Дарынды баланы тану және анықтау

«Педология» ХІХ ғасырдың аяқ шенінде Батыста пайда болды. Бұл ілім психология мен педагогиканың бірлескен ағымы. Ол адам ойын дамытып, сабақты ойын түрінде өткізуге негізделген. 

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon daryndy_balany_tanu_zhne_ankytau.doc64 КБ

Предварительный просмотр:

Дарынды баланы тану және анықтау

«Педология» ХІХ ғасырдың аяқ шенінде Батыста пайда болды. Бұл ілім психология мен педагогиканың бірлескен ағымы. Ол адам ойын дамытып, сабақты ойын түрінде өткізуге негізделген.

Бұл ілім 4 принципке сүйенеді.

  1. Ұқсас ғылымдардың бірлестігін табуға үйрету.
  2. Балаға генетикалық, психологиялық тұрғыдан құрау.
  3. Баланың өсу методологиясын зерттеу. (Табиғи дамуы жақсы баланың ненің әсерінен бұзылуға берілгенін білу)
  4. Баланың ой-өрісін дамыта отырып, психологиясына жаңа даму беру.

1936 жылы тамызда антимаркстік ілім деп арнаулы мемлекет

қаулысының себебімен жабылған Ол ілімді жүйелі методикасына айналдырып жұмыс жүргізген Моисей Григориевич Эксин математика пәнінің мұғалімі халық жауы ретінде ұсталып, атылып кетті. Бұл ілімнің негізін Ресейде Владимир Михайлович Бехтеров қалады. Ол негізінен физиолог әрі психолог болды. Бүгінгі күні «дарынды бала» тақырыбында бұл мәселенің көтерілу себебі бар. В.М. Бехтеров: «Тұлға дегеніміз психикалық индивид», - деді. Яғни балағ психологиялық тұрғыдан қарау керектігін айтады. Себебі, дарынды балаға шектен тыс қамқорлық баланың тұлғалық дамуына кері әсерін тигізеді. Одан бала өзімен өзі тұйықталып, өзіне сенімділігі, өзімшілдігі артып іске ұқыптылығы жойылады. Дарындылығын баптап дамытып отырмаса оның жойылып кетуі әбден мүмкін.

        Үнемі барлық адамның назарында болуға дағдыланған бал жүйелі жетілмеген соң қатарластары қуып жетіп, басып озғанда психикасы бұзылуы мүмкін. Дарынды бала бар салаға икемді келеді. Бірақ ол бір ғана саланың таланты және ол ерекше болуға, үнемі алда болуға бейім. Баланы танымай әр жаққа тартқылау баланың шын дарындылығы жойылып, психикасының бұзылуына әсер етеді.

        Үнемі бір дарынды балаға барлық назарды аудару, тек соған көңіл бөлу, сонны мадақтау өзге балалардың психикасына стресс береді. Мінезі мен көңіл-күйі өзгеріске ұшырайды. Сондықтан да сынып жетекшісі сыныбындағы баланың бәріне жеке-жеке төмендегідей тест түрлерін жүргізіп, балаға анықтама жасауы керек және пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болуы керек.

І.  Қызығушылықтың түрлері

Зерттеушілік қызығу.

Нәтижесі не? Себепті

анықтауға белсенді

әрікет ету.

ІІ.  Шығармашылық ойлау қабілеті

      Фантазия (қиял)                                        Логика (қисын)

Еркін ойлау. Бағыттан таю.                                    Сараптай тану. Терістеу.                      

Өзіндік әсер.                                                    Әділеттілік. Ойды

                                                                    тұжырымдап айту.

ІІІ. Интерактивті жүйе.

Мендік күші                                                                  Қоршаған орта

Баланың қабілеттігі                                                    Интеллектуалды қоладу

ІV.  Тану дистограммасы

   

   5

   4

   3

   2

          1                    2        3            4             5                 6                7              8

 

1. Интелектуалды.

2. Ой көркемдігі.

3. Ән, әуенге қабілеті.

4. Ғылыми жұмысқа белсенділігі.

5. Әдеби дарындылығы.

6. Әртістік қабілеті.

7. Техникалық қабілеті.

8. Спорттық қабілеті.

        Жеке пән мұғалімдерімен, сынып жетекшісімен бірлесе жүргізген ізденіс нәтижесінде дарынды бала анықталады. Сонан соң мектепте немесе кафедрада «жас дарын» оқушылардың ғылыми қоғамы құралады. Онда дарынды баламен жүргізілетін жұмыс

                                

                                                

                        

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

кестеленген.

        Мұғалім дарынды балаларды жинап алған соң психологиялық таным тұрғысынан топтайды. Жылдық жоспар немесе бірнеше жылдық жоспар жасайды. Оны кезендерге бөледі.

        І кезең. Теориялық түрде мұғалім тақырыптарын бөліп және зерттеу мәселелерін анықтайды. Қажетті көркем әдебиеттерді таңдап және талдайды, экспериментті жүргізу кестесін жасайды.

        ІІ кезең. Дайындық кезеңі. Эксперимент қорытындыларын теориялық тұрғыдан анықтап өткізу.

        ІІІ кезең. Жинақтау. Оқушының білімін жетілдіруге жоғарғы оқу орындарымен байланыста болу.

        ІV кезең. Нәтижеге жету.

        Дарынды бала.

        Ақпарат құралдарымен жұмыс істей алуы, яғни іздене, зерттей және қажет адамдармен кездесе алуы керек.Сонымен қатар көзқарас білдіру, пікір айта алу, пән аралық байланыс жасай алу секілді қасиеттерге ие болуға керек.

                                       «... тәрбиеде үлкен мән-мағына жатыр,                                                                                 баланы елін сүйер нағыз ер ету де,                                                                                            

                                                                                       қолынан ештеңе келмейтін                                                                                                                                  

                                                                                                 ез ету де тәрбиеге байланысты»

Халық даналығы

Менің тәрбие туралы пікірім

 

  Қазақстан-Еуразия кеңістігінде орналасқан, Ежелгі Түркі қағанатының  қарашаңырағын ұстап отырған-ұлан байтақ ел. Қазақ елі-ұлы ойшылдар, адамзат өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан, дүниежүзілік тарихта екінші Аристотель атанған, ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабиді, ислам дүниесінде екінші Мухаммед атанған Қожа Ахмет Яссауйді, екінші Геродот атанған Жүсіп Баласағұниді, Ұлы Абайды, дана Ыбырайды, тізе берсек, осындай ұлы тұлғаларды берген жұрт. Қазақтың ел алдындағы абырой-беделі, қадір-қасиеті  тек жеке басының жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы, жарасымдылығымен де өлшенген.

  Ата-бабаларымыз сондай-ақ, тектілікті қадір тұтқан. Оны атадан балаға мирас етіп қалдырған. Осы тектілікті сақтап қалу үшін отбасы тәрбиесіне мейілінше көңіл бөлген. Өркениетті ел қатарына қосыламыз, келешекте көш бастайтындай көшелі ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, тарих қойнауына үңіле отырып, ұлттық тәрбиеміз бен ұлттық тағылымдарымызды есте берік ұстауымыз қажет.

  Шығыс Ғұламасы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» - деген.

  Адам өмірінің бәрі бірдей болып келеді, бірақ әр адамның тағдыры әр түрлі болып қалыптасады.

  Адам өзге табиғат иелерінің арасында  санасының құдіреттілігімен ерекшеленеді. Адам сол ақыл-ойының, санасының арқасында көздеген мақсатына да, байлығына да, бақытына да қол жеткізе алады.

  Адамзат баласының осы уақытқа дейінгі қол жеткізген жаңалығы, құрған қоғамы, жасаған рухани және материалдық байлығы, осы сананың жемісі. Ендеше біз адамды адамгершілікке баулығанда оның санасына салмақ салмауымыз керек.  Сана арқылы адамның  дүниетанымы, өмірге көзқарасы, рухани мәдениеті қалыптасады.

  Адамның өмірі жан мен тәнге негізделген. Олай болса, адам бақытты болуы үшін жаны мен тәнін қоса тәрбиелеуі тиіс. Яғни, салауаттылық  өмір қағидасын ұстануға тиіс. Бұл орайда бабаларымыз: «Тәні саудың-жаны сау»-деп, салауаттылық өмірдің жолдарын игеруді көрсетіп берген.  Баланың жастайынан  дені сау азамат болуын аңсаған  халқымыз жас сәби өмірге келген күнінен бастап, сәби күтіміне, дене сұлулығына көңіл бөлген.

  «Денсаулық-зор байлық» деп қазақ халқы  дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның  құралы. Құралы мықты болса, иесі де мықты. «Сау жан сау денеде ғана болады» деген мәтел ескіден қалған.

  Адам бақытты өмір сүру үшін әуелі рухани саулығына көңіл бөлу қажет. Рухани саулыққа көңіл бөлген жағдайда адам елмен сыйласымды, ойлау қабілеті жоғары, шама-шарқын білетін, ақылмен іс істейтін, өте сезімтал,ұстамды да, байсалды, қоғамдағы өз орнын білетін,  жауапкершілігіне ұқыптылықпен қарайтын, адамдармен тез тіл табыса алатын, табиғатты сүйетін, қоршаған ортадан хабардар, бақыт дегеннің не екенін түсінетін жан болады.  Ал, рухани саулығы жоқ адам  аталған барлық қасиеттерден жұрдай болмақ.

