Ботаева Динара Мұқарамқызы

Здравствуй, Динара! Молодчина! все понравилось. а можно скачать календарные планы по русскому языку?

Здравствуйте, Гуля! Спасибо за ваш отзыв! Календарные по старой программе 2010, поэтому вряд ли они вам пригодятся. В этом году занимаемся по новой программе.

Мектеп директоры, Алма Садировна

Динара Мұқарамқызы Ынтымақ негізгі мектебінде 2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі ретінде қызмет етеді.
Осы аралықта өз бойындағы еңбекқорлығымен, білім беруге деген адалдығымен, жаңашылдығымен, жанашырлығымен, адамгерщілігімен ерекшеленді. Оқушылар, ата-аналар, құрбы-құрдастар, ауылдастар арасында беделді, пікірі салмақты. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында информациялық-коммуикативтік технологияны кең пайдаланады. Қиналған әріптестеріне, әсіресе жас мамандарға көмегін аямайды. Бос уақытын біріншіден өз пәні бойынша білімі төмен оқушылармен жұмысына арнайды. Білім көрсеткіштері пән бойынша жоғары. Сабақта мемлекеттік стандарттан тыс білім материалдарын оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында пайдаланады.
Динара Мұқарамқызы білім беру жүйесіндегі болашағы мол ұстаздар қатарына жатқызамыз.

Қызғалдақ Қайырбекқызы

Мен Динара Мұқарамқызын 2 жыл білемін. Осы уақыт аралығында ақылды, парасатты ұстаз екеніне көзім жетті. Мінезі: ашық-жарқын, көңілді, кеңпейілді. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, ізденімпаз ұстаз. Әріптестерімен де оқушыларымен де қарым-қатынасы өте жақсы. Ол әрқашанда өзінің білгендерін барлығымен бөлісіп жүреді. Достарына қиын сәтте әрқашанда қол үшін беруге дайын. Ол мұғалімдердің ішінде өзінің іздемпаздығымен, шығармашылық қабілетімен ерекшеленеді.
Менің ойымша Динара Мұқарамқызы үлгі тұтатын ұстаз.

Рақмет! Қызғалдақ, болашағы бар ҰСТАЗ нағыз өзінсің! Әлі де өзіңді әртүрлі сайыстарда биік көрсетесің деп кәміл сенемін.

Әріптес, Тілемісов Болатбай Арынұлы

Ботаева Динара Мұқарамқызы өз пәнінің озық маманы. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары жоғары. Себебі пән оқытушысы әр сабағын түрлі технологияларды, ақпарата құралдарын ұтымды пайдалана отырып, сабақтың сапалы да қызықты өтуіне ерекше көңіл бөліп отырады. Әріптестерімен тәжірибе алмасып, жас мамандарға ақыл-кеңестерін беріп тұрады. Әдістемелік журналдарына Динара Мұқарамқызының бірнеше мақалалары басылып шықты.
Алдағы уақытта Динара Мұқарамқызының өз пәнінің майталман маманы болып шығатына кәміл сенеміз.

Әріптесіңіз Айнагүл Торшановна

Құрметті Динара Мұқарамқызы Сіздің бастаған істеріңізге шығармашылық табыс, биік-биік жетістіктерге жетіп, еңбегіңіздің жемісін көруіңізге тілектестік білдіремін.

Осы Өмірде бақытқа лайықты жандардың бірісіз! Балаларыңыздың қызығың көріңіз!

Ботаева Динара Мұқарамқызы

Здравствуйте! Рада, что Вас заинтересовал мой сайт! Оставьте ваши отзывы и пожелания. Динара

Добавить запись

Защита от спам-роботов