Балаларды мектепке дайындау әдістері

Бижанова Майра Нажметовна

Балаларды мектепке дайындау әдістері

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл Баяндама25.2 КБ

Предварительный просмотр:

                            Балаларды мектепке дайындау әдістері.

                                                       Бижанова Майра Нажметовна

             № 1 орта мектебі

                                                                                          Бастауыш класс мұғалімі                                                

                                                                                   

Дамыған қоғамдағы сияқты біздің елімізде де ұрпаққа білім беру саласында түбірлі өзгерістер жасалуда. Ең бастытсы – әлемдік білім кеңестігіне өту мақсатындағы алғашқы қадамдар. Қай заманда да, қандай реформа болсын білім беру, адамның жеке тұлғасын қалыптастыру басты назарда тұрады. Білімге білімділік, дүниетанымдылық және дамытушылық тұрғыдан қарауға көшу, яғни білім саласын басқару үрдісін өзектендіру және жетілдіру қажеттілігі туындады. 12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан- жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуметін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық- педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр.

12 жылдық оқытудағы басты мақсаты:

-қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;

-өзін-өзі дамытуға;

-өз оцын еркін айта білуге;

-өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;

-жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Бүгінгі таңда жастарды өмірге тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы үлкен міндеттері жаңа мектепке жүктелген. Міне сондықтан да қазіргі кезеңде бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында алты жастағы баланы тәрбиелеу мен оқыту жауапкершілігі ғана қойылып отырған жоқ, жеке тұлғасы қандай болатынына дұрыс бағыт- бағдар бере отырып, әрбір баламен жеке жұмыс жасауды талап етіп отыр.

Қазақстан Респукликаның Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін баланың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштін қасиеттері мол, ерік-жүгері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті – баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.

Мектепке бару – бала өміріндегі үлкен жаңалық, шешуші кезең, өмір мен іс-әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынға көшу және өсіп- жетілуіне бір сатысы. Мектепке барғаннан бастап баланың қоғамдағы орыны өзгереді, бұл кезеңде бала мектеп өмірімен танысады, жаңа әлеуметтік бастайды, мектепке дейінгі ойын баласы жаңа өмірге қадам басады. Бала мектеп табылдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді, ойын арқылы құрдастарымен қарым-қатынас жасайды, алғашқы білім дағдыларына бой ұрады. Ал, мектепке барысымен ол ұқыптылық пен зейінділікті талап ететін жүйелі оқу, еңбектену іс-әрекетін меңгеретін болады. Оқу іс-әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада атқарылуы тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшері аз болғаны дұрыс. Сонымен қатар ұқыптылық пен зейінділікті талап ететін жүйелі оқу; еңбектену іс-әрекетін меңгеретін болады. Осындай елеулі өзгерістерге қиналмай, еркін іс-әрекеттер жасай білу үшін баланың мектепке алғашқы психологиялық дайындығы болуы тиіс.

Мектепте оқуға психологиялық дайындық дегеніміз не? Психологиялық дайындық теорияларын кімдер зерттеген? 12 жылдық мектепке бастауыш сынып оқушыларын қабылдауда қандай психологиялық талаптар қойылады?

Балалардаң психологиялық ерекшелігтері төңірегінде бірқатар мәселерге тоқталайың.

Жалпы, осы уақытқа дейін баланың мектепке психологиялық даярлығы мәселесін көптеген ғылымдар, соның ішінде Л.Н. Виготский, А.Н. Леонтьев, Л.И. Божович, А.В. Запорожец, Д.П. Эльконин, В.В. Давыдов т.б. психологтардың идиялы еңбектерінде зерттеліп,талданған. Ал, өз елеміздегі мектепке психологиялық даярлық мәселесінен М.М. Мұқанов, Т. Тәжібаев, Х.Т. Шерьязданова т.б. ғалымдардың зерттеулерінен айқын ақпараттар алуға болады.

Осыған байланысты соңғы жылдары балалардың, әсіресе 12 жылдық білім беру жүйесі мектебіне дайындығы психология ғылымында аса маңызға айнала бастады. Сондақтан 12 жылдық білім беру мектебіне қабылдаудағы психологиялық талаптар негізіне қазіргі балалардың психологиялық даярлық ерекшеліктерін анықтау мәселесі туындап отыр. Соның негізінде «Дайындық» немесе «Мектептік жетілу» деген түсініктерге біріңғай немесе нақты анықтамалар беру қиынырақ.

Л.И. Божович баланың мектепте оқуға дайындығы ойлау іс-әрекетінін, танымдық қызығушылықтарының, өзін-өзі тануының дамуы дәрежесінің қалыптасуынан, яғни бала өзін ересек сезініп, мектептік оқу процессоның қаншалықты маңызды екенің түсінуі деп белгілеген. Балалық шақтан мектепке өту – баланың өмір сүру салтын түбірімен өзгертеді. Мектепке барып оқушы атану баланың жеке басын ерекше адамгершілік бағытқа бұрады. Ол үшін оқу тек білім игеру әрекеті ғана болып қоймай, күнделікті міндетті еңбек ретінде өзін қоршаған ортаның өміріне бейімдей бастайды. Осы жағдайдардың барлығы мектептің бала өмірінің қызыққа толы орталығына айналатындығын көрсетеді. Өйткені оқушы баланың ішкі психикалық өмірі мектеп жасына дейінгі кезеңге қарағанда басқа мазмұнға ие болады. Ол бәрінен бұрын оқу әрекетіне байланысты. Сондықтан баланың мектеп жүктемелерін табысты игеруі немесе меңгере алмауы үлкен уайымға әкеледі. Жоғарыдан көріне алмауы баланың өмір сүрген әлеуметтік ортада «табан тіреп» тұра алмауын тудырады. Бұдан шығатын қорытынды – мектепте оқу баланың танымдық белсенділігін арттыру және ақыл-ойын дамытумен қатар, оқушының жеке басын қалыптастыратындығында.

