Сугирбекова Айман Избасаровна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің сайты

Әрбір бала жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет. Ж.Баласағұн

Профессия: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Профессиональные интересы: оқу барысында жаңа технологияларды қолдану әдістемесі. https://education.microsoft.com/ru-ru/profile/transcript

Увлечения: Электронды оқулықтар, 3D кітаптар құрастыру, көркем әдеби кітаптар оқу

Страна: Казахстан

Населенный пункт: Астана қаласы

Место работы: №91 мектеп-гимназия

Звание, ученая степень: педагог-шебер

Навигация

Ссылка на мой мини-сайт:
https://nsportal.ru/ayman28
Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңырау желіндей еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуенділігі шырқап салар әніндей. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз, дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып, жымдасып жатады. Тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ құлақ түбіне хрустальдай сыңғырлап, қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді. Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің.
Қабдеш Жұмаділов

                                            

     "Мектепте ғылымға бағытталған жұмысқа, ережені жаттауға қабілеті аз адам, өз қызығушылығын оятатын белгілі бір іс-әрекет саласында өте дарынды болуы мүмкін. Егер мұғалім бір нәрсені жақсы меңгертуді ойласа, оның қызықты болуын қамтамасыз ету керек"

                  Л.С.Выготский          

                              

О себе

      Педагогикалық еңбек өтілім - 32 жыл. Педагог-шебер. 1995 жылы Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын үздік бітірдім. Тараз қаласындағы Ә.Молдағұлова атындағы №28 орта мектепте 19 жыл қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ бердім. 2018 жылдан Астана қаласында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарамын. Түрлі тақырыпта құрастырған авторлық, дидактикалық еңбектерім бар: жеке оқушымен жұмыс: дарынды, үлгерімі төмен оқушының жұмыс жоспары, дәптері, таңдау пәндері, Абайтану сабақ жоспары, түрлі-түсті электрондық таратпа материалдар, лото ойындары, хронологиялық кестелер т.б. /taraz.aiman@mail.ru. 8-707-279-36-17. 8-777-386-71-40/

     

Книги, которые сформировали мой внутренний мир

 Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. "Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. "Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді Баус. Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап. Б.Соқпақбаев "Менің атым Қожа", "Балалық шаққа саяхат", М.Әуезов "Абай жолы", І.Есенберлин "Көшпенділер", Ә.Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз", Ш.Мұртаза "Қызыл жебе" т.б.

                                                                                          

 

Мой взгляд на мир

Өзгелерге пайдалы адам мәндірек, өзіне пайдалы адам ұзағырақ өмір сүреді.

 

 

Мои достижения

 

013 ж. 2 – 4.07. Республикалық 13 Ұлттық Оқу конференциясы. «Мұғалім карьерасы: «Профессионализм және көшбасшылық. «Қазақ тілі сабағында инклюзивті оқушылармен жұмыс». Баяндама.

Республикалық форум: «Өрлеу» - біліктілік кепілі. 20.10.2013ж.

2014 ж. қалалық «Үздік дидактикалық материалдар» конкурсы. I орын

2015 ж. тамыз кеңесі. «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану» Баяндама.

2015 ж.13.11. «Кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың акмеологиялық негіздері». Республикалық ғылыми-тәжірибелік on-line конференция. «Жазба жұмыстары арқылы оқушыларды шығармашылық ізденіске баулу». Баяндама. «Ұстаз қоржыны: Электрондық, дидактикалық материалдар». Шеберлік сынып.

11.12.2018ж. «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені  «Үздік педагог» байқауы. 2 дәрежелі диплом 

13.12.2018ж. Астана дарыны, XI қалалық  «Педагогикалық идеялар фестивалі»  2 дәрежелі диплом 

16-17.01. 2019 ж.«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы  2 дәрежелі диплом 

16-17.01. 2019ж. «Үздік педагогикалық өнім-2019» байқауы «Үздік электрондық оқулық» номинациясы 1 дәрежелі диплом 

27.04.2019ж. Астана дарыны. Қалалық «Авторлық бағдарлама» конкурсы 1 дәрежелі диплом 

15.05.2019ж. «Үздік авторлық әзірленім» конкурсы 1 дәрежелі диплом    https://www.youtube.com/watch?v=t6YoGm3grP0

23.10.2019ж. «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының қалалық кезеңі   1 дәрежелі диплом   https://bilimdinews.kz/?p=70006

27-28.02.2020ж. «Үздік электронды портфолио» байқауыI Халықаралық педагогикалық байқау

14.03.2020ж. «Жаңашыл мұғалім-2020» байқауы

24.04.2020ж. «Онлайн-репетитор»: пəндер бойынша бейне сабақтар базасы. Сертификат

29.04.2020ж. Орта білім беру пәндері бойынша бейне-сабақтардың Республикалық байқауының қалалық кезеңі  1 дәрежелі диплом 

25.05.2020ж.  бәйгесі «Цифрлық білім беру: Онлайн оқыту!» Республикалық ашық байқауы      https://bilimdinews.kz/?p=101726

 

Жарық көрген басылымдарым:

1.Тіл ұстартуға арналған дидактикалық материалдар. Сөзжұмбақтар.

ISBN 9965-21-776-9 © Сүгірбекова А.І.ББК 74.268.0. Т 92. Тараз, -100 бет.

2.Қазақ тілінен дидактикалық материалдар жинағы.

ISBN 9965-21-975-5 © Сүгірбекова А.І. ББК 74.268.2. Қ 26.2. Тараз,-300 бет.

 

Моё портфолио

     

“... Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек. Қолыңнан түк келмейді дей берсең, бала жасқаншақ, жасық болып қалады. Осыдан сақтану керек”.  

М.Жұмабаев.

 

                                                           

Мои публикации:
Биология
Внеклассная работа
География
Иностранные языки
История
Литература
Математика
Материалы к аттестации
Мировая художественная культура
Музыкально-ритмическое занятие
Обучение грамоте
Окружающий мир
Развитие речи
Разное
Родной язык и литература
Русский язык
Технология
Физика
Физкультура и спорт
Философские науки
Французский язык
Химия
Чтение
Добавить грамоту в портфолио
Портфолио: