«Сіз қандай тұлғасыз?»тесті

Нурмаханова Жанат Тажмухановна

"Сіз қандай тұлғасыз?" тесті орта және жоғары класс оқушыларына арналған тест.  Оқушының қандай тұлға екендігін анықтау.

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon siz_kanday_tulgasyz_15.doc27.5 КБ

Предварительный просмотр:

«Сіз қандай тұлғасыз?»тесті

  1. Қоғамдық көлікте көтеріңкі дауыспен талас басталды. Сіздің тәртібіңіз?

А) қатыспаймын;

Б) қысқаша дұрыс деген жақтың сөзін сөйлеймін;

В) «өзіме от тұтату» үшін белсенді түрде араласамын.

  1. Жиналыстарда басшылықты сынап,шығып сөз сөйлейсіз бе?

А) жоқ;

Б) нақты негіз болса ғана ;

В) басшылықты ғана емес, оны жақтайтындарды да ешқандай негізсіз сынаймын.

  1. Достарыңызбен жиі бәстесесіз бе?

А) өкпелегіш адам болмаса ғана;

Б)  тек принципті мәселе болса ғана;

В) бәстесу- менің мұратым.

  1. Егер біреу кезексіз өтіп жатса не істейсіз?

А) ішімнен ашуланам, бірақ үндемеймін;

Б)  ескерту айтамын;

В)  кезектің алдына шығып тәртіпті бақылаймын.

  1. Үйде түскі асқа тұзы аз тағам қойды. Сіздің іс-әрекетіңіз:

А) түкке-тұрмайтын нәрсе үшін шу көтермеймін;

Б) үндемей тұз аламын;

В) ескерту айтамын, мүмкін тамақ ішуден бас тартамын.

  1. Егер көшеде, көлікте аяғыңызды басып кетсе...

А) ренжіткен адамға ашуланып қараймын;

Б) ескерту айтамын;

В) ұялмастан, ұрысып тастаймын.

  1. Туыстарыңыздың бірі сізге ұнамайтын нәрсе сатып алса...

А) үндемеймін;

Б) қысқаша айтамын;

В) ұрыс шығарамын.

  1. Лотереядан ұтылдыңыз. Бұған қалай қарайсыз?

А) немқұрайды көрінуге тырысам, бірақ іштей енді ешқашан қатыспауға сөз берем;

Б)  өкінішімді жасырмаймын, бірақ өткенге әзілмен қарап, болашақта жеңіске жетуге уәде беремін;

В)  ұтылғаным ұзаққа көңіл-күйімді бұзады.

Енді жинап алған балдарыңызды саңаңыздар: А-4балл, Б -2балл,

В -0балл.

22-32балл. Сіз бейбітшілсіз, дау, кикілжіңнен оңай құтыласыз, үйде,ұжымда жағымсыз жағдайлардан қашасыз. «Платон менің досым, бірақ шындық қымбат» деген сөз ешқашан сіздің серігіңіз болған жоқ. Мүмкін сондықтан кейде сізді бейімделгіш деп санайды. Батыл болыңыз, егер жағдай талап етсе ешнәрсеге қарамай ойыңызды айта біліңіз.

12-20балл. Сіз кикілжіңді адам ретінде белгілісіз. Шын мәнінде шешім табылмағанда, басқа варианттар таусылғанда ғана кикілжіңге барасыз. Сіз пікіріңізді өз жағдайыңызға, достар арасындағы қарым –қатынасыңызға қалай әсер ететініне қарамастан, батыл түрде жақтайсыз. Сонымен қатар, шектен шықпайсыз, балағаттауға дейін бармайсыз. Осының бәрі сізге құрмет туғызады.

10 балға дейін. Таласу мен кикілжіңдесу-Сізге ауадай қажет. Басқаларды сынауды жақсы көресіз, ал өзіңізге қатысты ескерту естісеңіз «тірідей жұтып қоюға» дайынсыз. Сіздің қасыңдағыларға өте қиын (ұжым, үй ішіндегілер). Сіздің шыдамсыздығыңыз бен дөрекілігіңіз адамдарды алшақтатады. Сондықтан емес пе, Сізде нағыз достарыңыз жоқ? Бір сөзбен айтқанда, сандырақ мінезіңізді жеңуге тырысыңыз.