Апробация инновационных технологий

Кисыкова Нургуль

План и все наработки по апробации обновленного учения и воспитания в детских садах.

Скачать:


Предварительный просмотр:

Бекітемін _____________________D:\раб. стол\ФОНЫ\фоны\fony-pod-foto.jpgC:\Users\Admin\Pictures\grass1.jpg

«______» «________________» 2015 жыл

Меңгеруші: З.А.Есқали

Тақырыбы: «Тас, Бұлақ, Сүңгі, Күн»

                            әңгімесі

Тобы: «Қызғалдақ» ересектер

Тәрбиеші: Алимгазина А.Б.

Қызылорда – 2015 жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тех картасы

Айы,күні: 02.03.2015ж.

Саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Тас,Бұлақ,Сүңгі,Күн» әңгімесін оқу

Шығарма бойынша әңгімелесу.

Мақсаты: «Әңгімені оқып беру,мазмұнын түсіндіру,көктем мезгіліндегі өзгерістер туралы түсініктерін кеңейту, ертегіні  сахналай білуге,ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетін,сезімін,дауыс ырғағын келтіруге үйрету;

  • Туған жердің табиғатын сүюге тәрбиелеу;
  • Сахналау арқылы шығармашылық қабілеттерін,тіл байлықтарын ой-өрісін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету,түсіндіру,сахналау,ғажайып сәт,сұрақ-жауап,мадақтау;

Технология: Триз (элементтері)

Көрнекіліктер: Ертегі желісі бойынша слайд,үстел-үсті театры,суреттер:

Билингвальды компонент:

Тас-камень; бұлақ-родник;

Сүңгі-сосулька; күн-солнце;

Сөздік жұмыс:

Сүңгі,тапжылмастан,дамылсыз.

Іс-әрекет кезеңдері:

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Балалардың іс-әрекеті:

Мотивациялық - қозғаушылық

Жылулық шеңбері

Бәрріміз енді тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Жақсы,дэақсы сөздерді,

Қонақтарға сыйлайық!

Табиғатбіздің анамыз,

Табиғатқа баламыз

Иіліп сәлем береміз!

Біз әдепті баламыз!

Кіріспе:

-Балалар,бізде бүгін көркем әдебиет оқу іс-әрекеті.Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз күндегіден ерекше болғалы тұр.

Ғажайып сәт.

Есік қағып,Көктем кіреді.

Көктем: «Сәлеметсіздерме,балалар!»

Мен Көктеммін! Қойным әсем гүлге тола!

Балалар,мен келе жатып жолдан әдемі қарап тауып алдым.

Ал оның ішінде не бар екенін білгім келді,бірақ қақпағын аша алмадым.Сендер маған соны ашуға көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші:

-Балалар,Көктемнің әкелген қорабын ашуға көмектесейік.Ал Көктем,сен төрлет,бізге қонақ бол!

-Қане балалар енді қорапты ашып көрелік!

-Ой,ашылар емес,енді қайтеміз.

-мында бір қағаз бар екен,оқып көрейік.

-Балалар мұнда жұмбақ жасырылған екен.Қане,мұқият тыңдап шешімін табайық.

1.Күн ұзарып,қар еріп,

Сайларға су толады.

Айтыңдаршы, балалар

Бұл қай кезде болады? (Көктем)

2.Таңмен көзін ашады.

Әлемге нұрын шашады (Күн)

-Дұрыс балалар,жұмбақтың шешімін таптық.Міне қорапта ашылды.Ішінде хат бар екен.Онда не жазылған екен.

-Балалар,хатта «Тас,Бұлақ,Сүңгі,Күн!» ертегісі жазылыпты..

-Балалар,ендеше осы әңгімені мен сендерге баяндап берейін,мұқият тыңдайық.

Жылулық шеңберіне тұрып,өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтады.

K:\20150302_103529.jpg

Қуанады

  • Сәлеметсізбе, Көктем!

  • Иә, көмектесеміз.

  • Келіседі

K:\20150302_103911.jpg

Жұмбақтарды шешеді.

  • иә

  • Міне, орманға көктем де келді. Күн жылынды, күн жарқырап тұр, тамшылар әсем әуенге басады. Жан-жануарлар мен құстар да риза, қояндар секеңдеп, сары шымшықтар сайрап жүр.
  • Орманда ауа – райы неткен ғажап!
  • Орман ортасында Кәрі Қойтас мақтанады:
  • Барлығың маған алғыс айтыңдар!
  • Көктемді мен шақырдым!
  • Шыныменде сенсіңбе? – деп таңырқайды құстар мен жануарлар.
  • Әрине мен, ақымақ балақайлар! Менің бүйірлерім неткен ыстық десеңші! Менің айналамдағы қар еріп, көк шөп те қылтиып өсіп келеді. Егер мен болмасам, көктем де келмес еді.
  • Қарай гөр, мақтануын, сені ме, кәрі жалқау!
  • Босқа мақтанба! Сен орныңнан тапжылмастан жата бересің, ал мен күні – түні дамылсыз қозғаламын! Барлығы да маған алғыс айтсын! – деп ашуланыпты Бұлақ.
  • Демек, Бұлақ сен екенсіңғой көктемді шақыратын?
  • Әрине, мен балақайлар! Қараңдаршы, мен қарды ерітемін, мұздарды жарамын, суыммен ағаш, шөптерді суарамын! Менсіз көктем де келмес еді.
  • Әй, мылжың! Бос сөз айтпа, көктемді шақыратын мына менмінғой! Ол көк мылжыңды тыңдамаңдар! Маған алғыс айтыңдар! -  деп айғайлайды шырша бұтағындағы Сүңгі.
  • Шынымен де, сен шақырдыңба көктемді? – деп сұрапты аңдар.
  • Әрине, мен! Менсіз . . .  деп сөзін бастай беріп еді Сүңгі, кенеттен аспандағы Күн жоғалып кетіп, барлығы да тып-типыл бола қалды. Мақтаншақ Қойтас та суып қалды, мылжың Бұлақ та қатып қалды, Сүңгі де мұзға айналды. Тым-тырыс. Барлығы да көктемді кім шақырғанын түсініп қойды.

