Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!
материал (9 класс) на тему

Садыкова Асель Нурлановна

тәуелсіздікке арналған сыныптан тыс іс-шара

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл tuelsizdik.docx23.65 КБ

Предварительный просмотр:

Солтүстік Қазақстан облысы

Ғ. Мүсірепов атындағы аудан

Калинов орта мектебі

Садыкова Асель Нурлановна

Тақырыбы: «Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!» 

Мақсаты:

1.        Еліміздің тәуелсіздік шежіресінен түсінік беру, тәуелсіздік алып жеткен жетістіктермен таныстыру

2.        Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту

3.        Өз елін, жерін сүйетін, елінің өсіп өркендеуіне өз үлесін қосатын, елін мақтан тұта білетін азамат тәрбиелеу, шығармашылыққа баулу.


Мұғалім: Сіздерді алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 
Бұл күндері Қазақстан өзінің ең басты мейрамы – Тәуелсіздік күнін атап өтуде 
1991 жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. 
Бұл мереке – ұлы мереке, шын мәнінде ұлы мереке. Ежелден қазақтын ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Мұнан 22 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы – Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан даланың мына дархан төсін қанымен, терімен суарған ата бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі дейміз. 

Бүгінгі шарамыз ҚР Тәуелсіздік күніне арналған.


Ақталған ақ арманы, үміттері,                                                                                                                                                 Қашан көрсең жүреді күліп тегі.                                                                                                                    Қаумалаған ағайын, аманбысың,                                                                                                              Аманбысың сайыстың үміткері.- дей отырып ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз!

Шын жүйрік шабысымен танылады,                                                                                                             Нақты білім, терең ой сыналады.                                                                                                                                           Баға берер әділқазы ортамызда,                                                                                                                                                         Сіздерге құрметпен қол соғылады-дей келе сайыскерлерімізге әділ баға беретін әділқазылар алқасын атап кетейік.

Сайыс 6 кезеңнен тұрады: 1-кезең – «Бәйге», 2- кезең – «Полиглот», 3-кезең – «Кім жүйрік?», 4-кезең – «Құпия сандық», 5-кезең – «Көрерменнен көрімдік», 6-кезең - «Талапкер».

Ойыншылардың жауап беру ретін жеребе бойынша анықтайық.(асықтар)

1-кезең «Бәйгенің» шарттарын түсіндіріп кетейін. Әр сайыскер өзіне ұнаған ұяшықты таңдайды және сол ұяшықтағы жасырылған тест сұрағына жауап беруі керек. Дұрыс жауап- 1 ұпай.


2-кезең “Полиглот”
 . Мұнда сайыскерлер   кеспе қағаздарындағы мақал-мәтелдерінің тиісті сөзін қойып, оны орыс, ағылшын тіліне  аударады. Жауабын тапса- 1 ұпай, орыс тіліне аударса – 2, ағылшын тіліне де аударса – 3 ұпай беріледі.

1. ...  адам – ормансыз бұлбұл. (Отан, Родина, homeland)

2. Атадан жақсы ұл туса,

Есіктегі басын төрге сүйрер.

Атадан ... ұл туса,

Төрдегі басын жерге сүйрер. (жаман, плохой, bad)

3. ... тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады. (тіл, язык, language)

4. ... көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.(досы, друг, friend)

5. ... өссе елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі.(қыз, девочка, girl)

6. ... сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді. (сөз, слово, word)

7. ... – кеме, білім – теңіз. (мектеп, школа, shool)

8. ... сүті бой өсіреді,

    ... тілі ой өсіреді.     (ана, мать,mother)9. Кітап – ғылым, тілсіз ... .  (мұғалім, учитель,teacher)

10. Балалы ... – базар,

      Баласыз ...  – қу мазар.  (үй, дом, home -house)

3- кезең «Кім жүйрік?» . Оқушылар сұрақтарға бірінші болып ,дұрыс жауап берулері тиіс. Дұрыс жауап- 1 ұпай.

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)

2. Киіз үй неден жасалады (киізден)

3. “Мен“ қай сөз табы (есімдік)

4. Қазақстан туы қандай түсті?(көгілдір)

5. Табыс септігінің сұрағы?(кімді? нені?)

6. Қазақстан Республикасының қандай рәміздері бар? (ту, әнұран, елтаңба)

7. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)

8. “Төрт” сөзінде неше буын бар? (1)

9. Тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков

10. Әнұранның сөзін жазған кімдер? (Ж.Нәжімиденов, Н.Назарбаев)

11.Реттік сан есімді ата. (бірінші)

12. Оқу жылы қай мезгілде басталады? (күзде)

13. Отырар қалсының көне атауы. (Фараб)

14. Немеренің баласы. (шөбере)

15. Бие сүті қалай аталады? (қымыз)

4-кезең «Құпия сандық».

Ойыншыларға  қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру мақсатында 9 алфавиттік жұмбақ ұсынылады.

1.Тұзда бар,суда жоқ.

Мұзда бар,буда жоқ.             (ұ)

2.Гауһарда бар,гүлнарда жоқ.

Жауһарда бар,сәуледе жоқ. (һ)

3.Үйде бар,шиде жоқ.

Күйде бар,биде жоқ. (ү)

4.Қазда бар,үйректе жоқ.

Құрда бар,шілде жоқ. (қ)

5.Дәнде бар,елде жоқ.

Сәнде бар,селде жоқ. (ә)

6.Бірде бар,үште жоқ.

Екіде бар,бесте жоқ. (і)

7.Қарғада бар,сауысқанда жоқ.

Тоғайда бар,аққуда жоқ. (ғ)

8.Шөлде бар,далада жоқ.

Көлде бар,теңізде жоқ. (ө)

9.Қайсы әріп қасарып,

Көнбейтін болуға бас әріп? (ң)

5-кезең  «Көрерменнен көрімдік».

Топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді алып қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді.
мұғалім, арыстан, комбайн, даяшы, мысық, компьютер

6-кезең «Талапкер».  Әр қатысушы  «қазақстандықтар» сөзінен бірнеше сөздер құрайды. Қанша сөз – сонша ұпай.

(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын т.б.


Әділқазылар шешімін тағайындағанша «Көк тудың желбірегені» әнін бірге шырқайық (видео - ролик жүреді)



Қорытынды. 
Тәуелсіздік күні – қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні. Егемендік алғанан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі етті. Бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Жер бетінде әрқашан достық пен келісім орнап, еліміздің болашағы жарқын болсын. Тәуелсіздік күнінің қарсанында біз барша Қазақстан халқын қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған осы айырықша мерекемен құттықтаймыз.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күніне орай салтанатты жиынның сценарийі

№1 мектеп –гимназиясының 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күніне орай   салтанатты жиынның сценарийі 1жүргізуші:  Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушы...

Қазақстан табиғаты. Табиғи байлықтар. Жаңа тас ғасыры (неолит).

Табиғат байлықтарының түрлерімен, адамзаттың неолитте ойлап тапқан жаңалықтарымен таныстыру; Оқушыларды жаңашылдыққа баулу; Табиғат құндылықтарын сақтай білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу....

Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік

Еліміздің тарихы туралы түсінік беру, өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу, Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін...

"Тәуелсіздік жолы – қасиетті жол"

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын                  қалыптастыру. Оқушылард...

Класс сәғәте “Минең ғаиләм-минең байлығым”.

Уҡыусыларҙы ғаилә,генеология ,нәсел ағасы һүҙҙәренең мәғәнәләренә төшөндөрөү, балаларҙы үҙҙәренең шәжәрәһен төҙөргә өйрәтеү....

Башҡортостан байлыҡтары. Һорау һөйләм. дәрес 4 класс

Был дәрестә Башҡотостандың байлыктарын өйрәнеү темаһы буларак дәрес-сәйәхәт. Темала илебеҙҙең иҫтәлекле урындары һәм байлыҡтары тураһында һүҙ бара....

«Тәуелсіз елдің тірегі-жастар»

Жас ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді ояту,туған елін сүюді үйрету....