пәнаралық байланыс

Бекбергенова Сара Алимжановна
Пәнаралық байланыс ұғымының ғылымда зерттелуі Бекбергенова С.А., №1 ОМ Қазіргі заманның қоғамдық, әлуметтік-экономикалық өзара интеграциалау сипаты мектебіміздің бағытын анықтауға негіз болғандығы туралы және оқу тәрбие процесіндегі пәнаралық байланыс мәселесі, оның қажеттілігі мақсаты мен міндеті жүзеге асыру жолдары мектеп тәжірбиесі арқылы қарастырылды. Пәнаралық байланыс проблемасын зерттеушілер оның философиялық, психологиалық мәнін құрылымын зерттеп өз пікірлерін айтты. 16 ғасырдан бастап батыстың ұлы педагогтары пәнаралық байланысқа назар аударған. «Педагогикалық сөздікте» пәнаралық байланыс оқу бағдарламаларын өзара үйлесілімділігі деп анықталады. Көптеген ғалымдар М.А Данилов, В.В.Давыдов, И.Д.Зверев, Р.Г.Лемберг және тағы басқа пәнаралық байланыстың философиялық, психологиалық мәнін құрылымын әдіснамалық қызметте қарастырған. Психологтар пәнаралық байланыстың психологиалық негізінің нәтижесі білімдер жүйесінің мида орналасуы адамның үнемі ұмытушылығына жағдай жасайды. Оның шығармашылық іс-әрекетіне дайын бола алатынын дәлелдейді. Ал, педагогтар жалпы білім беру мазмұны пәнаралық байланыс негізінде жетілдіреді. Оқу процесіндегі іс-әрекеттің нәтижесі оушыда пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасатындығын атап көрсетеді. Қорыта айтсақ, зерттеушілер пәнаралық байланысқа анықтама бергенде мәселенің екі жағын бөліп көрсетеді, олар табиғатты және бар шындықты өмірдегі дүниемен заттарды оқу, үйренуді бірінші жағынан ғылымдардың пәнаралық байланыс қатынас арқылы көрсетсе, ал екінші жағынан пәнаралық байланысты дидактикалық құрал ретінде қарастырады. Пәнаралық байланыс нақтылы ақиқаттың көрсеткіші. Пәнаралық байланыс оқу білім диалектикалық әдісті жүзеге асырады, ең алдымен әдіснамалық қызметті атқарады. Пәнаралық байланыстың тектік категориалары негізделген түрлері анықталған. Пәнаралық байланыстың ең негізгі диактикалық міндеті ол оқыту процесінің білім беру дамытушылық сипатының арсындағы байланысты құру болып есептеледі. Пәнаралық байланыс оқу тәрбие процесі арқылы жүзеге асырылады. Оқыту барысында оқушылар танымдық, практикалық, мақсатты бағдарлы іс-әрекеттермен шұғылданады. Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың көптеген жолдары бар. Оқыту процесі мұғалімнің басшылығымен оқушының танымдық іс-әрекетімен айқындарады. Оқу танымдық ғылыми зертеулер сияқты ақиқат дүнині тану болы есептеледі. Адам таным процесінде объективті дүниенің жаңа фактілерін жаңа байланыстарын өзара тәуелділіктерін ашады.