  Қазіргі кезеңде халқымыздың өмірінде болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жағымсыз әдеттерге  еліктеуге бейім келеді.

  Бұл мәселелерді  тудыратын себептердің бірі-отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың  жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, қатігездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады. Ал, тарихқа көз жүгертетін болсақ, кең байтақ өлкемізде буынна-буынға жалғасып ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімділік салтанат құрып, үйлесімін тауып жатты. Міне осы қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды.

  Екінші себеп-бұл отбасындағы маскүнемдік, ұрыс-керіс,  ата-аналарының және басқа жанұя мүшелерінің  жеңілтек мінез-құлқы, ал бәрінен жаманы ажырасу яғни неке бұзу. Балалар тәрбиесінде  ата-аналардың  мінез-құлқы шешуші рөл атқарады. «Сіз балаларыңыздың тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңіз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе... Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы-тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі» деген болатын  А.С.Маршак.

  Ал, ұлы ата-бабаларымыз «Ата-ананың тәрбиесі-бала мінезінің ірге тасы», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп түсіндіреді. Сондықтан балаға өмірінің  алғашқы жылдарында  адамгершілік сезімдерін егудің орны бөлек. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан азап шегеді.  Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді.

  Үшінші себеп-ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл бөлінеді. кейбір отбасы баланың ішкі жан-дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын,  қоршаған ортаға қатынасын  жете біле бермейді. Бала тәрбиесіне ең алдымен оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдығы, кішіпейілдігі,  ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек.

  Ұрпақ тағдыры дегеніміз-ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы, оның білімді де, іскер, талантты да мәдениетті,  адамгершілік асыл қасиеттерді  бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтарының қолында.

  Халықтық педагогика құндылықтарына үңіле отырып  жастарды салауаттылыққа тәрбиелеуде оның озық үлгілерін оқу-тәрбие барысында кеңінен пайдалануымыз керек.

  Қазақ халқы өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихында өмірінің жалғасы, мұрагер балаға тәрбие берудің өзіндік әдет-ғұрпын жинақтады.

  Халықтың әлеуметтік-экономикалық, тарихи-географиялық жағдайлары мен көшпелі өмір салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес балаға жан-жақты тәрбие берудің  өзгеге ұқсай бермейтін өзіне тән ерекше талаптары қалыптасты.

  Бала тәрбиесі көшпелі малшы отбасының күнделікті тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болды. Содан да олар баланы жұбатса да,  жақсы көрсе де, оның жақсы қасиеттерін бағалағысы келсе де өз тіршілігінің негізі болған малдың ерекше жеке қасиеттеріне, сұлу тұлғасы мен  әсем бейнесіне теңеп, «қошақаным, құлыным, ботам, қозым» деп еркелетті.

  «Қанағат-қарын тойғызар» деп, қанағатшылдыққа, үнемшілдікке пайымдаса, «бұлақ көзін аш» деп,  табиғатқа деген аяушылықты үйретті, бес намаз  арқылы гигиеналық тазалыққа баулыса, қырық парыздың бірі-ілім деп өнерге, ілімге үйретті.

  Әрбір адам ол қандай мамандық иесі, қандай дәрежедегі қызметкер болмасын, ең алдымен, шаңырағы аясында ұл-қыз өсіріп,мәпелеп, солардың жемісін  күтуші ата-ана. Оның қоғам алдындағы қайраткерлік тұлғасы, адамдық-адамзаттық болмысы, тіпті өмірінің бар мәні мен сәні бірінші кезекте перзенттерін қалай тәрбиелепжетілдіруімен өлшенбек. Бұл әрбір ата-ананың  ең жауапты, ең сындарлы қоғамдық қызметі деп түсінеміз.  Ата-ана балаға тәрбие берумен қатар өзі де тәрбиелі болуға тиіс.

  Адам тәрбиесі – үдемелі қозғалыспен жүріп отыратын мәңгілік үрдіс.

  Қазақтың тәлім-тәрбиесі –теңдесі жоқ даналық, мектеп десек те артық болмас

  Адам бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңуі, өнер-білімді игеруі тәрбиеге, салауатты өмірге,  өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» деп, ұстаздар еңбегінің текке кетпейтінін өсиет еткен.

  Жас ұрпақ тәрбиесінде  ата-атасы, ұстаздары мен қоршаған ортасы  бір-бірімен үйлесім тауып отыруы тиіс. Көсегемізді көркейтіп,көрпемізді ұлғайтар, ел абыройын асқақтатар жастарды шыңдауда  бірлесе атқарылған жұмыстар ғана нәтижесін көрсетпек. Ендеше жас ұрпақты тәрбиелеуде  тиімді тәжірибелерді үйреніп, оны дамыта беру керек.