Cерік Эльмира Серікқызы

Өжек Жаңабаев атындағы орта мектебінің 5 "а" сынып оқушыларының сайты

"Біз еліміздің жарқын болашағымыз"

Профессия: учитель

Профессиональные интересы: зарубежная литература

Увлечения: кулинария

Страна: Казахстан

Населенный пункт: Райымбекский район с.Кегень

Место работы: школа имени О.Жанабаева

Навигация

Ссылка на мой мини-сайт:
https://nsportal.ru/cerik-elmira-serikkyzy
"Ұл тәрбиелей отырып,халықты тәрбиелейміз,қыз тәрбиелей отырып,ұлт тәрбиелейміз"
М.Әуезов.

    Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне, 5 сынып оқып отыр. Мектеп «үлкен отбасы, ұстазымыз біздің ақылшымыз, анамыз, сыныптастарымыз жақын досымыз. Мектеппен қоштасу» балалықпен қоштасу. Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп бізге тірек беріп, жылулық пен бақыт сыйлайды. Ал ұстаздар болса бізге үйретуден еш жалықпас. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер есімізде ең жарқын естеліктер болып қалады. Кейде бірінші сыныпта оқитын балаларға қарап, өзіміз де қайтадан сол шақтарға оралғымыз  келеді.  Өз мектебімізді  шын мәнінде жақсы көреміз. 

О себе

Оқу, білім - жанған шырақ, ойласаң.

Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.

Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал.

Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
 

Біз 5 "а" сынып оқушыларымыз.  Біздің сынып әрқашанда мектепішілік, аудандық түрлі шараларға қатысып отырады. Біз сабақты жақсы оқимыз. 

Книги, которые сформировали мой внутренний мир

Қазақ, орыс әдебиеті, ертегілер.

Мой взгляд на мир

   Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" деп өсиет калдырғаны белгілі. Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық. Дегенмен бұдан туындап жататын сұрақтар да аз болмаса керек. Сонда қалай, кез келген адам бұл дүниеге келгеннен кейін бар өмірін артына жақсы із қалдыруға арнауға міндетті болғаны ғой? Адамдардың бәрі ұлы тұлғалар сияқты еңбек етіп, артына игілікті мұра қалдыра ала ма? Ондайға тырысу қатардағы адамдар үшін қиял, орындалмайтын арман емес пе? "Менің өмірлік тұрғым басқа, — дейді біреулер, — өмір адамға екі рет келмейді. Сондықтан мынау көк аспан мен жарық күннің астында сайран салып қалу керек. Аузың барда асап қал. Ішіп-же. Киін. Сауық құр. Нәпсіңді қандыр. Ләззат ал". Қайсысы дұрыс? Мұндай сұраққа сылдырата жауап бере салу қиын емес. Адам өмірінің мәніне қатысты мәселе — ол әр адамның өзінің жеке мәселесі. Мұндайда дайын рецепт беруден онды нәтиже шыға кояр ма екен? Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша өмірлік ұстаным бар. Ал талқының, пікір алмасудың ешқашан артықшылығы болмайтыны анық. Өткен ғасырларда өмір сүрген ғұламалар бұқаралық санадағы түсініктерге талдау жасай отырып, адамның болмысының абстрактілі және өзгермейтінін негізге ала отырып, адамның өмірінің мәні оның іс-әрекеттерінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады деген қағидаға ден қойып келгені мәлім. Бұдан дүниені рухани құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген философтар өмірдің мәнін жеке адамның дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдық нормаларды бейнелейтін реттеуші үғым ретінде қабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мәнін белгілі бір тұтынушылық стандарттар мен жеке бастың қамтамасыз болуына жетумен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек. Өмірдің мәні туралы сауалдарға ғылыми тұрғыдан нақты жауап қайтару мүмкіндігін теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. Ондай тұжырымдар өмірдің мәні әр жеке адам үшін өзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. Егер дүние жүзінде 6 млрд-тан астам адам бар десек, өмірдің мәні туралы сонша пікір бар. Ал өмірдің мәні туралы философтар пікірлерінің жалпы адамзатқа ортақ, әлдеқалай бір жиынтық тұжырым болып шығып жатуының да өзіндік жөні бар. Адам өмірінің мәні оның өлеуметтік жағдайларымен айқындалады. Адам — белсеңді әрекет иесі. Ол әлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы — сол адамның өзі. Және ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым. "Бақыт" түсінігі.Өмірдің мәні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол — бақыт туралы ұғым. "Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде" деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек.
 

Моё портфолио

Білімнің кілті- мектепте.

        Сол себепті біздің екінші үйіміз- мектеп. Адамға ең бірінші ақыл керек. Ал, ақылды, білімді үйрету үшін ұстаз керек. Ұстаз санамызға жақсы сөздер жиып, бізге тек жақсылық тілейді. Өнерге де, білімге де ұстаздың еңбегі зор екеніне сеніміміз мол. Біз білім алу үшін мектеп деген киелі ордаға келеміз. Өмірдің жаңа жолын бірінші сыныптан бастаймыз. Бәрі де өзімізге байланысты екенін білуіміз керек. Сол себепті сабақта жақсы оқу, ата- анамыздың үмітін ақтау біз үшін – парыз екенін ұмытпауымыз керек. Мектептің берер тәрбиесі мол. Барлық адамзат баласы ұстаздың тәрбиесін көріп, мектеп табалдырығынан аттайды. Білімді адам әрқашан ақылымен ерекшеленеді. Сол себепті білім алып, үлкендерді сыйлап, ұстаздарымызды құрметтеп жүрейік.

МЕКТЕБІМ

Алтын ұям мектебім,
Төріңнің аттап мекенін.
Жүрміз ғой біздер білім ап,
Мақтан тұтқан өз жерін.
Мектебім сенсің батар күн,
Қуанышым, тірегім.
Білім мен ақыл ордасы,
Шаша бер шуақ, мектебім.
Мектеп өмір белесі,
Болашақтың киесі.
Ақыл қосар санаға
Киелі ордам- мектебім.

 

Добавить грамоту в портфолио