А.В. Запорожец, А.Н. Леонтьев, В.С. Мухина, А.А. Люблинская, т.б. психологтар мектепке даярлық ұғұмына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін, орындау тәсілдерін меңгеруін, өзін-өзі бағалай және бақылай алуын, мұғалімді тыңдап, материалдарды есте сақтау қабілеттерін жатқызады. Бұл пікірді Қазақстан ғылымдары Н. Айғабылов, Ғ.Нығметова, Б. Дабылова, Г. Қасымова, М. Бапаевалар да қуаттап, өз зерттеулерінде жергілікті жағдай ерекшеліктерімен тығыс ұштыстырып келеді.

Мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру ісін ғалымдар түрліше жіктейді. Мәселен, Е.Е. Кравцова баланың мектепке психологиялық даярлығын төрт бағытта құрастырады: бірінші бағытта балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруды жатқызса, екінші бағыт- мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу болып табылады. Оқу әрекетінің алғышарттары мектепке психологиялық даярлықтың үшінші бағытын құраса, баланың берілген ережелер меня ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі төртінші бағытты құрайды. Сонымен қатар оның еңбектерінде баланың мектепке дайындығының негізі – бала дамуындағы қарым-қатынас рөліне көңіл бөлінеді. Осыған орай бұл қарым-қатынасты үш сфераға бөліп қарастырған:

-үлкендерге қарым-қатынасы

-құрдастарына қарым-қатынасы

-өзіне деген қарым-қатынасы

Мұндағы қарым-қатынас негізіне бала дамуының деңгейі мектепке психологиялық дайындық дәрежесін анықтап және ол оқу іс-әрекетінің негізгі құрылымдық компоненттеріне анықталған түрде сәйкес келеді. Үлкендердің баламен әртүрлі қарым-қатынасы және олардың балаға беретін бағасының сипаттамасы оның бойындағы өзіне баға бере алу қасиетін дамытады. Бір жағдайда оның өзінің ақылды екендігіне сенімі артса, басқа бір жағдайларда өзін қөріксіз санайды немесе қателігін мойындайды. Үлкендердің тікелей әсер етуімен баланың бойында пайда болатын осындай өзіне-өзі баға берушілігінен оның басқа адамдарға да баға беруінің негізі қаланады.

Баланың мектепке даярлық мәселесін сөз еткен Д.Б. Эльконин оқыту іс-әрекетіне қажетті алдын ала дайындықты талдай отырып, мынадай өлшемдерді анықтаған:

-қалыптасқан іс-әрекет тәсілдеріне бала өз іс-әрекетін саналы түрде бағындыра алу қабілетті;

-белгілеген жүйе талаптарына бағытта алу қабілеті;

-мұғалімді мұқият тыңдап және ауызша түрде үсынылған тапсырманы нақты орындай алуы;

-талап етілген тапсырманы көру, қабылдау образында өз еркімен орындай алу қабілеті.

12 жылдық білім беру жағдайында алты жасар балалардың бойында танымдық белсенділігін дамыту мәселесі теория мен практикада жаңалықты іздеуді талап етеді. Әсіресе балаларды мектепке дайындауда баланың бойында оқу қызметін меңгеруіне қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу және толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасының өзіндік маңызы зор. Көпқырлы талдау нәітижесінің педагогикалық- психологиялық және әлеуметтік- мәдени  құбылысының бөлшекті түрде қарастыруды болжайтын зерттеуге сәйкес келетін мектепке дейінгілердің таным белсенділігін қалыптастырудың тейімді құралы- даму ортасы болып табылады.

 Баланың дұрыс психикасының ерекшелігі – танып-білуге деген белсенділігі.Баланың құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы әлемнің құрлысын өзінше бейнелеуге бағытталған.Бала ойнап жүріп тәжірибеден өтеді, себеп-салдарлық байланыстармен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады.Бала ой-қабілеті жағынан неғұрлым белсенді болса,ол соғұрлым сұрақты көп қояды және әр түрлі сұрақтар қоятын болады. Мұхиттың тереңдігі қандай? Ұшақ қалай ұшады? Жұлдыздар қайдан пайда болады? Деген сияқты т.б сұрақтарды бала білуге ұмтылады,ад сол білімді игеру «Неге?», «Қалай?», «Неліктен?» деген сұрақтар арқылы игеріледі.Ол білімге сүйен,жағдайды бағандауға және өз сұрағына жауап табудың жолын іздеуге тырысуға мәжбүр болады. Кейбір мәселелер туа қалған жағдайда бала оны өзі шешуге тырысады, әрине, ол оны тек ойша ғана шеше алады. Бала болып жатқан жағдайды бағамдайды және оған өзі ойша араласып, іс-әрекет жасайды.

Егер баланың мектептегі оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, баланың оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.

 Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың, мұғалімнің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни, баланың мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді, табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды. Түйіндей келе, бұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуы және ақыл-ойының, таным үрдістерінің дамуы болып табылады. Демек, баланы мектепке даярлау мәселесі өз өзектілігін жоғалтпайтын әлі де зерттеуді қажет ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала бермек.

Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты ұлттық білім беру жүйесін жаңа арнаға бұру, нәтиже мен сапаға бағыттау,бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу қажеттілігін міндеттейді.

12 жылдық білім беру біртіндеп көшуді жүзеге асыру-оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, ата-ананың саналы түрде түсініп,қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуын,икемдік танытуын қамтитын процесс дейтін болсақ, мектеп бала тәрбиесіндегі белсенді де баға жетпес әлеуметтік орталыққа айналатындығы хақ.