Ғабит Мүсіреповтың шығармашылығымен танысу.
учебно-методический материал (10 класс) по теме

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтың

                                                       шығармашылығымен танысу.

Сабақтың  мақсаты:

                                1. Ғ.Мүсіреповтың  шығармашылығы және

                                   оның өзіндік   шеберлігін таныту; әңгімелерінің   

                                   мазмұнын ашумен бірге кейіпкерлердің сипатын сан  

                                   қырынан талдай отырып, оларға түрлі көзқараста баға  

                                   беруге үйрету;

                                 2. оқушыларды сөйлеу  мәдениетіне, дәлелді пікір айтуға,

                                     зерттеушілікке, өзінше ой түюге, шығармашылықпен

                                     жұмыс істей білуге үйрету, коммуникативтік                                   

                                     құзырлығын   дамыту;

                                 3. жазушының өмір жолын, шығармаларының идеялық   

                                    мазмұнын ұғындыру арқылы мейрімділікке, ерлікке,  

                                    елін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық, ізденіс – зерттеу сабағы.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: топпен жұмыс, танымдық ізденуші, алдын-ала тапсырма беру, талдау, зерттеу әдістері, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: геграфия, тарих.

Сабақтың көрнекілігі: жазушының портреті, көрме, интерактивный тақта.

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon sabak_zhospary_2010.doc45.5 КБ

Предварительный просмотр:

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтың

                                                       шығармашылығымен танысу.

Сабақтың  мақсаты:

                                1. Ғ.Мүсіреповтың  шығармашылығы және

                                   оның өзіндік   шеберлігін таныту; әңгімелерінің  

                                   мазмұнын ашумен бірге кейіпкерлердің сипатын сан  

                                   қырынан талдай отырып, оларға түрлі көзқараста баға  

                                   беруге үйрету;

                                 2. оқушыларды сөйлеу  мәдениетіне, дәлелді пікір айтуға,

                                     зерттеушілікке, өзінше ой түюге, шығармашылықпен

                                     жұмыс істей білуге үйрету, коммуникативтік                                    

                                     құзырлығын   дамыту;

                                 3. жазушының өмір жолын, шығармаларының идеялық  

                                    мазмұнын ұғындыру арқылы мейрімділікке, ерлікке,  

                                    елін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық, ізденіс – зерттеу сабағы.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: топпен жұмыс, танымдық ізденуші, алдын-ала тапсырма беру, талдау, зерттеу әдістері, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: геграфия, тарих.

Сабақтың көрнекілігі: жазушының портреті, көрме, интерактивный тақта.

Сабақтың тақырыбы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  1. Оқушылармен сәлемдесу, дайындықтарын тексеру, сабаққа бейімдеу.
  2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
  1. Оқушылар енді, өткенді еске түсіріп, әдебиеттен алған білімдерімізді жүйелеп, қайталау мақсатымен        

        «Еске түсірейік» ойыны ойналады.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылық жолына хронологиялық кесте бойынша мәлімет беру. (оқушылар  алдын-ала берген тапсырмаға дайындалып, айтып береді). 

                                   1.Хронологиялық кесте

Өмір жолы  

 «Қазақ совет әдебиетінің аспаны кең. Жарқырап көрінетін жұлдыздар да көп, сол жұлдыздардың ең сұлуы, ең нәзігі, меруерттей жалтырап көрінетіні – Ғабит жұлдызы дер едім»,

                                                                      Тұманбай Молдағалиев

Ғ.Мүсірепов 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жаңа жол» ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Ауыл молдасынан оқып, ескіше хат таниды. Жастайынан ауыз әдебиетімен сусындап өскен.

(«Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр», «Ләйлі- Мәжнүн», «Көроғлы», «Зар- құм», «Шахмаһран»). 1916  жылы Қостанай уезінің Обаған болысындағы екі сыныптық орыс мектебіне оқуға түседі. Ғабиттің ұстазы- қазақтың белгілі педагог ақыны- Бекет Өтетілеуов болды. Бұл мектепті бітірген соң, болашақ жазушы Пресногорьковтегі жоғары бастауыш училищеге түсіп, 7 жылдық мектеп көлемінде білім алады.1923 -1926 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетінде оқиды.Рабфакта оқып жүргенде ол орыс және әлем әдебиетінің классикасымен танысады- Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов, Салтыков- Щедрин, Толстой, Чехов, Горький.  Рабфакты бітірген соң, Омбы ауыл шаруашылығы институтында оқиды. 1930 жылдан бастап әдеби шыңармашылықпен айналысады. 1956-1966 жылдары «Ара- Шмель» сатиралық журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы қызметтерін атқарады.  Ол Жапония, Египет, Алжир, Италия т.б. көптеген елдерді аралап, көп ұлтты совет әдебиетін насихаттауда мол еңбек сіңірді.Ғ.Мүсірепов – ел құрметіне бөленген әйгілі академик- жазушы ғана емес, ол көрнекті қоғам қайраткері.

Жазушы 1985 жылы дүние салды.

