Сагандыкова Макпал Аргынбековна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сагандыкова Макпал Аргынбековнаның жеке сайты

Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде. Н.Ә. Назарбаев

Профессия: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Профессиональные интересы: "Қазақ тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру- білім сапасын көтерудің шарты" ТЭЖ жоспарын практикада жүзеге асыру

Увлечения: Поэзия, музыка, тамақ дайындау, аспаптарда ойнау, спорттық ойындар

Страна: Қазақстан

Населенный пункт: Өскемен қаласы

Место работы: Өскемен қаласы әкімдігінің "№30 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Звание, ученая степень: Гуманитарлық ғылымдар магистрі

Навигация

Ссылка на мой мини-сайт:
https://nsportal.ru/sagandykova-makpal
Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.
Н.Ә. Назарбаев

Ұстаздың  сөзі  -  игі  істің  басы
Менің педагогикалық ұстанымым (эссе)
«Ел  есінде  бір  жыл  қалғың  келсе, ас  бер,  он  жыл   қалғың келсе,
ағаш   отырғыз,  ал  мәңгі  қалғың  келсе, бала   тәрбиеле.»
(Шығыс даналығы)

«Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын?» -
деп,  дана Абайымыз айтқандай, нағыз адамдық жолды таңдау оңай емес дер едім... Кез келген адам баласы өзінің бейіміне, қабілетіне қарай мамандық таңдайды.Себебі, сенің таңдаған мамандығың – сенің болашағың, ол таңдауың саған ләззат сыйлайтындай, көңілің сүйіп жасайтындай мамандық болу керек.Сонда ғана жан дүниеңмен беріліп, жауапкершілікпен, Абай айтқандай, тұшынып еңбектенесің.
             Мен төрткүл Қазақстанға танымал  Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы Ақбұлақ аулында дүниеге келдім. Менің туған мекенім -  өзінің көркімен, ерекше табиғатымен адам баласын биік армандарға жетелейтін киелі мекен.
Туған жердің топырағынан болар, менің ұстаздық жолды таңдағаным...
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен арман керек адамға» -  деп, М.Шаханов жырлағандай, алдыңа қойған мақсатыңа жету үшін – арман, оны іске асыру үшін күресу керек.
Осындай ұстанымды негіз етіп мен де, өз армандарыма қадам бастым. Арманым орындалып, қолыма дипломымды алған кезім, мектеп табалдырығын аттап, ұстаз-педагог болып аттанғаным әлі есімде!
           Көздері қарақаттай мөлдіреген балалардың менің сабағыма қызығушылығын бірден байқадым.Үйренуге, жақсы нәрсені қабылдауға дайын екендіктеріне сендім. Білуге, үйренуге құштар балаларды көргенде менің де шабытым артып, тағы да бір арман пайда болды.Балғын балалар!.., болашақ үздік шәкірттерімді қалай қалыптастырамын, Отанын сүйетін азамат тәрбиелеуге  өзіндік үлесімді қоса аламын ба? – деген сұрақтар көкейімде мазалап, жаңа мақсаттарымның дүниеге келуіне жол ашты. Баланың бойында имандылық, көркем қасиеттерді сіңіру басты мақсатым болды.

        Менің ойымша, ұстаз болу - кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «Біз жақсы ұстаздан сабақ алдық» деп айтатындай дәрежеге жеткізу керек. Менің ұстаздарымды, ата-анамды мен «нағыз ұстаз» деп айта аламын және олардың жолын қуып өзімнің де ұстаз болғаныма қуаныштымын!

       Алғашқы еңбек жолым кинолентасындай көз алдымда.
Оқушыларым менің жаңалықтарыма, жаңа тәжірибеме қызығушылықпен жауап берді. Осылайша менің бірінші ұстанымым пайда болды: оқушыларды оқыту үшін, бірінші өзің оқуың  керек, оқушыларға тәрбие беру үшін, тәрбиені өзіңнен бастауың қажет, оқушыларды дамыту үшін, әрдайым өзің іздену, даму үстінде болуым қажет сонда ғана осы мамандыққа лайықтын деп санаймын. Бәрі бірден жақсы болып кете қойған жоқ. Мен көп іздендім, өз ісінің нағыз мамандарын, ең үздіктерін іздедім. Осылайша, мен өзімнің екінші ұстанымыма келдім: биіктерге жету үшін, болашаққа көз жүгіртіп, өз идеалыңды таба білуім керек.
      Өз мамандығым жайлы ойлана отырып, мен өзімнің педагогикалық жұмысымның мәнін аша алатын сөздер іздедім: педагог тәуліктің 24 сағатында педагог болуы тиіс, себебі ол - өмірдің мәні. Бір күнде тек 3 сабақ қана мұғалім болып, одан кейін мұғалім бетпердесін лақтырып тастап, босаңсуға болмайды. Педагог тұлғасы тәрбие беру құралы болуы  керек. Педагог оқушылар алдында өзін-өзі жетілдіре білуі керек.     Менің ұстаздық еңбек жолымдағы  жетістігімді қалай өлшеуге болады?» -  деген сұрақ қойылса, былай деп жауап берер едім: жетістік деп мен өзімнің оқушыларымды оқытудағы және тәрбие берудегі табыстарымды айтар едім. Оның нәтижесі – оқушыларымның өмірдегі жеңістері, дарындылық қасиеттерінің, қабілеттерінің ашылып, кеңейе түсуі, өзін-өзі бағалауды күшейтуі, өз бақытын іздеуі.
    «Ақша жоғалтсаң – ештеңеңді жоғалтпайсың, уақытыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, досыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, өзіңді жоғалтсаң  - бәрін жоғалтасың» деп неміс мақалы дұрыс айтылған. Осыған орай, менің өмірлік қағидам –  Ана тілімнің ақ туын биікке ұстар шәкірттер тәрбиелеп, әрқашан тек шыншыл, адал, өз ісіне берілген  кәсіби тұлға болып қалу».
    

О себе

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР МАГИСТРІ

Книги, которые сформировали мой внутренний мир

Абайдың "Қара сөздері мен таңдамалы өлеңдері"

Мұхтар Әуезов «Абай жолы» 

 Ілияс Есенберлин «Көшпенділер» 

Мой взгляд на мир


 Өмір адамға бір ақ рет берілетінін бәріміз де білеміз. Бірақ осы жалған дүниенің қадірін білеміз бе?! "Адам болып қалу үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға"- деп, Мұхтар Шаханов атамыз жырлағандай, адамға қанат бітіретін ол әрине ой-қиялы, мақсат мүддесі. Мақсаты жоқ адам қанаты қайырылған құспен тең. Өмірге келгесін артымызға өшпестей із қалдымасақ та, адамгершілік пен рухани құндылықтарды ұмытуымызға болмайды. Шекспирдің болжамы бойынша, адамдардың жақсы немесе жаман болуы - бір затқа екі түрлі көзқараспен қарайтындығында. Менің бұл өмірде білгенім бір тоғыз білмегенім тоқсан тоғыз екендігін өте жақсы білем, және де бұл өмірден бәрін біліп кеттім деген адамды әлі кездестірмедім бәлкім жоқ та шығар... Сондықтан адам үнемі ізденіс үстінде болуы керек деп ойлаймын...

Мои достижения

Менің жетістіктерімді жеке портфолиода көре аласыздар!smiley

Моё портфолио

Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру үшін жасалған жұмыстар мен нәтижелері

 

 

Мои публикации:
Добавить грамоту в портфолио
Портфолио: