Қасиетті Түркістан
методическая разработка (8 класс) на тему

Дүйсенова Жайлыгүл Келмағанбетқызы

 

Сабақтың масаты:

Білімділік: Түркістан қаласы туралы жан-жақтымағлұмат беру, білімдерін кеңейту, жаңа сөздермен және пысықтауыштың жасалу жолдарынан алынған білімдерін жинақтау.

Дамутышылық: қазақ тілін үйренуге оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз ойларын еркін, әрі жүйелі түрде жеткізіп, шығармашылыққа балу.

Тәрбиелік: оқушыларды Отанын сүюге, тарихымызды сақтай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ әдебиеті.

Сабақтын әділ-тәсілдері: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: ҚР картасы, интерактивті тақта, компьютер, суреттер, кітаптар

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл dokument_microsoft_office_word_2.docx17.03 КБ
Файл sabak2007.pptx1.18 МБ

Предварительный просмотр:

                                                           8-класс

Сабақтың тақырыбы:Қасиетті Түркістан

Сабақтың масаты:

Білімділік: Түркістан қаласы туралы жан-жақтымағлұмат беру, білімдерін кеңейту, жаңа сөздермен және пысықтауыштың жасалу жолдарынан алынған білімдерін жинақтау.

Дамутышылық: қазақ тілін үйренуге оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз ойларын еркін, әрі жүйелі түрде жеткізіп, шығармашылыққа балу.

Тәрбиелік: оқушыларды Отанын сүюге, тарихымызды сақтай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ әдебиеті.

Сабақтын әділ-тәсілдері: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: ҚР картасы, интерактивті тақта, компьютер, суреттер, кітаптар.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  • Балаларды сабаққа дайындау, (топқа бөлу)
  • Сабақтың мақсатымен  таныстыру.
  • Балалар, әріптердің орналасу тәртібімен есімдеріңіздің алғашқы әрібімен реттесіп тұрайық.

Оқушыларды үш топқа бөлемін. Өткен тақырыптар бойынша қайталау

жұмыстарын жүргіземіз.

II Ойын «Грамматикаға саяхат» сөзжұмбақты шешу.

  1. Өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүше.

Тұрлаусыз

  1. Пысықтауыш болатын сөз табы.

Үстеу

  1. Сөйлем құрауға негізболатын мүше.

Тұрлаулы

  1. Іс – әрекеттің болу орнын, мекенін білдіретін пысықтауыш?

Мекен

  1. Сын – қимыл пысықтауыш сұрағы.

Қайтіп?

  1. Неге?, не үшін?, неліктен? сұрақтарына  жауап беретін пысықтауыштың түрі.

Себеп – салдар

  1. Ол әдейі келді. Сөйлемде пысықтауыштың қандай түрі келтірілген?

Мақсат

  1. Пысықтауыш құрылысына қарай қалай бөлінеді?

Дара, күрделі

  1. Пысықтауыш несіне қарай беске бөлінеді?

Мағынасына

        III Жаңа сабақ

Түркістан сөзі шықты. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Қасиетті Түркістан. Түркістан  сөзіне «Сөз одағы» жұмысын жүргізу. Түркістан туралы не білеміз? Ассоциация

  1. Қызығушылық ояту

        

  1. Мағынаны ашу. Инсерт белгісін қою V, +. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді балаларға таратып беремін. Белгілерін қояды: білемін, жаңа.
  2. Рефлексия. Қойған белгілер бойынша жаңалықтарын қызыл белгімен жазу.
  3. Жаңа сөздерді оқу. Кейбір сөздерге синоним құрау. Сөз тіркестерін құрастыру.
  4. Мәтін бойынша сұрақ құрастыру. Үш топ, үш абзац бойынша.
  5. 4.41 Берілген сөз тіркестерінің мағыналарын мәндес сөздермен түсіндір.
  6. 4.45 мәтініне қашан?, қайда?, қалай?, қай кезде? Сұрақтарына жауап беретін  мысал келтір.
  7. 4.46 өздерің тұратын жердегі тарихи орындар туралы әңгімеле.

VI Бекіту

Синквейн әдісі бойынша мәтіннен бір сөз алып, өлең құрастыру.

  1. Кім?, Не?    1 сөз.
  2. ~~ қандай?      2 сөз.
  3. = = = не істейді?     3сөз.
  4. Сөйлем.
  5. Синоним.

VII Үйге тапсырма «Түркістан тарихи қала» шағын әңгіме құрастыру.

VIII Оқушыларды бағалау.


