Құрманғазы күйлерінің жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы

Калиев Марат Каменович

Баяндама

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon kazaktyn_klassikalyk_dsturli_muzykasy.doc54.5 КБ
Реклама
Онлайн-тренажёры музыкального слуха
Музыкальная академия

Теория музыки и у Упражнения на развитие музыкального слуха для учащихся музыкальных школ и колледжей

Современно, удобно, эффективно

Посмотреть >


Предварительный просмотр:

           Қазақтың классикалық дәстүрлі музыкасы - телегей-теңіз ғажайып руха

ни мұра. Ол ата-бабаларымыз жасаған көшпелі мәдениеттің құндағында дүние

ге келіп,біздің өмірімізбен біте қайнасып, 20-ғасырда да ілесіп жүрді.Ол бір ғасырға жуық біздің урбанизацияланған мәдениетіміздің жаңа кезеңінде өзі

нің айрықша келбетін,қайталанбас құндылығын аша түсті.Заманымызға Боғда

мен Ұзақ ,Дәулеткерей мен Құрманғазы, Қазанғап пен тәттімбет, Абыл мен

Адай,Байсерке мен Мәмен, Түркеш пен Сейтек,Дина мен Сүгір сынды кемең

гер күйшілер арқылы жеткен ұлттық домбыралық классикамыз, бұл-бүкіләлем

дік қазына.Бізге ата-бабаларымыздан мирасқа қалған,тарту етілген ұлы сыйлы

ғын ерекше құрметтеп ,асқан жауапкершілікпен дамытудың міндеті жүктел

ген.

      Қазақ мәдениеті 20-ғасырда үлкен бетбұрыс кезеңді бастан өткерді.Мәде

ни өмірімізде жаңа музыкалық бағыттар- европаланған оркестрлік,эстрада-

лық,қазіргі кезде поп музыка тұрмысымызға дендеп еніп келеді.Осындай сан-

салалы музыкалық дүрмекте,тыңдаушысы мен әуезі де сан құбылған стиль арасынан, мәдени таңдауы әрқалай заман тыңдарманы жүрегіне жол тапқан-

ғасырлар бойы сұрыпталып, сүрленген классикалық күй өнері, қас пен көздің арасындағы жалған дүниедегі бір сәттік жылтыраққа алданбаудың рухани тіре

гі , көркемдік мұратына айналды.

      Күй өнері – шексіз өнер.Оны түсіну,игеру адамзат мәдениеті қанша жасаса

сонша кезеңде жалғасып отырады.Күй өнерін 20-ғасырда қазақ және орыс ға

лымдары зерттеп, өздерінің симфониялық және опералық шығармаларында ке

ңінен пайдаланған.Күйдің өз тыңдаушысы,оны жанымен ұғып бағалайтын

өнерсүйер қауымы баршылық және олардың көкжиегі кеңейе түсуде.Қазақ күйі қазір өз отаны - қазақ  даласының шеңберінен шығып, шет елдердің сах

наларында да шырқалуда.Десек те, қазір біз домбырашылық дәстүр дамуының

аса күрмеулі әрі батпандай жүк артатын жауапкершілік кезеңіне келдік.Дәс

түрлі музыкамыздың классикалық даму кезеңі 20-ғасырдағы социалистік қай

та құру,бетбұрыс кезеңіне байланысты үзіліп кетті.Күй өнері түрлі тұрпайы әлеуметшілік қолдан жасалған еуроцентршілдік ағымдар ықпалымен өзінің көне заманнан қалыптасқан жолынан бұрмалана бастады.20-ғасырдағы домбы

ралық классиканы пайдаланып әртүрлі,қисынсыз эксперимент пен тәжірибе

лерге бару-ансамбльдік орындау,оркестрге арнап өңдеу, мектептегі оқытуға

арналған жеңілдетілген нұсқасын жасау,поп музыка стиліндегі баламалар –

бәрі де дәстүрлі күй өнерінің қайталанбас құндылығын,оның тек жеке адам-

ның ғана орындауына арналғандығын дәлелдей түсті.

