Абайтану. 11 сынып
методическая разработка (11 класс) по теме

Сугирбекова Айман Избасаровна

       Абайтану тарихында хронологиялық, тақырыптық жүйедегі дербес библиотекалық көрсеткіштерді құрастыру айрықша мәнге ие болуы себепті де 1946 ж. Н.Сәбитовтің тақырыптық жүйеге негізделген «Абай», 1965 ж. хронологиялық жүйедегі Мырзахметов, тағы басқалардың «Абай Құнанбаев», 1998 ж. тақырыптық жүйеде жасалған «Абайтану», 1995 жылы «Абай Құнанбаев» деген атпен төрт рет дербес толық библиографиялық көрсеткіштер жарияланды.

Осыларға негізделе отырып, Абайтанудың тақырыптық, кезеңдік мезгілдері анықталды:

  1. Абайды танудың алғашқы кезеңінде Абай мұрасының Қазан төңкерісіне дейінгі жариялану, танылу, таралу жолдарын қамтумен бірге алғаш рет ақын мұрасын танып насихаттаушылар мен ол мұраның орыс тілінде танылу мәселесі қарастырылған;
  2. Абай мұрасының жаңа заманда зерттелуі, яғни 1918–26 және 1926–40 ж. аралығында зерттеліп тану жолы негізінен таптық, партиялық принцип тұрғысынан қаралып, тұрпайы социол. дүниетанымның үстемдік етуі бұл кезеңде басым жатты;
  3. Абайдың 100 жылдық мерекесіне орай 1940–45 ж. аралығында жазылған зерттеу еңбектері мен насихаттық тұрғыдан Әуезовтің «Абай» романы мен Абай оқу орындарында Абайтанудың арнайы курсы мен семинар сабақтарын өткізу және өзге де зерттеушілердің монографиялық еңбектері айғақтай түседі.

     Абайтанудың Әуезовтен кейінгі дәуірдегі даму жолы 1995 жылғы Абайдың 150 жылдық мерейтойы мен Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жарияланған ғылыми монографиялық зерттеулер мен әр түрлі тақырыптарға жазылған кітаптарда өз көрінісін толық берді. Жүз жылдан астам Абайтану тарихи ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысанасына алынып, қорытындылану үстінде. Абайтану бүгінде арнайы курс пен семинар сабағы ретінде Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқытылады.

Скачать:


Предварительный просмотр:

Сүгірбекова Айман.  taraz.aiman@mail.ru

                                  АБАЙТАНУ 11 СЫНЫП

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе. «Абайтану» курсы туралы түсінік

1

2

Қазіргі абайтану мәселелерінің даму бағыттары

1

«Білімдіден шыққан сөз» тарауы/2/

3

«Өзіңнен өзің есеп ал» , Он бесінші қарасөзіндегі адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі

1

4

Отыз бірінші қарасөздегі ақынның педагогтік, ұстаздық жөніндегі ой-пікірлері

1

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» тарауы/7/

5

«Осы мен өзім – қазақпын»  тоғызыншы қарасөзі

1

6

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі

1

7

«Жақсылық ұзақ тұрмайды» өлеңі

1

8

«Бөтен елде бар болса» өлеңі

1

9

«Сегіз аяқ» өлеңі

1

10

 «Ішім өлген, сыртым сау» лирикалық өлеңі

1

11

«Қажымас дос халықта жоқ» өлеңі, Жиырма екінші қарасөзі

1

«Абай – сатирик» тарауы/4/

12

«Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдері

1

13

«Көзінен басқа ойы жоқ» өлеңі

1

14

«Менсінбеуші ем наданды» өлеңі

1

15

«Бойы бұлғаң» сатирасы.  

1

16

Қырық бірінші қарасөзі

1

«Махаббатсыз дүние бос» тарауы/4/

17

«Қор болды жаным», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» өлеңдері

1

18

«Сен мені не етесің» өлеңі

1

19

«Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңі

1

20

«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» , «Қызарып, сұрланып» өлеңіндері

1

«Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ» тарауы/7/

21

Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері және Абай

1

22

Жүсіп Баласағұнның «Жәуанмәртлік», Йасауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер және дәстүр жалғастығы

1

23

Абайдың «Толық адам» философиясы

1

24

«Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі, «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» лирикасы

1

25

Жетінші қарасөзіндегі жан мен тән құмары туралы ұғымдар

1

26

Отыз сегізінші қарасөзінің негізгі идеясы Алла,  Қырық үшінші қарасөзіндегі жибили және кәсиби ұғым-түсініктері