Предварительный просмотр:


Подписи к слайдам:

Слайд 1

Сабақтың тақырыбы : Қасиетті Түркістан

Слайд 2

Білімділік мақсаты: Түркістан қаласы туралы жан-жақты мағлұмат беру, білімдерін кеңейту. Дамытушылық мақсаты: Қазақ тілін үйретуде оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз ойларын еркін, әрі жүйелі түрде жеткізу, шығармашылыққа баулу. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды Отанын сүюге, тарихымызды сақтай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Слайд 3

Т Ү Р К І С Т А Н Өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүше... Пысықтауыш болатын сөз табы Сөйлем құрауға негіз болатын мүше: Іс-әрекеттің болу орнын, мекенін білдіретін пысықтауыш түрін атаңыз. Сын-қимыл пысықтауыш сұрағы... Неге? не үшін? Неліктен? Сұрақтарына жауап беретін пысықтауыш түрі Ол әдейі келді. Сойлемде пысықтауыштың қандай түрі берілген? Пысықтауыш құрылысына қарай қалай бөлінеді? Пысықтауыш несіне қарай беске бөлінеді? «Грамматикаға саяхат»

Слайд 4

Түркістан I . Қызығушылықты ояту

Слайд 5

ТҮРКІСТАН - ЕКІ ДҮНИЕ ЕСІГІ ҒОЙ, ТҮРКІСТАН – ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ ҒОЙ. ТАМАША ТҮРКІСТАНДАЙ ЖЕРДЕ ТУҒАН ТҮРІКТІҢ ТӘҢІРІ БЕРГЕН НӘСІБІ ҒОЙ.

Слайд 6

Көне Түркістан

Слайд 7

Түркістан қаласының қорғаны

Слайд 8

Қожа Ахмет Иассауи кесенесі

Слайд 9

ені: 46,5 метр Кесененің ұзындығы: 65 метр

Слайд 11

Кесененің жанынан қарағандағы көрінісі

Слайд 12

АРЫСТАН БАБ КЕСЕНЕСІ

Слайд 13

Әуле Ата кесенесі Айша кесенесі Бабаджа кесенесі

Слайд 14

Абд ул-Әзиз ибн Шараф Әд-Дин құйған тайқазан

Слайд 15

Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл еліміздің өңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Орта ғасырда ( XVI – XVIII ғғ.) ол Орта Азия мен қыпшақ даласы халықтарының саяси орталығы болған. Беріде Қазақ хандығының ордасы болады. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған. 1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген. Қазір Түркістан – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барады. Бұл кесене – саулет өнерінің ең озық үлгісі. Кесене отвз бес бөлмеден және сегіз бөліктен тұрады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп аталатын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Йасауи атымен әлемге әйгілі болды. Бүгінгі Түркістан – Туристердің назарын аударып отырған қала. Мұндағы халықаралық қазақ-түрік университетінде мыңдаған жастар білім алады. Түркістан қаласында туризмнің дамуына мүмкіндіктер мол. Туризмді экономиканың бір саласы деуге болады.

Слайд 16

“+” “ v ” “?” II . Мағынаны ашу

Слайд 17

Үйге тапсырма : “Түркістан – тарихи қала” тақырыбына шағын әңгіме жазып келу.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Классный час по теме "Если я когда-нибудь стану папой или мамой, то..."

Классный час для 8-9 кл. проводится на башкирском языке....

Внеклассное мероприятие "Героями не рождаются, героями становятся"

Данное мероприятие посвящено дню Героев России, содержит материал о наших земляках, погибших в Афганской и Чеченской войнах....

Авторская педагогическая мастерская построения знаний и ценностных ориентаций по литературе “ Двух станов не боец…” (по творчеству А. К. Толстого)

«Мастерскую «Двух станов не боец» можно проводить в 10 классе перед изучением творчества Тютчева и Фета для создания целостной картины художественного мира русской поэзии середины 19 века. По пр...

Көпұлтты Қазақстан. Қазақстан қалалары. Мыс-тас тас ғасыры ( энеолит)

Қазақстанның көпұлттылығы және қалаларының тарихы, мыстытас ғасырының ерекшеліктерімен таныстыру; Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту; Оқушыларды ұлтжандылыққа, бірлікті сақтауға тәрбие...

Көпұлтты Қазақстан. Қазақстан қалалары

Қазақстанның көпұлттылығы және қалаларының тарихы, Оқушылардың   есте сақтау  қабілетін дамыту; Оқушыларды  ұлтжандылыққа, бірлікті сақтауға тәрбиелеу, әдемілікке баулу....

"Тәуелсіздік жолы – қасиетті жол"

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын                  қалыптастыру. Оқушылард...