Сагандыкова Куралай Асхатовна

Жел атмосфера қабаттарында қысымның біркелкі таралмауынан пайда болады, әрі жоғары қысымнан төменгі қысымға қарай бағытталады. Ауа қысымы уақыт пен кеңістікте тұрақты болмайтындықтан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Желдің бағытын көкжиектің қай тұсынан соғуына байланысты анықтайды және оны градуспен немесе румбымен (16 румбылық жүйемен), ал жылдамдығын – м/с, км/сағ, узелмен немесе балмен (Бофорт шкаласы бойынша) өрнектейді. Биіктікке көтерілген сайын үйкеліс күшінің азаюына байланысты жел қуаты өзгереді, сонымен қатар ол градиенттердің өзгеруіне де тәуелді болады. Жел үлкен аумақты қамти отырып, көлемді ауа ағындарын (муссондар, пассаттар, т.б.) туғызады, осыдан жергілікті және жалпы атмосфералық айналым пайда болады. Қазақстанның барлық өңірінде (әсіресе, жазық жерлерде) күшті желдер жиі болып тұрады, оның максимумы қыс айларына (40 – 45 м/с) және көктем мен күзге (20 – 35 м/с) келеді. Өте күшті желдер Каспий жағалауы және биік тау асулары мен аңғарларында байқалады. Дүниежүзілік желдер жіктеліміне Қазақстан аумағында тұрақты соғатын 23 жел тіркелген. Оларды Қазақстан бойынша мынадай аймақтарға бөледі: ашық далада (Жосалы, Сілеті, т.б.); шөл және шөлейт, үлкен ашық су қоймалары төңірегінде (Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл көлдері, т.б.); тау аңғарларында және тау аралық өңірлерде («Жетісу қақпасы», «Шілік аңғары», «Жаңғызтөбе», «Қордай», т.б.); орташа биіктіктегі таулар мен қырқаларда («Ерейментау», «Ұлытау», «Қарқаралы», «Мұғалжар», т.б.) соғатын желдер. Жел арзан электр энергиясын өндіру, құдықтан су тарту, диірмен айналдыру, егін суару, т.б. үшін пайдаланылады Қысымның уақыт және кеңістік бойынша үздіксіз өзгеруінің салдарынан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Желдің бағыты оның соққан жағы бойынша анықталады да, градуспен не румбпен (16 румбтық жүйе бойынша) анықталады; ал жылдамдығы м/с, км/с, және Бофорт шкаласы бойынша балмен өлшенеді. Жел үлкен аумақтың үстінде өте кең ауа ағыстарын (муссондар мен пассаттарды) түзеді, олардан атмосфераның жалпы циркуляциясы мен жергілікті циркуляңиясы түзіледі. Атмосфералық қысымның айырмашылығы ауаның қозғалуына себепші болады. Ауаның ендік бағыттағы қозғалыстарын жел деп атайтынын білесіңдер. Жел жылдамдығы м/с-пен белгіленеді, оны елшейтін құралды анемометр депатайды. Жел жылдамдығын 12 балдық арнайы Бофорт шкаласымен де аныктайды. Мұндағы 0 балл желсіз тымықты білдірсе, 12 балмен жылдамдығы 30 м/с-тан жоғары болатын апатты дауылдарды белгілейді. Біз өз қолымыздан анемометр дайындадық. Бұл анемометрді дайындау үшін: түрлі-түсті қағаз, сызғыш, ағаш, жіп, шайба және иогурттың бос ыдысын алдық.Сосын Семей қаласы бойынша желдің жылдамдығын, бағытын, күшін анықтадық. Жел анемометрдің стрелкасын оның бағытына байланысты бұрады. Сол арқылы желдің бағытын анықтаймыз. Сонымен бізге иогурттың стаканы мен стержень жоғары көтеріледі. Неғұрлым жел қатты болса, соғұрлым стержень жоғары көтеріледі. Бофорт шкаласы Бұл желдің жылдамдығын анықтауға арналған шкала. Бұл шкала осыдан 200 жыл бұрын ағылшын адмиралы сэр Френсис Бофорттың зерттеу нәтижесінде пайда болды. Интернет бойынша алған мәліметтер: № Күндері Жылдамдығы, м/с Бағыты Желдің күші. 1 08.04.13. 6 об 4 балл, ақырын жел. 2 09.04.13. 6 об 4 балл, ақырын жел. 3 10.04.13. 8 с 5 балл, жаңа жел. 4 11.04.13. 6 сб 4 балл, ақырын жел 5 12.04.13. 5 об 3 балл, әлсіз жел. Өз зерттеуіміздің нәтижесі: № Күндері Жылдамдығы, м/с Бағыты Желдің күші. 1 08.04.13. 5 об 3 балл, әлсіз жел. 2 09.04.13. 6 об 4 балл, ақырын жел. 3 10.04.13. 6 с 4 балл, ақырын жел. 4 11.04.13. 5 сб 3 балл, әлсіз жел. 5 12.04.13. 3 об 2 балл, самал жел. Желдің жылдамдығы Сипаттамасы Жел жылдамдығының белгілері м/сек км/сағ Бофорт балы 0,0-1,5 0,0-1,8 0 Штиль Түтін тіке көтеріледі, ал жапырақтар қозғалмайды. 0,6-1,7 1,9-5,1 1 Тынық жел Желдің бағыты түтінмен анықталады. 1,8-3,3 5,2-11,7 2 Самал жел Желдің соғуы білінеді, жапырақтар сыбдырлайды. 3,4-5,2 11,8-18,7 3 Әлсіз жел Ағаштың жапырақтары мен талдары ақырын қозғалады, судың беті толқынданып ағады. 5,3-7,4 18,8-26,6 4 Ақырын жел Жел шаң-тозаңды көтеріп, ағаш бұтақтары мен жапырақтарын қозғалысқа келтіреді. 7,5-9,8 26,7-35,3 5 Жаңа жел Ағаштың бұталары теңселіп, су беті қозғалады. 9,9-12,4 35,4-44,0 6 Берік жел Ағаштардың жуан бұталары тербеліп, телеграф сымдары шуылдап, өзен, сулар 5-10 секунд толқындайды 12,5-15,2 44,1-54,7 7 Қатты жел Үлкен бұтақтар қозғалады, адам жүргенде жел адамға қарсы соғып, жүруге ыңғайсыздық тудырады. 15,3-18,2 54,8-66,0 8 Өте қатты жел Жел жіңішке талдарды сындырып, қозғалысты қиындатады. 18,3-21,5 66,1-77,5 9 Шторм Желге қарсы жүру бұл кезде өте қиындайды. 21,6-25,1 77,6-90,2 10 Қатты шторм Бұл кезде ағаштар тамырымен бірге сынып қалуы ықтимал. 25,2-29,0 90,3-104,4 11 Қатқыл шторм Үлкен аптаттық жағдайлар болады: телеграф бақандары мен багондар құлап, сынады. 29,0 асса 104,4 асса 12 Ураган Үйлер құлап, үлкен сулар тасып үйлерді басып қалады.

Добавить запись

Защита от спам-роботов