ситуация

Сабаққа кіруге қоңырау соғылды. 8-ші сынып оқушылары кабинеттің алдында оқытушыны күтіп тұр. Кабинет жабық. Оқытушы келіп, кілтпен есікті ашайын десе, кілттің орны қағазбен бітелген. Оқытушы оқушыларға күмәнді көзқараспен қарап шығып: «Бұл кімнің ісі, осылайша сабаққа кедергі жасайын дедіңдер ме?»-деп өзінің наразы көңілін білдірді. Оқушылар сасып қалды, қарсыласайын деп еді, оқытушы тыңдамай одан әрі дауыс көтеріп кінәлай берді. Осы сәтте директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары келіп: «Жамал Бектасқызы, кешіріңіз сәл кешігіп қалдым. Мен сізге басқа кабинет ашып берейін, себебі бұл кабинет сырланған еді, бөгде адам кірмеуі үшін мен кілт орнын әдейі қағазбен бітеп едім» деді.

 

Комментарии

Нурмаханова Жанат Тажмухановна

Әуелі істің барысын білмей дау-дамай тудырудың қажеті жоқ. Мұғалім сабаққа қоңырау соғылған да емес, ертерек келіп дайындық жүргізу қажет. Кінәлі адам іздемеу керек сияқты.