"Тәуелсіздік жолы – қасиетті жол"
классный час (5 класс) на тему

Cерік Эльмира Серікқызы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын

                  қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға

                  және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу.

                 Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген      

                 тағзым. Отанды сүюге, құрметтеуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-

                 қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: буклеттер, нақыл сөздер, презентация

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл tuelsizdik_16_zheltoksan.docx38.19 КБ

Предварительный просмотр:

Тақырыбы: «Тәуелсіздік жолы – қасиетті жол».

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын

                  қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға

                  және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу.

                 Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген      

                 тағзым. Отанды сүюге, құрметтеуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-

                 қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: буклеттер, нақыл сөздер, презентация

                                                      Сабақтың барысы: 

І.Ұйымдастыру.

ІІ.Негізгі бөлім.

І жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел, 
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер, 
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік! 
Ғасырдың тойы болшы келе берер. 

ІІ жүргізуші: Тәуелсіздік. 
Тәуелсізбін мен бүгін, 
Келді, міне азаттығым, теңдігім. 
Бостандықта байлығым мен ендігім, 
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім! 
Өзіңдікі -Елің де, 
Өзіңдікі – Жерің де 
Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде! 
Қанатыңнан қайрылып, 
Қыр -арқаңнан айрылып 
Қонақ- 
Тәуелсіздіктен, 
Қала көрме айрылып!

І жүргізуші:Армысыздар қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!  Егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 23 жыл толған мерейлі тойына арналған «  »  тәрбие сағатымызды бастайыз.

ІІ жүргізуші: Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінгі кунге дейін барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп келеміз. Жиырма үш жыл ішінде елдің әл әуқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасалды. Елімізде,білім, денсаулық,спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік – бізің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Дәуір жасампаздығы сенімді және серпімді дамуға байланысты.

Аружан:  Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосыла алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 


Жібек: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып , ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.

І жүргізуші:  Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген... Ж. Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі: 
Тәуелсіздіктің құны міне осындай... 

Анель: Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген. 
Жөргегімде таныстым мұң тілімен. 
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, 
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. 
Мен-қазақпын, ажалсыз анамын мен, 
Құрсағыма сыйдырам даланы мен. 
Пәк сәбимін бесікте уілдеген, 
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен. 
Мен- жігітпін, айқасқа, сынға асықпын 
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың. 
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда, 
Шарықтасам қыран боп шыңға шықтым. 
Мен- қара көз сұлумын, сайтан қызбын 
Сайрай қалсам, тілімнен бал тамғыздым. 
Сүйер болсам, өмірдей өле сүйдім, 
Қас батырмен қайрасқам балтам жүзін. 
Мен қазақпын, бір биік белеспін мен, 
Еуропада, Азияда емеспін мен. 
Аралықпын жетінші материктей, 
Бірақ барша адаммен тең өстім мен. 
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін, 
Қайта тудым, өмірге қайта келдім. 
Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске 
Айта бергім келеді, айта бергім.

Тарихым бар тұнып жатқан тереңде,

Тарихтан енді халқым, сабақ алғын,

Жадыңда жүрсін сөзі бабалардың.

Бостандық деген алып бәйтеректің,

Жемісін көрсін десең балаларың!

Ақниет:Қазақ халқы – болмысынан еркіндікті сүйетін, кең дала төсінде табиғатпен туыстасып, еркін өмір сүрген халық. Ата-бабаларымыз сонау түркі заманынан 18 ғасырдың бел ортасына дейін өз билігі өзінде болып, дербес мемлекет ретінде тіршілік етіп келді. Халықтың ел болып жасамағы, ұлт болып өсіп-өркендемегі сол халықтың өз ішінен шыққан тұлғаларына байланысты. Ғасырлар бойғы тарихымызға ел ұйыстырар, көш бастар тұлғалар көп болған. Ел билігіндегі хандар, билер, мемлекет қалыптастыру жолындағы қайраткерлер, ұлттың тағдырын жырлаған ақын-жыраулар, жерін жаудан қорғаған батырлар, жаратылыс пен табиғаттың құпиясын ашқан ақылман ғалымдар – бәрі-баршасы халқының игілігі үшін ерен іс атқарған тұлғалар.»Сүйер ұлың болса, сен сүй–сүйенерге жарар ол» деп данышпан Абай айтпақшы, халқымызға айрықша еңбек сіңірген тұлғалардың өмірі мен ісі бізге үлгі.

