Жәнібек колледжі

Жәнібек колледжінің сайты

Әрбір адам, соның ішінде, жастар белгілі бір кәсіптік саладан өз болашағын көргісі келетіндігін мойындауымыз керек.

Страна: Қазақстан

Регион: БҚО

Населенный пункт: п.Жанібек

Год основания: 1935

Количество учащихся: 207

Колледж директоры - Ихсанов Берик Кабделович

Директордың орынбасары - Уксагалиева Эльмира Саттаровна

Директордың орынбасары - Сарбалина Багида Диясовна

Директордың орынбасары - Куанышкалиева Гульнара Сатаевна

Методист - Есмуханбетова Гульжан Кожановна

Старший мастре - Сагиндиков Медет Амангельдиевич

Психолог - Аткешова Гульдана Галымжановна

***********************************************************************************************************************************************************************************************************************************************

На организацию госзакупки

О нас

Жәнібек колледжінің тарихына қысқаша шолу:              

 

Кәсіптік білім бесігі

            Тарихи шежіресі бар, алғашқы болып механизатор мамандығы бойынша жұмысшылар даярлаған, облыстағы байырғы оқу орындарының бірі - Жәнібек колледжіне биыл 78 жыл толды.

  Оның тарихына көз жіберсек XX ғасырдың 30 жылдарынан бастау алады.        

 

1935ж. 27 қарашасында “Жәнібек ауыл шаруашылығын механикаландыру мектебі” (Жәнібек аудандық Жер бөліміне қарасты) Қазақ АКСР-і Жер комиссариатының №731 бұйрығымен ашылды.

  Мектеп жанынан трактор, автокөлік жүргізушілерін және трактор бригадасының жетекшісін даярлайтын қысқа мерзімде курстар ашылды.

  Мектеп құрылғаннан бастап осы кезге дейін оның мекен-жайы да, аты-жөні де, дәреже-деңгейі де (статус) бірнеше рет өзгерді. 

 

1941 жылы “Жәнібек ауыл шаруашылық механикаландыру мектебі” Батыс Қазақстан облыстық партия және атқару комитетінің шешімдері мен Жәнібек ауылынан Тасқала ауданының «Главный» хуторына көшіріліп, онда 1952 жылға дейін жұмыс істеді.

  1952 жылы Орда ауданының таратылуына байланысты, “Жәнібек ауыл шаруашылық механикаландыру мектебі”, Тасқала ауданынан Орда ауылына қоныс аударып, онда 1964 жылға дейін механизаторлар даярлады.

  1935-1960 жж. аралығында мектепте директор болып А.Дүйсенбаев, М.Гордеев, Р.Кенжалиев, Қ.Досқалиев, А.Битурин, Б.Камашевтар қызмет атқарған.

1964 ж. “Жәнібек ауыл шаруашылық механикаландыру мектебі” Жәнібек ауданы орталығына көшіп келді.

  1961-1970жж. М.Хайранов басшылық қызметін атқарған.

  1977ж.  “№ 9 Жәнібек кәсіптік-техникалық білім беру училищесі”  болып атауы өзгертілді.   1970-1982жж. Училище директоры болып  Махашев Карл Батырович қызмет атқарды.

1984ж бастап орталау білім алған оқушылар-ды 3 жылдық бағдарламамен қабылдайтын, “№9 Жәнібек орта кәсіптік – техникалық училищесі” деген статусқа ие болды.

  1987 ж Мектеп жабылып қалған бұрыңғы Абай атындағы мектеп-интернаты орнына көшіріліп, қазіргі таңға дейін 3 қатарлы оқу ғимараты, 2 қатарлы 100-орындық жатақханасы, 80-орындық асханасы, жалпы және арнайы пәндердің кабинеттері, өндірістік оқу шеберханалары, жайылымдылық жері және өндірістік оқу мен мектептің ішкі шаруашылығына пайдалануға жарамды автокөліктері мен ауыл шаруашылық машиналары бар.

  1982-1994жж. Тәжірибелі басшы, «КСРО-ның білім беру үздігі», «Қаз ССР-не еңбегін сіңірген мұғалім», жоғары санатты қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Уахитов Амангелді Арыстанұлы басқарған. 

1991ж 26 маусымда Жәнібек халық депутаттары атқару комитетінің №126 шешімімен Кеңестер Одағы бойынша 2-ші болып, “№9 Жәнібек совхоз-училищесі” болып құрылды.

1993ж тамыз айынан бастап, қайтадан “кәсіптік-техникалық училище” деп аталды.

1996ж бастап №9 Жәнібек кәсіптік мектебі болып аталды. Мектеп 60 жыл ішінде ауыл шаруашылығына және халықтың әлеуметтік тұрмысына қажетті 30 мыңға жуық мамандар даярлап шығарды.

1994-1997жж. Бұл жылдары мектеп директоры Сиражев Сапарғали Сиражұлы болды.

2002 ж қаңтар айында жергілікті сұранысқа байланысты мамандар даярлау үшін мемлекеттік аттестациядан өтіп, лицензия алынды.

1997-2008 жж «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі», жоғары санатты математика пәнінің оқытушысы, 25 жыл үздіксіз мектеп басқарған тәжірибелі ұжым жетекшісі Жүнісов Қабаш Жүнісұлы басқарды.

2009 жылы Жәнібек «№ 9 кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

2008-2011 жж Лицей директоры «Ерен Еңбегі үшін медалі» иегері, жоғары санатты физика пәнінің оқытушысы Ғазезов Мұратқали Ғазезұлы. 

2011 ж бастап Лицей директоры қызметіне Ихсанов Берік Қабделұлы келді.

           2012 жылдың қыркүйек айынан бастап “№9 кәсіптік лицей” мемлекеттік мекемесі «Жәнібек колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны деп атауын өзгертті

Наши партнёры

"Жәнібек Строй Сервис"

Контакты

Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Абай көшесі 2 үй

телфон: 8-71135-21-5-76

Дополнительная информация

Тарихи анықтама:

 

1. 1935ж.  Жәнібек ауылшаруашылығын   механикаландыру мектебі

2. 1977ж.  № 9 Жәнібек кәсіптік-техникалық білім

             беру  училищесі

3. 1984 жылы  № 9 Жәнібек орта білім беру 

  кәсіптік-техникалық училищесі

4. 1991 жыл   № 9  Жәнібек совхоз-училищесі

5. 1993 жылы № 9 Жәнібек орта білім беру   кәсіптік-техникалық мектебі

6. 1996 жылы  № 9 Жәнібек кәсіптік мектебі

7. 2009 жылы Жәнібек  «№ 9 кәсіптік лицей»   мемлекеттік мекемесі

8. 2012 жылы МКҚК «Жәнібек колледжі»

 

Жәнібек колледжінің  МТБсы.

 - “Жол жұру ережелері” кабинеті

 - “Автокөлік құрылысы” кабинеті

 - “дөңгелекті жөндеу” шеберханасы

 -  Көліктер тұратын, жөндеу жұмыстары 

     жасалатын орындар

 - колледждің техника сақтайтын паркі

 - “Слесарь ісі” шеберханасы

 - “Тракторлар” шеберханасы

 - “Автокөліктер” шеберханасы