Өмір - өзен

Беспаева Айсұлу Оразқызы

Толассыз ағып жатқан тоқтауы жоқ толайым тіршіліктің арналы, арынды ағысы небір замандардан бері адам  -  пендені айдағанына көндіріп, айтқанын істетіп келетіндігі анық. Адам - пенде асау толқындармен арпалысып, қауқарсыз күйде күн кешуде. Арпалыс тіршіліктің сапында кетіп жатқан жан қаншама... Алас тартыс тіршіліктің жетегінде кеткен адам -  пенденің арманы, өкініші, риясыз сенімі өмірде көп болатыны, бәлкім, содан шығар. Дөңгеленген дүние өз жүрісінен танбайды. Асылы, қасындағы адамның жанын түсіну адам - пенденің қолынан келмейтін іс сияқты...