  • Балалар, ертегі сендерге ұнады ма?
  • Ертегі жылдың қай мезгілі туралы екен?
  • Сендер, қалай ойлайсыңдар, көктемнің келуіне не себепші болды?
  • Күн жер бетіне жылу, жарық береді.

Сөздік жұмыс.

  • Балалар, ертегіні тыңдағанда түсініксіз сөздер кездесті. Қане, енді сол сөздердің мағынасын білейік.

 «Сүңгі» - қыста үйдің шатырынан аққан тамшыдан жиналып, сол судың аязды күні қатып қалуы.

«Тапжылмастан» - бір орында қозғалмай деген мағынаны білдіреді.

«Дамылсыз» - үздіксіз қайта – қайта деген мағынада айтылады.

Белсенділік орталықтар:

  1. Желілі – рөлді:

Тақырыбы: «Тас, Бұлақ, Сүңгі, Күн» ертегісі.

Мақсаты: Ертегіні желісі бойынша балаларды сахналап беруге үйрету, сөйлеу тілін дамыту;

  1. Үстел – үсті ойын орталығы:

Тақырыбы: «Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін тап!»

Мақсаты: Жыл мезгілдерін ажырата отырып, табиғаттағы болатын құбылыстары мен ерекшеліктерін ретімен орналастыру, балалардың танымдық қабілеттерін дамыту;

  1. Әдебиет орталығы:

Тақырыбы: «Көктем»

Мақсаты: Көрсетілген суреттер бойынша өлең шумағын құрау, балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту

  1. Зерттеу орталығы:

Тақырыбы: Су, тас.

Мақсаты: аталған заттарды зерттеу арқылы түсін, сапасын, күйін анықтау.

Сергіту сәті: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Ауысыммен жұмыс.

Билингвальді компонент:

Күн – солнце;

Тас – камень;

Бұлақ – родник;

Сүңігі – сосулька;

K:\20150302_103132.jpg

K:\20150302_103846.jpg

  • Иә

  • Көктем

  • Күн

Жаңа сөздердің мағынасын түсініп алады.

Орталықтармен жұмыс жасайды.

K:\20150302_103856.jpgK:\20150302_103946.jpg

K:\20150302_103826.jpg

K:\20150302_103813.jpg

Сергіту жаттығуын жасайды.

Сөздердің аудармасын жаттап алады.

Рефлексивті - түзетушілік

Қорыту: Ертегі желісі бойынша слайд арқылы сұрақ – жауап.

  • Ертегі қалай басталады?
  • Ормандағы Тас, Бұлақ, Сүңгі не үшін таласты?
  • Күн болмаса орман іші қандай екен?

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Көктем мезгіліне тән құбылыстарды, жер бетіне тіршілік беретін күн екенін.

Нені игереді: Ертегіні түсініп, әңгімелеуді, қойылған сұрақтарға жауап беруді.

Нені біледі: жұмбақтарды шешуді, жыл мезгілдерін, ай аттарын.


Предварительный просмотр:


Предварительный просмотр:

Күні: 25.11.2014ж.

Саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Қонжық, көжек.

Мақсаты: Жабайы аңдармен таныстыру.Аю мен қоянның  

                     балаларымен,олардың сыртқы түрлерімен таныстыру,суреттер

                     арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі

                     сөйлеулерун дам ыту.Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін  

                     арттыру.

Әдіс-тәсіл: Әңгімелесу,ғажайып сәт,ойын триз слайд көрсету.

Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты сдайд,сурет,бейнетаспа

                             мультфильм,көжектің костюмы.

Сөздік жұмыс: көжек,қонжық,ін,апан.

Қостілділік: аю – медведь, қоян – заяц, қонжық – медвежонок,көжек – заяц.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

 Шатттық шеңбері

Бала,бала,балақай

Кәне қайсы алақан

Саусақтарын айбат

Былай ,былай ойнат

Топ-топ-топ-топ басайық

Жалаудан күн жасайық

Жаса,жаса жаңа күн

Жаса,жаса алтын күн

Шаттық шеңберінде қимыл жасап барлығы айтады.

Ұйымдастыру іздену

Бүгін біз балалар тіл дамытудан қонжық пен көжекпен жақынырақ танысамыз.Ал енді назарымызды мына ғажайып тақтаға аударайық.

Слайдпен жұмыс.

1.Жабайы аңдар туралы түсінік беру.

Аю қонжықтарымен,қоян көжегімен.Орманда мекендейді.Аю қонжық апанда қыс бойы ұқтайды,бал ұнатады..

Көжек мен қоян інде жатады.Қыста түстері өзгереді ақ түске.

Жұмбақ

Қыс бойына жатады

Тәтті ұйқыға батады

Далада жүр шапқылап

Керемет тым саққұлақ

Тек есектен басқада

Оған ұқсас жоқ құлақ

Орманда түлкі,қасқырды тұрады.Біз бұларды жабайы аңдар деп атаймыз.

Сергіту сәті

Ормандағы аңдардың қимыоы.

Аю – қорбаңдап жүреді

Қоян – секіріп

Түлкі – аяқтың ұшщымен жүреді.

Ғажайып сәт

Топқа көжек келеді.Ол ренжулі болады.Тәрбиеші балалармен бірге көжекпен амандасады.Көжек сенің неге көңіл күйін жоқ?Сені біреу ренжітті ме?

Жоқ,балалар менің бүгін туған күнім еді,бірақ ормандағы аңдар мені ұмытып кеткен сияқты.Мен қонжық досымды іздеп жүріп адасып кеттім.Олай болса біз сенің қонжық досыңды тауып берейік.

-Ой балалар сендер қалай тауып бере аласыңдар.

-Оп,оңай-ақ.Тауып береміз бе?

-Біздің ғажайып тақтамыз бар сол арқылы

-Алақай қандай жақсы болар еді.

Тәрбиеші пулт арқылы іске ғажайып тақтаны қосады.Бейнетаспа арқылы мультфильм көрсетеді.

-Балалар мынау менің достарым ғой.

-Иә көжек бұлар сенің достарың.Олар саған концерт қоймақшы.Сол себептен дайындалып жатыр.

-Ой рахмет,қандай керемет,

-Қонжық досымғой.

-Ол сені іздеуге шықты.

Балалар көжекпен бірге тамашалайды.Көжек достарының дайындалғанын көріп орманға асығады.Тәрбиеші оны тоқтатып балалар мен бірге туған күнін өткізуді ұсынады.