    2.Хронологиялық кесте

       Проза саласындағы еңбектері  

               «Ғабит Мүсірепов өзін де, өзгені де қайталамайды» 

                                                             Тәкен Әлімқұлов

        III.  Жаңа сабақ.

     Мұғалімнің кіріспе сөзі. Міне, біз Ғ.Мүсіреповтың өмірі мен жалпы еңбектеріне тоқталып еске түсірдік.

«Мүсірепов болса қашанда таңдануға лайық тұлға!» - деп,

Әбдіжәміл Нұрпейісов айтқандай Ғ.Мүсірепов сөз өнерінің зергері. Оның  ерекше сүйіп жырлаған тақырыбы- ана тақырыбы. Жазушыға тән деталь ойнату, символ қолдану ана туралы әңгімелерінде анық байқалады. Ана туралы цикл-  Ақлима, Қапия, Нағима, Наталья бейнелері ел рухының асқарлығын паш етіп, адамгершілікті қастерлейді. Бұл әңгімелер  топтамасы қазақ әдебиетінде ерекше орын алады  Мүсірепов бейнелеген ана – қазақтың анасы- кәдімгі қазақ даласында өскен: Қапия, Нағима, Ақлималар. Өздері де, сөздері де өткір, өктем. Осы  аналар бейнесі ел руының асқақтығын паш етіп, адамгершілігін қастерлейді. Жазушы осы, ана тақырыбындағы туындылары арқылы аса қайратты, қуатты әйел тұлғасын жасады, ана махаббатының жеңімпаз рухын асқақтата әспеттеді. Жыртқыш аң, долы табиғат, жауыз да, батыр да ана жүрегінің алдында бас иеді.

  1. Шығармашылық жұмыс.

Қосымша әдебиеттерден   оқушылар  Ғ.Мүсіреповтің әңгімелерінің қысқаша мазмұнын айтып,  сол әңгімеге сатылай кешенді талдау жасайды.

      Әдеби шығарманы сатылай кешенді   талдау

1. Авторы

2. Тақырып- бұл өнер туындысының іргетасы.

   Әдеби шығарма дегеніміз – белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі.

3. Әдеби жанр:

   Эпос – бұл өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.

4.Эпикалық жанр түрі.

   Әңгіме – бұл алдымен, көлемі шағын, әдемі дүние, жауынгер, ұшқыр өмір құбылыстарына шұғыл үн қосқыш. Оқушысын тез тапқыш, өткір, икемді, сүйкімді жанр.

5.Шығарманың негізгі идеясы- бұл тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді.

6. Шығарманың композициялық құрылысы- шығарманың композициясы сюжеттік дамудың  кезең – кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе.

7. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі:

 7.1. Жағымды

7.2. Жағымсыз

8. Әдеби теориялық ұғымдар:

 а) Кейіптеу- жансызға жан бітіре суреттеу.

 ә) Метаффора немесе ауыстыру- сөз мәнін өзгертіп айту.

б) Аллегория – дерексіз нәрсені деректі нәрселерге айналдыру.

в) Метонимия - өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану.

г)Синекдоха –бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны қолдану.

ғ) Ирония –келемеждеу, кекету.

д) Гипербола-үлкейту.

ж) Эвфемизм- сыпайы сөйлеу.

з) Дисфемизм- дөрекі сөйлеу.

9. Тәрбиелік мәні.

  1. Қорытынды .

 Ғ.Мүсірепов туралы ақын- жазушылардың айтқан сөздеріне тоқталып кетейік.

  1. Үй тапсырмасы.

Тапсырма үш деңгейде беріледі.

   III деңгей

1.Ғ.Мүсірепов әңгімелерін қандай тақырыптарға бөлуге болады.

   II деңгей

  1. Ғ.Мүсіреповтің әйел-ана тақырыбында жазылған шығармаларындағы өзіндік стиль ерекшелігі қандай?

 I деңгей

  1. Ғ.Мүсіреповтің әйел-ана тақырыбына өзіңнің көзқарасың.

  1. Бағалау .


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Эссе "Портрет молодого Абая"

Эссе "Портрет молодого Абая"          Передо мной лежит открытая книга с портретом молодого Абая. Вглядитесь в работу художника! Сколько труда вложил А.Кастеев в свою картину!...

Абай Кунанбаев

Абай Кунанбаев - великий сын казахского народа, поэт, философ. Он боролся за ликвидацию безграмотности и сделал всё возможное,чтобы казахский народ влился в мировую цивилизацию.Переводил произведения ...

Абай Құнанбаев сын есім

план конспект урока...

Абай жолы 1 сағат

Краткий план конспект урока "Абай жолы"...

Ғабит Мүсіреповтың шығармашылығымен танысу.

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтың ...

«Абай мұрасы – халық қазынасы» (Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына әдеби әуенді кеш)

Егемен ел, өркениетті ұлт санатына қосыламыз  десек, әр қазақ азаматы Абай сөзін танып-білмек парыз. Оны ана сүтіндей бойымызға да, ойымызға да сіңіріп өспек керек.Жас оқырманды ұлы данышпан Абай...