Абайтану. 10 сынып
методическая разработка (10 класс) по теме

Сугирбекова Айман Избасаровна

Предварительный просмотр:

Сүгірбекова Айман Ізбасарқызы. Taraz.aiman@mail.ru

Абайтану. 10 сынып

                           Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе. Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла

1

«Абай мұрасының XX ғасырдың отызыншы-алпысыншы жылдары зерттелуі» тарауы/2/

2

Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар. Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой- пікірлері.

1

3

С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой- пікірлері.

1

«Абай шығармаларындағы білім, өнер тақырыбы» тарауын/6//

4

«Талапты ерге нұр жауар».  Отыз екінші қарасөзі

1

5

Отыз екінші қарасөзіндегі ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы

1

6

Еңбек етсең ерінбей» Отыз үшінші қарасөз

1

7

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі

1

8

Өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы

1

9

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі

1

«Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер» тарауы/7/

10

«Желсіз түнде жарық ай» өлеңі

1

11

«Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңі

1

12

 «Көлеңке басын ұзартып» өлеңі

1

13

Абайдың қарасөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғам. Отыз жетінші қарасөзіндегіАбайдың дүниетанымдық көзқарастары

1

14

Абайдың қарасөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғам. Отыз жетінші қарасөзіндегіАбайдың дүниетанымдық көзқарастары

1

15

«Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» өлеңі

1

16

«Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңі

1

«Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек» тарауы

17

«Би екеу болса, дау төртеу болады» Үшінші қарасөз

1

18

Үшінші сөздің көсемсөз (публицистика) жанрына жататындығы

1

19

«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі

1

20

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңі

1

21

«Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» өлеңі

1

22

«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңі

1

Сыншыл, сатиралық мазмұндағы шығармаларын оқыту/4/

23

«Улы сия, ащы тіл»Он бірінші қарасөзіндегі ант, серт, ұят, адалдық ұғым-түсініктері  

1

24

«Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» өлеңі

1

25

«Байлар жүр жиған малын қорғалатып» өлеңі

1

26

«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

1

Абайдың аудармалары/2/

27

Абайдың  Лермонтовтан аударған  «Тұтқындағы батыр өлеңі

1

28

«Өзіңе сенбе, жас ойшыл» өлеңі

1

Поэмалары/3/

29

«Масғұт» поэмасы

1

30

Поэманың тәрбиелік мәні

1

31

«Әзім әңгімесі» дастаны

1

32

Шығармашылық жұмыс

1

33

Тест

1

34

Қорытынды

1


Предварительный просмотр:


Предварительный просмотр:

Сүгірбекова Айман Ізбасарқызы. Taraz.aiman@mail.ru

Мерзімі

 Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

2

Абайтану

10

Сабақтың тақырыбы: Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар. 3.Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой- пікірлері.

Сабақтың жалпы мақсаты: абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар, ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы,алған тәлім-тәрбиесі; әлеумет ісіне араласуы, Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері туралы білім беру.                                                                                      

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап

Сабақтың міндеті:

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сауаттылық хаттар, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж
  2. М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;
  3. Электрондық оқулық
  4. Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар

Кеңестік идеологияның салдарынан абайтану ғылымында еріксіз назардан тыс қалып, тіпті күшпен басылып, еркін зерттелу мүмкіндігінен айырылған сала Абайдың ортасы десек, «социалистік» қоғамда ақынды өз ортасынан, әдеби айналасынан ажыратып алу мақсатты түрде іске асырылды. Алдымен Абайдың өзі «шынжыр балақ, шұбар төс» Құнанбай баласы болғаны үшін ғана кеңестік жүйге құрылған әдебиетке жақпады.  Абай поэзиясының қуатына солақай сынның қауқары келмегендіктен, ендігі кезекте ақынның өз басы емес, оның айналасы, әдеби ортасы сын тезіне алынды. Ақынның өмір сүрген ортасы – «ескішіл», әкесі – бай-шонжар, маңайындағы ақын-жыраулар мұрасы «социалистік талаптардан ада» болған себепті, Абай мақсатты түрде әдеби ортасынан жырақталып, оқшаулана берді. Ақынның әдеби мұрасы «әдебиеттің таптығы» деген қалыпқа ыңғайланып, «кедейшіл», керек десеңіз «большевик» Абай өз ортасына қарсы қойыла зерттелді. Абайға ерекше ықпал еткен шығыс әдебиеті туралы аса аз айтылып, ақынның «шығысым батыс боп кетті» деген сөзі желеу етіліп, «Абайды поэзия шыңына көтерген орыстың зиялылары» деген түсінік санамызға сіңірілді. Орыс зиялылары, оның ішінде Е.Михаэлис, Н.Долгополов сияқты замандастарының Абайға, оның орыс әдебиетін меңгеруге тигізген қолғабысын жоққа шығаруға болмайды. Сол сияқты орыс әдебиетінің, оның көрнекті өкілдерінің де Абайға бергені өте мол. Әйтсе де, Абайға әсер еткен қорды санамалағанда төл әдебиет, оның ішінде ақынмен тікелей қарым-қатынаста болып, жанаса әсер еткен ортаның рөлін екінші қатарға ысыра беруге келмес. Абайдың заманынан асып туған кемелдігі ең алдымен, әкенің қаны, ананың сүтімен бойға дарыған құт, туған топырақтың қасиетінен. Екінші, тал бесіктен әженің әлдиімен, атаның әлқиссасымен жадыға жатталған қазақтың асыл сөзі, домбыраның күйі, қобыздың үнімен жүрекке тұнған төл өнер «қазақта қара сөзге дес бермеген» Абайды ақын етіп қалыптастырды. Кезінде М.Әуезов атап көрсететін Абайдың алған қорының ішіндегі ең молы – қазақтың халық әдебиеті екендігін ескерсек, осы бір сала заманның қақпақылына түсіп, абайтанудың ең бір осал тартып жатқан тұсы боп қалды.

Абайдың алдындағы әдебиет өкілдерімен қатар ақынның маңайына үйірілген әдеби қауымға да кеңестік жылы қарамады. Әлем әдебиетінде жалпы ағым-бағыттың аясында қолданылатын «мектеп» ұғымының бір ғана адамға қатысты айтылуы кеңестік қазақ әдебиеттануында үлкен дау туғызды. Нәтижесінде, маңайына ақын, әнші, музыкант, ертегіші сияқты алуан өнерді үйренуге құлшыныс білдірген жастарды жиып, баулыған ұстаз Абайдың  тағлымдық, тәрбиелік қарекеті тұмшаланып, ақын шәкірттері шетінен «кертартпа», «ескішіл» деп танылып әдебиеттен аластатылды, көзі тірілері «халық жауы» болып қуғындалды.

Көп уақыт қапаста жатқан шәкірттер тәуелсіздіктің алдында ғана ақталып, шаңырағы шайқалған Абай мектебі енді ғана еңсесін түзей бастады. Абайдың айналасын құраған әдебиет өкілдері туралы біраз зерттеулер жазылды, ақын шәкірттердің шығармалары жинақ болып шықты десек, ендігі міндет – сол мұралардан әдеби орта тақырыбының өзегін іздеу. Мәселен, Құнанбайды ақтап алу аз, енді оның  Абайға ықпалын, әке мен бала арасындағы рухани байланыстардың көзін аршу міндеті тұр. Сол сияқты Абайдың алдындағы аға буын ақындардың байланысы, қарым-қатынасы, жас Абайға көрсеткен өнегесі турасында толайым пікір айту да – бүгінгі зерттеулердің міндеті. Бұл арада Абай тәрбиесі өз ауылынан, өңірінен аспаған ба?- деген сауалдың көлденеңдейтіні заңды.

        Абайдан кейін қазақ әдебиетінде оның дәстүрі қалыптасты десек, сол дәстүр ұғымының аясында ұлан-ғайыр дүние қылаң береді. Абайтанушы ғалым Ж.Ысмағұловтың сөзімен айтсақ: «Абай дәстүрі деген ұғымның сан салалы, өте күрделі екені мәлім... Өзгені былай қоя тұрып, Абайдың реалистік дәстүрін ғана ауызға алсақ та, оның әр жағында том-том зерттеу еңбектерінің сұлбасы көзге елестеп тұрар еді» [6, 32-б.]. Абай дәстүрі деген зор арнаның мәнді саласы – Абай мектебін сөз еткенде, ұстаз бен оның шәкірттері арасындағы байланысты тек олардың поэзиядағы сабақтастығымен шектеп қою аз. Бұл мәселеде тұрмыстық қатынастардан бастап, өлең үйрену қағидалары, тақырып таңдау, өмірге келген шығармаларды әдеби ортада сыннан өткізу сияқты қарекеттермен жалғасып, одан туындайтын ұжымдық әдеби процесс сияқты құбылыстардың сырына үңілгенде ғана әдеби мектептің мәні айқындала түспек. Ақындық мектеп дегенде, ең алдымен, сол мектепті қалыптастырушы Абайдың рөлін, ұстаздық қарекетін айқындап көрсету шарт. Оның әдебиеттегі жолын жалғастырушы ақын шәкірттердің әдеби мұрасына үңіле отырып, әр қырынан танып, олардың Абай дәстүрін жалғастырушы ғана емес, сол дәстүрді өздерінше дамыта білген даралық сипаттарын саралағанда барып Абай мектебінің қазақ әдебиетіндегі орны айқындала түспек.

         ТОҒЖАНОВ Ғаббас Садуақасұлы (1900-37) – мемлекеттік қайраткері, жазушы-журналист. Оның Абай туралы алғашқы ауқымды еңбегі - «Абай» атты монографиялық очеркінен (1935) сол кезде үстем болған тұрпайы социологизмнің және соған байланысты туған «Абай үстем таптан шықты, сондықтан да ол – сол таптың өкілі» деген ағат пікірдің сілемі байқалады. Тоғжанов таптық тұрғыдан Абай «қазақтың капиталдасқан феодалдарының жоқшысы» деген тұжырым жасайды. «Абайдың тілейтін арманы жақсы бай, өнерлі, епті бай» кедей-бұқараның қамын ойламады, «орыстың дворяндар бастаған культурасын үлгі қылады» деген солақай сын көрініс береді. Таптық тұрғыдан осылай дей тұрған мен де, очеркте Абайдың ақындық шеберлігіне байланысты соны ойлар айтқан. Ол Абай реализмін жоғары бағалаған. Абай «қазақтың жазба ұлт әдебиетін жасауға бас болды», «орыс әдебиетінің үлгілерін алды», «жаңа әдебиет түрлерін жасады», «қазақтың тіл байлығын ұқсата білді», «Сөз патшасы – өлең тілін әдемілеп сырлап, құндызша құлпыртқан Абай болатын» (128-6.),-дей келіп, оның ақындығын «таусылмайтын бұлаққа» теңейді. Ақын туралы ойларын «Абай - самородок, қарадан оқымай шыққан талант» (137-6.), - деп түйіндейді.

          «АБАЙ» - қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан 1935 ж. жарық көрген зерттеу еңбек. Авторы – Ғаббас Тоғжанов. Кітап Қазандағы «Кәмил Жақып» баспаханасынан латын алфавитімен жарық көрген. Автор өз зерттеуін шағын 10 тақырыпқа және қорытынды бөлімге бөліп, Абайдың ақындық жолына, ол өскен уақыт пен ортаға, ақынның жекелеген көзқарастарына, оған шығыс және орыс әдебиетінің ықпалы тақырыптарына шолу жасауды ниет еткен. Автор Абай шығармалары туралы кезінде келелі пікір айтқан А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, I. Жансүгіров, Т. Рысқұлов тұжырымдарын теріске шығаруға күш салып, әділ төрелік тізгінін әміршілдік-әкімшілік нұсқауларға ұстатып, елеулі қателіктерге ұрынған.

