Авторская Программа

Cарсембетова Ботакоз Серикбаевна

Түсінік хат

 

   Авторлық бағдарлама «Психодиагностика негізіндегі түзету, дамыту жұмыстары арқылы  жеке тұлға етіп қалыптастыру» тақырыбында алына отырып  оқушылардың  іс-әрекеті және өзара қарым-қатынаста жеке тұлға етіп қалыптастыруға  қажетті психологиялық-педагогикалық білім мен іскерлікті қалыптастыру міндеттерін шешуде бағытталған. 

Белгілі  психолог К.М.Гуревичтің пікірінше, психодиагностиканы жүргізу міндеті, баланың даралық – психикалық ерекшеліктері  туралы ақпарат беру  сыналушы балаға және жұмыс істейтін  ересектерге де түсінікті, әрі пайдалы  болуы шарт.

Г.Витцлактың көрсетуінше, мектептегі психодиагностика педагогикалық  мәселемен тығыз байланысты  болуы шарт; оның негізгі мәні  де осы. Сондықтан мектептік білім беру жүйесіндегі  психологиялық қызмет  жүйесіндегі  диагностика психологиялық, педагогикалық диагностика деп  аталады.

 Л.С.Выготский адам қылықтары туралы оқиғаларды  жеке –дара қарастыру  арқылы адам табиғатын барынша түсіну мүмкін еместігін, кез-келген  оқиғаны адамның бүкіл өмір сүру барысымен байланыстыра қарастыру  арқылы ғана іздеген  сұрақ шешімін табуға  болатындығын атап көрсетті. «Қазіргі уақыттағы кез келген дамудың іргетасы  өткендегі  даму және бұл екеуі  бірігіп, болашақтағы дамуға негіз болады», - деп жазды Л.С.Выготский. Сондықтан қандай да бір даралық ерекшелігін   анықтау ісін бір ғана зерттеу әдістемесін жүргізу  барысында алынған нәтиже мәліметімен өлшемей, бала өмірін біртұтас қарастырып, саралау арқылы белгілі қорытындылар жасау қажет.

Д.Б.Элькониннің көрсетуінше, бізге балаларды  сұрыптауға арналған диагностиканың қажеті жоқ. Оның айтуынша  даму барысын  бақылау өте  мұқият жүргізілуі  керек; себебі дамудағы болуы мүмкін  ауытқуларды  неғұрлым ерте бастаған жөн.

     Психодиагностиканың міндеті -  бала арасындағы ерекшелікті немесе бір баланың әр түрлі жағдайдағы реакциясын бағалау. Бала үшін және онымен жұмыс істейтіндер үшін пайдалы жекелік-психологиялық мәліметтерді айқындау және ұсыну. Психодиагностиканың мәні психологиялық ғылыммен қапталған, адамның психикалық қасиеттеріне  жалпы  қасиеттері немесе заңдылығына қарым-қатынасы арқылы баға беру. Психологиялық диагностиканың әдістері бақылау, әңгіме, психологиялық тестілеу болуы мүмкін.

Жеткіншек жас кезеңінде жеке бас дамуына қажетті когнитивті (ақыл-ой), эмоциялық және жеке бас дамуытық  өріс деңгейі бірге қарастырылып,  субьектінің   мәдени және жас ерекшелігі ескеріле отырып, ішкі  ресурсты белсендіру болып табылады. Психокоррекциялық жұмысты жүргізу жағымды тәжірибе жинақтау мақсатында құрылуы және жүзеге асырылуы қажет.