1

27

«Осы үш сүю болады имани гүл» . Адамшылық жолындағы үгіт пен мораль философиясы жайлы танымы

1

«Қазақтың бас ақыны» тарауы/5/

28

А.Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласының абайтанудағы орны

1

29

Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы

1

30

Абай шығармаларының текстологиясы

1

31

Абайдың ақындық мектебі М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Мұқаметханов, А.Нұрқатов, М.Мырзахметов, Ө.Күмісбаев, т.б. ғалымдар еңбектерінің абайтану ілімін дамытудағы қызметі

1

32

Абайдың талантты ақын шәкірттері Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір, т.б. хақында

1

33

Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы ақындар: А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Қ.Аманжолов, М.Мақатаев, Т.Айбергенов, т.б.

1

34

Қорытынды сабақ

1



Предварительный просмотр:

Сүгірбекова Айман.  taraz.aiman@mail.ru

Мерзімі

 Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

1

Абайтану

11

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. «Абайтану» курсы туралы түсінік

Сабақтың жалпы мақсаты: Абай шығармашылығының тарихи негіздері туралы оқушылардың білімдерін бір жүйеге келтіру, жинақтап қорыту; Курсты оқытудың мақсат-міндеттері, өзектілігі туралы ұғындыру.

Сабақтың көрнекілігі:

1) Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;
2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 ж;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сауаттылық хаттар, топтастыру.

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

     

           АБАЙТАНУ КУРСЫ – ұлы ақынның мұрасын зерттеп, таныпбілу мақсатында республиканың жоғары оқу орындарында оқылатын арнаулы пән. ҚазМУ-дің қазақ әдебиеті кафедрасы жанынан, 1942-43 оқу жылында, М. О. Әуезов ұйымдастырған. Абайдың әдеби мүрасын ұзақ жылдар бойы зерттеу, оның қорытындыларын Абай тану курсында шығармашылық тұрғыда жетілдіріп, пайдалану нәтижесінде Әуезовтің «Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер» (А., 1967) ғылыми еңбегі жарық көрді. А. а. к. негізінен Әуезовтің ұлы ақын мұрасын зерттеп, танып білудегі ізденістерінен туындаған шығармаларымен қатар Абайдың  әдеби   мұрасын  тікелей   не жанама түрде зерттеген ғалымдардың еңбектеріне де сүйеніп отырды. Курсты 1942-61 жыллдары аралығында Әуезов жүргізді. 1966-67 оқу жылынан бастап абайтану мен абайтану тарихынан арнайы курс оқу Қазақстан мен Өзбекстанның бітқатар пед. Институтарының қазақ әдебиеті кафедраларында жүргізіліп келеді. Осы мақсат тұрғысында хронологиялық және тақырыптық жүйедегі библиографиялық көрсеткіштер мен абайтану бағдарламасы жарық көрді.

1. «Абайтану» курсының бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42- тармақтарына сәйкес әзірленді.

2. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.

3. Бағдарламада:

Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;

ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;

Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;

Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді;

4, Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:

қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын:

ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін;

шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;

Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;

Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын;

Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне;

курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.  

5. Курсты оқытудың мақсаты:

1) ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

7. Курсты оқытудың міндеттері:

1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.

2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;.

3). Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.

4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

 7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.
  • Өмірінен түсінгендерін «БҮҮ» кестесіне толтыру.

Білетінім

Үйренгенім

Үйренетінім

Сабақты қорыту. Абай туралы эссе жазу.

                                      Абайға

Жаратылған қасиетті бұлақ-ай,

Дара туған өсиетгі ғұлама-ай.

Бұл далаға мен керекпіін дегендей,

Бір ғасырда бір-ақ туған Ұлы Абай!

Шыңғыстаудан көтерілген мұзбалақ!

Қан сонарда, қаса сурет сызған-ақ.

Өнер, ғылым, махаббат пен ғадауат,

Бәріне де, көз жіберген сіз ғана.

Өлең-сөзбен ой салдырып санаға,

«Масғұтты» да таныстырдың далаға.

Тіпті бар ғой, «Мың бір түн» де,

                                               қазаққа,

Ең алдымен сіз арқылы тараған.

Әлі талай құлақ естір, көз көрмес,

Бірақ сіздей ер данасы кез келмес.

