Тренинг "Доссыз - өмір бос"

Нурмаханова Жанат Тажмухановна

Тренинг "Доссыз - өмір бос". «Достық» ұғымы туралы түсінік берілді. Одан кейін оқушылардың достық туралы ой-пікірлері тыңдалды. 

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon dossyz-omir_bos.doc34.5 КБ

Предварительный просмотр:

Доссыз - өмір бос

Мақсаты: Достықтың адам өміріндегі өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру арқылы, оқушылардың достық қасиеттерін ұштау, өмірден адал да, шыншыл дос таба білуге баулу.

Көрнекілігі: Достық туралы сөздер, кеспе қағаздар, кемпірқосақ макеті

Сабақтың барысы:

Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашанда орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде  өзінің уытын жоғалтады», -дейді.

Достық – адам өмірінің сан бояулы, , көп қырлы қасиеті. Сондықтан достық ұғымына толық анықтама беруі мүмкін емес.

Әйтсе де ұлы шешеннің жоғарыда  келтірген сөздерінде достық ұғымының басты мәндері көрегенділікпен ашып көрсетілген.

Ал, енді сіздердің достық туралы ойларыңды тыңдалық.  (Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады).

Қазақ халқында «Көршінің сеніміне лайық бол» деген мақал бар. Ал, қазір сіздер қаншалықты көршілеріңнің сеніміне лайықсыздар соны көрелік.

Ол үшін «Жіпті шешу» ойынын ойналық. Класс оқушылары жұпқа бөлінеді, әр жұпқа шиленген жіп беріледі. Жұптасқан оқушылар сол қолдарын артқа ұстап, оң қолдарымен бірлесе жіпті шешу керек. Қане, қай жұп жеңімпаз атанады екен.

Жеңімпаз жұп анықталып, мадақталады.

«Мен сені жақсы көремін» ойыны.

Бұл ойында оқушылар айна алып, өз бейнелеріне біраз уақыт көз алмай қарайды.

Мынадай сұрақтарды қайталайды.

Мен кіммін? Маған қарап тұрған кім?

Мен жақсы адаммын ба  әлде, жаман адаммын ба?

Мен туралы достарым не ойлайды?

Мен туралы ата-анам не ойлайды?

Тәртібім қандай?

Менің мінезім қандай?

Достарым көп болу үшін не істеуім керек?

Қандай жақсы,  жаман қасиеттерім бар?

Әр оқушы өз ойын айтады.

«Қасиеттер жәрмеңкесі» ойыны.

Оқушыларға екі бағанға бөлінген парақ таратылып беріледі.

1. «Сатамын»

2. «Сатып аламын» деген сөздер жазылады. Музыка ойналадаы. Оқушылар бойындағы қандай қасиеттерді сататынын және қандай қасиеттерді сатып алатынын жазады. Жазып болған соң, жазуды кеуделеріне ұстап тұрып, өзара сатуға ұсынылған қасиеттермен танысады.

Қандай қасиеттер көбірек сатылуға ұсынылды?

Не себепті сатып алғымыз келеді?

Не себепті сатқың келеді?

Оқушылардың ойы ортаға салынады. Бұдан шығатын қорытынды «Кемшіліксіз адам болмайды, Өзіңнің кемшілігіңді мойындау – ол да бір ерлік»

Кемпірқосақ ойыны.

Оқушылар бір сәт жаңбыр жауып тұр деп елестетіп, одан қорғанайық, біраздан кейін жаңбыр тоқтап,   оқушылар кемпірқосақты көреді. Сол кезде оқушылар өздерінің жаман қасиеттерін қағазға жазып, шиыршықтап тастайды да, аяқтарымен таптайды да, сілкінеді.

Дос –саналы, шыншыл, ынталы, жомарт, адал, мәдениетті, білімді, қайырымды, қайратты, сенімді

Жағдаятты шешу.

1-жағдаят. Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастап, өзімен ғана дос болуды қалайды? Сенің өз пікірің?

2-жағдаят. Досың сенің үйіңе қонаққа келді, оған саған ағаң сыйлаған әдемі сувенир ұнады. Қайта-қайта сувенирді қызықтаумен болды. Сенің  іс-әрекетің?

3-жағдаят. Саған  досың өкпелі, неге екенін білмейсің, екі күн болды, ол сені көрсе үндемей, қашқақтайды. Сенің іс-әрекетің?

4-жағдаят. Жақын досың сенің жақсы көретін көйлегіңді үтікке күйдіріп алды. Сенің іс-әрекетің?

«Хабарландыру  «Дос іздеймін» ойыны.

Музыка ойналады.

Хабарландыру жазған кезде өзің туралы  қысқаша мәлімет  бересің.

(неге қызығасың, немен шұғылданасың т.б)

Ойынан қорытынды: «Өрге жүзген өнегелі ісімен, Адал дос тап тең құрбыңның ішінен».

Әл-Фараби.

Сонымен оқушылар өздеріңнің достарың қандай болғанын қалар едіңдер?

Қорытынды:оқушылар достықты берік сақтау үшін, оны одан әрі нығайту үшін, өз бойымызда жақсы қасиеттер болуы керек. Әрқашан досқа адал болғанымыз абзал.


 

Комментарии

"Дос"- ол сенің қанатын қайырылғанда қолдайтын, тауың шағылғанда жебейтін жақынын.