Сөйлемде сан есімдердің түрлерін ажырата алады;
ә) Сан есімдерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрып талдайды;
б) Тапсырмалар арқылы сан есімді қорытындылайды.
Көрнекіліктер:
Бағалау критериясы, бағдаршам , флипчарт, фломастерлер, топтық бағалау.
Әдіс- тәсілдер: жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар, топтық жұмыс: сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, жылдам, түсініп оқу стратегиялары, бағалау стратегиялары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық сәт.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Оң жақтарыңыздағы көршілеріңізді құшақтап сәттілік тілеңіздер, сол жақтағы көршілеріңізді құшақтап сәттілік тілеңіздер, енді өздеріңізді қатты құшақтап сәттілік тілеңіздер.
ә) Оқушыларды топқа бөлу үшін өшіргіштердің түсіне қарап бөлініп отыруларыңды сұраймын.
Ой қозғау. Қазақ халқы қонақжай халық, сондықтан шашу шашып, қарсы аламын. Ал, оқушылар, сіздерге шашқан шашуым сиқырлы шашу, кейбір кәмпиттер әріптері бар. Сол әріптерді дұрыс орнына қойсаңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады. Сабақтың тақырыбын шығарауымыз керек. Кәне, кімдерге әріптері бар кәмпит түсті, тез тақтаға шыға қойыңдарда, сабағымыздың тақырыбы шығарып алайық. («Сын есім әлемі»)
- Сабақта, бүгін не істейміз, алдымызға қандай мақсат, міндеттер қояды екенінімізді анықтап алайықтар.
Сабақтың барысы:
Қайталау оқу анасы,
Мақалдың бір данасы.
Өткенді еске түсірсең,
Ешкімнің жоқ таласы
- Ендеше, балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Сан есім әлемінде» екен, мақсат, міндеттерін де анықтап алдық.
Бүгінгі сабағымыз 7 мәреден тұрады. Қай топ өздерінің білімдерімен мәреге жететінін алдағы сабақ барысында көреміз. Сіздерге, іске сәт! – тілеймін!
1. Бірінші мәре: “Екінің бірі”
2. Екінші мәре: “Мақал құра”
3. Үшінші мәре:“Ойлан,қолдан. ”
4. Төртінші мәре: “Кім жүйрік?”
5. Бесінші мәре:“Құпия сөздің құлпын аш”
6. Алтыншы мәре: « Мәтінмен жұмыс»
7. Жетінші мәре: “Ұлттық дәстүрімізге тән киелі ұғымдар”
1 мәре: 1. Сан есімнің сұрағы Кім? Не? ме, әлде Не істеді? Қайтты? ма?
2. Сан есім заттың санын білдіре ме, әлде сынын білдіре ме?
3. Сан есім құрамына қарай екіге бөліне ме?, әлде алтыға бөліне ме?
Оқушылар дұрыс жауабын береді.
2 мәре: «Мақал құра» ойыны. Қазақ халқының мақал - мәтелдерін жатқа біле отырып, оқушылар тез сан есімі бар мақалдар ойлана қояды. Тағы да қандай сан есімі бар мақал - мәтел білетіндерін топпен ақылдаса отырып дәптерлеріне жазады. Берілген мақал – мәтелдердің сан есімдерді тауып, үш тілде айту тапсырылады.
1.... атасын білмеген жетесіз. (жеті - семь - seven)
2. Қызды... үйден тию.(қырық – сорок - forty )
3.... ала болса, ауыздағы кетеді.
... түгел болса, төбедегі келеді. ( алтау, төртеу - шесть, четыри - six, four)
4. Білекті... жығар,
Білімді... жығар. (бірді, мыңды – один, тысича – one, one thousand)
5. Білгенің..., білмегенің.... ( тоғыз, тоқсан тоғыз – девять, девяносто девять – nine, ninety - nine )
6.... өлшеп,... рет кес. (жеті, бір – семь, один – seven, one)
3 мәре: Ойлан, қолдан (дәптермен жұмыс).