                                   (Музыка күшейіп, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би шығады).

Төле би: Армысың, алдаспандай жарқылдап, ел қамын жеген, Әйтеке абыз!

Әйтеке би: Бар бол, үш жүздің төбе биі атанған, Төле би!

Қазыбек би: Ассалаумағалейкум, халқы қадірлеп, елі десе ет жүрегі езілген, тарланбоз билерім!

Әйтеке би: Көмейі сырға, көкірегі кең, бітімі бөлек орта жүздің дүлдүлі, Қазыбек, төрлет!

Қазыбек би: Ықылас пейілдеріңізге рахмет! Алланың нұры жаусын! Хан Абылай бас қосуға шақыртты деген соң атқа қонып ем. Бір мәмлеге келмесек, елдің құты кететін түрі бар-ау шамасы.

Төле би: Қазыбек, айтқан сөзің орынды. Ел болудың қамын ойлаған жөн.

Әйтеке би: Біздің де жанымызға бататыны осы. Үш жүздің баласы бір құрсақтан шыққандай атқа қонбақ керек.

Қазыбек би: Олай болса, Абылай хан не дер екен, әліптің артын бағайық...

(әуен беріліп, ортаға Абылай хан шығады).

Төле би: Уа, Абылай, хан ием!

Айтатұғын датым бар.

Абылай хан: Датың болса, айт, датыңды!

Төле би: Төле би деген атым бар,

Алаш деген затым бар,

Алаңдаулы көңілім,

Сөз қозғауға зауқым бар.

Елің тозып барады,

Жұрт өзіңе қарады.

Хан біткеннің тектісі,

Өзіңді жұрт сынады.

Дұшпаның кімді басынды,

Қазақ деген халқыңның

Құтын неге қашырды?

Үш жүзіңнің басын қос!

Қазыбек би: Исі қазақ баласы,

Маңайыңа жиналсын!

Атақдаңқы Алаштың,

Аумағынан әрі ассын!

Ырысына ел тәнті боп,

Ынтымағы жарассын!

Баста, кәне, жұртыңды!

Әйтеке би: Уа, хан ием!

Ұрандап әруақ шақырып,

Жау желкесі қиылсын.

Қанатын қомдап ерлер тұр,

Оларға сен де  көңіл бұр.

Апшысын жердің қуырсын,

Алақан болып ашылып,

Жұдырық болып түйілсін!

Абылай хан: Кел соңымнан, ер елім!

Мұхиттайын тереңім.

Төле бидей төбелім,

Қазыбектей беренім,

Әйтекедей кемелім!

Келешегің айқын,

Бір жағадан бас,

Бір жеңнен қол шығарып,

Ақ тудың астына жиылсын.

Ел боламыз десек,

Бас біріктіру қажет.

Жауды аяған жаралы,

Ел іргесі сөгілмесін,

Көзден жас енді төгілмесін.

Дұшпаның басынбасын,

Басымыздан сөз асырмасын.

Жақсының жағасынан алма!

Жар болсын бір Алла!

Самға, қазақ, самға!

Бұл сапарды қолдайды Алла!

ІІ жүргізуші: Содан беріде қазақ халқы өз басынан сан оқиғаларды кешірді. Қаншама алмағайып кезеңді басымыздан өткіздік. Бірақ тұтас халық ретінде бет-бейнемізді жоғалтқан жоқпыз. Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев:»Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ – тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» деп жазған болатын. Халқымыздың тәуелсіздік алуы өз тарихымызды өзіміз әділ жазуға, тарихымызды танып, көшімізді түзеуге үлкен мүмкіндіктер ашты.