Абайды байшыл-феодалшыл ақын ретінде көрсетіп, оның әйел теңдігіне, кедейлерге көзқарасы керітартпа діншілдік талаптардан аса алмады, ұлт ақыны емес, ұлтшылдық пиғылы басым болды деп айыптайды. Абай ақындығының қалыптасу жолындағы Шығыс классиктері шығармаларының маңызын теріске шығарып, оның шыншылдық сара жолын белгілеп берген орыс әдебиеті ғана деген сыңаржақ тұжырымға ұрынады. Күнбе-күнгі тұрмыстық көріністерді ғана сынап, үлкен әлеуметтік мәселелерді, жалпыхалықтық тақырыптарды көтере алмады, көп өлеңі қысқа үгіт, өсиет түріндегі нәрселер ғана деген қате тұжырымдар жасайды. Дегенмен кітап соңында «Абай –  самородок, қарадан оқымай шыққан талант» деп мойындауға мәжбүр болады, оның шыншылдық, қазақ поэзиясындағы жаңашылдық қызметін, аудармашылық шеберлігін жақсы жағынан атап өтеді.

Кітап соңында қосымша ретінде автордың «Ескі әдебиет мұраларын пайдалану жайында» деген мақаласы берілген. Кітап көлемі 10,5 б. т., 8000 дана болып басылған.

         Нәзір Төреқұлов (1893-1937) – қоғам қайтаркері, мәмілегер. Ол орыс, өзбек, араб, тәжік, парсы, неміс тілдерін білген.

       Сауд Арабиясында консул болған. Нәзір Төреқұловтың Абайға сіңірген еңбегі зор – ол 1909 жылы Санкт-Перетбуоргте Абай Құнанбаевтың шығармалырының алғашқы жинағын шығаруға көмектескен.

Қабылов І. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 20-30 жылдарда ақынның идеялық мұрасы қызу айтыстар тақырыбына айналды. «Абай философиясын» діншілдігі басым әдеттегі буржуазияяық-идеалистік философияның жамап-жасқаған бір түрі деп дәлелдемек болғандардың бірі – І.Қабылов.

III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.
  • Өмірінен түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.

Үзінді

Беті

Пікір

Сабақты қорыту.

«Өлді деуге сыя ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

                                                              Абай

Ойшыл

Сыншы

Реалист

Аудармашы

Демократ

Жаңашыл

Үлгілі әке

Абай

Күрескер азамат

Оптимист

Гуманист

Жатақтардың жанашыры

Феодалдық қауымның айыптаушысы

Әйелдер теңсіздігінің қорғаны

C:\Users\Алуа\Desktop\АБАЙТАНУ КУРСЫ\АБАЙ ТУРАЛЫ\АБАЙ-АЛЬБОМ\36.JPG

Үй тапсырмасы: Абай өмірі туралы реферат жазу.


Предварительный просмотр:


Предварительный просмотр:

Сүгірбекова Айман Ізбасарқызы. Taraz.aiman@mail.ru

Мерзімі

 Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

15

Абайтану

10

Сабақтың тақырыбы: «Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа»

Сабақтың жалпы мақсаты: ақынның адал еңбекпен мал табуды насихаттауы, ар-ұяттан безген тойымсыз би, болыстарды шенеуі, адамның үш асыл қасиеті ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек деген ой түйінін ұғындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап,лекция

Сабақтың көрнекілігі:

1) Ұ.Әбілдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан» 1994 ж;
 2) М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985 ж;
 3) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы, 2001 ж;

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

«МАЛҒА ДОСТЫҢ МҰҢЫ ЖОҚ МАЛДАН БАСҚА...» - Абайдың 1896 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақтан тұратын 4 шумақ.    

          Шығармаларындағы басты өзекті тақырып – адамгершілік, ар, намыс мәселесі, сын семсерін сұққан жері – ынсапсыз байлық, өлшеусіз өрескел билік десек, Абай бұл өлеңінде қалтқысыз көңілмен халық мүддесін көздейтін демократтық биік деңгейге көтеріліп, қоғамдық мазмұны аса маңызды шындықтың бет пердесін ашып береді. Ақын бұдан бұрынғы сынында ар-ұяттан безген, тойымсыз би-болыстарды қанша айыптаса да, аракідік олардың ішінде де тәуірлері бар, әр нәрсе адамына қарай деген пікірдің ұштығын шығарып қоятын (мыс,  «Бай сейілді...» өлеңінде).

