Абай Құнанбаев «Қыс» өлеңі
план-конспект урока

Ақын өмірінен түсінік бере отырып ,өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу, өлеңді талдау, талқылау арқылы қорытынды жасауға үйрете отырып, шығармашылық қабілеттері мен  коммуникативтік дағдыларын арттыру және оқушыларды автор туралы мәліметтер жинауға үйрету.

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл zhana_bilimdi_ashu.docx879.76 КБ

Предварительный просмотр:

Жаңа білімді ашу

Пәннің аты

Әдебиеттік оқу

Сынып

2

Сабақтың типі

Жаңа білімді ашу

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаев «Қыс» өлеңі

Сабақтың мақсаты

Ақын өмірінен түсінік бере отырып ,өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу, өлеңді талдау, талқылау арқылы қорытынды жасауға үйрете отырып, шығармашылық қабілеттері мен  коммуникативтік дағдыларын арттыру және оқушыларды автор туралы мәліметтер жинауға үйрету. 

Сабақтың міндеттері

Көркем шығарманы талдау қабілетін жетілдіру; жұмыстың мағынасын ашу, зерттелетін материалдағы басты, маңызды нәрсені бөліп көрсету, мәтін жоспарын құру дағдыларын қалыптастыру; саналы, мәнерлі, еркін оқу дағдыларын дамыту; аналитикалық-синтездейтін ойлауды, оқушылардың артикуляциялық аппаратын, балалардың антипациясын (семантикалық болжамын), еркін есте сақтауды дамыту; оқудың жедел өрісін кеңейту; сөйлеудің коммуникативті қасиеттерін нығайту; айналадағы адамдар алдындағы жауапкершілік сезімін, зейінді, өз күшіне деген сенімді, тәуелсіз іс-әрекетке деген ұмтылысты тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

Пәндік нәтиже:

Жеке тұлғалық нәтиже:

Метапәндік нәтижелер:

Абай Құнанбаев «Қыс» өлеңі  мазмұнымен танысады; мәнін ашуға, тақырыбы мен басты идеясын анықтауға үйренеді.

Мұғалімнің басшылығымен табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Адамгершілік сезімдерін ояту, қалыптастыру

Танымдық: мұғалімнің (оқулықтың) сұрақтар жүйесіне сүйене отырып, өлеңді талдау; негізгі идеясын анықтау, оны бірлескен ұжымдық іс-әрекетте жалпылау деңгейінде тұжырымдау. Реттеуші: оқу мақсатына сәйкес оқу (еркін, мәнерлеп, рөлдер бойынша); сабақ барысында және сабақтың соңында сабақта өз жұмысына қанағаттанушылық/қанағаттанбаушылық.

Коммуникативті: өлеңді меңгеру барысында сипатталған оқиғаларды бағалау үшін қолайлы немесе қолайсыз моральдық категориялардың иерархиясын құру

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру  кезеңі . Психологиялық дайындық

Психологиялық дайындық арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, қызығушылығы оянады

Түрлі–түсті жүрекшелер арқылы топтарға бөлу. 

Жұмбақтар шешейік. Жұмбақ әдебиеттің қай түріне жатады?халық ауыз әдебиетіне басқа қандай шығармалар жатады?

1.Қыста бар да ,жазда жоқ.   Қар

2.Құлағы мен көзі жоқ,

Жоқ тіпті қол мен аяғы.

Бірақ ғажап өнерпаз,

Мәнерлеп ою ояды.    Аяз

3.Көлге жапқан қақпақ

Сіресіп тұр-

Қатты – ақ.    Мұз

4.Қанаты жоқ – ұшады.

Аяғы жоқ - желеді.

Аузы жоқ – ұлиды.   Боран

Топ ережелерін сақтау, топ басшысын, баяндамашыны сайлайды

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.



2. Сабақ тақырыбын хабарлау. Сабақтың мақсаттарын анықтау

Жұмбақтың шешуіндегі сөздер қай мезгілге қатысты айтылған? Қыс мезгілін қазақ , орыс және ағылшын тілдерінде сипаттап айтып көрейік.

-Жарайсыңдар!

-Біздің бүгінгі тақырыбымыз не туралы деп ойлайсыңдар?

 Мақсат қою. 

Бүгінгі сабақта нені меңгеруіміз керек?

Бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз: Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңі

Қыс сөзіне ассоциация

Абай туралы не біліп келдіңіздер?Автор және оның табиғат лирикасына арнаған шығармалары туралы қызықты дерек видеороликтен көрсетіледі.

Жұмбақтарды шешіп, сабақтың тақырыбын анықтайды.

3. Жазушының шығармашылығы туралы әңгіме.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абай жас кезінде - ақ ерекшеленіп, ауыз әдебиетін ертегі - аңыздарды, ескі әңгімелерді, жыр - қиссаларды ерекше ден қойып тыңдайтын болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан - жас Абайдың әдебиетке құмарлығын оятқан жандар.
Ауыл молдасынан сауат ашқан Абай 10 жасында Семейге оқуға келеді. Басында Ғабул - Жаппар, кейін Ахмет - Ризаның медресесінде білім алған Абай өте үздік оқиды. Ол осында дін сабақтарымен бірге араб, парсы тілдерін үйреніп, мүмкіндігінше мол білім алуға ұмтылып, Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Фердоуси, Хафиз, Физули шығармаларымен танысады

Бейнематериал көреді.Мұғалімді тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді

- Автордың өмірбаянын білу жазушының шығармаларын жақсы түсінуге көмектеседі.

