Открытый урок "Сөз таптарын қайталау" 3 "В" классе
план-конспект урока

Урок повторение по теме "Сөз таптарын қайталау". Предмет казахский язык.

Скачать:


Предварительный просмотр:

Сабақтың  тақырыбы: Қайталау сабағы.

Сабақтың мақсаты:  Алдыңғы сабақтардан алған білімдерін пысықтап,  бекіту.

Міндеттері:

1.  Оқушылардың білімдерін іс жүзінде қолдана білу дағдыларын жетілдіру;

2.  Оқушларды ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін артыру, жергілікті «Қызыл кітапқа» еңген  аң, құстарды білуге баулу;

3.  Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорларын байыту, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың типі: білімді пысықтау, қайталау сабағы.

Пәнаралық байланыс: қоршаған ортамен, әдебиет оқу, математикамен.

Қолданатын әдістер мен тәсілдер:

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

(Балалар сырттан кіреді, барлығы қонақтармен амандасады, шаттық шеңберін құрады.Оқушылар тіл туралы өлеңді барлығы бірге айтып береді).

Тіл адамның - жауы,

Тіл адамның – досы.

Жақсы айтсаң, досың көбейеді,

Жаман айтсаң, дұшпаның көбейеді.

Мұғалімнің сөзі: Қандай тамаша, өлеңдеріңе рақмет. Енді сендерге арнап төрт  топ жасап қойдым, өздерің сүйген топқа отыра қойыңдар. 1- топ: Зат есім, 2-топ: Сан есім, 3-топ: Сын есім, 4-топ: Етістік

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен,

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Балалар, осы парталардың үстіндегі жазуңа қарап, қандай тақырып өтеміз деп ойлайсыңдар?

  • Зат есімді, сан есімді, сын есімді және етістік туралы оқимыз.
  • Зат есімді, сан есімді, сын есімді және етістіктерді біз оқып қойғамыз, соларды біз қайталаймыз.

Дұрыс, балалар. Дәл таптыңдар. Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күн тәртібін және  тақырыпты жазып ала қойыңдар.  Сөз таптарын қайталау.

Сабақта не істейміз деп ойлайсыңдар:

  • Септейміз, ережесін айтамыз, осы тақырыптан оқыған білімдерімізді қорытындылаймыз.

Жақсы, олай болса балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, орманға саяхат жасаймыз. Білімімізді күшік бағалап береді.

 

  1. Өткенді қайталау

Ендеше, балалар, ерте, ерте, ертеде «Қазақ тілі» елінде бір хан өмір сүріпті, оның төрт ұлы болыпты.

  • Қане кім айтады ханның аты кім? (Сөз табы)
  • Төрт ұлының аты кімдер? (зат есім, сан есім, сын есім, етістік) Осыны табу үшін мына суретке назар аударыңдар.
  1.  Сурет көрсету

Таудың иесі – барыс. Қар барысы (ирбис) сипаттамасы Ирбис ақ барысы

Осы орманның ішінен келе жатып мынадай аңның күшігіне кездестік, ол өзінің анасынан адасып қалыпты. Біз өзіміздің білімімізбен осы күшіктің анасын тауып беруіміз керек.

  • Бұл  не?
  • Күшік нешеу?
  • Түрі қандай?
  • Күшік не істеді?

                            ?

Аты                          Саны                    Түрі                          Қимыл

                                                      ?

  • Бір сөзбен не деп айтамыз?
  • Сөз таптары.
  • Ендеше ханның аты кім екен?
  • Сөз таптары.
  • Біз білетін төрт ұлдарының аты кім екен?
  • Зат есім, сан есім, сын есім, етістік.

Дұрыс балалар, тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Біз күшіктің анасын ары қарай іздеуіміз керек. Сол үшін мына тапсырманы орындап жіберуіміз керек.

  1. Мәтінмен жұмыс

            Қар барысы - ерекше сымбатты аң. Ол  Қосағаштың биік тауында мекендейді. Ол өте айлакер, күшті, шапшаң жыртқыш. Жемін биік тасты жерден аңдып отырып, аса ептілікпен секіріп ұстап алады.

            Қар барысының денесі жүз елу сантиметр, құйрығы тоқсан сантиметрге дейін жетеді. Мысықша мияулап, қатты үн шығарады, құлақтарын жымқыра ырылдайды. Бір қызығы – өзің  тиіспесең, адамға шабуыл жасамайды екен.

            Қар барысының саны күрт азайып кету себепті қорғауға алынып, Ресейдің «Қызыл кітабына» енгізілген.

а) Мәтінді оқып шығыңдар.

  1. Сөздікпен жұмыс

Жыртқыш – хищник

Шабуыл жасамайды – не атакует

Ептілікпен – ловко

Бірқазан – құстың аты (пеликан)

Кекілік – құстың аты (куропатка)

1-топ:

ә) Мәтінге ат қойыңдар.

б) Мәтіннен зат есімдерді табыңдар. Зат есімнің түрлерін атаңдар.

в) Ең соңғы абзацты дәптерге көшіріп жазыңдар.

2-топ:

ә) Мәтінге ат қойыңдар.

б) Мәтіннен сан есімдерді табыңдар.

в) Ең соңғы абзацты дәптерге көшіріп жазыңдар.

3-топ?

ә) Мәтінге ат қойыңдар.