Еламан:Өзіңдікі елің де,

Өзіңдікі жерің де.

Өзіңді - өзің еткен бақ –

Тәуелсіздік төріңде!

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы алғыс.

Егемендік – ел бақыты ертеңі.

О, халайық!

Құтты болсын қуаныш!.

Айқын: Қазақстан – батырлар елі, ер елі,

Бауырмалдық, достықтың елі өрелі.

Қазақстаным –

Сары жайлау,

Асқар тауларым –

Мәңгі бақи жырланып бітпес өлеңім!

Біржан: Қазақстаным – байтақ далам, пәк далам!

Халқымның салмақ, сабырлығын сақтаған.

Өресі биік, өрені жүйрік өлкемнің,

Қожасы болып туғаным - өшпес бақ маған!

І жүргізуші: Азаттық үшін болған екі жарым ғасырдан астам уақыт күрестен кейін қазақ халқы тәуелсіздікке 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол жеткізді.Тәуелсіздікті нығайту, оны әлемдік қауымдастыққа мойындату үшін Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаев үлкен еңбек сіңірді. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз қазақ елінің егемендігін қалыптастырушы, жаңа тұрпаттағы мемлекетті құрушы тұлға.  

ІІ жүргізуші: Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жасалған игілікті істерге тоқталатын болсақ, ең бастысы – Қазақстанды әлемге танытты, Семей  ядролық сынақ полигонын тоқтатты, Алаш жұртының астанасын Арқа төсіне әкеліп, ұлттық тұтастығымызды нығайтты.

Аружан:Жас мемлекеттің саяси құрылымын қалыптастыру, оны жаханға таныту, халық санасына тәуелсіздік идеяларын сіңіруде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарихымызбен мәңгілік жасайтын іргелі шаруалар атқарып, халықтың әл-ауқатының өсуіне, дербес мемлекет, жеке ұлт ретінде қазақ баласының абыройлы болуына шексіз үлес қосты.

Самат:Қазақстан – Отаным,

Қазақ тілі – қазынам.

Қазақ жері – береке,

Ырыс, бірлік – кені екен.

Бұзылмасын тыныштық,

Бейбіт өмір береке.

Марғұлан:Сүйем сені, туған ел, атамекен,

Абзал анам сенсің ғой құшағы кең.

Жер мен көктің жәннаты бір өзіңсің,

Сенен артық не табам, қайда кетем!?

Жақсылық: Республика! Ерікті ел – Қазақстан!

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.

Келді алыстан аңсатып, армандатып,

Торды бұзған мен де бір мәз болысқан.

Дамир: Беріспей батыр бабам армандаған,

Арман күн, ел-жұртына жалғанды аман.

Қаншама құрбандықпен жеткен күнді,

Әлдиле, байтақ елім, орман-далам!

І  жүргізуші: Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. 

ІІ жүргізуші: Тәуелсіздікке жету үшін  еліміз қаншама қиындықты бастан кешірді. Соның бірі желтоқсан оқиғасы.

Айгүл: 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.Сол кездегі Қзақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий  Колбинді тағайындаған.  Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұятшылдар» , «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.

І жүргізуші: Нашақор деп, ұлтшыл деп,

                        Қазаққа күйе жаққан күн

                        Базары кетіп бар күнде,

                        Қайғыға халық батқан күн

                        Әділдік пен шындықты

                        Өтірік жала еткен күн

                        Надан жасаған сұмдықтан

                        Адамдар азап шеккен күн

ІІ жүргізуші:Қасқалдақ ұшып  көлінен

                      Шүрегей келіп қонған күн.

                      Қыранды қуып көгінен

                      Қағалар билік алған күн.

                      Адал мен арсыз, аярды,

                      Айырып халық ұққан күн.