4.Білімді өзектендіру

Оқушылардың жаңа тақырыпты өткен тақырыппен ұштастыруын және олардың белсенділігін арттыру.

Абай Құнанбайұлы. «Қыс»

Түртіп алу стратегиясы бойынша белгілеп алған түсініксіз сөздерге түсіндірме жұмысын жүргізеді.

Шидем – қой жүнінен тоқылған сырт киім

Оқушылар өлеңді оқып,мазмұнын түсіндіреді.

І топ  1- шумақ

ІІ топ  2-шумақ

ІІІ топ 3-шумақ

ІҮ топ Өлеңдегң адам бейнесінде айтылатын қысты сипаттайды.

Оқулықтағы өлеңді өз бетінше оқиды Өлең мазмұнына жалпы сипаттама береді.

Абай қысты өзіне дейінгі қалыптасқан үлгіден өзгеше адам кейпінде сипаттайды. «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды» жер мен көкті тұтас қармай, қаусырып, тықсырып келе жатқан, жағдайыңа қарамайтын, естімейтін «соқыр, мылқау» алып күш иесі елестейді. Өлеңнің алғашқы үш шумағында қыстың адам кейпіндегі іс-әрекеті сипатталып, келесі шумақтарда қазақ аулының қыстағы өмір-тіршілігі көрініс береді. Абайдың «Қыс» өлеңі – композициялық құрылымы, тілі мен суреттеу құралдары шеберлікпен үйлестірілген көркем туынды.

Әуенмен қимыл-қозғалыс жаттығулар жасайды

5.Өлеңді алғашқы рет оқу,талдау

Сатылай кешенді талдау
1. Авторы - А. Құнанбаев - қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл - философы, композитор әрі аудармашы
2. Тақырыбы - Табиғат құбылысы
3. Жанр түрі - өлең. Бұл өлең табиғат лирикасына жатады. Себебі, ақын табиғаттың қытымыр қаталдығына қарсы тұруын өз көңілі, сезімі арқылы білдіреді.
4. Идеясы дегеніміз - ақынның айтар ойы мен мақсаты. Өлеңнің идеясы - қыс мезгілінің ерекшелігі.

5.Шумақ  -3 шумақ (6)

6.Тармақ – 12   (24)

7.Буын,бунақ саны-11 буынды , 3 бунақ

8.Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы

9. Көркемдегіш тәсіл -кейіптеу

 Өлеңді сатылай кешенді талдайды

6. Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел соғады.

Төбемізде көп құстар

Биік-биік ұшады.

Оқушылар орындарынан тұрып, сергіту сәтін орындайды.

7.Шығармашылық тапсырмалар орындау

1-топ  Өлеңнің бір шумағын қарасөзге айналдыру

2-топ Каллиграмма (Сөзбен сурет салу) Абай Қыс сөздеріне өлеңге арқау болған тірек сөздерді тауып,жазу арқылы сурет салу.

3-топ Қалдырылып кеткен әріптер мен сөздерді қойып , өлең шумағын дұрыс құрастыру.

4-топ  Қыс туралы бір шумақ өлең құра

Шығармашылық тапсырмаларды орындайды. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Өз ойларын баяндайды.

8. Топпен жұмыс

1-ші топ – қыстың суретіне қарай отырып қыстың адамға зиянын жазыңыздар, ал 2-ші топ, адамға қандай пайдасы бар екенін жазыңыздар.  

Оқушылар тапсырмаларын орындап, бір-бірін тексереді, талқылайды

9. Сабақты бекіту

- Өлеңнен не түйдіңіздер?
-Табиғат лирикасы деген не екен?
- Кейіптеу деген не?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауаптарын беріп, өз ойларын дәлелдейді.

10. Рефлексия

– Балалар, бүгінгі сабақ туралы не айтасыздар?

– Бүгінгі қойған мақсаттарыңызға жеттім деп ойлайсыз ба?

 Бүгінгі сабақта нені меңгердіңіз?

– Әсіресе не есіңізде қалды?

– Сізге қандай тапсырмалар қиындық туғызды, не үшін?

 – Өз жұмысыңызды, достарыңыздың жұмысын, сынып жұмысын бағалаңыз.

 – Сабақта өзіңізді қалай сезіндіңіз

Сабақтан алған әсерлерін, нені меңгергендерін айтады. Өз өздерін бағалайды.

IX.Үй жұмысы

Өлеңді жаттау, сурет салу


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Эссе "Портрет молодого Абая"

Эссе "Портрет молодого Абая"          Передо мной лежит открытая книга с портретом молодого Абая. Вглядитесь в работу художника! Сколько труда вложил А.Кастеев в свою картину!...

Абай Кунанбаев

Абай Кунанбаев - великий сын казахского народа, поэт, философ. Он боролся за ликвидацию безграмотности и сделал всё возможное,чтобы казахский народ влился в мировую цивилизацию.Переводил произведения ...

Абай Құнанбаев сын есім

план конспект урока...

Абай жолы 1 сағат

Краткий план конспект урока "Абай жолы"...

Абай Құнанбаев өмірі, шығармашылық жолы

Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармашылық жолы туралы түсінік беру...

«Абай мұрасы – халық қазынасы» (Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына әдеби әуенді кеш)

Егемен ел, өркениетті ұлт санатына қосыламыз  десек, әр қазақ азаматы Абай сөзін танып-білмек парыз. Оны ана сүтіндей бойымызға да, ойымызға да сіңіріп өспек керек.Жас оқырманды ұлы данышпан Абай...