Шағын жинақталған мектеп проблемалары және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру жолдары.
Бір мезгілде әртүрлі жастағы оқушылардың бір бөлмеде отырып білім алуы мұғалімге, оқушыға да оңай емес. Кәсіби шебер ұстаз ғана бұл қиындықты жеңеді. Қазір мұндай мектептердің басым бөлігі аудан орталығынан шалғай орналасқан мекендерде.Шағын жинақталған мектептердің оқу тәрбие үрдісін жетілдіру, дамыту үшін мұғалімдердің педагогикалық іскерлігін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау керек. Олармен әдістемелік жұмыстарды әдіскер – мұғалім – әдістемелік бірлестік үш бірлігін сақтай отырып жүргізген тиімді.
Скачать:
| Вложение | Размер |
|---|---|
| 21 КБ |
Предварительный просмотр:
Шағын жинақталған мектеп проблемалары
және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру жолдары.
Еліміздің жер көлемі кең. Халқы сирек орналасқан. Қазір ауылда бала саны, мұғалім, сынып саны аз шағын жинақталған мектептер (ШЖМ) көбеюде.. «Аз көмплектілі мектеп» ұғымына ҚР «Білім туралы» Заңында (1 бап 23 тармақ): «Шағын контингенті қосарланған сынып комплектісі және оқу сабақтарын ұйымдастыруға өзіндік ерекше үлгісі бар жалпы білім беретін мектеп» - ретінде қараған. Олай болса, аз комплектілі мектептің жұмысында да ерекшелік мол, проблемасы көп, бірақ бұл мектептерді жауып тастауға болмайды. Бір мезгілде әртүрлі жастағы оқушылардың бір бөлмеде отырып білім алуы мұғалімге, оқушыға да оңай емес. Кәсіби шебер ұстаз ғана бұл қиындықты жеңеді. Қазір мұндай мектептердің басым бөлігі аудан орталығынан шалғай орналасқан мекендерде. Ал мектептер болса – қазіргі ауылдық жердегі оқушы ғана емес ауыл тұрғындары үшін де мәдениет орталығы болып отыр. Сондықтан ШЖМ-ге мемлекет тарапынан қомқорлық жасалуда, Ғылым және білім министрінің жаңа бұйрығы жарияланды. Мұнда шағын жинақталған мектептерді сақтау, оларды дамыту талаптары қойылған. Жаңа талап бойынша шағын жинақталған бастауыш, негізгі және орта мектердегі бала саны азайтылды және бірінші, тоғызыншы, он бірінші кластар бала санына қарамастан, қанша бала болса да бөлек класс болып оқытылатын болды.
Шағын жинақталған мектептердің оқу тәрбие үрдісін жетілдіру, дамыту үшін мұғалімдердің педагогикалық іскерлігін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау керек. Олармен әдістемелік жұмыстарды әдіскер – мұғалім – әдістемелік бірлестік үш бірлігін сақтай отырып жүргізген тиімді. Себебі шағын жинақталған мектепке институт қабырғасынан шыққан жас маман екі класты қатар оқыту практикасынан өтпеген, оның әдістемесін толық меңгермеген болып келеді. Сондықтан шағын жинақталған мектеп мұғалімдеріне мектеп жұмысын терең де мазмұнды жоспарлауға нұсқау беріп, білім берудің жаңа технологияларымен жұмыс жасауға бағыттау керек. Әдістемелік көмектер беру үшін сабақтарына тікелей қатысып, әдістемелік талдау жасап, жекеше және топтық, ауызша және жазбаша кеңестер берген дұрыс болады. Шағын жинақталған мектептерді тұрған орындарына қарай топтастырып, «Әдістемелік күндер» өткізу тиімді. Әдістемелік күнде ашық сабақтармен қатар теориялық баяндамалар да қойылып, тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға болады. Шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің шеберлігін шыңдаудың тағы бір жолдары – шағын жинақталған мектеп мұғалімдері үшін сайыстар, байқаулар, бір пәндік немесе бір тақырыптық панорамалық сабақтар сайысын, имитациялық ойындар өткізу. Мұндай жұмыстар мұғалімдердің шағын жинақталған мектерде жұмыс жасаудағы кәсіби шеберліктерін шыңдайды. «Екі не үш класты қатар оқытуда бір пәнді қатар жүргізудің әдіс-тәсілдерін жетілдіру», «Шағын жинақталған мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының сапасын көтеру жолдары», «Ұқсас тақырыптарды қатар оқыту жолдары» т.б.тақырыптарда семинарлар өткізуге болады. Озық тәжірибелердің бейнефильмдер банкін құрудың пайдасы мол.
Мұғалімдерге пәрменді әдістемелік көмектер ұйымдастырып, білім берудің жаңа технологияларын шағын жинақталған мектептер практикасына ендіре отырып, білім беру мен білімнің сапасын көтеріп, оқушының белсенділігі мен ізденісін арттыра аламыз. Мұғалімдердің жаңашылдық (инновациялық) белсенділігі қалыптасып, жоғары шығармашылыққа ұмтылады, интелектуалдық белсенділігі жоғарылайды
Шағын жинақталған мктептерге әдістемелік көмек ұйымдастыру үшін барлық шағын жинақталған мектептерді «ШЖМ – проблемалары және оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің әдістері мен формаларын іздестіру» деп аталатын үлкен бірлестікке біріктіріп, оларды бірнеше шығармашылық микротопқа бөліп, әр топқа айналысатын проблемаларын бекітіп, жүргізілген жұмыстарды қорытып, жинақтап қажетті әдістемелік жинақ дайындауға болады. Мысалы: Бірінші топқа – « Шағын жинақталған мектептерде тәрбие жұмысының формалары мен әдістерін байыту жолдарын іздестіру» - ( бірнеше мектеп біріктіріледі). Екінші топқа – «Әртүрлі сыныптарда ұқсас тақырыптарды тиімді жоспарлауды дамыту (бірнеше мектеп топтастырылады). Үшінші топқа – «Шағын жинақталған мектептер жағдайында білім берудің жаңа технологияларымен жұмыс жасауды дамыту (бірнеше мектеп топтасады). Төртінші топқа – « Шағын жинақталған мектептерде өз бетінше жұмыстар жүргізуді ұйымдастыруды дамыту (бірнеше мектеп біріктіріледі) сияқты мәселелер төңірегінде топтастыруға болады. Мұндай жұмысты ұйымдастырудағы негізгі мақсат: Әртүрлі сыныптарда бір мезгілде қатар оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру.
ШЖМ – тәрбие жұмыстары мен формаларының әдістерін байыту. Сөйтіп, мұның бәрі шағын жинақталған мектептердің жұмысына әдістемелік көмек көрсетуде тұтас парадигманың қалыптасуын көрсетеді. Ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы маңызы зор міндет. Еліміздің экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлкен үлес қосатын, әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндетін шағын жинақталған мектептер де бірге атқаруы керек. Белгілі қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев ағарту қызметкерлерімен бір кездесуінде жас ұрпақ тәрбиесі туралы «Қандай шәкіртке, қандай мұғалімге, қандай мектепке көңіліңіз бітер еді»деген сауалға: «Өзін өзі жете танығысы келген шәкіртке, оған жеткізе жәрдем бере алатын мұғалімге, сондай шәкіртпен, сондай мұғалімге жеткілікті жағдай жасай алған мектепке көңілім бітеді» деп толғаныспен жауап берген-ді.
