Арал теңізі және оның тартылуы

Нурмаханова Жанат Тажмухановна

Арал теңізі туралы мәлімет; Арал теңізінің тартылуынан болған жағдайлар; Арал теңізінің тартылуына себеп болған факторлар; Аралды сақтап қалу жобалары; қызықты айғақтар.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл aral_tenizi_.docx17.09 КБ

Предварительный просмотр:

Арал теңізі және оның тартылуы

Ақтөбе қаласы

№1 орта мектеп оқушысы

8 «А» класс оқушысы

Темірбеков Әмірбек

Жоспар:

1.Арал теңізі туралы мәлімет
2.Арал теңізінің тартылуынан болған жағдайлар
3.Арал теңізінің тартылуына себеп болған факторлар
4.Аралды сақтап қалу жобалары
5.Қызықты айғақтар

Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз ХХ ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.

Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн қалыптасқан. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. 

Арал апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км³, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді.Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды.
  Бізден басқа көршілес елдердің осы теңізді игеріп,өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалануы жүзеге асты.Сондықтан, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.
Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады

Арал апатына себеп болған факторлар:

жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді. Ол ұсыныстар мынандай болатын:

1. Сыр және Әмудария өзендерінің суларын тиімді пайдалану;

2. Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады;

3. Жел тұрғанда аспаннан тұз жаумас үшін жағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызу.

4. Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен камтамасыз ету;

5. Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру.

Бұл шаралардың теңізді бұрынғы қалпына келтіре алмайтыны анық. Әрине Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға тартуға болар еді, бірақ ол біріншіден қымбатқа түседі, екіншіден Ресей оған келісе коймайды.

Қызықты айғақтар

  • Аралабад кеңес курортты қаласы “Syberia” компьютерлік ойынында, атауына қарағанда Арал теңізінде орналасқан.
  • Рашид Нығмановтың «Ине» ( Игла) киносында басты кейiпкерлер (Цой, Смирнова) Арал теңізіне барады.
  • Арал теңiзiнiң таязданған түбiнде екi қоныс пен кесенелердiң қалдықтары табылған (солардың бірі Кердері кесенесі) .
  • «Иттер» ( Псы) киносы (рөлдерде Андрей Краско, Юрий Кузнецов, Михаил Жигалов және б.) Арал теңізінің құрғау нәтижесінде туындаған адам мен табиғаттың арақатынастарының трагедиясын ашып көрсетеді. Бұл кинода экспедиция аңшыларының, кезінде толы өмір мен су, ал қазір Арал теңізінің жағасындағы тастанды қалаға қасқыр-жалмауыздарды ату үшін баруы туралы айтылады.
  • «Call of Duty: Black Ops» компьютерлік ойынында басты кейіпкер белгілі бір тапсырманы орындау барысында Арал теңізінің аралдарының біріне түсіп қалады.