б) Мәтіннен сын есімдерді табыңдар.

в) Ең соңғы абзацты дәптерге көшіріп жазыңдар.

4-топ:

ә) Мәтінге ат қойыңдар.

б) Мәтіннен етістіктерді табыңдар.

в) Ең соңғы абзацты дәптерге көшіріп жазыңдар.

  1. Сергіту сәті.

Музыкамен билейді.        

  1. Семантикалық картаны толтыруымыз керек.(Әр топқа таратамын)

Зат есім

Сан есім

Сын есім

Етістік

Сөздері: Аң, қар ала, жиырма үш, биік, секіреді, мекендейді, жүз елу, күшті, құйрық, мияулайды, арқар, таутеке, тоқсан, ағаш, барыс, күшік,

  1. Төрт сөзді септеу: Ағаш, күшік, барыс, .....
  2. Сандарды сөйлетіңдер. (Балалар, енді сандарды сөйлету арқылы орманның ішінен қандай құстарға, аңдарға кездескенімізді көрейік)

1қазан, к2лік,  к3ік

                                                       

  1. Қорытынды.

Снежный барс фото и краткое описание - Мир живой природы

  • Балалар, мынау не?
  • Қар барысы.
  • Күшік ненің баласы екен?
  • Қар барысының баласы екен.
  • Күшікке тиіспей анасын тауып бергеніміз дұрыс болды ма?
  • Қар барысының баласын қалай атайды білесіңдер ме?

Ондай болса, балалар, бүгіннен бастап біліп алыңдар. Қар барысының баласын МАУЛЕН деп атаймыз екен. Біз мәуленге тиіспегеніміз өте дұрыс болды. Ол «Қызыл кітапқа» енген аңның бірі. Биыл 2022 жыл Республика көлемінде «Қар барысы» жылы деп атаған екен. Оны білгендерің  өте дұрыс.

  1. Бағалау. (Қай топ көп қар барысын жинады, солар сабаққа жақсы қатысты дегенді білдіреді).
  2. Үйге тапсырмасы:
  1. Қар барысы туралы шығарма жазу.
  2. Қар барысы туралы жоба құру.

Сабақты шеңберге тұрып, бір-бірімізге сан есімдері бар мақалдар  айтып аяқтаймыз.

  • Жүз сомың болғанша,
  • Жүз досың болсын.
  • Бір көрген – біліс,
  • Екі көрген – таныс.
  • Жігітке жеті өнер де аз
  • Ер бір рет өледі,
  • Қорқақ мың рет өледі.
  • Жеті рет өлше,
  • Бір рет кес.
  • Сегіз қырлы,
  • Бір сырлы жігіт бол.
  • Жаздың бір күні,
  • Қыстың мың күнін асырар.
  • Бір тал кессең, мың тал ек.
  • Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
  • Бірінші байлық – денсаулық.
  • Екінші байлық – ақ жаулық.
  • Жеті жұрттың тілін біл.
  • Жеті түрлі білім біл.
  • Өтіріктің түбі – бір тұтам
  • Елу жылда – ел жаңа
  • Артық білім кітапта
  • Оқу –білім бұлағы
  • Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені
  • Бір жұмысты қиынсынсаң,
  • Мың жұмысқа тап боласың.
  • Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бол.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Разработка открытого урока по теме: «Географическая оболочка» Урок-открытие

Что такое географическая оболочка? ГО – это взаимосвязь и взаимодействие всех оболочек Земли -  всех сфер Земли.Какие это сферы?Постановка проблемы1.     Ученику дается г...

Торжественное открытие I открытого слёта юных экологов Агинского Бурятского округа (с приглашением команд Забайкальского края).

Природа является первоосновой всякой красоты. Она может размягчить даже самые чёрствые сердца. Великая природа, окружающая нас, способна порождать великие мысли и поступки.Вы услышали звуки музыки. Ав...

Открытое занятие по английскому языку в дошкольной группе в рамках "Дня открытых дверей" для родителей.Название "Вместе весело дружить""

Открытое занятие для родителей детей, посещающих дошкольную группу. Дети с преподавателем ищут друзей для загрустившего Шалтая-Болтая, который хочет найти себе друзей среди  домашних питомцев ...

Открытый урок по алгебре в 7 классе «А» тема: «Уравнения с одной переменной». Открытый урок по алгебре в 7 классе «А» тема: «Уравнения с одной переменной».

Открытый урок по алгебре в 7 классе «А»тема: «Уравнения с одной переменной».презентация по данной теме...

Открытый урок по географии "Антарктида, история открытия и исследования"

Материалы этого урока можно использовать на уроках географии в 7-х классах....

Уроксем хыççăн ачасене тĕрлĕ енлĕ аталантарасси

XXI ĕмĕрте пирĕн пурнăç çав тери улшăнчĕ, нумай çĕнĕлĕх кĕчĕ. Уйрăмах техника тĕлĕшĕнчен. Çакă вĕрентў ĕçне те пысăк улшăнусем кĕртрĕ. Паян шкулта ачана пĕлў пани çеç çителĕксĕр –ăна хăй т...

Доклад на эрзянском языке «Эрзянь келень уроксо тиринь масторонть вечкеме тонавтомась»

laquo;Эрзянь келень уроксо тиринь масторонть вечкеме тонавтомась»...