Сан есім
презентация к уроку (2 класс) по теме

Кукеева Орынкуль Исмагуловна

«Мичурин орта мектебі» ММ

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәнінен 2- ші сыныпта
өткізілген ашық сабақ жоспары

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі:

Кукеева Орынкуль Исмагуловна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:   Сан есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сан есім туралы білімдерін кеңейте отырып, сөйлем ішінен сан есімдерді тауып, сан есімнің зат есіммен байланысын, жазылу емлесін меңгерту. Сөз таптары олардың түрлерін, сұрақтарын, сөйлемдерді сөз таптарына талдай білуге үйрету.

Дамытушылық:  

        Жаңа технология элементтерін пайдалана топпен, жұппен,  оқулықпен жұмыс жасай отырып білім сапасын арттыру.

        Танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Компьютермен жұмыс істеу арқылы пәнге қызығушылықтарын қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Оқушыларды табиғаттағы тіршілік иелерін сүйе білуге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   Дәстүрлі емес.

Әдіс-тәсілдері:   түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, тестілік, өзіндік         жұмыс, топтық.

Көрнекілігі:  оқулық, тірек-сызба, компьютер, суреттер, қима қағаздар, тест.

Пәнаралық байланыс:  дүниетану, математика.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

1)  Сәлемдесу:

Балалар, қазақ тілі сабағымызға құрметті қонақтар келіп отыр. Қонақтарға өзіміздің білімдерімізді көрсетіп, белсене қатысайық.

    2) Психологиялық дайындық:

                                               Үлкенге де сіз,

                                               Кішіге де сіз,

                                               Сәлем бердік сіздерге

                                               Құрметпенен біз.

3)  –Үйге қандай тапсырма берілді?

4)  –Балалар, бүгінгі сабақта оқулық тапсырмаларымен жұмыс жасай отырып, сан есім туралы білімдеріңді одан әрі дамытамыз.

ІІ.   – Алдымен, ойымызды жинақтап, өткен білімімізді еске түсірейік.

-        Тіліміздегі сөзер нелерге бөлінеді?

-        Біз қандай сөз таптарымен таныстық?

-        Енді экрандағы тірек-сызба бойынша, сөз таптары туралы не білетінімізді ортаға салайық. (Слайд 7.)

1)  Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)

2)  Зат есімнің түрлерін ата. (жекеше, көпше)

3)  Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?(Не істеді? Не қылды?)

4)  Етістіктердің түрлерін ата. (дара, күрделі)

5)  Сын есім дегеніміз не?

6)  Сан есім дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ. Ненің суреттерін  көріп тұрмыз? Сан есімдер қандай сөз табымен байланысып тұр? Осы жерден қандай бір ойға келуге болады? Сан есімдер зат есіммен байланысып тұр.

IV. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күн ретімен берілген үлгідегі Ққ әрпі мен Құстар сөзін көркем етіп жазамыз. (Слайд 8.) (Әріптің басталу нүктесі мен байланыстарына назар аудара жазыңдар).

 -Құстар сөзіне ауызша дыбыстық талдау жасау.

V. Сөздік диктант жазамыз.

Төрт, он, жиырма, елу, тоқсан, оныншы, жетінші, отыз бес, жиырма үш.

Тексеру:  (Слайд  9.)

Экранда жазылған сөздерге қарап, әркім өз қателеріңді тексере қойыңдар!

(Мысалы: Мырзақмет, неше қате? т.с.с.). Жіберілген қателерімізді еске сақтап, екінші рет жібермейтіндей мұқиат болыңдар!

VI. Енді, экрандағы суретке назар аударайық. (Слайд 10. Проигрыватель Windows Media арқылы «Орман дыбысы»  әуені қосылады.)

-        Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

-        Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-        Қандай жыл құстарын білесіңдер?

-        Қараңдаршы, балалар қайда жүр деп ойлайсыңдар?

-        Тыңдайықшы , орманда нелердің даусы естіледі?

-        Құстардың қандай түрлері бар?

-        Суретте балалар не істеп жатыр?