                      Саф алтындар бәз баяғы

                      Сары жез болып шыққан күн.

 

 

Көрініс: «Қазақ жастарының алаңға шығуы»

Бір топ:

Естідіңдер ме?

Бұл не масқара!

Неге халықпен санаспайды?

Қашанғы шыдаймыз?

Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған?

Ел  қамын біз ойламағанда,  кім ойлайды.

 

/сахна алдына ержүректі  желтоқсан батырлары шыға бастайды/

 

Жақсылық:          Демократияны  бұғаудан босатыңдар,

                       Әр халыққа өзінің  көсемі керек...

 

 Аружан:      Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр,

                       Көлеңкеміз. Күннен де тимейді нұр.

                       Колбин деген кім екен, қайдан келген,

                       Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

 

Ақерке:        Бұл дегенің  ҚКП-да беделдің қалмағаны,

                       Тілің құрып барады білесің бе?

 

Дәулет:        Ескерусіз дін жатыр жатыр сүресінде,

                       Қақпақ қойып ауызға , көзді байлап

Санаспайды, әй,, бұлар тегі ешкіммен

Жариялылық дегенің елес білем.

 

    Жібек:

                               Өгей қозы  біз болдық енемізге,

                               Келімсектер шықты ғой төбемізге.

                               Ақиқат жоқ, маңайың толған аңыз,

                               Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.

/ Сахнаға осы сәтте милиция мен солдаттар шығады/

 

Милиция: Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз!

\ сол сәтте сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу шығады\

 

Аружан: Бар болғаны  осы еді қылмысымыз,

Савицкий  көрген жоқ бір кісіміз.

Кейін соның қазасы танылғанда,

Аң-таң болып, қан жылап тұрды ішіміз.

Темір құрсау біздерді бүргені шын.

Мұң шағады қапаста кімге құсың.

Ақ-қараңды  тексерер  түрме деген,

Концлагерь  болды ғой біздер үшін.

Осы сәтте екі солдат бір қыз, бір жігітті алаңға  сүйреп әкеліп, тепкілеу, айқай- шу, алаң қызыл қанға боялады.

 

І жүргізуші:  1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті.Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 23 жыл өтті.Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды.Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына,ерлігіне деген тағзым,құрмет.

Ақтамберді: Міне, осы бір жан тебірентер сәтте Қазақ елінің еркіндігі, бостандық жолына бас тіккен азаматтар, туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан батырлары Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Сыпатаевтардың рухына тағзым етіп, еске алу – ұлттық парызымыз.

Айгерім: Өмір өзен толқындары бізді әйгілі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып бара жатса да жүректерде мәңгілік ұмытылмайтын қастерлі бір нәрсе бар. Ол – дүр сілкіндірген сол үш күн ішіндегі Қазақ қыздарымен мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым құрмет. Бұл аға – апаларымыздың аңсаған армандары мен үміті, тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Бір ғана өкініш бар, ол азаттық үшін жан аямай алысқан боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәттерімізді көре алмауы.

 Ендеше сол желтоқсанның оқиғаларындағы шыңдаған, боздақтардың рухын еске алайық

 (1 минут үнсіздік).

/Бейнефильм көрсету/

Ақерке: Мен қазақпын, болмысым, барымменен, 
Азаттығым үшін мен бәрін берем. 
Ұлы елімде ұлттар көп, Отан жалғыз, 
Отанымды сүйемін арымменен. 

Ырыс: Қазақстан- туған Отан, алтын бақ, 
Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап 
Қазақстан- көпті көрген қария 
Қазақстан- мейірімді ана, жер қымбат. 
Атады әлі тағы да бір таң күліп, 
Жүректерде арман отын жандырып 
Қазақстан- біздің туған ұлы Отан, 
Жайнай бер сен, жайнай бер мәңгілік! 

І жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы - бұл ерліктің тарихы, - республикадағы халқымыздың рухани жеңісі, - демократияға жол ашу, - тәуелсіздіктің алғашқы беті.  Көп ұзамай Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды.