      Қазіргі заманға музыкалық өмір күйлердің әртүрлі нұсқадағы үндерімен толған.Олардың кейбірі әдейі,белгілі бағыт-бағдармен қолдан жасалған болса

кейбірі өмір ағымымен өзінен-өзі туындаған.Күйдің жеке домбырашы ғана жеткізе алатын өзіндік ерекше қырларын оркестрде орындау мүмкін болмаған

дықтан,оның оңтайланған мектепте оқытуға арналған жеңіл көшірмесі пайда

болды.Күй қазір поп музыка ағымымен құр дыбыс,жеңіл даңғаза дүрмек буын

бастан кешіруде.Бүгінгі таңдағы домбырашылардыоқытып-үйрету, бұрынғы   дай құлақпен естіп,көкірекпен қабылдау емес,нота бойынша жүргізілетіні бел

гілі.Ал, ылғи да күйдің ең үздік нұсқасы нотаға түседі деуге тағы негіз жоқ.

Нотаға түскен көптеген шығармалар музыканың шынайы дыбыстық астарын бере алмайды.Ал, ол дегенің күй мәдениетінің оңайланған,бұрмаланған нұсқа сына түсудің тағы бір жолы.

        Өкінішке орай, күйлердің өзгертілген осы түрлері қоғамдық талғамға ақау түcіріп, тыңдаушылар мен жеке орындаушылар үшін ең бір таңдаулы эталонға айналып бара жатыр.Егер классикалық  күй өнерін бұлай бұрмалау, бұзып орындау алдағы уақытта да жалғаса берсе, онда біз таяу уақытта заман дастарымыздың орындауындағы шынайы, мөлдір әрі ғажайып күйлерді тың дай алмайтын болармыз.Болашақ ұрпақ алдындағы бізге жүктелген міндет,

оларға ұлы күйші-композиторлардың өздеріне ғана тән стильдегі үздік күй нұсқаларын сақтап жеткізу болмақ.Ол дегенің-Қазақстанда 20-ғасырдың бірін

ші жартысында классикалық дәстүрде тәрбиеленіп,өсіп шыққан музыканттар

орындауындағы өзінің мөлдірлігін сақтаған күйлер.Өкінішке орай,олардың орындауындағы аудио жазылымдар тек түрлі мұрағаттар мен қорларда ғана

сақталған.Күйлердің осы нұсқалары зерттеушілер үшін қолы жететін ашық болумен қатар,жас домбырашыларды оқытып-үйретуде басты негізге айна

лып,қазіргі заманғы тыңдаушыны тәрбиелеуге де қызмет етуі керек.

         Құрманғазы 1889 жылы 71-ге қараған шағында дүние салған.Содан бері

ғасырдан артық  уақыт өтті.Бірақ,осынша уақыттың ішінде оны өз халқына танылып үлгерді деп айту қиын.Уақыт озып,күйшінің қара нар тұлғасы алыс

таған сайын,жұмбағы мен тылсымы біз үшін молая түсетіндей.ол туралы бізге

жеткен жазбаша дерек те өте аз.Әр кезде әркім айтқан бір-екі ауыз пікір ғана.

Күйшінің өмір бойы қуғын-сүргінде жүргені белгілі.Исатай мен Махамбетке

ергенін білеміз.Мінеки,осы азғантай деректің маңында тиянақталған күйшінің

ғұмырнамасы біздің қолымызда.Бұрынғы-соңғы қазақ мәдениетінің негізін қа

лап,шырағын жаққан тұлғалар,осы біздің ғылыми машығымызда жазбаша

дәстүрдің кенже қалғандығының себебінен аттары көмескіленіп аңызбен аста

сып кеткен Құрманғазының өмірі туралы жазылған келте ғұмырнаманы оқы

ғанда көкірегіңді осындай өкініш сезімі билейді.

          Барға қанағат! Қолымызда күйшіден қалған асыл дерек-оның күйлері.Кө

зі қарақты,білікті адамға осының өзі ұшан-теңіз үлкен қазына.Құрманғазының

басты жетістігі-күй өнеріндегі эпикалық дәстүрді өзінің заңды ұшығына шыға  руы.Зерттеушілердің айтуына қарағанда Құрманғазы домбырадағы «үлкен са

ға» деп аталатын буынды орнықтырып кеткен.Құрманғазы арғы-бергі күй та рихынан өзіне дейінгі күй мұрасынан мол мағлұматы бар эрудит композитор

болған.Ол сол кездегі домбыраның аясына қазақ күйінің ендігі симайтынын

анық бағамдаған.Яғни,үлкен саға-үлкен рухани қажеттіліктен туындаған көр

кемдік жетістік.Күйші екі бағытты ізденіс жасаған.Біріншісі-қазақ күйінің дәс

түрлі мүмкіндіктерін кемелдендіру,жетілдіріп барып сарқа пайдалану, екінші

сі-күйде жаңа тиянақ,жаңа дәстүр қалыптастыру.Осы бағыттың соңғысы күй

ші шығармашылығынан кеңірек көрініс тапқан.

