Жағдаят

Нурмаханова Жанат Тажмухановна

! – ші СИТУАЦИЯ.

       Сіз сабақ беруге кірістіңіз, барлық оқушылар тынышталды, кенеттен сыныпта біреу қатты күледі. Сіз ешнәрсеге түсінбей күлген оқушыға таңдана қарадыңыз, ал ол сіздің көзіңізге тіке қарап, былай деді. «Сіз сабақты бастаған кезде, мен сізге қарап әрқашан күлкім келеді.» Мұны сіз қалай қабылдайсыз?

       Төменде берілген варианттардың қайсысын өзіңіздің көзқарасыңыз бойынша дұрыс жауап деп ойлайсыз, сол жауапты көрсетіңіз.

  1. «Мәс, саған!»
  2. «Неменеге саған күлкілі?»
  3. «Құдай үшін!»
  4. «Сенің есің дұрыс па?»
  5. «Көңілді адамдарды жақсы көремін»
  6. «Сенің көңіліңді көтергеніме қуаныштымын»
  7. __________________________________________________________________________________
 

Комментарии

Нурмаханова Жанат Тажмухановна

Менің ойымша сенің көңіліңді көтергеніңе қуаныштымын деп жауап берген болар едім.

Шакибаева Гулсум Мухамбетовна

Көңілді адамдарды жақсы көремін деп жауап берер едім,себебі көңілді адамдармен жұмыс жасаған, қарым-қатынаста болған өте жақсы деп есептеймін.