Бұл ақын өмірінің белгілі бір кезеңіне ғана тән кемшілік екенін осы туындысы айқын дәлелдейді. Абай енді оларды «жақсы», «жаман» деп бөліп-жармай, өз заманындағы барша би-болыстарға, байларға арылмастай үкім айтады. Малжиғанадамның дүниеқоңыз, құнсыздығын барынша уытты тілмен, өлтіреәшкерелейді. Байлықтың ондайларға бос күпіл, қайырусыз билік үшін ғана керек екенін ашық айтып, имандылықтан, мейірім-сауаптанадақалғанжандарғажиіркенішін білдіреді. Олар өздері шошқа болған соң, басқа адамдар ит болып көрінетінін ескертеді. Ақын өз жұртына жаудай тиіп отырған, қоғам денесіндегі осынау жұқпалы дертті шеней отырып, оған қарсы қоятын, мерездісылыптастайтынкүштідеатайды. Ол – адал еңбек, ащы тер.

Аштан өлсең де арыңды сатпадеп, адалдыққа, адамгершілікке шақырады. Абайадамдардыңасыл қасиеті байлықта, билікте емес, үш-ақ нәрсе: «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылыжүрек»депбіледі. Еңбек, сана, мейірім. Бұл – Абайғадейінгі қазақақындарыосыншаөткір, уытты тілмен барынша ашынып айта қоймаған тұжырым.

Туынды 11 буынды қара өлең ұйқасыменжазылған. Өлең қарақалпақ, орыс, ұйғыр т.б. тілдерге аударылған.

III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өлеңін оқу және  талдау.

Малға достың мұңы жоқ малдан басқа,

Малға достың мұңы жоқ малдан басқа,

Аларыңда шара жоқ алдамасқа.

Табысына табынып, қалтаң қағып,

Тойғанынан қалғанын берсе алашқа.

C:\Users\Алуа\Desktop\АБАЙТАНУ КУРСЫ\АЛЬБОМ\37.jpg

Мал жияды мақтанын білдірмекке,

Көзге шұқып, малменен күйдірмекке.

Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар,

Сорпа-сумен, сүйекпен сүйдірмекке.

Ақылды деп, арлы деп, ақпейіл деп

Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп.

Осы күнде мал қайда, боқ ішінде,

Алтын алсаң, береді боғынан жеп.

Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.

Еңбекті сат, ар сатып неге керек?

Үш-ақ нәрсе — адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

  • Өлеңнен түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.

Үзінді

Беті

Пікір

Сабақты қорыту.

Үйге тапсырма: «Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» өлеңін жаттау.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Өздік жұмысы "Жай бөлшектер" 5 сынып

В самостоятельной работе имеется 4 заданеия. Самостоятельная работа на 5-7 минут...

етістік 3-сынып

открытый урок на тему "Глагол" по ФГОС...

11 сынып ата - аналарымен өткізілген №4 жиналыс

11 сынып оқушыларының ата - аналарымен өткізген жиналыс. Ата - аналарды ҰБТ ның ережелерімен таныстырып, әрбір оқушының балдарына жеке жеке тоқталып, аудан көлеміндегі пәндердің нәтижесін айтып кету....

Қаламның болашағы 6 сынып

Бүгінгі сабақ өзіміз туып өскен жеріміз, туған қаламыз туралы әңгімелесіп, жаңа сабақты бастаймыз. Сабақ бастамас бұрын өздерің дайындап келген қала туралы шығармашылық жұмыстарыңнан бастаймыз....

7-сынып, қазақ тілі пәні. Септік жалғаулары

Жалпы мақсаттар-жеті септік сұрақтары, жалғаулары туралы түсінік беріп, меңгерту, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; диалогтік оқыту арқылы сабақтың мазмұнын ашу; формативті бағалауды сы...

Абайтану. 9 сынып

    Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамды...

Абайтану. 11 сынып

     Абайтану тарихында хронологиялық, тақырыптық жүйедегі дербес библиотекалық көрсеткіштерді құрастыру айрықша мәнге ие болуы себепті де 1946 ж. Н.Сәбитовтің тақырыпт...