        «Ақбай», «Кішкентай», «Көбік шашқан», «Кісен ашқан», «Түрмеден қаш

қан», «Төремұрат», «Сарыарқа», «Серпер», «Саранжап», «Машина», «Бозшо

лақ» күйлерінің әрқайсысы қазақ музыкасы мәдениетінде бұрын-соңды кездес

пеген ерекше сымбатымен дараланады.Құрманғазы шығырмашылығында ілкі орта ғасырларда қазақ күйінде елес бастаған нышандар қалыптасып,үлкен көр

кемдік заңдылықтарға айналды.Мысалы батырлық,ерлік туралы шығарылған

күйлердің ішінде,қазақ күй мұрасында «Ақбаймен» шеңдесетін күй табу өте

қиын. Күй қай жағынан алсаңыз да өзінің кемел бітімімен көзге түседі.Негізі

нен бастан-аяқ өзгермейтін ырғаққа құрылатын,екпіні шым-шымдап жай дами

тын қазақ күйіне мүлдем ұқсамайтын тың тәсіл мен өрнектер бұл күйде көп

теп кездеседі.Қазақтың дәстүрлі күйі негізінен баяндауға,әңгімелеуге құрыл

ған.Ал Құрманғазының күйі адамның ішкі сырын суреттеуге бағытталады.

«Ақбай» күйінің бірінші буыны-әдепкі буын.Төменгі ішекте орындалатын

жаңғырық әуен де қалыпты құбылыс.Бірақ келесі сәтте күй әуені астан-кестен

бұзылады,қат-қабатсезім,қуаныш пен қайғы,ерлік пен әуен бір-бірімен астаса

келе орта буынды үлкен толғанысқа ауысады.Мың құбылып аударылып-төңке

рілген сурет төменгі ішектен өз көлеңкесін тауып,қайтара жаңғырып барып

бас буынғақайтып келеді.Бұл қазақ күйінде бұрын-соңды болмаған сымбат.

       «Төремұрат» күйінде сахарада өткен бір қанды оқиға суреттеледі.Бірақ ,

бұл хикая, күйдің құр таныстырушысы сияқты.Әңгіменің үлкені күйдің өзінде

жатыр.Құрманғазы күйдің концерттік жағына назар аударған сияқты.Оның күйлерін сараптап шықсаңыз олардың ішінен кеңінен отырып келелі толғай

тын хикаяның жоқ екенін көресіз.Яғни,Құрманғазы әңгімеден гөрі күйдің өзі

нің көркем болғандығын қалаған. «Төремұрат» күйіндегі бір қарағанда аламан

тасыр шабыстың суреті болып елестейтін әуен,шындығында-адамның жан дү

ниесіндегі сезім тартысының бейнесі.Ортағасырлық күй мұрасын зерттеуге

машықтанған адам ,әрине,Құрманғазыкүйлерінің эпикалық сипаттарын ғана көреді.Ортағасырлық күйлердің эпикалық сипатта сомдалуы ,сол замандағы

тарихи ситуациялармен шартталған.Керей мен Жәнібек сұлтан Шудың бойы

на ертіп келіп,өзінің егемендігін жариялаған қазақ халқы,төрт жарым ғасыр бойыүздіксіз соғыс үстінде болған.Міне,сол себепті қазақтың бүкіл идеология

сы мен мәдениетінде жаугершілік сарыны басым болды.Соғыс тақырыбы күй мәдениетінде ерекше рольге ие болды.Ал қазақ халқы Ресей егемендігін мой

ындағаннан кейін сыртқы соғыстар тоқтады.Құрманғазы өмір сүрген кезең-

біршама бейбіт кезең.Әрине19-ғасыр үлкен ұлт-азаттық қозғалыстар ғасыры.

Бірақ ,ұлт мәдениеті,ұлт психологиясы жаңа арнаға,психологизм арнасына тү

бегейлі бет бұрған кезең.Мінеки,қазақ күйіндегі болашақ саланы жете таны

ған екі кемеңгер күйші-Бапас пен Құрманғазы еді.Бірақ сала бір болғанмен,

сезімді суреттеумашығы екеуінде екі түрлі болатын.Бапас күйінде осы өзіміз

дей-ақ  пенденің бойынан табылатын кәдімгі адами мінездер ,биязы сезімдер

суреттеледі.Ал Исатай мен Махамбеттен үлгі алған Қрманғазы күйінде қаһар

ман сезімдер бой көрсеткен. Немесе сөзімізді түйіндейтін болсақ Қрманғазы

күйіндегі сурет атыс-шабыстың суреті емес,алаш азаматының жүрегіге симай

бұлқынған батырлық сезімдер суреті.

       Құрманғазы күйлерін рет-ретімен орналастыратын болсаңыз,бүкіл өмірі

ауыр күрес үстінде өткен,өкініште күн кешкен арыстан ердің жүрек шежіресі болып шығады.Ел ішінде Құрманғазының Бапасқа еркелікпен айтыпты деген сөзі бар. «Сенің күйің жасық ,қыздар тартатын күй,менің күйім ердің күйі» депті Құрманғазы.Бірақ артынан Бапастың «Жігері» мен «Топанын» естігенде

ол өз сөзін қайтып олған деседі.

       Құрманғазы мұрасын зерттеудегі тағы бір жаңсақтық бар.Күйшінің ең бас

ты қасиеті-хан,сұлтандармен алысқандығы деп көрсетіледі.Біз бұрын да айт

қанбыз-өнер табиғатын пайымдауда бұндай тұрпайы социологиядан аулақ бол

ған жөн.Құрманғазы жер бетіндегі бүкіл жұмысшы табы үшін күрескен жоқ. Ол өзінің жұрты-қазақ халқы үшін күресті.Сондықтан әзәзілдің жебеуімен әл

деқалай билікке жеткен большевиктерге қазақтың ұлы күйшісін телудің еш

қандай негіз жоқ.

        Құрманғазының соңғы күі «Итог» емес, «Серпер».Күйдің бүкіл логикасы,

әуенінің өрбуі, философиялық тұжырымдалуы бұл күйдің композитордың ең

соңғы асылы екенін меңзейді. Күйде Қорқыт,Кербала күйлеріне тән ақиреттік

философия жоқ.Өмір өтті дейді күйші. Жақсы да жаман да болды. Ештеңеге

өкінбеймін,тағдырға ризамын дейді.Академик А.Жұбанов Құрманғазы туралы жазған еңбектерінде идеология сызып берген шеңберден шыға алмағанымен

болашақтағы зертеушінің жүрер жолын көрсетіп кеткен. Құрманғазының мұра сын зерттеудегі ұстанатын ең басты қағидаларды қалыптастырып кеткен.Бүгін

де Құрманғазыны тану дәрежеміз өте олқы.Музыкалық оқу орындарында күй

шінің әбден жауыр болған бірнеше-ақ күйі тартылады.Оның өзі оркестрлік ма

шықта түсірілген нұсқалар. Орындаушылық тарихын оқыту кезінде Құрманға

зы туралы айтылатын мағлұмат та өте аз.Күйшінің туған-өлген жылы,күйлері

нің аты құрғақ баяндалады. Ұлттық шеңберге симай зорайған күйшінің айбын

ды тұлғасы өзіне лайықты атақ-абыройына әлі жеткен жоқ .  Композитордың «Сарыарқа» атты күйі ЮНЕСКО-ның жанынан құрылған әлемдік музыканың таңдаулы қорына енді.  

       Ұлттық абыройды қалыпқа келтірудің ең басты шарты-өткен заманда қа

зақ  мәдениетінің тұғырын орнатқан,ұлт мәдениетінің өркендеуіне еңбек сіңір

ген тұлғалардың есімін қастерлеу.Өткенге деген құрмет ұлттық дәстүрге айна

лу керек.

                       

 

№1 Мектеп-гимназиясы

Баяндама:

«Құрманғазы күйлерінің жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы»

Орындаған: Қалиев.М.К

Сарқан қаласы