Реферат по экономике
Вложение | Размер |
---|---|
referat.doc | 57.5 КБ |
« Экономикалық ой – пікірдің қалыптасуы»
(реферат)
Халенова Шынар
8 «а» класс
Экономиканың ғылым саласы болып қалыптасуы ұзақ тарихи кезеңнен өткен.
Ежелгі заманнан бастап экономика негізіне ерекше көңіл бөлінген.Көптеген маңызды экономикалық құбылыстар ежелгі Мысыр,Қытай,Үндістанның ойшылдары Ксенофонт,Платон,Аристотельдың еңбектерінде қарастырылған.Бірақ сол кездегі ойшылдар экономикалық құбылыстарды қоғам процестерінен бөліп қарастырған жоқ.Экономика туралы ілім тұжырымдалған жүйе ретінде құрылмады.Экономикалық ой пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды.Экономика ғылым ретінде XVIII ғасырда, капитализмнің орнығуы кезеңінде қалыптасты.Экономика мемлекеттік шаруашылықты жүргізу мен ұйымдастырудың тәсілдері туралы ерекше ғылым саласы ретінде XVII-XVIII ғасырларда дамыды.Сол кезде феодалдық өндіріс тәсілі қойнауында капитализинің алғы шарттары қалыптаса бастаған болатын.
Меркантилистер.Карл Маркс "Капитал" деген еңбегінде капиталистік өндірістік қатынастар ең алдымен өндіріс сферасында емес , айналыс сферасында болатынын атап көрсетті.Сондықтан ғасырдың басында Италияда, Англияда,Францияда,кейіннен Ресейде кең тараған алғашқы экономикалық ілімнің бірі меркантилизм болды.
Меркантилизм(итальян тілінде mercante-саудагер)-XV-XVIII ғасырлардағы сауда капиталының мүдделерін жақтаған сауда буржуазиясының экономикалық ілімі мен саясаты.
Меркантилизм өнеркәсіптік капитализм дамуының алғашқы кезеңінде сауда алпауыттарының мүддесін білдірді.Бұл ілімді жақтаушылар қоғам байлығының негізгі көзі материалдық өндіріс емес айналыс сферасы деп есептеді.
Меркантилистер қоғамның байлығы сыртқы сауда нәтижесінде жиналады,сол себепті айналыс сферасын зерттеу қажет деген пікірді дәріптейді.Олар байлықтың негізі-алтын,оған бәрін сатып алуға болады деп есептейді.
Олардың пікірінше,мемлекет сыртқа шығарылатын тауарды өндіретін мануфактураларды ынталандыру, алтынды елден шығаруғу жол бермеу және басұа елдерден алтынмен төленетін тауарды кіргізуін шектеумен айналысуы қажет деп еептеген.Демек,жалпы экономикалық мәселелерді барлық ұлттық экономика дәрежесінде шешудің алғашқы қадамы жасалды.
Карл Маркс экономикалық ой-пікірлердің дамуында меркантилистердің жетістігін мойындай келе,меркантильдік жүйеде айналым процесінің үстірт құбылыс екенін көрсетті.Өндіріске көңіл бөле бастаған кезде,экономикалық ой пікір елеулі өзгеріске ұшырады.Бұл ойдың мәні байлықтың көзі саудада емес,өндірісте,ал өндірісте жасалынған игіліктермен айырбас жүргізіледі және нағыз байлық ақша емес,өндірілген тауар болып табылады.Осы ой пікір физиократтардың ( грек тілінен аударғанда physic- табиғат ,kratos-билік) теориялық ілімін қамтыды.Олар байлықтың көзі өндіріс сферасында,атап айтқанда ,ауылшаруашылығында деп есептеді, бұл пікір олардың меркантилистерге қарағанда алға басуы болады.Ауылшаруашылығында байлық табиғи жолмен пайда болады . Өсімдіктану пәнінен бізге мәлім болғандай , жердің құнарлылығы капитал мен еңбектің негізінде ғана жақсаруы мүмкін . Сондықтан табиғи жер құнарлылығы қоғам байлығының тұрақты молаю көзі болып табылмайды.