Аю

қонжық

бал

апанда

Аю

Қоян

Жабайы аңдар орманда тұрады.

Музыка қойылады.

Көжекаен амандасады.

Тыңдайды көжекке досын табуға көмектеседі.

Иә.

Балалар ғажайып тақтаға назар аударады.

Балалар қызыға мультфильмды көреді.

Көжек сені біздің балапан тобының балаларымен туған күнімен құттықтап балапан биін тарту етеді.

Балапандар биі.Көжек балалармен бірге билейді.Көжек соңында балалармен қоштасады.Тәрбиеші,балалармен бірге көжекке көңілді көжек кітабын және қонжықтың суретін сыйға береді.

-Көжек сен осылай көңілді жүр,ал мынау қонжық досың үнемі қасында болсын.Сау болыңдар балалар.

Балалар балапандар биін билейді.

Балалар көжекпен қоштасады.

Рефлексивті түзету

Балалар бізге кім келді?Көжек,ол неге келді?Дұрыс.Біз көжектің көңіл күйін көтердік.Оны туғанкүнімен құттықтадық.

Сөздік жұмыс:қонжық,көжек,ін,апан,ін.

Қонжық апанда ұқтайды.Көжектің іні бар,ақ түске көжек қыста айналады.

Қонжық – медвежонок,көжек – зайчонок, бал – мед,сәбіз – морковь.

Тәрбиеші соңында жабайы аңдарды суретпен көрсетіп қорытындылайды.

Көжек қонжық досын іздеп келді.

Балалар қайталайды.

                   Күтілетін нәтиже

Біледі: Аю мен қоянның балаларын ажыратады.

Игереді: Суреттер арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрайды.

Меңгереді: Аю мен қоянның тіршілігі туралы мәліметтер.



Предварительный просмотр:

Тақырыбы: «Қош келдің,Жаңа жылым!»

Күні:25.12.2014жыл

Мақсаты: Балалардың сүйікті «Жаңа жыл» мерекесін өткізу арқылы қиялы мен ой  ұшқырын дамыту. Өз өнерлерін ортаға салу арқылы қызығушылығын арттыру. Кеш барысында өз-өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Зал іші жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген.

Қостілділік компонент:аяз ата-дед мороз,ақшақар-снегурочка, шырша-елка,жаңа жыл-новый год.

Іс шара барысы:

    Ертеңгілік өтетін орын тақырыпқа сай безендіріледі, жаңа жылдық әуен ойналып тұрады. Проекторлық аппарат арқылы тақырып жүргізіп, куранти беріледі.

ФАНФАР

Диктор:       Келіңіздер, келіңіздер!

                     Би де билеп беріңіздер.

                     Қызығы мол жаңа жылдың,

                     Тамашасын көріңіздер.

«Жаңа жыл » әнімен топ тәрбиеленушілерін қарсы аламыз.

Жүргізушілер:

Қарақат :                                                   Томирис:

Салем бар адамдарға                                 Армысыңдар, халайық,

Аяулы аналарға                                          Бармысыздар, халайық!

Ардақты гүл қыздарға                               Жаңа жылда жұп жазбай

Бүлдіршін балаларға                                  Біз де қарсы алайық.

Жарқырап шырша шамы                           Келді тағы жаңа жыл

Болсын той маскарады                              Қуантумен біздерді

                                                                      Құтты болсын қуаныш,

                                                                     Құттықтаймыз сіздерді.

Тәрбиеші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Әр қонақтан кең алқапқа тарайды,- деп баршаларыңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.

Жаңа жыл береке,молшылық,бейбітшілік,тыныштық жыл болсын. Сіздерге Жаңа жыл –жаңа  табыс, жаңа бақыт,отбасыларыңызға шаттық,қуаныш әкелсін! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Ботақан» тобының ертеңгілігін бастаймыз.

 /Осы сәтте сайқымазақ кіріп келіп, таңқалып:/

Сайқымазақ: « Ой, балалар мен қандай әсем ортаға тап келдім! Бұл қай жер? Шыршаларың қандай әдемі! Мен де сендермен бірге жаңа жылдық мерекесін тойласам болады ма?» деп музыка ырғағымен билей жөнеледі.( Осы сәтте жарық өшеді.)

Сайқымазақ: «Балалар жарықты кім өшірді?» (Шам жарығымен құртақан ұрланып атып шығады.)

Пингвин: «Бол енді құртақан. Мен шамды сөндіріп үлгердім. Сен де ана шыршадағы ойыншықтарды ұрлап үлгер. Болсайшы енді.»

Сайқымазақ: «Балалар тыңдаңдаршы! Бір шулаған дыбыстар шығып жатқан сияқты. Бұлар кім болды екен? Ол үшін бізге жарықты жағу керек. Балабақшамыздың жарығы қай жерден жанатын еді. А А А таптым! Мына жерден жағады.» (Жарықты жағады)

Сайқымазақ: «Сендер екенсіңдер ғой! Біздің ертеңгілігіміздің шырқын бұздыңдар. Не керек сендерге? Ұсталдыңдар ма?»

Құртақан мен пингвин: «Кешіріңізші! Біздің шыршамызды безендіру үшін ойыншықтар жетпей жатыр. Мына шыршадаға анау ойыншықтар ұнап тұр алғым келді. »

Фея: «Достар мына жағымсыз дауыстарыңды естіп, бірден осы жерге келдім. Не болды сендерге, не жетпей жатыр?»

Құртақан: «Біздің шыршамызға ойыншықтар жетпей осы жердің шыршасынан алғымызх келген. Бірақ мына балалар мен сайқымазақ көріп қойып, кіналап жатыр.»

Фея: «Құртақан, пингвин жаңа жылдық шыршадан ойыншық ұрлауға болмайды. Мен сендереге сиқырлы таяқшам арқылы ойыншықтар сыйлаймын. Жаңа жыл мерекесі барлығымызға ортақ. Мүмкін мерекені балалармен қарсы алайық. Көңілімізді көтеріп, балығымыз ән салайық!»

Хор: «Жаңа жыл»

Жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтар:

1.Ерназар:

Мұздан моншақ тағылып

Күміс қырау жамылып

Ортада тұр ақшақар

Көптен кутіп сағынып

2.Биғали:

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына

3.Нұрдәулет:

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

4.Әдемі:

Жаңа жыл, жаңа жыл

Асыр салып ойна кул

Ата-анадай мейірімді

Жаңа жылдың жанары

5.Әли:

Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді

6.Гүлнұр:

Бізге жаңа жыл келді,

Жаңа бақыт нұр берді

Жаңа жыл деп қуандық

Көңіл шалқып гулдерді

7.Аяулым:

Тауда туып тауда өскен

Шырша келді ортаға

Бәріміз бір дауыспен

Дейміз енді шыршаға

(Әуенмен етік киген мысық айғай салып, сандықтың иесінің кім екенін сұрап, сандықты сүйрей кіреді)

Фея: «Мен сиқырлы таяғым арқылы сандықтың иесі кім екенін айтып берейін. Бұл сандықтың иесі Аяз ата мен Ақшақар екен.»

Мысық: «Сонда олар қайда жүр.» (Осы кезде Мыстан кемпір келеді.)

Мыстан кемпір: «Ха ха! Мен осында келе жатқан Аяз ата мен Ақшақарды адастырып жібердім. Сандығының кілті де мен де, ха ха!»

Мысық: «Балалар мүмкінбіз өнерлерімізді Мыстан әжемәзге көрсетсек ол көңілденіп, сандықтың кілтін берер»

Тәрбиеші:

Келдік міне, қуанышқа жиналып,

Жаңа күнге тұрғандаймыз сыйынып

Жаңа жылдың шыршасы бұл сіздерге

Бұтақтары тағзым етіп иіліп.

Би: «Ойыншық»

 Мыстан: «Жарайды, балалар! Сендердің өнерлерің жақсы екен. Дегенмен мен жолбарысты шақырып, сонымен ойын ойнайық» Сендер сол ойында жеңсеңдер мен сандықтың кілтін беруім мүмкін. (Мыстан жолбарысты шақырады.)

Арыстанмен бірге «Ұзын жылан» ойыны  ойналады. Ойында балалар жеңіске жетеді де, мыстан сандықтың кілтін береді.

Жолбарыс: «Ой, балалар жаңа осында келе жатып, Аяз ата мен Ақшақарды көріп едім. Бірақ Мыстан айтпа деген соң айтпадым. Енді мен сендерге жақсылық жасап олардың қай жерде жүргендерін дүрбімен қарап берейін.» (Мыстан оған айттың деп ашуланады. Жолбарыс Аяз атаның келе жатқанын айтып, хормен шақырады. Ортаға Аяз ата мен Ақшақар келеді.)

Аяз ата мен Ақшақардың сөзі.

Хор: «Шырша әні»

Жүргізуші:

Жасыл шырша жанында

Көңілдіміз бәріміз

Тақпақ айтып, ән айтуға

Әрқашанда дайынбыз.

1.Кәусар Д :

Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

2.Кәусар Ә:

Бізге жаңа жыл келді,

Жаңа бақыт нұр берді

Жаңа жыл деп қуандық

Көңіл шалқып гулдерді

3.Әділет:

Аспан жерге төгеді

Ақ ұлпасын уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

4.Аслан:

Әлде қарлы боранды

Тау басына түсты ме

Аяз ата оралды

Ақ тон киіп үстіне

5.Максим:

Маленькой елочке

Холодно зимой

Из лесу ёлочку

Взяли мы домой

6. Жанель:

Не ойласан жаңа жылда

Орындалар бар арман

Жаңа жылда сондықтан

Күтеді барлық балақан

7.Әмина:

Алақай жаңа жыл

Бәрі аппақ оймен қыр

Шыршада біз ойнаймыз

Жаңа жылды тойлаймыз.

Мыстан: «Сендер босқа қуанбаңдар. Сандықтың тағы бір кілтін тығып қойғанмын онсыз сандық ашылмайды.»

Пингвин: «Сенің ашуың әлі тарқамапты ғой. Балалармен бірге билеп берсек ашуың қалмас мүмкін»

«Пингвиндер биі»

Мыстан: «Жарайды менің ашуым тарқаған сияқты. Мен кілтті табыстайын.»

Аяз ата: «Бізде неше кілт болды. Ал үшінші кілт кім де болды екен. Осы жерде жыл иесі көрінбейді ғой.»

(Жылқы кіреді) «Мен мына кілтті тауып алдым. Аяз атаның кілті екенін білдім. Бірақ бергім келмей тұр. Мен әрқашан жыл иесі болығым келеді. Менің жылым жаман болмаған сияқты. Қалай ойлайсыңдар!»

Фея: «Әрине, жылқы жылы жақсы жыл болды. Біздің балабақшамыз үздік жетістіктерге жеттң. Рахмет саған! Дегенмен бізге Жаңа жылды қарсы алатын уақыт болған сияқты.»

Жылқы: «менің жылым сендерге жайлы болса мен ризамын. Рахмет, сендерге! Жаңа жылдың иесін мен сендермен  бірге қарсы алайын.» (Жылқы кілтті Аяз атаға береді.)

Аяз ата: «Мына сандық сендердің қаншама өнерлеріңмен, еңбектеріңмен келді. Келер жыл иесі қой сандықтан шығады.»

Аяз ата: «Көптен күткен Жаңа жылымызда келді. Жаңа жыл құтты болсын!»

Жүргізуші:

Бізбен бірге жайдары

Аяз ата жайнайды

Жарқырайды шырщамыз

Би билейік баршамыз

Би: « АЯЗ АТАЛАР биі»

1.Шахнұр: Жаңа жыл,жаңа жыл

Сені күттім елендеп

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп.

2.Рамазан: Көз салыңдар әуелі,

Шыршамызға мәуелі

Ал кәнеки шырқалсын

Жаңа жылдың әуені

3.Шапағат: Жаңа жылға сәніміз

Біздің айтар әніміз

Келдің бе,аман алыстан

Сәлем,Аяз атамыз!

4.Арнұр: Ал келіңдер,келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт Аяз атадан

Сыйлық алып келіңдер.

5.Нұрислам.Ә.

 Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз

Болсын риза балаша

Аппақ біздің атамыз.

6.Нұрислам: Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне,әсем шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

7.Нұрахмет: Алақай жаңа жыл

Бәрі аппақ оймен қыр

Шыршада біз ойнаймыз

Жаңа жылды тойлаймыз.

