Жағдаяттар
1 – ші СИТУАЦИЯ
Сабақтың басында немесе сабақтың соңында, сіз бірнеше сабақ жүргізгеннен кейін, оқушылар сізге былай дейді: «Мен ойлаймын, сіз педагог ретінде бізге ешнәрсе үйрете алмайсыз».
Сіздің әрекетіңіз.
- «Сенің жұмысың – оқу, мұғалімді оқыту емес»
- «Әрине, мен сен сияқтыларға ешнәрсе үйрете алмаймын»
- «Мүмкін сен басқа сыныпқа барарсың немесе басқа мұғалімнен білім аларсың?»
- «Сенің тек оқығың келмейді»
- «Сенің бұлай ойлайтыныңды мен білгім келеді»
- «Бұл жайлы тереңірек сөйлесейік. Мүмкін менің мінез – құлқымда сені мұндай ойға келтіретін бірнәрсе бар шығар»
- __________________________________________________________________________________
2 – ші СИТУАЦИЯ
Мұғалім оқушыға тапсырма береді, ал ол тапсырманы орындағысы келмейді де былай дейді: «Мен мұны істегім келмейді!» - Мұғалім әрекеті қандай болу керек?
- «Істегің келмесе – қинап істетеміз»
- «Онда сен оқуға неге келдің?»
- «Оқусыз қалғаның өзіңе жаман. Сенің мінез – құлқың, өзіңе қырсығып, өзінің мұрнын кесіп тастайтын адамның мінезіне ұқсайды .»
- «Мұның саған немен бітетініне, сен есеп бере аласың ба?»
- «Неге екенін сен түсіндіре аласың ба?»
- «Отырып талқылайық – мүмкін сенікі де дұрыс шығар»
- __________________________________________________________________________________
3 – ші СИТУАЦИЯ
Оқушы өзінің біліміне қанағатсыз, болашақта сол материалды түсініп кетуіне сенбейді. Ол сізге былай деп сұрақ қояды:
«Сіз қалай ойлайсыз, мен болашақта сыныптағы басқа оқушылардан қалмай жақсы оқып кете аламын ба?» - Мұғалім не деп жауап беру керек.
- «Егер шынымды айтсам – күмәнданамын»
- «Иә, әрине, сен оған күмәнданба»
- «Сен өте қабілеттісің, мен саған үлкен үміт артамын»
- «Неге сен өзіңе күмәнданасың?»
- «Сөйлесіп, жағдайды шешейік»
- «Барлығы да өзіміздің істеген жұмысымызға байланысты»
- __________________________________________________________________________________
4 – ші СИТУАЦИЯ
Оқушы мұғалімге былай дейді: «Сіздің жақында өткізетін екі сабағыңызға бара алмаймын, бұл уақытта мен жастар концертіне барғым келеді!» (варианттар: достарыммен қыдырғым келеді, көрермен ретінде спорттық жарысқа барғым келеді, жай ғана мектептен демалғым келеді!). – Оған қалай жауап беру керек?
- «Жасай алсаң!»
- «Келесіде мектепке ата – анамен келуге тура келеді!»
- «Бұл – сенің жұмысың, емтихан тапсыратын сен. Бәрібір сен қалған сабағыңа есеп бересің, мен сенен міндетті түрде сұраймын».
- «Менің ойымша, сен, сабаққа немқұрайлы қарайсың»
- «Мүмкін сенің мектепті тастап кеткенің өте жақсы шығар?»
- «Сен әрі қарай не істемекшісің?»
- «Мен білгім келеді, мектептегі сабақтан концертке бару саған неге қызықтырақ екенін»
- «Мен сені түсінемін: әрине, мектептегі оқуға қарағанда демалу, концертке бару, жарысқа қатысу, достарыңмен қатынасу қызықтырақ екенін. Неге дәл саған бұлай екенін білгім келеді».
__________________________________________________________________________________