Экономикалық сұрақтарға классикалық мектептің аса көрнекті ағылшын экономистері У.Петти (1623-1687), А . Смит (1723-1790) және Д.Рикардо (1772-1823) дәлелді жауаптар берді . Олар елдің байлығы , материалдық өндіріс арқылы пайда болтындығын анықтады . Қоғамның әр мүшесі өз табысын осы байлықтан қаншалықты елдің байлығы артады .
Экономикалық ой-пікірдің дамуында А.Смиттің алатын орны ерекше . Оның 1776 жылы « Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер » деген еңбегі жарық көрді . А.Смит осы еңбегінде экономикалық теорияны , оның барлық элементтерін байланыстыра біртұтас ғылым ретінде қарастырды .
Нарықтағы «көрінбейтін қол» идеясы А.Смитті әлемге әйгілі етті . Бұл идея нарықтық жүйедегі өзін өзі басқару механизмін түсіндірумен сипатталады . « Біз түскі асымызды қасапшы , сырашы және наубайшының қайырымдылығынан емес , өз пайдамызды көздегеннің арқасында ала аламыз . Осы өнімнен құны жоғары азық түлікті шығара отырып , ол өзінің түпкі мақсатын көздейді . Осы және басқа да жағдайда оның көзқарасы мен байланысы жоқ « көрінбейтін қол » нәтижеге жеткізеді» ,-деп жазды А.Смит.
А.Смит ілімінің негізгі идеясы бойынша экономика мемлекеттік бақылаудан шектеулі болу керек . «Көрінбейтін қол » деп А.Смит қазіргі сұраным мен ұсынысты айтады .
Кәсіпкердің мақсаты – үстеме пайда табу болып табылады . Бірақ , нарық заңы бойынша , кәсіпкер кез келген тауарды емес , тұтынушыға қажетті тауарды шығаруы және оны мүмкіндігінше төменгі бағамен сатуы керек . Осылайша кәсіпкер қоғам мүддесін мүлдем ойламағанымен де , бәрібір оның өзімшілдігі бәріне де пайда әкеледі . Немесе өте жақсы сапамен және төменгә бағамен тауарлар мен қызмет көрсету молая түседі .
Экономикалық ой – пікірдің қалыптасуы
Экономиканың ғылым саласы болып қалыптасуы ұзақ тарихи кезеңнен өткен.
Ежелгі заманнан бастап экономика негізіне ерекше көңіл бөлінген.Көптеген маңызды экономикалық құбылыстар ежелгі Мысыр,Қытай,Үндістанның ойшылдары Ксенофонт,Платон,Аристотельдың еңбектерінде қарастырылған.Бірақ сол кездегі ойшылдар экономикалық құбылыстарды қоғам процестерінен бөліп қарастырған жоқ.Экономика туралы ілім тұжырымдалған жүйе ретінде құрылмады.Экономикалық ой пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды.Экономика ғылым ретінде XVIII ғасырда, капитализмнің орнығуы кезеңінде қалыптасты.Экономика мемлекеттік шаруашылықты жүргізу мен ұйымдастырудың тәсілдері туралы ерекше ғылым саласы ретінде XVII-XVIII ғасырларда дамыды.Сол кезде феодалдық өндіріс тәсілі қойнауында капитализинің алғы шарттары қалыптаса бастаған болатын.
Меркантилистер.Карл Маркс "Капитал" деген еңбегінде капиталистік өндірістік қатынастар ең алдымен өндіріс сферасында емес , айналыс сферасында болатынын атап көрсетті.Сондықтан ғасырдың басында Италияда, Англияда,Францияда,кейіннен Ресейде кең тараған алғашқы экономикалық ілімнің бірі меркантилизм болды.
Меркантилизм(итальян тілінде mercante-саудагер)-XV-XVIII ғасырлардағы сауда капиталының мүдделерін жақтаған сауда буржуазиясының экономикалық ілімі мен саясаты. Меркантилизм өнеркәсіптік капитализм дамуының алғашқы кезеңінде сауда алпауыттарының мүддесін білдірді.Бұл ілімді жақтаушылар қоғам байлығының негізгі көзі материалдық өндіріс емес айналыс сферасы деп есептеді.Меркантилистер қоғамның байлығы сыртқы сауда нәтижесінде жиналады,сол себепті айналыс сферасын зерттеу қажет деген пікірді дәріптейді.Олар байлықтың негізі-алтын,оған бәрін сатып алуға болады деп есептейді. Олардың пікірінше,мемлекет сыртқа шығарылатын тауарды өндіретін мануфактураларды ынталандыру, алтынды елден шығаруғу жол бермеу және басұа елдерден алтынмен төленетін тауарды кіргізуін шектеумен айналысуы қажет деп еептеген.Демек,жалпы экономикалық мәселелерді барлық ұлттық экономика дәрежесінде шешудің алғашқы қадамы жасалды. Карл Маркс экономикалық ой-пікірлердің дамуында меркантилистердің жетістігін мойындай келе,меркантильдік жүйеде айналым процесінің үстірт құбылыс екенін көрсетті.Өндіріске көңіл бөле бастаған кезде,экономикалық ой пікір елеулі өзгеріске ұшырады.Бұл ойдың мәні байлықтың көзі саудада емес,өндірісте,ал өндірісте жасалынған игіліктермен айырбас жүргізіледі және нағыз байлық ақша емес,өндірілген тауар ьолып табылады.Осы ой пікір физиократтардың ( грек тілінен аударғанда physic- табиғат ,kratos-билікұ) теориялық ілімін қамтыды.Олар байлықтың көзі өндіріс сферасында,атап айтқанда ,ауылшаруашылығында деп есептеді, бұл пікір олардың меркантилистерге қарағанда алға басуы болады.Ауылшаруашылығында байлық табиғи жолмен пайда болады . Өсімдіктану пәнінен бізге мәлім болғандай , жердің құнарлылығы капитал мен еңбектің негізінде ғана жақсаруы мүмкін . Сондықтан табиғи жер құнарлылығы қоғам байлығының тұрақты молаю көзі болып табылмайды.
Экономикалық сұрақтарға классикалық мектептің аса көрнекті ағылшын экономистері У.Петти (1623-1687), А . Смит (1723-1790) және Д.Рикардо (1772-1823) дәлелді жауаптар берді . Олар елдің байлығы , материалдық өндіріс арқылы пайда болтындығын анықтады . Қоғамның әр мүшесі өз табысын осы байлықтан қаншалықты елдің байлығы артады .
Экономикалық ой-пікірдің дамуында А.Смиттің алатын орны ерекше . Оның 1776 жылы « Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер » деген еңбегі жарық көрді . А.Смит осы еңбегінде экономикалық теорияны , оның барлық элементтерін байланыстыра біртұтас ғылым ретінде қарастырды .
Нарықтағы «көрінбейтін қол» идеясы А.Смитті әлемге әйгілі етті . Бұл идея нарықтық жүйедегі өзін өзі басқару механизмін түсіндірумен сипатталады . « Біз түскі асымызды қасапшы , сырашы және наубайшының қайырымдылығынан емес , өз пайдамызды көздегеннің арқасында ала аламыз . Осы өнімнен құны жоғары азық түлікті шығара отырып , ол өзінің түпкі мақсатын көздейді . Осы және басқа да жағдайда оның көзқарасы мен байланысы жоқ « көрінбейтін қол » нәтижеге жеткізеді» ,-деп жазды А.Смит.
А.Смит ілімінің негізгі идеясы бойынша экономика мемлекеттік бақылаудан шектеулі болу керек . «Көрінбейтін қол » деп А.Смит қазіргі сұраным мен ұсынысты айтады .
Кәсіпкердің мақсаты – үстеме пайда табу болып табылады . Бірақ , нарық заңы бойынша , кәсіпкер кез келген тауарды емес , тұтынушыға қажетті тауарды шығаруы және оны мүмкіндігінше төменгі бағамен сатуы керек . Осылайша кәсіпкер қоғам мүддесін мүлдем ойламағанымен де , бәрібір оның өзімшілдігі бәріне де пайда әкеледі . Немесе өте жақсы сапамен және төменгә бағамен тауарлар мен қызмет көрсету молая түседі .
Щелкунчик
Прекрасное далёко
Под парусами
Ёжикина Радость
Домик зимней ночью