- Берілген есептік сан есімдерден 5,7,20, 1/2 , 1000,71,120, 0,7.
реттік, топтау, жинақтық, топтау, болжалдық сан есімдер жасап, сөзбен жазыңдар.
Үлгі: Есептік сан есім: бес, ... жеті ,жиырма, мың , жетпіс бір,жүз жиырма
Реттік сан есім: бесінші, .жетінші,жиырмасыншы,мыңыншы ,жетпіс бірінші,жүз жиырмасыншы.
Жинақтық сан есім: бесеу, ..жетеу.
Топтау сан есім: бес-бестен, ...жетіден,жиырма – жиырмадан,мыңнан,жетпіс бірден, жүз жиырмадан
Болжалдық сан есім:беске жуық,жетілерден,жиырма шақты, мыңға жуық
Сергіту сәті: денені, көзді, еске сақтау қабілеттері дем алады.
(Айғанат «Қалың елім, қазағым, ұайран жұртым» өлеңін жатқа оқып береді.)
- Бұл өлеңнің бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар?
а) Абай атамыздың туғанына биыл 177 жыл болады.
б) Біздің сабағымыз сан есім туралы болғандықтан, осы өлеңде сан есім көп кесдеседі.
- Ондай болса қандай сан есімдер кездесті, кім жақсы естіп отырған екен айта қойсын. (Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. Көрсе қызар келеді байлауы жоқ, Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың.)
- Тағы да Абай атамыздың сан есімдер кездесетін өлеідерін білесіңдер.
а)(«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде бес деген сан кездеседі. Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз).
- Қандай бес нәрсеге жақын бол деген, қандай бес нәрсеге жолама деді ұлы Абай Құнанбаев
а) Жолама өсекке, өтірікке деді, еріншек, мақтаншақ болма, адал жиған малыңды текке шашпа деді.
б) Бес жақсыға жақын жүр деп айтқаны олар талап, еңбек, терең ой, қанағат және рақым.
- «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінде бір деген есептік сан есім кездеседі. Мысалы: Адамның бір қызығы – бала деген, Баланы оқытуды жек көрмедім
«Абай» бейнефильмді көрсету
1. Бейнефильмде неше адам болды.
2. Үстеріндегі киімдерінің түстері қандай болды.
3. Бейнефильм кім туралы.
“ Төртінші мәре: “Мәтінмен жұмыс”
АБАЙ
Абайдың әкесі – Құнанбай оқуды, білімді бағалаған. Ол өзінің балаларын қалаға жіберіп оқытқан. Анасы – Ұлжан сабырлы, тапқыр адам болған.
Абай өлеңді он екі жасынан бастап шығарған. Әкесі Абайды он жасында оқуға берген. Ол Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқиды. Кітапты бір рет оқып, екінші рет кітапқа қарамай жатқа айтып шығатындай зерек, ұғымтал бала болған. Ол көп талаптанған. Абай медреседе Науаи, Сағди, Физули сияқты ақындардың шығармаларымен танысқан. Ол мұсылманша оқумен шектелмей, Семей қаласындағы Приходская школаға түсіп, орысша да оқи бастаған.
Сабақтарды оқып, білу Абайға оңай болған. Сондықтан барлық уақытты өз бетімен кітап оқуға жұмсаған.
- Бірінші оқушылар естіп шығады.
Сұрақ.
1.Мәтін кім туралы? (Абай)
2.Мәтінге ат қойыңдар. Абай
Мәтіндегі ақпаратты сәйкестендір
1. Абайды әкесі неше жаста оқуға жіберді?
2. Абай қанша жасында өлең шығарып бастады?
3. Ол неше реттен оқығанын жатқа айтып шығатын?
4. Ахмет Риза медіресесінде қанша жыл оқыды?
5. Мәтіннен реттік сан есімді табыңдар.
Мәтін бойынша берілген сөйлемдерді ретімен орналастыру
1. Сабақтарды оқып, білу Абайға оңай болған. (3)
2. Кітапты бір рет оқып, екінші рет кітапқа қарамай жатқа айтып шығатындай зерек, ұғымтал бала болған. (2)
3. Абай өлеңді он екі жасынан бастап шығарған.(1)
Бесінші мәре: “Құпия сөздің құлпын аш” ойыны. Семантикалық карта таратылады.Сол карталарда сөздер берілген, сол сөздерден сан есімдерді табамыз топпен құрамын айтамыз.
Сөздерден сан есімдер шығарып,құрамын анықтау
Кекілік - 2
Түшкіру - 3
Алтын жүзік - 600
Жетілді -7
Жүзім біркелкі пісіпті -101
Күшті- 3
Тоғызқұмалақ - 9
Қырық жеті мал - 47
Тон сегіз еді 18
Мыңбай күшті жігіт -1003
Кейбір -1
Оның бесігі - 15
Екібастұз -2
Бірқазан – 1
Күшік -3
Төрттік - 4,
Алтыбақан -6
Жетім -7
Сөздікпен жұмыс:
Кекілік – құстың аты (Куропатка)
Бірқазан – құстың аты (Пеликан)
Киелі сандар – қасиетті, қадір тұтатын сандар.
Алтыншы мәре: «Кім жүйрік?” ойыны арқылы орындалады. «Жоқ» және «Иә» әдісі арқылы ойланып тез айта қояды.Оқушылар қойылған сұрақтардың дұрыс бұрыстығын берілген түстермен көрсетіп отырады.
1-топ
1. Қосарлану арқылы жасалған күрделі сан есімдер үнемі дефис арқылы жазылады. (Жоқ)
2. Сан есімдер құрамына қарай екі түрге бөлінеді. (Иә)
3. Күрделі сан есімдер тек тіркесу арқылы жасалады. (Иә)
4. «264» - күрделі сан есім (Иә)
5. Бөлшектік сан есім –ау, -еу жұрнақтары арқылы жасалады. (Жоқ)
2-топ
1. Топтау сан есімі нешеу деген сұраққа жауап береді.(Жоқ)
2. Сан есім заттың санын білдіретін сөз табы.(Иә)
3. Топтау сан есімдері бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге –ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады.(Жоқ)
4. Төртінші есептік сан есім (Жоқ)
5. 600 дара сан есім (Жоқ)
3- топ
1. Бір түбірден тұратын негізгі және туынды сан есімдерді дара сан есімдер дейміз.
2. Сан есім ма.ынасына қарай 2 бөлінеді.
3. 30- дара сан есім. (Иә)
4. Күрделі сан есім бір сөзден құралады. (Жоқ)
5. Реттік сан есімге –інші, -ышы, -нші, -ншы (Иә)
Жетінші мәре: “Ұлттық дәстүрге тән киелі ұғымдар”
- Қандай киелі сандарды білесіңдер?
3, 5, 7,12,40 сандары жайында не білетіндерін сұраймын. Киелі сандар деген жоба шығаруымыз керек.
Үш жүз:
Орта жүз, Ұлы жүз, Кіші жүз
Үш байлық
Бірінші байлық – денсаулық.
Екінші байлық – ақжаулық.
Үшінші байлық – бес саулық
Үш тәтті:
1. Жан; 2. Мал; 3.Жар.
Үш жақын:
1.Су анасы – бұлақ. 2.Жол анасы – тұяқ. 3.Сөз анасы – құлақ
Үш жамандық:
1.Нақақ қан төгу. 2.Кісі малын нақақ алу.
3.Ата – бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
Үш қат:
1.Жоғарғы қат (аспан). 2.Орта қат (жер үсті). 3.Төменгі қат (жер асты).
Үш қадірлі:
1. Ырыс. 2. Бақ. 3. Дәулет.
Үш артық:
1.Адалдық. 2.Еңбексүйгіштік. 3.Өнерпаздық.
Үш кемдік:
1.Надандық. 2.Еріншектік. 3.Зұлымдық.
Үш арсыз
- Ұйқы
- Күлкі
- Тамақ
Жеті жоқ:
1.Жылқыда өт жоқ. 2.Аспанда тіреу жоқ. 3.Аллада бауыр жоқ.
4.Жерде өлшеуіш жоқ. 5.Таста тамыр жоқ. 6.Құста сүт жоқ. 7.
Жеті қазына:
1.Қазан. 2.Ат. 3.Тазы ит. 4.Бүркіт. 5.Берен мылтық. 6.Диірмен. 7.Кітап.
Жеті ата
1.Әке. 2.Бала. 3.Немере. 4.Шөбере. 5.Немене. 6.Шөпшек. 7.Туажат.
Жеті күн:
1.Дүйсенбі. 2.Сейсенбі. 3.Сәрсенбі.
4.Бейсенбі. 5.Жұма. 6.Сенбі. 7.Жексенбі.
Қырық саны
Дүниеге келген сәбиге қырық күн болғанда, басындағы шашын, қолындағы тырнағын алып қырық шелпек шайы беріледі, адам дүниеден өткеннен бастап қырық күн өткенде, қырқын беру дәстүрі.
Қорытынды : Кері байланыс. Бүгінгі сабақта
Не ұнады?
Не ұнамады?
Сұрақ
Пікірлерін жазады.
Бағалау.
Өзін – өзі тану пәнімен байланыстыра отырып, оқушылар ортаға жиналып бір - бірлерімен қол ұстасып, «Жүректен - жүрекке» әдісі арқылы бір - бірін бағдаршам арқылы бағалайды. Мәселен Рамиль өз тілегін Камилаға, Мадинаға былай білдірді:
- Мадина сен бүгін сабаққа өте жақсы дайындықпен келдің. Мен саған қазақ тілін жақсы меңгеріп, қазақ ұлттық телеарнасының атақты жүргізушісі болуыңа тілектеспін.
- Амирлан сен бүгін үй тапсырмасын орындауда қате жіберіп қойдың, сол себепті мен сені жақсы деп бағалаймын деп бағдаршам түстерін сыйлайсыңдар әр топ
«Бағдаршам» арқылы .
«Өте жақсы жауапқа» - жасыл
«Жақсы» жауапқа - сары
«Орташа» жауапқа – қызыл
Үйге тапсырма:
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Сан есімнен алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
«Сан есім әлемінде» атты ертегі құрастырып келіңіздер.
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен, Қазақ тілім! – деген өлең жолдармен, балаларға рухани патриоттық тәрбие бере отырып сабағымды аяқтаймын.
По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Блум таксономиясымен құрылған сабақ жоспары: "Элементар электр заряды"
Бұл сабақ жоспары Блум таксономиясымен құрылған....
кунделікті сабақ жоспар
кунделікті сабақ жоспары...
Сабақ жоспары қазақ тілінен
4-сыныпқа сабақ Пәні: Қазақ тілі (4 сынып)Сабақтың атауы: ҚұрылысшыМақсаты: Мәнерлеп оқуға үйрету, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, оқушыларды өзара қарым - қатынасқа түсіру.Оқу ...
Сабақ жоспары қазақ тілінен
4-сыныпқа сабақ Пәні: Қазақ тілі (4 сынып)Сабақтың атауы: ҚұрылысшыМақсаты: Мәнерлеп оқуға үйрету, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, оқушыларды өзара қарым - қатынасқа түсіру.Оқу ...

Сабақ жоспары "Менің қалам"
Сабақ біздің туған қаламыз, Бөгенбай батырдың туған жері Ерейментауға арналған....

Сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Менің ҚазақстанымСабақтың мақсаты:Білімділігі: Модуль бойынша грамматикалық тақырыбты енгізу. Дұрыс қолдана білуге үйрету.Тәрбиелік: Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Дамытушы...

Сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Менің ҚазақстанымСабақтың мақсаты:Білімділігі: Модуль бойынша грамматикалық тақырыбты енгізу. Дұрыс қолдана білуге үйрету.Тәрбиелік: Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Дамытушы...


