Блог пользователя Байганышева Камчат Мырзабаевна

Байганышева Камчат Мырзабаевна

Педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың негізгі формалары

                 Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде. Осыған орай бүгінгі күні орта білім беретін мектептерге үлкен талап қойылуда.  Егер әр оқушының өз ықылас-ынтасы, қызығушылығы бірінші орынға қойылса, онда ол өз бетімен ойын дамытып, білімін толықтырып отырады. Бала мектепте бір пәнді өте жақсы көріп, қызығып оқып, енді біреуіне мүлде назар салмауы мүмкін. Осы назар аудармаған сабағының болашақта өзіне керек екенін ол түсіне бермейді.