Абай Құнанбаев өмірі, шығармашылық жолы
классный час (9 класс) по теме

Макажанова Назгул Ахметовна

Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармашылық жолы туралы түсінік беру

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon a.kunanbaev_omiri_shygarma.k_zholy.doc34.5 КБ

Предварительный просмотр:

Класы: 9 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:  А. Құнанбаев өмірі, шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларды Абайдың өмірбаянымен, шығармашылық жолымен қосымша мәліметтер арқылы кеңірек таынстыру;

ә) тәрбиелік: тілалғыштыққа, адагершілікке баулу;

б) дамытушылық: оқушылардың танымдық көзқарасын, жүйелі сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту.

Сабақтың типі: дәстүрден тыс интерактивті

Оқытудың әдіс – тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: портрет, шығармалар жинағы интерактивті тақта, кеспелер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
  • Оқушылармен сәлемдесу
  • Класты түгендеу
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  1. Үй жұмысын тексеру:

Ауызша сұрақтар қою арқылы өткен сабақты, яғни Ыбырайдың өмірі мен шығармаларын  еске түсіру.

«Жаз», «Азған елдің хандары» өлеңдерін талдау.

Кепе қағаздары:

  1. «Балғожа бидің баласына жазған хаты» өлеңіне талдау жасаңыз.
  2. «Атымтай жомарт» әңігімесінің  негізігі түйіні не? Жомарттық дегенді қалай түсінесің?
  3. «Бақша ағаштары» әңгімесінің идеясы не? Сенің ата-анаң не ұстаздарың тәрбие беріп жатқанда тыңдамай, теріс айналған кезің болды ма?
  4. «Әке мен бала» әңгімесіне 5 жолды өлең құра.

Ыбырайдың өлеңдерін жатқа сұрау.

Жаңа сабақ.

1-слайд: Абай Құнанбаев

           (1845-1904)

Асыл сөзді іздесең

Абайды оқы, ерінбе

Адамдықты көздесең

Жат тоқып ал көңілге.

                            С. Торайғыров    

Абай өскен орта мен Абай нәр алған  үш арна:

  1. Халық ауыз әдебиеті: «Қобыланды батыр», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Жұпар қорығы», «Еділ - Жайық».
  2. Шығыс әдебиеті: Фирдоуси, Науаи, Низами, Сағди, Шәмси шығармалары.
  3. Орыс және батыс әдебиеті: Л.Н.Толстой, Е.П.Михаэлис, Лермонтов, Крылов, Пушкин, Некрасов, Герцен, Добролюбов, Чернышевский, Шекспир, Байрон,  Гете, Дюма.

   Абайдың шәкірттері: Шәкәрім, Көкбай, Әсет, Әріп, Тұрағұл, Мағауия, Кәкітай, Уәйіс.

   Құнанбайдың әйелдері мен балалары: Күңке, Ұлжан, Нұрғаным, Айғыз – Құдайберді, Тәкежан, Абай, Оспан, Ысқақ, Халиолла, Ысмағұл.

   Абайдың әйелдері мен балалары: Ділдә, Әйгерім, Еркежан – Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия, Күлбадан; Тұрағұл.

   Абайдың балалары : Ақылбай мен Тұрағұлдан тараған ұрпағы.

Сабақты бекіту:

Үйге тапсырма:

         Абайдың өмірі мен шығармашылық бастайлары жөнінде газет-журналдардан, оқулықтан тыс еңбектерден мйлімет жинау.

Бағалау.