Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні старшая группа

             Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

 

Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Қазақстан Республикасының рәміздерін айта білуге үйрету. Адамгершілік- патриоттық сезімдерін ояту.  Өлеңді ырғағына келтіріп, сөздерін анық, мәнерлеп айтуға үйрету. Өз Отанын, елін,жерін сүюге тәрбиелеу.

                       Балалар залға кіреді.

Бастауыш: Балалар бүгін біз сендермен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойын тойлағалы отырмыз.

Бастауыш:

 Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқы жетті

Тәуелсіз Қазақстан елім менің

Сен неткен Отан ана ғажап едің

Әспептеп көркем тілмен жазар едім

Болашақ ұрпағыңның бақытты үшін

Жайнай бер ұлы Отан – қазақ елім!

 

Алихан:

Родная моя, родная степь

Пусть горит над миром образ твой, Флаг Казахстан и Казахский Герб.

И пусть гимн поет наш великий народ, пусть счастье повсюду с народом идет

                 Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалады.

Аниса:                                                                         Наргиз:

 

Туған жерге нұр шашып жарық берген       Отанды біз атамекен

Қуаныш пен мол бақыт алып келген            Деп аялап айтамыз

16 желтоқсан шуақ болып                            Өйткені оны мекен еткен,

Тәуелсіздік еліме алып келген.                     Бабамыз бен атамыз

Асқар:                                                                Сабина:

Отанның қасиетті тілін сүйем                       Отан-туған үйіміз

Отанның қасиетті үнін сүйем                        Отан-туғанжеріміз

Отан, Отан, Отан                                            Отан-ортақ үйіміз

Бәрінен биік екен                                            Көңілді әнмен күйіміз

Ернар:

Сарқылмайтын қуатым

 Тірегімсің Қазақстан

 Мәңгі соғып тұратын

 Жүрегімсің Қазақстан

                              Өлең: «Отан»

Бастауыш: Қазақстан біздің туған еліміз. Біздің еліміз өте үлкен, бай өлке. Онда баіу-бақша, орман, тоғай ,өзен, көл ауыл, қалалар көп. Әрбір қазақ азаматы өз елін сүйіп, оны құрметтеуі керек.

Жаңарған елдің болашағы мына сендерсіңдер, ел қорғайтын нағыз азамат болыңдар..

Айгерім:                                                      Жангелді:

Көгінде күн нұрын төккен                        Түлегі өскен алуан-алуан

Жеріне гүл жұпар сепкен                          Төс алқабы малға толған

Неткен сұлу, неткен көркем                     Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем                              Осы менің туған өлкем 

Ерасыл:

Как хороша страна родная, Другой такой мы не найдем

И мы споем об отчем крае,О нашей  Родине споем

                          Өлең: «Менің Отаным»

Бастауыш: Біздің Қақақстан өзінің қонақжайлылығымен достығымен берік. Міне бүгін бізге көп қонақтар  келіпті.

              Музыка ойналып, Тарих ата кіреді.

Тарих ата: Амансыңдар ма, балаларым, қадірменді қонақтар Қазақстан республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойы құтты болсын!

 Естілсін дауыстары бабалардың

 Ойналсын үні домбыраның

Бұрындары біздің елімізде  ылғи тыныштық бола бермеген, түнде халық шырт ұйқыда жатқанда  жаңғорлар елді жаулап әйел, балаларды алып кетіп, азаматтарымызды өлтірген. Әдемі жерлерімізді тартып алған. Сол кездерде әр жүздің батырлары жиналып, ақылдасып отырған.

Өтеген батыр:

Жаратқан мені батыр ғып

Елімді жаудан қорғасын деп.

Жаратқан мені сымбатты ғып

Елім маған сүйсін деп.

Тарих ата: Өтеген батыр өз жігіттерін шақырып былай деген

Өтеген батыр:Ал, жігіттер, жиналыңдар кеттік  аңшылыққа.

                          Би: «Жорға»

Тарих ата: Басқа бір қазақ даласында Қабанбай батырды батырлыққа сайлапты.

Қабанбай батыр: Бәйгеде де, аңшылықта да ,достарыммен бірге жүремін

Тарих ата: Қабанбай батыр өз жауынгерлеріне

Қабанбай батыр:

Әрқашан шыншыл болайық

Сонда еш жамандық болмайды

Халқымның амандығы, менің амандығым

                      Мақал-мәтелдер

«Ер отан үшін туады, отан үшін өледі»

«Отансыз адам, ормансыз бұлбұл»

«Отан- оттан да ыстық»

«Еңбектің нана тәтті , жалқаудың жаны тәтті»

«Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»

Тарих ата: Наурызбай батыр Пришем даласында өмір сүрген. Ол нағыз батыр болған. Наурызбай батыр өз жауынгерлеріне былай деген

Наурызбай батыр:

Егер біз жақсылық жасасақ, алтын мен күміске көмілеміз

Ал жамандық жасасақ, жаманшылыққа тап боламыз.

