ҚР ассамблеясының құрылғанына 20 жыл

Cерік Эльмира Серікқызы

1995 жылдың 1 наурызында тәуелсіз еліміздің тарихында «Қазақстан халқының Ассамблеясы» атты жаңа институт пайда болды. Тоқсаныншы жылдар егемендігін енді алған ел үшін оңай кезең емес еді. Мемлекетімізді аяғынан тік тұрғызу үшін қыруар күш қажет болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мемлекеттің алдымен экономикасын көтеруді басты мақсат еткені де белгілі. Бірақ бұл мақсатқа бірліксіз, ынтымақсыз қол жеткізу мүмкін еместігін әу баста айқындап алды. Экономикалық дамумен қатар еліміздегі татулықтың тамырын тереңдету керектігін тәуелсіздік алғаннан бері халыққа түсіндірумен келеді Мемлекет басшысы. Бастаманың мән-маңызын ұғынған еліміздің барлық облысы идеяны іліп әкетті.