Темір жол транспортының қоршаған ортаға әсері Темір жол транспортының қоршаған ортаға әсері

Хаирлиев Нурлыбек Нурболатович

Жоспар

 

I.Жоба барысы.
II.Кіріпе: 1)«Темір жол көлігі»
                 2)«Ауаның ластануы»
 
III.«Жәнібек ауданы аумағымен өтетін темір жол  торабы»
IV. «Зерттеу жумысы және нәтижесі»
V.Қорытынды.
 

 

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл temir_zhol_stanciyasy.pptx1.51 МБ

Предварительный просмотр:


Подписи к слайдам:

Слайд 1

Темір жол транспортының қоршаған ортаға әсері Дайындаған: Жумагеерева Р.Ш. Хаирлиев Н.Н. Жәнібек

Слайд 2

I. Жоба барысы. II .Кіріпе: 1 )«Темір жол көлігі» 2 )« Ауаны ң ластануы » III. «Жәнібек ауданы аумағымен өтетін темір жол торабы » IV . « Зерттеу жумысы және нәтижесі » V. Қорытынды. Жоспар

Слайд 3

Жұмыстың өзектілігі: -Қазіргі кезеңдегі ғылыми-техникалық прогресс пен өнеркәсіп өндірісі қарқынмен дамыған жағдайда қоршаған ортаны қорғау проблемасы өте өткір мәселеге айналып отыр. -Қоршаған ортаның негізгі компоненттерінің бірі – атмосфералық ауаның ластануы қазіргі кезеңде адам денсаулығына, ауқымды және аймақтық климаттық жағдайға айтарлықтай әсерін тигізуде. -Ластаушы заттардың негізгі түрлері газ тәрізді заттар. Отын жанғанда, автокөлік қозғалысы кезінде көміртек оксиді бөлінеді. Ол өте улы газ. Қанның құрамындағы гемоглобинмен оңай әрекеттесіп, организміді улайды. Сондықтан, автокөліктерден және өндіріс нысандардан шығатын улы қалдықтарды азайту өте өзекті мәселе болып отыр.

Слайд 4

Жұмыстың мақсаты: 1. Жергілікті жерде атмосфералық ауа бассейнінің ластану проблемаларын анықтау. 2.Оның стационарлы және қозғалмалы көздерден шыққан улы да зиянды заттардың түрлері мен әсерін зерттеу . 3. Ластану және оны болдырмау шараларын айқындау .

Слайд 5

Ғылыми жаңалығы : Алғаш рет Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылының атмосфералық ауасының жай-күйіне талдау жасап, стационарлы және қозғалмалы көздерден шыққан зиянды және улы заттар анықтау. Практикалық құндылығы: Адам денсаулығына әсер ететін антропогендік фактор әсерінен туындаған атмосфераны ластаушы химиялық заттар және оның әсері талданды. Қозғалмалы және стационарлы көздерден бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтудың тиімді іс-шаралары ұсынылды.

Слайд 6

Кіріспе Атмосфераның құрамы мен оның ластану проблемалары қазіргі кезеңдегі өткір проблемалардың бірі болып отыр. Проблеманың өткірлігі анторпогендік фактормен өте тығыз байланысты . Ауа бассейнін ластаушы көздер темір жол машиналары , автокөлік қозғалысының нәтижесінде бөлінетін зиянды заттар . Ластанған ауа материалдарының , бұйымдар мен өнімдердің бұзылуын жылдамдатады , өсімдіктер мен жануарлардың жойылуына әкеледі , адам денсаулығына айтарлықтай теріс әсерін тигізеді . Атмосферадағы көміртек оксидінің шамадан тыс жиналуы парникті эффект туғызады .

Слайд 7

Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы, көлік инфрақұрылымындағы басты буын. Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы), оның ұлан-байтақ аумақты алып жатуы, өндірістің шикізаттық құрылымы, өндіргіш күштердің орналасуы, автожол инфрақұрылымының жеткілікті дамымағандығы себепті темір жол көлігінің ел экономикасындағы рөлі айрықша маңызды. Тасымалдауға ұсынылатын негізгі тауар өнімі – көмір, астық, мұнай, кентас, минералдық тыңайтқыш сияқты автомобиль көлігімен тасымалдауға тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер.

Слайд 8

Темір жол машиналары мен автокөліктерден шығатын газдарда 200-ден астам зат түрлері кездеседі. Темір жол транспорты шамамен 95 % СО, 66 % көмірсутектер және 48 % азот оксидтерін шығарады. Олардың құрамында қорғасын қосылыстары да болады.

Слайд 9

Олай болса атмосфералық ауаның құрамына талдау жасап, бөлінетін зиянды заттардың тірі организмдерге әсері жан-жақты зерттеліп, ластануды болдырмаудың тиімді шараларын белгілеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады Ресей федерациясына қарайтын темір жол ұзындығы Жәнібек ауданы бойынша 38 км болса, Жәнібек ауылының шекарасында 4,5 км аралығын құрайды. Жәнібек ауданы жерімен күніне екі жаққа 12 рет темір жол көліктері өтеді. (1-кесте) Бір темір жол көлігі өзімен бірге елуден алпысқа тарта тіркеме алып өтеді. Осы кезде жүктің ауырлығына байланысты, темір жол көлігіне түсетін күште жоғары болады, түскен күштің әсерінен майдың, дизельді отын шамадан тыс шығындалады. Жылына темір жол көліктерінен 200 тонна шамасында сұйық лас зат, 12 тонна қатты қалдық зат темір жол маңына тасталады. Бұл заттар сол жолдың маңының ландшафтысына , атмосферасына тікелей әсерін тигізеді .

