Главные вкладки
Айтмағанбетова Айнагүл Торшановна
Қазақ тілі, әдебиет пәнінің оқытушысының сайты
Профессия: Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Профессиональные интересы: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Увлечения: Музыка
Страна: Қазақстан
Населенный пункт: Ынтымақ ауылы Ертіс ауданы Павлодар облысы
Место работы: Ынтымақ негізгі мектебі
Звание, ученая степень: ІІ санат
Навигация
Ссылка на мой мини-сайт:
https://nsportal.ru/aytmaganbetova-aynagul-torshanovna"Мұғалім менің ең жақсы көретін адамым, өйткені ол - мектептің жүрегі"
Менің сайтқа кіргендегі себебім өз еңбектерімнің жемісін әріптестеріммен бөлісіп, пікірлерін оқып өзіме керекті мағлұматтар жинау.

О себе
Мен, Айнагүл Торшанқызы Баянауыл ауданының Жосалы совхозында дүниеге келгенмін. Қазіргі тұрақты орным Ертіс ауданының Ынтымақ ауылы. Тұрмыстамын, Жолдасым, екі қыз, бір ұлым бар. Мінезім жұмсақ, ақ көңіл, кішіпейіл жанмын Кейбір жаман мінездерімде бар, мысалы тез ашуланып, тез қайтамын.

Книги, которые сформировали мой внутренний мир
Менің негізгі өмірге деген көзқарасымда маған тұңғиықты ой салып, өмірге деген қызығушылығымды арттырған М. Әуезовтың "Абай жолы" романы болатын. Бұл кітапты мен тұңғыш рет мектеп табалдырығында жүргенде оқыған болатынмын, бірақ жөнді түсіне алмағандықтан кейін жұмыс істеп жүргенде тағы бір қолыма алып рқып шықтым. Романды оқыған сайын оның ішіндегі кейіпкерлерге еліктеп, кейде өзіңде солардың арасында жүргендей, көбіне көп мен өзімді Абайдың жастармен өткізген кездесулерінің ішінде бірге жүргендей, солармен қосылып бірге сырласып, бірге сөз жарыстырып, сол өмірге кіріп кеткендей сезімде жүріп, өзіме-өзім келе алмай, бей-жай күй кешетін кездерімде болатын.

Мой взгляд на мир
Менің өмірге деген көзқарасым өте тереңде жатыр дескете болады. Мен өмір сүру үшін адамға ең қажет нәрсе ақыл, парасаттылық, ал денсаулықты осыларың болса еш қиындықсыз, қиын болса да жеңіп шығуға болады деп ойлаймын. Адам баласы негізі ешқашан, ешнәрсеге тоймаған Менде бола берсе екен , маған келе берсе екен деп жүре береді, сөйтіп жүріп алтын уақытының қалай өтіп кеткенін сезбей қалады.

Мои достижения
Оқушылар:
1. 2011-2012 оқу жылында 6 сынып оқушысы Зикен Жарқын аудандық Махамбет оқуларында ІІ орынға ие болды.
2. 2012-2013 оқу жылында 6 сынып оқушысы Тулеубай Махаббат пен 9 сынып оқушысы Рахуова Айнара деген оқушылар аудандық Иса оқуларында ән номинациясы бойынша ІІІ орынға ие болса, 7 сынып оқушысы Зикен Жарқын Иса оқуларында ІІІорынға ие болды.
3. Оқушылардың шығармалары аудандық "Ертіс нұры" газетінің "Жауқазын" балаларға арналған бетінің №41 санында жарық көрді.
Мұғалім:
1. 2012 оқу жылындағы пән оқытудағы жетістіктері үшін мадақтамамен марапатталды.

Моё портфолио
Айтмағанбетова Айнагүл Торшанқызы.
10.11.1967.
білімі: Жоғары
1. Балхаш педагогикалық училищесі 1984-1986, мектеп жасына дейінгі тәрбиеші.
2.Павлодар гуманитарлық педагогикалық колледжі /қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі/ 1999-2002
3. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты /қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі/ 2002-2006
Еңбек өтілі: 25 жыл
Санаты: ІІ
Добавить творческую работу ученика
Код для вставки списка публикаций на другие сайты