8.Іңкәр: Ал келіңдер,келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт Аяз атадан

Сыйлық алып келіңдер.

Жүргізуші:

Әкелді жыл ырыс құт

Әлемде той тыныштық

Ән салайық тамаша

Аяз ата қуанады балаша,-    демекші, бүлдіршіндеріміздің______________________ әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:Құрметті қонақтар! Біздің Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға көп рахмет! Жаңа жылда жаңа табысқа жете берейік!

F:\111F:\111 (2)

F:\111 (3)F:\111 (5)



Предварительный просмотр:

Тобы: «Балақай» І- сәбилер

Тәрбиеші: Жетпісбаева Сая Маратқызы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Оқу іс- әрекеті: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы:«Қасыр мен Жеті лақ» ертегісі.

Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс – тұрысына талдау жасауға, оларға өзара  мейірімділікті, қайырымдылықты білдіруге көмектесу. Әр кейіпкердің мінез құлқын  ұғындырып,  дауыстарын таныту. Кейіпкерлердің қимыл –қозғалысын  сипаттауға үйрету. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету.  Ертегі желісі бойынша сұрақтар беріп, жауап беруге талпындырып,  сөздік қорын молайту.

Көрнекілігі: Қолғап театры, бейнеролик

Әдіс- тәсілдері:түсіндіру, көрсету, сахналау, сұрақ- жауап

Билингвизм: Қасқыр – волк, ертегі- сказка

Сөздік жұмыс: лақ, ешкі, қасқыр.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Қонақтармен сәлемдесу.  

Балалар бүгін бізде ерекше күн себебі, біз бүгін қуыршақ театрын тамашалауға барамыз. Сендер қуыршақ театрын көргілерің келеме? Бүгін қуыршақ театрында «қасқыр мен жеті лақ» ертегісін сахналайды екен. Театрға барамызба?

Әрине  көргіміз келеді

Барамыз

Ұйымдастырушлық

ізденістік

кезең

Олай болса менімен бірге бір- біріміздің қолымыздан ұстап жүрейік. Қуыршақ театрына тез жету үшін біз түрлі қимылдар жасап, өлең айтсақ қайтеді?                                           Кәнекей қоян сияқты секірсек қайтеді.

 Ал енді аю сияқты қорбаңдап жүрсек қайтеді

Жарайсыңдар балалар мінекей театрға да келіп қалдық. Біз ертегіні көруге кіру үшін сұрақтарға жауап беру керек.

Сендер қандай ертегіні білесіңдер?

Жарайсыңдар балалар ендеше, «Қасқыр мен жеті лақ » ертегісін қуыршақ  театрында тамашалаңдар.

(ертегіге қажетті шерма, кейіпкерлердің қуыршақ театрлары дайын тұрады.)

Ертегіні қуыршақ театрында дауыстарын салып сахналайды.

Сергіту сәті:

Қасқырды қуамыз,                  Лақтарды жемейді.                             Біз аңдып тұрамыз,                            Ол қайта келмейді.                            Лақ болып секіріп,                            Аулада ойнаймыз.                 Қасқырды кешіріп,                      Қуанып тойлаймыз.

Ұсақ қол маторикасына арналған дидактикалық ойындар:

  1. «Кейіпкерлерге сипаттама бер»

Барысы: Балаларға түймесі , сыдырмасы, жабыстырмалары бар, қалташықтарды ашып, ішіндегі кейіпкерлерге сипаттама береді.

  1. «Ертегі кейіпкерлерін топтастыру»

Барысы: ертегінің басты кейіпкерлері тұрған суреттерге, қысқыш арқылы қалған кейіпкерлерді орналастырады.

Қояндарша секіріп жүреді.

Аю сияқты қорбаңдап жүреді.

Шалқан, бауырсақ ертегілерін білеміз

Балалар ертегіні тамашалайды.

C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG_6675.jpgБалалар сергіту сәтін түрлі қимылдар жасап қайталайды.

C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG_6686.jpg

C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG_6683.jpg

Рефлексивті коррециялаушы

кезең

Балаларға сұрақтар беру.

Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

Лақтарды қай аң алып кетпекші болды?

Сұрақтарға жауап берген балаларды мадақтау

Я ұнады.

Қасқыр, ешкі, және лақтар бар.

Қасқыр

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ертегі кейіпкерлерін толық біледі.

Түсінеді: Ертегі мазмұнын түсінеді.

Жасайды: Кейіпкерлерге сипаттама беріп, ертегі кейіпкерлерін толық біледі.



Предварительный просмотр:

Тақырыбы: Қимыл-қозғалысты ойын жаттығулар  арқылы сауаттылықты дамыту

Тәрбиеші: Ибраева Мөлдір Маратқызы

Білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным»

Оқу іс-әрекет:  «Дене шынықтыру»

Мақсаты: Әріптер мен сандарды қимыл қозғалыс арқылы ерте сауаттылықты дамыту.

Міндеттері:

  • ойын арқылы сауаттылықты дамыту.
  • Жұптасып және топтасып орындау арқылы  қарым - қатынасты нығайту.

Технология: Ерте жастан оқыту, дамыта оқыту

Көрнекілік: Спортукус таяқша, Л, А, Қ, Г, Ү,  ША, НА, БА, ҚА, ЛА, МА (қима әріптермен жеке әріп),  атауы жазылған суреттер, суреттер мен заттың атауы жазылған сөздер. 

Іс-әрекет бөлімі

Тәрбиеші іс-әрекетті

Балалар іс-әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Маршпен залға өлеңдетіп кіреді.

Балалар сіздерді білімді деп естіп, балапан телеарнасынан көмек сұрап тұр, тындаймыз ба?

Экраннан Спортукус пен Стефани:

Стефани:

  •  Сәлем балақайлар! Білімді балалар бізге, сіздерден көмек керек. Кесірбек Робби біздің қаламыздағы балалардың барлығын жалқау етіп, ұйықтатып тастады ояту үшін, тапсырмалар береді сіздер бізге көмектесесіздер ме?

Спортукус:

  • Олай болса біздің қайсымыз жеңсек, сол Кесірбек Роббидің үйіне барып, ұйқыдан оятқыш тетігін басады, келістік пе? Экраннын артынан Спортукус пен Стефани қыз келеді.