Слайд 10

Зерттеу жумысы:

Слайд 11

Ауаны негігі ластаушылар қатарында көміртек тотығы, көмірсутек, күкүртті газ, азот тотығы, шаң-тозаң, күйе мен күл айтылған болатын. Қоршаған ортаға аса қауіпті автомашиналардан ауаға қосылатын көміртек тотығы, халық оны иісті газ деп те атайды. Бұл газ адамдардың және жылы қанды жануарлардың қанындағы гемоглабинмен (қанның ішіндегі бояушы қызыл зат) қосылып, дененің оттекті пайдалануына кедергі жасап оттек тапшылығына, дененің әлсіреуіне түрлі ауруларға төтеп бере алмайтын халге, оттекпен нитрит топырақтан ауаға қосылған адамдар өкпе ауруына шалдығып, витамин алмасуы бұзылады. Нитрит емшек сүтімен балаға өтсе, олардың тынысы тарылып, ұйқысы бұзылып, денесі көгеріп кетеді.

Слайд 12

Отын жаққанда, өрт болғанда, адамдардың іс-әрекетінен ауа көмір қышқыл газы өте көп қосылады. Осының нәтижесінде соңғы 100 жылда ауадағы көмір қышқыл газы 11-13 пайызға өсті. Бұл газдың адамға әсері жүрек соғу мен демалу жылдамдап, бас ауырып, құлақ шуылдап, қан қысымы көтеріліп, тамыр соғуы азаяды. Газ тым көп болса кісі есінен де танып қалады. /9-12/ Ластанған ауаның өсімдіктер мен жануарларға да зияны көп. Мысалы, ауада фтор көп болса жануарлардың тістері тез қажалып, бал аралары өліп қалады. Мышьяк көбейсе құлындардың аяғы ісіп, сал ауруына шалдығады. Хлорлы сутек немесе Т73 қышқылы – металды өңдегенде қолданылады. Дымқыл ауада тұман пайда болып, жоғарғы дем алыс жолдарына әсер етеді. Уран – радиоактивті элемент, атом электр станцияларында, шыны және фосфор өндірістерінде қолданылады. Сәулелену ауруына ұшыратады, бүйрекке зиянды.

Слайд 13

Ауаны ластайтын негізгі заттектер Қауіпті класы Ластағыштардың концентрациялары жоғарылаған (мг/м3) кездегі ауа бассейінің жағдайы Қауіптілік туғызуы мүмкін Қауіпт і Төтенше қауіпті Анорганикалық шаң ІV 0,15 0,75 3,75 Күкіртті газ ІІІ 1,05 0,2 0,38 Азот оксиді ІІ 0,085 0,255 0,765 Көміртек оксиді ІV 3,0 5,0 25,0 Көмірсутектер ІV 1,5 7,5 37,5 Күйе ІІІ 0,05 0,25 1,25 Фенол ІІІ 0,01 0,04 0,16 Қорғасын І 0,0007 0,00126 0,00224 Күкіртті сутек ІІ 0,008 0,024 0,072 Күкіртті көміртек ІІ 0,005 0,015 0,45 Аммиак ІV 0,2 1,0 5,0 Күкірт қышқылы ІІ 0,1 0,3 0,9 Тұз қышқылы ІІ 0,2 0,6 1,8 Формальдегид І 0,012 0,036 0,108 Сынап ІІ 0,0003 0,00054 0,00096 Фтор қосылыстары І 0,005 0,015 0,045 Зерттеу нәтижелері :

Слайд 14

. Қорытынды мен ұсыныстар Ауаның ластануын болдырмау және оның зиянды зардаптарын жою мынадай негізгі бағыттарда жүргізілуі қажет: зиянды, ластаушы заттарды ауаға шығармау; ластаушы заттар әсерлерінен қорғану; ластаушы заттардың зиянды әсерін, зардабын жою; зиянды әсерлердің алдын алу, оларды болдырмау; Атмосфераны қорғау шараларын төрт топқа бөлуге болады: Техникалық тазалық шаралары: түтін мұржаларын биік салу, түтін, газ тазартқыштарын орнату, жабық газ шығармайтын технологиялық және тасымал машиналары, қондырғылар

Слайд 15

Технологиялық шаралар: толық немесе жартылай тұйықталған технология құру; шикізатты қалдықсыз өңдеу; шикізаттың, отынның зиянсыз түрлерін қолдану; өндірісті автоматтандыру. Өндірісті ұйымдастыру шаралары: өндірістік жасыл алаңдар, санитарлық алқаптар құру; өндірісті жел бағытына, жер жағдайына тиімді орналастыру; зиянды өндірісті жел бағытына, жер жағдайына тиімді орналастыру; зиянды өндірісті қаладан тысқары жерге орналастыру; қалалар, елді-мекендерді көгалдандыру және тиімді орналастыру; Тыйым салу, бақылау шаралары: ластаушы заттардың шығарылуын нормалау, шектерін белгілеу. Атмосфераны қорғау бағдарламаларын бекітіп, оларды уақыт, территория және зерзаттар бойынша шектеу. Атмосфераны қорғау бағдарламаларын бекітіп, олардың орындалуын қадағалау. Жекелеген өте зиянды заттар шығаруды тоқтату, өндірісте қолдануға тыйым салу, т.б.

Слайд 16

Бейне материалдар Ауыл тұрғын пікірлері

Слайд 17

Назарларыңызға рахмет!