Өлең талай өзгерер де жаңарар,

Сіз жасаған атгың сыны өзгермес.

Ұлағат бар әр сөзінде бабамның,

«Қайран жұртым»... тағдырыңа

                                          алаңмын.

Сіз тұрғаңда кенде емеспіз ешкімге,

Ақылы мен данышпаны даламның!

Замананың өзі берген ғұлама-ай,

Шыңғыстаудың қасиетгі бұлағы-ай.

«Бұл қазакқа — мен керекпін!»... —

                                            дегеңдей,

Бір ғасырда бір-ақ туған Ұлы Абай!

                  C:\Users\Алуа\Desktop\АБАЙТАНУ КУРСЫ\АБАЙ ТУРАЛЫ\АБАЙ-АЛЬБОМ\1.JPG

Үй тапсырмасы: Абай шығармашылығын оқып келу. 



Предварительный просмотр:

Сүгірбекова Айман.  taraz.aiman@mail.ru

Мерзімі

 Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

2

Абайтану

11

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі абайтану мәселелерінің даму бағыттары

Сабақтың жалпы мақсаты: абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы. Қазіргі абайтану мәселелерінің даму бағыттары туралы білім беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  эссе, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі:

1) Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;
2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 ж;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сауаттылық хаттар, топтастыру.

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

          АБАЙТАНУ – ұлы ақын мұрасын жан-жақты, терең зерттеуді мақсат ететін қазақ әдебиеті тарихы салаларының бірі. Совет өкіметі орнасымен-ақ,    өткендегі    мұраға    қамқорлық маркстік-лениндік жаңа дүниетаным негізінде жүргізіле бастады. Ал Абай мұрасын тану, таныту, насихаттаудың алғашқы белгілері революцияға дейін-ақ көрінгенімен, оны шын мағынасындағы ғылыми тұрғыдан танып бағалау ісі біздің заманымызда ғана жүзеге асты. 1933 жылы М. Әуезов Абайдың тұңғыш ғылыми өмірбаянын жазып, Абайдыңдың негізін салуды бастап берді. Бірақ 30 жылдардың аяғына дейінгі кезеңде жазылған сын мақала, зерттеулерде бұл мұраны танып, бағалауға сол түстың әдеби атмосферасында орын тепкен тұрпайы социологиялық, компоративистік негіздегі теріс танымдардың салқыны тимей қалған жоқ.

            Абайдың туғанына 95 және 100 жыл толу мерекелеріне орай көптеген мақала, зерттеулер жазылды. Осы кезден бастап әр түрлі ғылым салаларында Абай мұрасын әр қырынан қарастырып, зерттеу нәтижесінде 4 докторлық, 24 кандидаттық диссертация қорғалып, ондаған монографиялық зерттеулер жарық көрді. Абай мұрасының бірегей білгірі М. Әуезов ақын мұрасын зерттеуді ғылыми-зерттеулері мен көркем шығармаларын жазу үстінде қатар жүргізіп, сегіз түрлі күрделі проблема төңірегінде ізденді. Ал бұл проблемаларды Абайдың көрнекті зерттеушілері С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, М. С. Сильченко, Б. Кенжебаев, Т. Тәжібаев, 3. Ахметов т. б. көптеген ғалымдар әрі қарай жалғастырды. Республикамыздың жоғары оқу орындарында 1942 жылдан Абайдан арнайы курс оқытылып, семинар сабақтары өткізіліп келеді. Абай мұрасын зерттеумен ғалымдар ғана айналыспай, көркемөнердің басқа да саласында, мыс, көркем әдебиетте «Абай жолы» эпопеясы, «Абай» трагедиясы мен көркемөнердің музыка, кино, сурет, мүсін, театр, опера сияқты түрлерінде де жаңа туындылар көптеп жазылды. Абай саласындағы зерттеулер тақырып жағынан жіктеліп, күрделі мәселелерді шешу сияқты проблемалық сапалық жаңа деңгейге көтерілді. Қазір зерттеу нысаналарына аса күрделі проблема болып саналатын: Абайдың дүниетанымы, ақын шығармаларының рухани нәр алған қайнарлары, Абайдың ақындық дәстүрі, әдеби ортасы, реализмі, халықтығы, орыс классиктерімен қатысы, өмірбаяны, текстологиясы және архив қазынасындағы деректер көзі де қамтыла бастады. Абай шығармаларының академиялық толық жинағын шығарумен қатар оны туысқан халықтар, шет ел тілдеріне аудару жұмысы жолға қойылды.

            Кезінде Мұхтар Әуезов: «Жай адамның өмір тірлігін біздің халық мүшелмен санайтын. Оның мүшелі он екі жыл еді. Ақындықтың Әбілхаят суын ішкен, өлімді жеңген, мәңгі тірлік тапқан Абайдай дана, даңғыл ақын тарихтағы өз мүшелін жүз жылдан қайырмақ»,— деген еді.

           Мәңгілік тірлік тапқан ақынның туғанына таяуда 150 жыл толды. Бұл да өлмес ақынның таусылмас өмір жолының бір кезеңі. Әрине, бұл мүшелдің аталып өтер салтанатты күні әлі алда.

        Абайтанудың негізін алғаш қалаған және де «абайтану» атты ғылым жуүйесінің анық қалыптастырушысы әрі соны жасаушылардың көш басшысы болған М. Әуезов «Абай Құнанбаев» деген монографиясында осы тарихи  құбылысты  мына   тұрғыдан  таратып   айтып  еді: Абайды тану, таныту, біріншіден; ақын шығармаларын әуелде қолжазба күйінде тарату, кейін  баспа жүзінде (газет, журнал,   арқылы,   жеке   кітап   түрінде)   тарату

жолымен іске асырылып   келді;   екіншіден,   бастауыш, орта мектептер мен жоғарғы оку орындарында пән ретінде оқытылу негізінде жүргізілді; үшіншіден, көркем-өнер (ақындардың арнау өлеңі, Абай туралы пьеса, кино мен   «Абай   жолы»   бастаған   шығармалар)   көлемінде жүргізілді. Төртіншіден,   М. Әуезовтің   өз сөзімен айтқанда,    «Абайдың   ақындығы   мен   дәуіріне   арналған нағыз ғылымдық   ойдағыдай   толық,   мол   монография жазылмады» десек те, С. Мұқанов, М. Әуезов, Қ.   Жұмалиев, Е. Ысмайлов,   Б. Кенжебаев,    Б. Шалабаев сияқты тағы бірталай   әдебиет   тарихшылары мен жазушылардың зерттеулері   мен   мақалалары,   монография, диссертациялары арқылы Абайды тану ғылымы кеңейіп, тереңдей түсті.   Бұған тарихшылар   мен  педагогтардың еңбегі де кірмек.

           Бұлардың ішінде М. Әуезовтің Абай шығармашылығына арналған монографиясын, ұлы ақын мұраларының ғылымдық дұрыс жол бойынша, жазылған жылдарымен, хронологиялық тәртіппен, мол текстологиялық жүйелеумен шыққан басылымдарын айрықша атауға болады. Бұл еңбек абайтану саласында казақ ғылымы мен әдебиетінде бағасы өлшеусіз мұра боп танылмақ. Және де бұл еңбек — қазақ филологиясында абайтанудың бүкіл келер тарихында, оның әрбір жаңа биікке көтерілу кезеңінде жетекші күші, сусындаушы нәрі, нысана көрсетер бағыттаушысы болмақ.

            М. Әуезовтің абайтану жайлы еңбегі жазылған мезгілде Н. Сәбитовтың «Абай» атты библиографиялық керсеткіші шыққан еді де, ғалым осы көрсеткіштегі мол деректер көзіне сүйене келіп, бұлар «...ұлы ақын мұрасын біздің қалың жұртшылығымыздың, ұлттық мәдениетіміздің берген бейілі, қастерлеген құрмет бағасы қандай екенін танытады»,— деген еді.C:\Users\Алуа\Desktop\АБАЙТАНУ КУРСЫ\АЛЬБОМ\51.jpg

           Ал содан бергі қырық-елу жыл ішінде Абайды тану мен танытуда елімізде мол жұмыстар жасалды. Осы аралықта ақынның толық жинағы оншақты рет басылып шықты. Сұрыптап алынған поэмалары мен өлендері, қарасөздері мектеп пен жоғарғы оқу орындарына арналған хрестоматияларда үздіксіз басылып келеді. Орыс тілінде ақыннын өлендер жинағы 8 рет, қарасөздері екі рет жарық көрді. Және де Абай шығармалары көршілес туысқан халықтар тілінде әм кептеген шет ел тілдерінде басылып келеді.