  • Достар! Ол үшін балақайлар, екіге бөлініп жарысу қажет.

 

  • Ия

  • Ия

Балалар Спортукус пен Стефанидин артына тура калып екіге бөлінеді.

Кесірбек Робби экраннан тапсырмасын айтып тұрады.

1 тапсырма: Жалпы дамыту жаттығуларын әріптермен үйлестіру арқылы орындау.

Ала, ара, апа, ана, ата  – сөздерін іс-қимылмен орындау

2 тапсырма: 2 топ бірдей қима әріптерден сөз құрастыру керек. Қолдарыңызға берілген әріптер мен қималардан, мына сөздерді құрастырыңдар. шана, бақа, қала, Маша.

3. тапсырма: «Жоғалған әріпті тап» (кедергі арасымен жүгіру )

4. тапсырма: Жазылған сөзді оқып, суретін тап (самактты айдап жүру арқылы орындау)

5.тапсырма: Берілген 10 кубиктің 6 қабырғасында буындар жазылған. суретке қарап кубикпен атауын жаз (жіппен секіру арқылы орындау)

  1. Ала:А – балалар жеке-жеке аяқтарын ашып, қолды айқастап алға иіледі,

Л – аяқтарын ашып еденде отырады

А – қайта тұрып, аяқтарын ашып, қолды айқастап алға иіледі,

  1. Ара: А – балалар жеке-жеке аяқтарын ашып, қолды айқастап алға иіледі,

Р – Жеке-жеке тұрып аяқтарын қосып, бір қырындап, саусақ ұшын тигізіп, дөңгелек етіп көрсетеді.

А- қайта аяқтарын ашып, қолды айқастап алға иіледі,

Апа: А – балалар жеке-жеке аяқтарын ашып, қолды айқастап алға иіледі,

П – аяқ қосынқы жұптасып, бір қырындап екі қолдарын ұстап тұрады.

А- қайта аяқтарын ашып, қолды айқастап алға иіледі,

Ана: А – балалар жеке-жеке аяқтарын ашып, қолды айқастап алға иіледі,

Н – түзу қарап, жұптасып бір қолдарына таяқша ұстайды.

А- қайта аяқтарын ашып, қолды айқастап алға иіледі,

Ата: А – балалар жеке-жеке аяқтарын ашып, қолды айқастап алға иіледі,

Т – түзу қарап, екі қолмен таяқшаны жоғары көтереді.

А- қайта аяқтарын ашып, қолды айқастап алға иіледі,

Таратпа: ША, НА, БА, ҚА, ЛА, МА қималары балаларға таратылады.

Суреттерінің (алма, мысық, қауын, қарбыз, алмұрт, өрік, шие,  жүзім, банан, сәбіз, қияр,  лимон) астында магнитті әріптермен сөздер жазылады. Мыс: ал_а жоғалған әріпті тауып орнына қояды.

ай,  күн, шар, лақ, гүл,  шөп, су, бау, тау, қар, кітап, есік, тал, қой, ешкі, түйе, құлақ, ерін, көз,   қол, аяқ, табан.

Тасбақа, қоян, тигр, аю, робот, ролик, зебра, арыстан, қасқыр, трактор, тиін, домбыра, түлкі, кірпі, жапырақ, балық, доп, тауық, ұшақ, шарлар, балапан, көбелек, ит т.б

А. Жүнісбеков кестесімен оқытудың ерекшеліктері: 1. Өлеңдетіп айтып барлық әріптерді жаттайды. 2. Суреттегі за атауын буынмен көру арқылы ауызша жазуды үйренеді. 3. Аріптердің барлығын тез жаттап алады. 4. Буындап тез оқып үйренеді.



Предварительный просмотр:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

        Айы ,күні:  20 ақпан

           Саласы: Қатынас

        Бөлімі: Көркем әдебиет

        Тақырыбы: "Маша мен аю" ертегісін конус театры арқылы сахналау

        Мақсаты: Балаларға көркем ертегілерді еске түсіре отырып, сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін тиянақтау. Балалардың сөйлеу тілін дамыту. Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетін, дауыс ырғағын келтіре отырып сөздерді анық, таза айтуға үйрету, есте сақтау қабілетін шыңдау, ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру.

        Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сахналау, ойын, ғажайып сәт, сұрақ-жауап, сергіту, ойын, мадақтау.

        Технология:  триз, сын тұрғысынан ойлау. жобалау

        Көрнекіліктер: Маша мен аю ертегі желісі бойынша слайд,конус театры арқылы дайындаған ертегі кейіпкерлерінің атрибуттары.

        Қостілділік:  ертегі -сказка , орман-лес,  түбір-пенёк, қырағы-зоркий,    аю-медведь.

Іс- әрекет түрлері

Тәрбиешінің  іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастыру-ізденістіру

Рефлексивті түзетуші

"Сөз басы-сәлем" - демекші балалар келген қонақтармен сәлемдесейік.

   Сәлеметсіздер ме қонақтар!

   Здравствуйте, гости!

   Бүгін  бізде  көркем  әдебиет оқу  іс  әрекеті.

   Балалар,  біздің  бүгінгі  күніміз ерекше  болғалы  тұр.  Алдымен, қане  бәріміз  ғажайып тақтаға назар  аударайық.

Ғажайып сәт. "Ертегілер" кітабынан "Ертегі ханшайымы" шығады.

- Ой, балалар  ертегі ханшайымымыз да келіп қалды.

-Сәлеметсің бе, Ертегі ханшайымы.

Ертегі ханшайымы: Балалар,сендер мені жақсы таниды екенсіңдер, сосын мен сендерге келдім.

 Тәрбиеші:- Келіңіз, сіздің келгеніңіз жақсы болды, біздің балалар  өзіңді асыға  күтіп  отыр

Ертегі ханшайымы: Балалар мен

өз елімдегі ертегілерге  байланысты  ойынды  әлеуметтік желі  арқылы сендерге жіберген  болатынмын.

   Тәрбиеші: Ой рахмет саған "Ертегі ханшайымы" біздің балалар сондай өнерлі, ойын ойнағанды жақсы көреді. Бірақ әлеуметтік желі арқылы жіберген ол қандай ойын болды екен, көрейікші. Балалар, ханшайым жіберген ойын келген екен. Ол ойын: "Не жасырылғанын тап" деп аталады.