                         Ойын: «Бәйге»

Тарих ата:Райымбек батыр қазақ халқының ең бір батыр ұлы деген атаққа елін жаудан қорғаған кезде ие болған.

Райымбек батыр: Арыстандай айбатым

                              Бүркіттей ептілігім

                              Барыстай күштілігіммен

                              Елімді жаудан қорғап жүремін

                   

Тарих ата: Бір кездерде жау қазақ еліне тағы шабуыл жасады, сонда батырла бірігіп елін жаудан кім қорғайды деп дауласты. Кім күшті екен деп күш сынасып көрді.

                     Ойын: «Арқан тарту»

                                 «Күш сынасу»

                                 «Құрсаудан шығар»

Тарих ата: Бұрынғы уақытта қазақ даласы үш жүзге бөлінген, олар халыққа әділдігін айтып, басшы болған. Сондай әділ хандардың бірі Абылай хан болған.

Абылай хан:

Отаным менің, елім менің Қазақстан.

Тәуелсіздік жолында, талай-талай тер тамған

             Келіңдер батырлар, бәріміз бірігейік

             Сонда бізді ешкім жеңе алмайды.

Тарих ата: Абылай хан өз елінің  халқын ұйымдастыра отырып, жауды жеңді және қазақ даласында бейбітшілік орнатты.

Міне содан бері қазақ елінде тыныштық орнап, қазақ халқы өз елін сүйіп келеді.

Ал балалар бізге не қымбат?

                        Балалар айтады.

Тарих ата: Иә, балалар  сендер өз отандарыңды сүйесіңдер. Біздің елімізде ешқашан балалар жыламасын. Қазақстан Республикасы жасасын!

                     Өлең: «Менің Қазақстаным»

Назым:                                                        Жанель:

Алтын дәнді даласы бар                           Ер еңбегі шалқып тасқан                  

Ақ күмістей қаласы бар                            Ел еркіндеп бақыт тапқан

Неткен сұлу, неткен көркем                     Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туғған өлкем                            Осы менің туғған өлкем      

Азат:

 Ел таңбасы елімнің, неткен әйбәт әдемі      

 Тұнығындай көңілдің, ортада аспан әлемі  

Аңсаған:

Казахстан – это имя страны! Казахстан- этоимя свободы!

Казахстан –это солнечный свет!  Казахстан – этокрыля народа!

Жанна:

Ту алады қолдарына ,

Қуанады халық бүгін

Мадақтаймыз ардақтаймыз,

Республика күнін біздер

                         Оркестр

Бастауыш:Келіңдер, балалар тақия тастамақ ойнайық

                        Ойын: «Тақия тастамақ»

Бастауыш: Біздің  елімізден жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Барлығымыз тату-тәтті бір үйдің адамдарындай өмір сүреміз.

Татулықтарымыз әрі қарай  шыңдала берсін, еліміз көркейе берсін деп достық әнін айтайық.

                              Өлең: «Достық»

Гүлназ:                                            Бақдәулет:

Отан деген – атамекен,              Әйнегі күн, шатыры аспан

Отан деген туған ел                    Кең дала төсі толқыған егін

Отан ана, отан үлкен,                 Гүлдері көкке күмістер шашқан

Қазақстан туған жер.                  Қазақстан Республикам менің!

Алина:                                            Аңсар:

Қазақстан-туған өлкем,               Отан сенің ата-анаң

Жер көк те сендей көркем           Отан досың- бауырың

Көрсін деп күллі әлемге              Отан өлкең астанаң

Көк туымды желбіретем              Отан аудан ауылың

Бастауыш:

Отан дейміз от жаққан жерімізді.

Отан дейміз өсірген елімізді

Отан дейміз туған жер Атамекен

Биік тау, орман тоғай көлімізді.

Халықтың енді міне, жетілген

Құрыштай білінбейді кетілгені,

Аталып Қазақстан ел боп туып

Үй тігіп , ірге қалап бекінгені.

                            Өлең «Атамекен»

Бастауыш:Балалар Қазақстанымыздың болашақ азаматтар мына сендер. Жүздерің әрқашан жарқын, аспандарың ашық болсын!

әжелеріміз шашу шашсын!

                               Шәшу