          Ал Абай туралы әдебиеттерге келсек, бұл жылдар ішінде олардың қатары едәуір молықты. Елуінші жылдардан бергі жерде ақын шығармашылығына арналған жиырмадан астам монография мен кітапшалар, екі мынға тарта мақала жарияланды. Бұл жылдар аралығында ақын мұрасы төңірегінде мыңнан астам пікір қозғады.

          Әрине, аталмыш шаралардын жалпы көлеміне, ұзын санына қарап Абайға қатысты қыруар жұмыс жасалыпты-ау десек те және де соншалық мол зерттеулерде көтерілген мәселелерге, шешім тапқан жайларға сүйене отырып, Абайды таныдық десек те, әбден жарасады. Біткен істін міні жоқ. Қазақ филологиясында ұлы ақын мұрасын тануда, танытуда, сөз жоқ, өте көп жұмыс жасалды. Бұлар —біздің жетістігіміз.

          Бірақ сол мол зерттеулерді тақырып-тақырыпқа бөлсек, оларда шешілген мәселелерді есепке алсак, сөйтіп барып бұларды М. Әуезовтін ұлы ақынға арналған монографиясынын бағдарламалық түйіндеулерімен салыстырсақ, «өз заманымыздағы қазақтың заттық, әлеуметтік және рухани тіршілігінін энциклопедиясын берген дана, классик» Абайды біздің әлі де жақсы танып үлгірмегенімізді көре түсеміз. Себебі, ғалымнын ұлы ақынға қатысты еңбектері ол жайлы жазылған, айтылған күллі ой-пікірдің дәреже-деңгейін анықтаушы ғана емес, ақын мұралары жайлы ендігі кезекте зерттелуге тиіс көп-кәп мәселелердін бағдарламалық жүйесін белгілеуші де.

           Осы сияқты, қазақ филологиясында абайтану мәселесінің күн тәртібінде қойылуы мен оньщ шешілуі өзінін заңды эволюциялық даму жолымен келе жатыр десек те болғандай.

          Ал кейінгі жиырма — отыз жылда ақын мұрасын зерттеудіц дәрежесі мүлде басқаша сипат алып отыр. Бұл жылдарда ақынның поэмасы, лирикасы және де Абай эстетикасы, реализмі төңірегінде бары-жоғы 4 қана кандидаттық диссертация қорғалды. Ақынныц эстетикалық танымына қатысты Қ. Қалмырзаевтың, этикалық танымдары жайлы Б. Ғабдуллинніц орысша жазылған кітаптары жарық кеөрді.

           Бір назар аударарлық жай, осы жылдардыц ішінде, Қ. Мұқаметханов, тағы бір-екілі ғана зерттеуші Абай мұрасы төңірегінде үзбей еңбектеніп келеді. Бұл аралық кезенде қазақ тілшілері де Абай мұрасына біршама барды. «Абай тілінің сөздігі» 1968 жылы шықты. Ақын тілінен Рәбиға Сыздықова докторлық диссертация қорғап, «Абай шығармаларының тілі» (1968 ж.) «Абай өлеңдерініц синтаксистік құрылысы» (1970 ж.) деген монографиялар шығарды. Бірақ одан бері қазақ тілшілері Абай шығармалары тіліне қайта орала қойған жоқ.

       Жұртқа белгілі, Абай қазақтың жаца сипатты әдеби тілін жасады. Және де мұны біз әдеби тіліміздіц тарихындағы зор жетістігіміз деп мақтаныш тұтамыз.

III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.
  • Өмірінен түсінгендерін «БҮҮ» кестесіне толтыру.

Білетінім

Үйренгенім

Үйренетінім

Сабақты қорыту.

1.    Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырған?

2.   Абай ескерткіші алғаш рет қай қалада қойылды?

3.  Абай есімімен аталатын республикамызда қала бар ма, бар болса ол қай облыста орналасқан?

4.   Абайдың ең алғашқы аударма өлеңі қалай аталады және оны қай ақынның өлеңінен аударған?

5.   Ұлы ақынның құрметіне Абай асуы, Абай шыңы, Абай мұздығы деп аталатын жерлер бар? Олар қай таудың сілемінде?

         C:\Users\Алуа\Desktop\АБАЙТАНУ КУРСЫ\АБАЙ ТУРАЛЫ\АБАЙ-АЛЬБОМ\2.JPG

Үй тапсырмасы: Абай шығармашылығын оқып келу.



Предварительный просмотр:

Сүгірбекова Айман.  taraz.aiman@mail.ru

Мерзімі

 Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

3

Абайтану

11

Сабақтың тақырыбы: «Өзіңнен өзің есеп ал» Абайдың он бесінші қарасөзі.

Сабақтың жалпы мақсаты: он бесінші қарасөзіндегі адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі, жақсы-жаман нәрсенің парқын пайымдау туралы, адам өмірі туралы философиялық топшылауы, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас мәдениеті, ақынның ақылды және ақылсыз кісінің белгілі бір парқы туралы философиялық көзқарасы, қызығушылық, мастық, есерлік ұғым-түсініктері туралы танымы туралы ұғындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сауаттылық хаттар, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;
    2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 ж;
  2. Өмірәлиев Құлмат «Абай афоризмі» Алматы «Қазақстан» 1993 ж.
  3. Х.Ж.Сүйінішәлиев «Абайдың қарасөздері» Алматы 1956 ж.
  4. Электрондық оқулық: «Абай қарасөздерінің дауыстап айтылуын компьютерден тыңдату»

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

         Он бесінші сөз. Онда адам өміріне философиялық ой жүгіртіп, терең топшылау жасап, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін сөз еткен. Абай адамның қызыққан нәрсені өмірден өзі іздеп, үйрену кезіндегі есті кісі мен есер кісінің парқын ажыратып пайымдаған.

       «Есер кісі өмірден орнын дұрыс таппай, не болса сол, бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын ит қорлықпен өткізіп алады», «жастығы озбастай, буыны босамастай» болып жүргенде өмір өтіп кетеді, қайта ойланып толғанғанды уақыт көтермейді, «екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады», - дейді.

          Адам бойындағы Абай айтқан тағы бір қасиет – әр нәрсеге қызығушылық, «әрбір құмарлықтың өзі бір дерт», құмарлыққа қолы жете бере адам елтіп, мастыққа бой ұрады. Ал мастық «ақылдың көзін» байлап, әр нәрсеге қызықтыра, еліктіре түседі. Сол уақытта есті кісілердің онша есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сақтықпен ұстайды. Құмарлықты сабырлылыққа, ақылға, ұстамдылыққа жеңгізеді. Ал есер кісілер алды-артына қарамай, есі кете далақтап қызықты қуып шаба береді екен дейді.            

          Егер есті кісі қатарында болғың келсе, өткенге ой жібер, «күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал.                

         «Өмірді қалай өткіздің екен», не білімге, не ахиретке,  не    дүниеге жарамды,  күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің деп ой жүгіртіп отыр деген ақыл-кеңес айтады. Абай айтқан өмірге сын көзімен қарау, өзін-өзі тәрбиелеу, жақсыдан ғибрат алып, жаманнан жирену, өмірге сабыр-тоқтаммен қарау ұлы философ, педагогтардың бәріңің де  еңбектерінде марапатталған терең ой толғамы.

III. Ойтолғаныс сатысы

  • «Он бесінші қарасөзін» оқу және талдау.

ОН БЕСІНШІ СӨЗ

         Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.C:\Users\Алуа\Desktop\АБАЙТАНУ КУРСЫ\АЛЬБОМ\83.jpg

Әуелі — пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса кеңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бүл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен.

Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге кызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен-дағы, күнінде өкінгені пайда болмайды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты куғанда-ақ мойны қатып, буыны қүрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.

             Үшінші — әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен.

             Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін бай-лап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, "ананы-мынаны" дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер кісілер ер-тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының к...н жауып кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім.

           Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жүмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен езің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?

  • Қарасөзден түсінгендерін «БҮҮ» кестесіне толтыру.

Білетінім

Үйренгенім

Үйренетінім

Сабақты қорыту. Абай туралы эссе жазу.

            C:\Users\Алуа\Desktop\АБАЙТАНУ КУРСЫ\АБАЙ ТУРАЛЫ\АБАЙ-АЛЬБОМ\3.JPG

Оқушылар білімін бағалау.

Үй тапсырмасы: «Он бесінші қарасөзін» оқу.