   Ойынның шарты бойынша: Суретте ертегі  кейіпкерлері жасырынып қалыпты, олардың денесінің бір кішкене бөлігі көрініп тұр ,танып білу арқылы  ненің  жасырылғанын табуымыз керек және олардың қандай ертегі кейіпкерлері екенін айтамыз.

1. Түлкі мен тырна

2. Мысық, әтеш және түлкі

3. Маша мен аю

- Балалар сендерге ханшайымның жіберген ойыны ұнады ма?

Ертегі ханшайымы: Жарайсыңдар балалар. Балалар, мен "Маша мен аю" ертегісін өте жақсы көремін. Сендер маған осы ертегіні сахналап бересіңдер ме?

 

 Әрине, қазір біздің балалар театр түрі арқылы сахналап береді.

- Ал енді балалар сендер қандай театр түрлерін білесіңдер?

- Балалар осы "Маша мен аю" ертегісі қай халықтың ертегісі?

Балалардың назарын конус театрына аудару.

Балалар, бұл қандай театр түріне жатады?

Балалар енді осы конус театры арқылы "Маша мен аю" ертегісін сахналап берейік.

Балалар, кімнің қандай ертегі кейіпкері болғысы келеді? (Балалардан сұрау, рольдерге бөлу)

Ал енді балалар, сендер де "Ертегі  ханшайымымен" бірге ертегі тыңдап, бір демалып қалыңдар.

"Маша мен аю" ертегісін сахналау.

Балалар, Маша орманда неге адасып кетті екен, менің соны Машадан сұрап білгім келіп тұр.

- Маша сен неге орманда адасып кеттің?

- Балалар, сендердің ертегі кейіпкерлеріне қоятын сұрақтарың жоқ па?

(кейіпкермен сұхбат)

Балалар, ертегі кейіпкерлерімен таныс болыңыздар.

Ертегі ханшайымы: Балалар, сендерге көп-көп рахмет. Мен жақсы демалып қалдым, енді сендермен қоштасайын. Келесі кездескенше сау болыңдар.

Балалар ,көрдіңдер ме Маша өзінің атасы мен әжесіне  ақылдылығымен, тапқырлығымен  қайта оралды . Сол уақыттағы Машаның көңіл күйінің көтеріңкі болатынын біз сездік.

Содай - ақ біз де бүгін көңілді ерекше, көңіл - күйімізді білдіріп сергіп алайық.

Сергіту сәті; "Көңілді күн!"

 

Слайд арқылы  оқу  іс әрекетін  қорытындылау, балалармен  әңгімелесу.

Балалар, бүгігі күніміздің ерекшелігі сол бізге "Ертегі ханшайымы" келді, ойын ойнап, ертегі тыңдап бір сергіп қалдық. Күніміздің жақсы, қызықты да көңілді  өтуіне  барлығың  да жақсы үлес қостыңдар, жарайсыңдар.

 Ал енді келген қонақтармен қоштасайық.

 

   

Балалар қонақтармен екі тілде сәлемдеседі.

C:\Users\Admin\Desktop\Маша мен аю ертегісі\Новая папка\алпамыс семинар 038.JPG

Балалар ханшайымды көріп таң қалады

Балалар  ертегі ханшайымымен сәлемдеседі.

C:\Users\Admin\Desktop\Маша мен аю ертегісі\Новая папка\алпамыс семинар 040.JPG

Балалар  тәрбиешіні тыңдайды.

Ойынды ойнағылары келеді.

C:\Users\Admin\Desktop\Рисунок1.png

Балалар  ойынға

қатысады.

C:\Users\Admin\Desktop\Маша мен аю ертегісі\Новая папка\алпамыс семинар 039.JPG

Қуыршақ, стол үсті, көлеңке, саусақ, конус, қолғап,  қасық т.б.    

Орыс халқының

Конус  театры

C:\Users\Admin\Desktop\Маша мен аю ертегісі\Новая папка\алпамыс семинар 043.JPG

-

Балалар рөльдерге бөлінеді, ертегіні сахналайды.

C:\Users\Admin\Desktop\Маша мен аю ертегісі\Новая папка\алпамыс семинар 050.JPG

-Балалар ертегі кейіпкерлеріне сұрақтар қояды.

Балалар  "Ертегі ханшайымымен" қоштасады.

C:\Users\Admin\Desktop\Маша мен аю ертегісі\Новая папка\алпамыс семинар 049.JPG

Сергіту сәтін би қимылымен орындайды.

C:\Users\Admin\Desktop\маша 3.jpg

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже

Нені білу керек:

Ертегі кейіпкерлерін танып, ертегіні ажыратуды, театрландырылған қойылым көрсетуді.

Нені игереді:

Ертегі кейіпкерлерінің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтіруді, рөлге бөліп сахналауды.

Нені біледі:

Өз бетімен іс әрекет жасап, кейіпкерлердің бейнесіне еніп, дауыс ырғағын келтіре алады.



Предварительный просмотр:

Күні: 01.03.2013жыл.

Білім беру саласы:  Шығармашылық.Таным. Әлеуметтік.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Жапсыру.

Тақырыбы: «Көктемгі гүлдер»

Мақсаты: Балаларға  көктем мезгілінің ерекшеліктері жайлы әңгімелеп, табиғат сұлулылығының бір бөлігі гүлдермен таныстыру.Геометриялық пішін тіктөртбұрыштың бұрыштарын  қиып , сопақша  пішінді қиып алу арқылы  гүл күлтесін, жапырағын  жасап гүл бейнесін жапсыруға үйретіп жапсырудың әдіс тәсілдерін меңгерту. Қайшыны дұрыс ұстау мен қолдана білуді , түстерді, көлемді ажырататып, кеңестікті бағдарлай білуге  үйрету. Әдемілікті сезіне білуге, көркемдік талғамдарының жетілуіне ықпал ету.Табиғатты қорғауға, адамгершілікке ,ұқыптылыққа, бастаған істі аяқтай білуге дағдыландыру.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, көрнекі жапсыру.интеграциялау,ғажайып сәт.

Көрнекі құралдар:Қарлығаш, Күн, Көктем гүлдерінің суреттері, таратпа гүлдер.