Мұғалім сөзі: Жас ұяны ағашқа кендір жіппен байлаған жөн. Әйтпесе, ол өсіп тұрған ағашты бунап зиян келтіреді. Ұяның құс кіретін аузы әрдайым оңтүстік-шығысқа қарап, ілгенде 5-6 м биіктікте ілуді естеріңе сақтаңдар!

-Осы құрастырылған сөйлемдердің ішінен мына сөйлемді тақтаға жазып, сөз таптарына талдайық.

      Екі бала ағаштың бұтағына ұяны орнатты.

VII. Сергіту жаттығуы.

        Қарлығашқа ұқсайық,

        Қане, қанат жазайық,

        Қарлығаш боп ұшайық

        Ұшып-ұшып алайық.

        Орнымызды табайық

VIII. Оқулықпен жұмыс

1-       тапсырма Мәтіндегі цифрларды сөзге ауыстырып сан есімі бар сөйлемдерді көшіріп жазу.

2-       Тапсырма Сурет бойынша мәтін құрастыртып оған ат қойғызамын. Сан есімдердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын анықтайды.

3-       Тапсырма берілген сан есімдерге зат есім тіркестіріп жаздыртамын.

ІХ. Дидактикалық ойын: «Жылдам жауап».

 І топ кез келген сөз таптарына қатысты сөз айтады.

ІІ топ -сол айтылған сөзге жылдам сұрақ қояды.

ІІІ топ сол сөзбен сөз тіркесін айтады.

Х . Өзіндік жұмыс жасаймыз.

1.   Сабақ, қоңырау, мұғалім

2.   Түн, күн, ұйқы

3.   Күлкі, күлдіргіш

4.   Күнделік, жалқаулық, екілік

5.   Әріп, әліпби

6.   Жаңбыр, бұлт, лайсаң

7.   Шаш, бас, бантик

8.   Кітап, жазушы,баспа

9.   Ағаш, топырақ, тұқым

 (Ауызша тексеру).

ХІ. Топпен жұмыс. (Слайд 12. )

Экранда әр топқа тапсырма берілген. (Оқу)

І топ. Төмендегі неше? Сұрағына жауап беретін сөздерді нешінші? Сұрағына жауап беретін сөзге айналдырып жаз.

бес сынып-

он алты дәптер-

жиырма үй-

ІІ топ. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, көшіріп жаз. Сан есімдердің астын сыз.

Болат... жаста. Ол ... сыныпта оқиды.

ІІІ топ. Оның да біл есебін,

           Әр аптада неше күн?

ХІІ. Дидактикалық ойын. «Кім көп біледі?»

Сан есімдерге қатысты кім көп мақал-мәтелдер біледі?

1. Ел ішінде – елу ел бар.

2. Жеті рет өлше, бір рет кес.

3. Еріншектің ісі – екі.

4. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болған артық

5. Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.

6. Он екі мүшең сау болса жарлымын деме,

Он саусағың түгел болса, дәулет емей немене.

 

ХІІ. Өтілген тақырыптар бойынша білімдерімізді бекіту мақсатында 2-нұсқадағы тест тапсырмасын орындаймыз.(тест парақшалары)

          

ХІІІ. Математикалық жұмбақ есеп. (Слайд 12. )

-         Өлеңде не туралы айтылған?

-         Алма қайда өседі?

-         Өлеңде неше алма қалды?

-         12 ол қандай сөз табына жатады?

-        Сан есім дегеніміз не?

-        Қандай сұрақтарға жауап береді?

XIV.-Балалар, бүгінгі сабақтан не үйрендік?

         Сабақ несімен ұнады?

XV. Үйге 4-жаттығу. Цифрларды сөзбен ауыстырып  көшіріп жазып, сан есімдердің  астын сызу. (Слайд 13.)

XVI. Бағалау.

 

 

Скачать:

ВложениеРазмер
Office presentation icon san_esim_ashyk_sabak.ppt1.68 МБ

Предварительный просмотр:


Подписи к слайдам:

Слайд 1

“ Мичурин орта мектебі” ММ бастауыш сынып мұғалімі. Қазақ тілі сабағы 2 К сыныбында Сабақтың тақырыбы: “ Сан есім” Кукеева Орынкуль Исмагуловна

Слайд 2

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Слайд 3

Білімділік: Оқушылардың сан туралы білімдерін толықтыра түсу, ой-өрісін кеңейту. Сөйлем ішінен сан есімдерді тауып, сан есімнің зат есіммен байланысын, жазылу емлесін меңгерту. Сөз таптары олардың түрлерін, сұрақтарын, сөйлем ішінен тауып, ажырата білуін, сөйлемдерді сөз таптарына талдай білуге үйрету. 2) Дамытушылық: Жаңа технология элементтерін пайдалана топпен, жұппен, оқулықпен жұмыс жасай отырып, білім сапасын арттыру. Танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Компьютермен жұмыс істеу арқылы пәнге қызығушылықтарын қалыптастыру 3) Тәрбиелік: Оқушыларды табиғаттағы тіршілік иелерін сүйе білуге, қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу . Сабақтың мақсаты:

Слайд 4

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, топтық, тіл дамыту, көрнекілік, өзіндік жұмыс, тестілік, ұжымдық Технология: жаңа ақпараттық білім беру технологиясы

Слайд 5

Сабақтың көрнекілігі : оқулық, тірек-сызба, компьютер, суреттер, қима қағаздар, тест Пәнаралық байланыс : дүниетану, математика

Слайд 6

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 1) Сәлемдесу; 2) Психологиялық дайындық; 3) Үйге берілген тапсырманы сұрау; ІІ. Өткен сабақты қайталау. 1) Экрандағы тірек-сызба бойынша сөз таптарын қайталау; 2) Көркем жазу (Ққ әрпі мен Құстар сөзін жазу); 3) Сөздік диктант жазу; 4) Сурет бойынша тіл дамыту жұмысы; 5) Сергіту жаттығуы; ІІІ. Электрондық оқулықпен жұмыс. 1) Ұжымдық жұмыс. Электронды оқулықтың “Оқылым” бөліміндегі з тапсырманы орындау 2) Дидактикалық ойын “Жылдам жауап”; 3) Өзіндік жұмыс. Электрондық оқулықтың “Нәтиже” бөліміндегі 1-2 тапсырмаларды нұсқа бойынша жұмыс; І V . Топпен жұмыс; V . Тест алу; VI . Бекіту; Математикалық жұмбақ есепті шешу; VII . Қорытындылау. -Балалар, бүгінгі сабақтан нені үйрендік? VIII . Үйге тапсырма. 418-жаттығуды көшіріп жазып, сан есімдердің астын сызу; IX . Бағалау.

Слайд 7

Сөз таптары Сын есім Зат есім Сан есім Етістік

Слайд 9

Сөздік диктант Төрт, он, жиырма,елу, тоқсан,оныншы, жетінші, отыз бес, жиырма үш .

Слайд 10

2-НҰСҚА

Слайд 11

Лездемеге тез жауап бер. Не бірінші? Сабақ, қоңырау , мұғалім Түн, күн, ұйқы Күлкі, күлдіргіш Күнделік , жалқаулық , екілік Әріп, әліпби Жаңбыр, бұлт , лайсаң Шаш, бас, бантик Кітап, жазушы ,баспа Ағаш, топырақ, тұқым

Слайд 12

Топтық жұмыс І топ Нешінші? деген сұраққа жауап беретін етіп өзгертіңдер. бес сынып- он алты дәптер- жиырма үй- ІІ топ Сан есімдерді қойып көшіріп жаз. Сан есімдердің астын сыз. Болат... жаста. Ол ... сыныпта оқиды. ІІІ топ Сан есім қойып жаз Оның да біл есебін, Әр аптада неше күн?

Слайд 13

Математикалық жұмбақ есеп Табақта он бес алма, Қолымда 4 алма, Барлығын қосқанда Болады неше алма? Екеуін бердім апама, Екеуін бердім атама, Үшеуін алды інім Нешеуі қалды өзімде? 12

Слайд 14

1- НҰСҚА 2-НҰСҚА А 1. Б А 2.Ә Ә 3. А Б 4. В В 5. Ә В 6. А Б 7. Б

Слайд 15

Үй тапсырмасы 4-жаттығу Цифрларды санмен жазып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Сан есімдерді тауып, астын сызыңдар.