Предварительный просмотр:

Сүгірбекова Айман.  taraz.aiman@mail.ru

Мерзімі

 Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

4

Абайтану

11

Сабақтың тақырыбы: Отыз бірінші қарасөзі

Сабақтың жалпы мақсаты: Отыз бірінші қарасөздегі ақынның педагогтік, ұстаздық жөніндегі ой-пікірлері, есітіп білгенді есте сақтау тәсілдері, ой кеселдерінен сақтанудың жолдары  турасындағы ойлары туралы білім беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сауаттылық хаттар, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;
    2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 ж;
  2. Өмірәлиев Құлмат «Абай афоризмі» Алматы «Қазақстан» 1993 ж.
  3. Х.Ж.Сүйінішәлиев «Абайдың қарасөздері» Алматы 1956 ж.
  4. Электрондық оқулық: «Абай қарасөздерінің дауыстап айтылуын компьютерден тыңдату»

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

          Отыз бірінші сөз. Ақынның педагогтық, ұстаздық ойларының жемісі. Есітіп білгенді ұмытпай есте сақтау тәсілдерін санап көрсетіп, ойсыздық кеселдерінен сақтандыратын ойлар. «Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек...»дейді Абай. Отыз бірінші сөз Алғаш рет ақынның 1933 жылы жарық көрген толық жинағында жарияланды. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1977 жылы жинақта 1905 жылғы қолжазба негізінде «Егер» деп басталатын сөйлемдегі «ой», келесі сөйлем соңындағы «секілді» деген сөздер сөйлем жүйесіне лайық алынып тасталған.C:\Users\Алуа\Desktop\АБАЙТАНУ КУРСЫ\АЛЬБОМ\84.jpg

III. Ойтолғаныс сатысы

  • Отыз бірінші қарасөзін оқу және талдау.

ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ

            Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:  әуелі — көкірегі   байлаулы   берік   болмақ   керек;   екінші   —   сол   нәрсені естігенде я көргеңде ғибрәтлану1 керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу   керек;   үшінші   —   сол   нәрсені   ішінен   бірнеше   уақыт қайтарып  ойланып,   көңілге  бекіту  керек;  төртінші  —  ой  кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер бір кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе — күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

  • Қарасөзден түсінгендерін «Ішіне-сыртына» кестесіне толтыру.

Ішіне-сыртына

Ішіне:  есітіп білгенді есте сақтау тәсілдері

Сыртына: ой кеселдерінен сақтанудың жолдары

Сабақты қорыту.

  • Қара сөздегі айтылған түйінді өз сөздеріңмен айтып беріңдер.
  • Абай қара сөзі бізді қандай болуға үйретеді?
  • Ақын аталарыңның ақыл-кеңес, өсиет түрінде жазылған тағы қандай шығармаларын білесіңдер?

            C:\Users\Алуа\Desktop\АБАЙТАНУ КУРСЫ\АБАЙ ТУРАЛЫ\АБАЙ-АЛЬБОМ\4.JPG

Үй тапсырмасы: Отыз бірінші қарасөзін оқу. 



Предварительный просмотр:

Сүгірбекова Айман.  taraz.aiman@mail.ru

Мерзімі

 Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

5

Абайтану

11

Сабақтың тақырыбы: «Осы мен өзім-қазақпын» тоғызыншы қарасөзі

Сабақтың жалпы мақсаты: тоғызыншы қарасөзіндегі қазақ халқының, оның тұрмыс-тіршілігінің кемшілік тұстарын сынауы, ақын пікірлерінің бүгінгі қоғамдағы өзектілігі, өмір философиясының қағидаларын ұғындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сауаттылық хаттар, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;
  2. 2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 ж;
  3. Өмірәлиев Құлмат «Абай афоризмі» Алматы «Қазақстан» 1993 ж.
  4. Х.Ж.Сүйінішәлиев «Абайдың қарасөздері» Алматы 1956 ж.
  5. Электрондық оқулық: «Абай қарасөздерінің дауыстап айтылуын компьютерден тыңдату»

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

         Тоғызыншы сөз. «Осы мен өзім – қазақпын» деп бастайды сөзін Абай. Олай болса қазақтың қай қылығын қостап, оны жақсы көрмекпін немесе нендей қылықтарынан жиреніп, оны жек керуім керек. Ақын оған жауап бермейді. Қазақтың жөнделіп, көңілге қуат қыларлық іске кешеріне, ақынның сенімі жоқ. Халқына, оның ұсақ-түйек тіршілігіне қапа болған Абай «мен өзім тірі болсам да анық тірі де емеспін» дейді. Ақын айтқандарын дәлме-дәл түсінуге болмайды, оның күйзелісі Асан Қайғы іспетті, болашаққа үмітпен қарау, өз дертіңді өзің анықтау, өзіңді өзің аяусыз сынау, сөйтіп, кеселді дерттен құтылу жолында әрекет ету.