ІІ жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентінің ҚР тәуелсіздігі жөнінде Конституциялық заңы қабылданды. ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың «1986 жылы желтоқсанға қатысқандарды ақтау жөнінде» 1991 жылы жарлығы шықты. Осыдан кейін еліміздің басшысы 17 – желтоқсанды «демократиялық жаңару» күні деп жариялады.

«Тәуелсіздік шежіресі»

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның жоғарғы кеңесі Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.

1991 жылы 10 қазанда қазақ халқының тұңғыш ғарышкері  Т. Әубәкіров ғарышка самғады.

1991 жылы  желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 98,7 % дауыспен жеңіске жетті. 

1992 жылдың 2 наурызы тәуелсіз Қазақстан тарихында  Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.

 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, елтаңбасы және әнұраны бекітілді.

1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш  «Ата Заңы» қабылданды.

1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз  енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.

1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.

1994 жылы  Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді. 30 маусымда қазақ халқының екінші қыран ғарышкері Т. Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.

1997 жылы 6 мамырда ел астанасы Ақмола қаласына көшті.

1997 жылы 11 шiлдеде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы қабылданды. Осы Заңы 4-шi бабында: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Сонымен бiрге, Үкiмет, мемлекеттiк органдар мемлекеттiк тiлдi яғни қазақ тiлiн барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы мен дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi деп көрсетiлген.

1998 жыл

 Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп жарияланды. Елбасшымыз Н.Ә Назарбаев Қазақтанның 2030 даму стратегиясын жариялады.

1999 жыл

10 қаңтар президент сайлау нәтижесінде Н.Ә Назарбаев 7 жыл мерзімге ҚР Президенті болып қайта сайланды.

2006 жы

Барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегисы қабылданды.

 2007 жыл

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы.

2012 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды

2014жылы 11 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауы жарияланды.

Анель: Біз тәуелсіз мемлекетпіз. Біздің өзіміздің Ата Заңымыз, президентіміз, рәміздеріміз, астанамыз бар. Елімізде айналымда ұлттық валюта – теңгеміз жүріп жатыр. Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Біз бақытты балалармыз, өйткені біз Қазақстандай бай, кең байтақ жерде өмір сүріп жатырмыз. Еліміз, туған жеріміз Қазақстанымыз өркендеп, гүлдене берсін! 
ІІІ.Қорытынды. 

Аружан: Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің –тірегім,

Құшағында гүл атам.

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

   Қазақ елінің бүгінгі таңда іргелі, мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосылып, ізгі ниетті адамдар назарына ілігуі оңайлықпен келген жоқ. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен Қазақ халқы ертеден-ақ үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өтті. Олар: туған елі, жері, ана тілі. Сондай-ақ еліміз озды, жеріміз жаңғырды, ана тіліміз өз мәртебесін алды. Осының бәрі – тәуелсігіміздің нәтижесі. Қол жеткен жемісі.




По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Абай жолы 1 сағат

Краткий план конспект урока "Абай жолы"...

Қасиетті Түркістан

Сабақтың масаты:Білімділік: Түркістан қаласы туралы жан-жақтымағлұмат беру, білімдерін кеңейту, жаңа сөздермен және пысықтауыштың жасалу жолдарынан алынған білімдерін жинақтау.Дамутышылық: қазақ...

16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күніне орай салтанатты жиынның сценарийі

№1 мектеп –гимназиясының 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күніне орай   салтанатты жиынның сценарийі 1жүргізуші:  Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушы...

Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!

тәуелсіздікке арналған сыныптан тыс іс-шара...

Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік

Еліміздің тарихы туралы түсінік беру, өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу, Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін...

Абай Құнанбаев өмірі, шығармашылық жолы

Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармашылық жолы туралы түсінік беру...

«Тәуелсіз елдің тірегі-жастар»

Жас ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді ояту,туған елін сүюді үйрету....