Қос тілділік:    Көктем –весна, Гүлдер-цветы, Бақ-бақ- одуванчик, Бәйшешек-подснежник, Қоңыраугүл-колокольчик,  Қызғалдақ-тюльпан.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың   іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

-Сәлем сөздің анасы,

Сәлем берер әр қазақтың баласы,-демекші, қонақтармен сәлемдесейік!

Білгір қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Тобымызға келіп отырған ,

Апайларды қарашы.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз,

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

(Балаларды шеңберде, оқу іс-әрекеттің тақырыбымен  таныстыру.)

Балалар келген қонақтармен

сәлемдесті.C:\Users\User\Documents\Intelli-studio\Samsung Camera\2013-03-01\SAM_2395.JPG

 

Ғажайып сәт:

Топқа сырттан  өзімен бірге хат алып келген Қарлығаш кіреді.

-Құс ұясын бұзбауымыз қажет,қарлығаш киелі құс, біздің досымыз.

Балаларға хаттың ішіндегі шағын ертегі бар екенін айтып, «Көктем таңғажайыптары» ертегісін оқып беру.

Балаларға ертегіге байланысты сұрақтар қою.

-Балалар оның таңғажайып сиқыршы көмекшісі  не екен?

Ғажайып сәт: Күн:

-Саламатсыңдарма балалар сендер мен туралы айтып жатқандарыңды естіп топтарыңа келіп тұрмын.

(Топқа ең үлкен және қайырымды, керемет көктемгі Күн кіреді.)

-Балалар,  тобымызға келген көктемгі күннің жерді қыздырып, қарды ерітіп,  табиғаттағы барлық тіршілік иелері оянып, гүлдер жер анадан күш алып, жапырақтарын жаяды.

- мен сендерге құр келгенім жоқ сыйлығымды ала келдім.

-Балалар біздің  күніміз табиғат сыйы , жер бетіндегі тіршілік көзі болғандықтан, сыртқа шығарып салайық, ол біздің топқа ғана емес бүкіл әлемге нұрын шашсын, жылуын берсін.

(Тақтадағы гүлдермен таныстыру.)

(Балаларға компьютерде слайд арқылы гүлдерді көрсету).

Балалар осы гүлдердің ішінде ерекше көзге түсіп тұрған қандай гүл?

-Қызғалдақ-жіңішке ұзын сабақты, ал қызыл түсті, үлбіреген әдемі дала гүлі. Оның отаны-Қазақ жері. Гүлдер жерді көріктендіреді, адамға жақсы көңіл-күй сыйлайды.(гүлдерді геометриялық пішіндер арқылы таныстыру)

билингвизм компоненттерін қолдану.

-Балалар бүгінгі «Көктемгі гүл» туралы білімімізді кеңейту үшін белсенділік орталықтарында жұмыс жасаймыз.

Балаларды белсенділік орталықтарына бөлу:

1.Өнер орталығы: «Қызғалдақ гүлін»жапсыру.

Мақсаты: Геометриялық пішін тіктөртбұрыштың бұрыштарын  қиып , сопақша  пішінді қиып алу арқылы  гүл күлтесін, жапырағын  жасап гүл бейнесін жапсыру.  

2.Әдебиет орталығы:  «Көктем таңғажайыптары» ертегісін әңгімелеп, компютерден «Көктем бейнесі» суреттерібойынша бойынша әңгіме құрастырып өлең тақпақтар жаттау.

3.Үстел-үсті ойыны:  «Қызғалдақ құрастыру».

Мақсаты: Мазайкадан қызғалдақ гүлін құрастыра отырып ,саусақ моторикасын дамыту.

 Балалардың белсенділік орталықтарындағы жұмыстары

Балаларды  сылдырмақ арқылы шеңберге тұрғызып , сергіту жаттығын жасату.

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап дем алам.

Қанаттарын бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

 (Балаларға екінші ауысыммен,  өзіне ұнаған орталықтарына баруды ұсыну, )

Балалардың жапсырған

жұмыстарын тақтаға ілдіртіп,жапсырған жұмысына байланысты сұрақтар қою.

C:\Users\User\Documents\Intelli-studio\Samsung Camera\2013-03-01\SAM_2391.JPG

C:\Users\User\Documents\Intelli-studio\Samsung Camera\2013-03-01\SAM_2404.JPG

-Күн

-Қызғалдақ

C:\Users\User\Documents\Intelli-studio\Samsung Camera\2013-03-01\SAM_2416.JPGC:\Users\User\Documents\Intelli-studio\Samsung Camera\2013-03-01\SAM_2434.JPG

C:\Users\User\Documents\Intelli-studio\Samsung Camera\2013-03-01\SAM_2430.JPG

.

Рефлексивті түзетушілік

Балалар бүгінгі оқу іс – әрекетінде қандай орталықтармен жұмыс жасадыңдар. Балалардан жеке - жеке сұрау. Мақтау,мадақтау.

Балалар сендерде осындай балғын гүлдерсіңдер!

Арасында гүлдің,

Ойнап бүгін жүрдім.

Қызыл, көкшіл, сары,

Әп-әдемі бәрі.

Бірі-сондай ірі,

Ал нәп-нәзік бірі.

Дейтін көктем –Күнім,

Дейтін апам-Гүлім.

Енді ғана білдім,

Мен де балғын гүлмін!!!

Кімде –кім жақсылық жасап, жылы тілек білдірсе, ол өзіне қайта тілек шоғы болып оралады екен.

C:\Users\User\Documents\Intelli-studio\Samsung Camera\2013-03-01\SAM_2389.JPG

Балалар өздерінің ақ тілектерін айтып, гүлді қонақтарға сыйлайды

Күтілетін нәтиже:

Қандай түсініктерді игерді:Көктем мезгілінің ерекшеліктері мен гүлдер әлемінің өзіндік ерекшелігін , оның тіршілік ету ортасы туралы түсініктерді игерді.

Меңгерген  іскерліктері мен дағдылары: Қарапайым пішіндерді қиып, шығармашылық пен қиялын таныта отырып, үлгіге қарап бейне құрастырып жапсыруды, мозайкадан гүлді құрастыруды меңгерді.

        

ТӘРБИЕШІ:  МАХМУТОВА Г.

Тобы: «Ботақан»