           Бұл –  өмір философиясының қағидалары. Өмір мен өлім болмысын қатар алып келе жатқан қазақтың философиясында сонау Қорқыт, одан бергіде Асан Қайғыда молынан кездесетін ойлар жүйесі. Қазақ тұрмысында өлім туралы өшпес ойлар қалдыру дәстүрі болған. Сондықтан да Абай «бұ да жақсы өлер кезде» әттеген-ай, сондай, сондай қызықтарым қалды-ау» деп қайғылы болмай, алдыңғы тілеу болмаса, артқа алаң болмай өлуге» дейді. Сонда елімнің қайғысыз болуы, ол оның мәніне жеткендік емес пе? Бұл мәселенің бір қыры, екінші – елімнің қайғысыз болуы өмірдің мәнсіздігін, еткінші екендігін де мойындау емес пе? Бұл сұрақтарға жауапты адамзат баласы әрқашан қойып келеді, нақтылы жауап жоқ, себебі – өмір мен өлім мәнін адам баласы ешқашан шешпек емес. Бұл табиғат құпиясы, оны адамның мойындауынан өзге еш лажы жоқ. Абай осы қысқа сөзіңде осы бағытта ой ербіткен.

III. Ойтолғаныс сатысы

  • Тоғызыншы қарасөзін оқу және талдау.

Тоғызыншы сөз

           Осы мен өзім — қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уә әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, көңілге тыянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар гой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, оңдайым жоқ. Егер жек көрсем, сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, "не қылды, не болды?" демей жату керек еді, ол мүмкін болмаса, бүлардың ортасынан көшіп кету керек еді. Бүларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ. Бұлардың бірі де жоқ. Бұл қалай? Бұл айтқанның бірін тұтпай болмас еді.

       Мен өзім тірі болсам да, анық тірі де емеспін. Әншейін осылардың ызасынан ба, өзіме-өзім ыза болғанымнан ба, яки бөтен бір себептен бе?— еш білмеймін. Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмаймын, сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі. Қайратты күнімде қазақты қиып бөтен жаққа кетпек түгіл, өзін жақсы көріп, үміт етіп жүріппін. Қашан әбден біліп, үмітімді үзген кезде, өзге жаққа барып, жатты өз қылып, үйір боларлық қайрат, жалын сөніп те қалған екен. Сол себептен бір жүрген қуыс кеудемін. Тегінде ойлаймын; бұ да жақсы, өлер кезде "әттеген-ай, сондай-сондай қызықтарым қалды-ау!" деп қайғылы болмай, алдыңғы тілеу болмаса, артқа алаң болмай өлуге.

Копия Scan0030

  • «Қазақ» сөзіне топтастыру жасау.

Сабақты қорыту. Тоғызыншы қарасөзінен эссе жазу.

                C:\Users\Алуа\Desktop\АБАЙТАНУ КУРСЫ\АБАЙ ТУРАЛЫ\АБАЙ-АЛЬБОМ\5.JPG

Үй тапсырмасы: тоғызыншы қарасөзін оқу. 


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Өздік жұмысы "Жай бөлшектер" 5 сынып

В самостоятельной работе имеется 4 заданеия. Самостоятельная работа на 5-7 минут...

етістік 3-сынып

открытый урок на тему "Глагол" по ФГОС...

11 сынып ата - аналарымен өткізілген №4 жиналыс

11 сынып оқушыларының ата - аналарымен өткізген жиналыс. Ата - аналарды ҰБТ ның ережелерімен таныстырып, әрбір оқушының балдарына жеке жеке тоқталып, аудан көлеміндегі пәндердің нәтижесін айтып кету....

Қаламның болашағы 6 сынып

Бүгінгі сабақ өзіміз туып өскен жеріміз, туған қаламыз туралы әңгімелесіп, жаңа сабақты бастаймыз. Сабақ бастамас бұрын өздерің дайындап келген қала туралы шығармашылық жұмыстарыңнан бастаймыз....

7-сынып, қазақ тілі пәні. Септік жалғаулары

Жалпы мақсаттар-жеті септік сұрақтары, жалғаулары туралы түсінік беріп, меңгерту, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; диалогтік оқыту арқылы сабақтың мазмұнын ашу; формативті бағалауды сы...

Абайтану. 9 сынып

    Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамды...

Абайтану. 10 сынып

Абайтану. 10 сынып...