қош бол бастауыш мектеп
методическая разработка (1 класс) на тему

Бекбергенова Сара Алимжановна

1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
 

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл trbie_sag.docx45.86 КБ

Предварительный просмотр:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан 2050

 Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу

. Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.

Тәрбие сағатының барысы:

 Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын. Ой қозғау: - Біз қандай мемлекетте тұрамыз? - Қазақстан. - ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек? - ҚР –ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек. - Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме? - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. -14 желтоқсан күні жаңа «Астана опера» опера және балет театрында ҚР Президенті Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналысында халқына үндеуі? -Иә, балалар, Жолдауын арнады. Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»! Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде: «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді. Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын. Оқушы: 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Оқушы:Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық. Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек. 1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық) 2. Отағасының антонимі (отанасы) 3. Ата-ана тәрбиелейді? (бала) 4. «…-біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы) 5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын) 6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу) - Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз. Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды. Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен- ана. Ал ана- отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы –ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық –зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады. Білім- барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы- біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз. Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан – 2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу . Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт – бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 50 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді. Ән: Елім менің.( тыңдалады) Өлеңдер оқылады. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы) Қорытынды: - Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады? «Ойын» «Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу. Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады) Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын.

Сабақтың тақырыбы: Шаңырағым – шаттығым

Мақсаты:отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар!  «Шаңырағым – шаттығым» атты ашық тәрбие сағатына хош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейрімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгенне кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.

1-жүргізуші: Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлы Абай бұл туралы

« Ата-анаға көз  қуаныш –

Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен.

2-жүргізуші: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі негізгі міндетін айқындайтын нақыл сөздерді де көп кездестіруге болады. Дана халқымыз «Әке – асқар тау, ана – бұлақ, бала – жағасында өскен  құрақ», «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген екен.

1-жүргізуші: Енді осы тақырыптағы мақал-мәтелдерге кезек берейік.

1-оқушы: Бала тәрбиесі бесіктен.

2-оқушы:Баланың жақсысы – қызық, Жаманы күйік.

3-оқушы: Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.

4-оқушы: Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры.

5-оқушы: Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.

6-оқушы: Ата-бәйтерек, бала –жапырақ.

7-оқушы: Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

8-оқушы: Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық ризық.

9-оқушы: Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.

10-оқушы: Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.

11-оқушы: Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.

12-оқушы: Ағайын – алтау, ана – біреу.

13-оқушы: Ағайынның алтын сарайынан, Ананың жыртық лашығы артық.

14-оқушы: Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла алмайсың.

2-жүргізуші: Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласұғын былай дейді:

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балалрды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы, жаман болса, бала- солардан».

Ән: «Ана туралы жыр»

1-оқушы: Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шеешсіне қарап бой түзейді. Ата-ана балалрына  үлгі-өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсіруі екіталай. Өйткені бала ерсектерге, әсіресе ата-анасына, тәрбиешілерге өте еліктегіш келеді. Жақсыны да, жаманды да солардың үйренеді, көргені қайталайды. Қазақтың дауылпаз ақыны Ілияс Жансүгірұлы «Жаста берілген, басқа сіңген тәлімің өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас» деп бүлдіршінге жастайынан берілген тәрбиенің жемісті екенін айтады. Жас балаға өз ата-анасы - асқа– тау. Әке-шешенің ауызынан шыққан сөз бала үшін заң болып есептеледі.

2-оқушы: «Тәрбие тал бесіктен» дейді атам қазақ. Сол тал бесіктен жер бесікке дейін баланың өсіп жетілуінің негізі отбасында  жатыр. Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу.

3-оқушы:Бүгінгі дүниеге келген бала – ертеңгі сүйкімді бозбала мен бойжеткен, болашақ ата-ана мен сабырлы да салиқалы ата-әже. «Өнеге отбасынан» демекші, халықтық тәлім-тәрбиенің  бастауы отбасының өмірінде жатыр. Ата-бабаларымыз кезінде оқу оқып білім алуға мүмкіндіктері болмай, көшіп-қонып жүргеннің өзінде өз ұрпағын жоғары адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, қонақжайлылыққа тәрбиеленген.

4-оқушы: Шариғатта (Ислам қағидаларында) да отбасы жоғары бағ,аланып, оның бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Онда «Балалар –ата-аналар қолына  берілген аяулы аманат» делінген. Бұлғажайып құдайшылық анықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр үйдің маңдайшысына жазып қоюға тұрарлық. Баланың өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте кезінен бастап бақытты балалық шағы, жеке шаңырақ көтергенде дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір – айдында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегін әке мен шеше дер едік.

5-оқушы: «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы» дейді қазақ. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңдер көбінесе бала кәмілеттік жасқа толғаннан бастап орын ала бастайды. Бала бойындағы физикалық, психологиялық өзгерістер  оның мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан да ата-ана өсіріп отырған баласының тәрбиесіне осы кезеңдерде жете көңіл бөлгені жөн.

6-оқушы: Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Оның амандығын, үрім-бұтақты, бай бақытты, атақ-абыройлы болуын тілейді, өздері әл-қуаты кетіп, ауру-сырқаулы болып қартайғанда сол баланың қайырын көріп, мерейіміз өссе екен деп армандайды. Ақырғы, ең қастерлі тілектері: «Бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса». Осындай ата-ананы сыйлау, сәби шағындаөзінді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту – қандай ғанибет!

7-оқушы: Қазақ ұғымы бойынша, үйлерінің төбесінен күн сәулесі төгіліп, қараңғы түндерде тұнық аспанның төріндегі самсаған қалың жұлдыз жымыңдай жарық сеуіп тұруы тиіс. Байтақ сахара құшағында қысылып-қымтырылмай өскен арда халық мұны еркіндіктің, кең тыныс алудыңбелгісі деп білді.Сондықтан ұлы әлемнің бүкіл қасиетін сездіріп тұратын шаңырағын айрықша қастерледі, жан тәнімен  қорғады. Шаңыраққа ие болудың өзі- шексіз абырой, адамдық нысаны.

Ән: «Әке туралы жыр»

8-оқушы: Қара шаңырақ ұрпақтар өрбіген құтты ұя саналады. Кең мағынада бүкіл ұлт тұтас ірге жайған жер де Қара шаңырақ. Соныдқтан қазақ баоласы Қара шаңырақ иесі – Қазақ атасының үйін ардақтайды, яғни Қазақ атасы көтерген Қара шаңырақты аялай қастерлеп, оның қасиетін өзінің ар-намысындай сезінеді.

9-оқушы: Қашан да әке-шеше отырған үй аяулы,ардақты, ыстық. Ұрпақтары соған бас иеді. Оны құтты орынға теңейді. «Ордаға керек – отауға да крек» деген аталар өсиеті негізінде әр ұрпақ өзінің шыңырағын ата салты бойынша жоғары көтеруге және абыройлы, парасатты болуға тырысады. Өзінің де ұрпағын өсіріп, өркенін жайдыруды мұрат тұтады. Сондықтан Қара шанңырақ – Қазақ армаанының мақсат-мүддесінің бір шоқтығы.

10-оқушы:Ей,  перзентім, ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма. Олардың көңіл-күйіне қаяу салып қапалаңдырма. Сені жан-тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-анаңның көңілін қалдыратын құйттай іс жасасаң, сен ешқашан жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен өз перзентім құрмет қылмсын десең, сен де ата-анаңды құрметте, сен ата-анаңа не істесің, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізгі тілегі қабыл болғаны.

11-оқушы: «Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы – жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы – барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым.

12-оқушы: Ата-анасыз өмір жоқ, яғни адам жоқ. Демек, бала-ата-ана өміріінң жалғасы. Сол үшін ата-ана жата-жалынып құдайдан перзент көргенде жүрегі жарылардай қуанған, содан кейін «Баламның табанына кірген шөңге менің мандайыма қадалсын» деп әлпештеп өсірген, перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған, өздерін балалры үшін құрбан еткен. «Бала – ата-ананың бауыр еті», «Балалы үй – базар, баласыз үй –мазар» деген сияқы толып жатқан мақалдарада ата-ананың балаға деген ұлы сүйіспеншілігі жатқан жоқ па?!

13-оқушы: Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен әпке-қарыңдастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы қоғамның ең маңызды ұйытқысы болып табылады. Өйткенгі адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ержетіп, отбасының тәрбиесін алады. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет.

Ән: «Әкешім, анашым».

2-жүргізуші: Отбасы – ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастыруды рухани-адамгершілік бастауы.

1-жүргізуші: Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.

2-жүргізуші: Отбасында әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, қандай жағдайда болсын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп бақытқа жете алады.

 

Тақырыбы: Еліміздің Мемлекеттік рәміздері
Сабақтың мазмұнына байланысты міндет:
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан - жақты сарапқа салады, олар мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғынады, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін сезінеді.
2. Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиеленеді.
Мәтіннің мазмұнына байланысты өлең, мақал - мәтелдер айтып, ой бөлісе алады.
Ұғымталдыққа, ұйымшылдыққа, зейін қоя білуге, өз пікірін дәлелдей білуге үйренеді.
СТО - ға байланысты міндет: Негізгі мәселені жеке, жұппен, топпен анықтай алады.
3. Дамытушылық: Ой - өрісі, танымдық қабілеті, жеке дара тұлға ретінде дамиды.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, парақшалар.
Пән аралық байланыс: ән - әуез, бейнелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы. «Топтастыру» стратегиясы «Ой қозғау» стратегиясы «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы «Кубизм» стратегиясы.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
1. Амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушыларды сабаққа даярлау.

2. Психологиялық дайындық..
Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі. Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Үй тапсырмасын тексеру
Әр топқа «Астана» мәтінін мазмұндату. Эссе оқу.
Қызығушылықты ояту
- Сонымен біздер қандай мемлекетте тұрып жатырмыз?
- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
- Қай жылы Астананың мерей тойы аталды?
- Ендеше балалар бәріміз мына сөзжұмбаққа көңіл аударайық

«Ой қозғау» стратегиясы
Сөзжұмбақ шешу
«РӘМІЗДЕР»
1. Астанадағы биік мұнара
2. Юнеско Астанаға қандай қала атағын берді?
3. Қазақстанның жер асты байлығы..
4. Астана қаласындағы өзен..
5. Мағжанның алғашқы ұстазы..
6. Абайдың әжесі..
7. Қазақ даласының алғаш мектеп ашқан ағартушы..
8. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

Мағынаны тану
- Қандай сөз шықты?
Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Еліміздің мемлекеттік рәміздері»
- Рәміз дегенді қалай түсінесіңдер?
«Топтастыру» стратегиясы
ТОППЕН ЖҰМЫС
Әр топ интерактивті тақтаға шығып алдын - ала дайындалған суреттермен байланыстыра отырып жұмыстарын қорғайды.
СЛАЙД

І - топ жұмысын қорғайды
Ту - бірыңғай көгілдір түс. Бұл түс төбедегі ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз аспан бейбітшілік, тыныштық пен жақсылық нышаны Көк түс – қазақ халқының бірлік ынтымақ жолында адалдығын білдіреді. Нұрға малынған алтын күн - тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн қозғалыс, даму, өсіп - өркендеудің бейнесі. Қанатын жайған қыран құс - елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ - ұлттық оюлармен өрнектелген. Қазақстан Республикасы мемлекеті туының авторы: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.

Авторға сөз беру
Алдын - ала дайындалған автор сөзін диктафоннан тыңдату.
Жаңа ту қалай жасалды? Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің мерекесіне орай ұлттық нышанымыз - Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков былай деді: « Мемлекеттік туға арналған байқауға 600 - ден астам жоба түсті. Іріктеуден өткен ең соңғы 4 жоба комиссияның шешімімен Жоғарғы кеңестің талқысына ұсынылды. Байқаудың аяқталуына 3 күн қалғанда жаңа ту жобасын жасауға кірістім. Себебі, алдыңғы жасаған жобаларыма көңілім толмаған - ды. Сонымен, соңғы жасаған жоба жұртшылықтың көңілінен шығып, мемлекетіміздің төл туына айналды. Қазақстан туы халықаралық жиындармен бас қосуларда, Республика президентінің шет елге шыққан сапарында көтерілген сайын мені « біздің қазақ халқының туы» деген мақтаныш сезім билейді..

ІІ - топ жұмысын қорғайды
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
– Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң күші бар Жарлығымен (1996) белгіленген. Рәміздік тұрғыдан ҚР мемлекеттік Елтаңбасының негізі – шаңырақ. Ол – Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекеттің түп негізі – отбасының негізі. Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлділі, ер - азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты Тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп - өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет - бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.

«ЖАҢҒЫРЫҚ» ОЙЫНЫ «ПЫРАҚ»
«Пырақ» сөзін қайталап айту арқылы сөздік қорға қосу

ІІІ - топ жұмысын қорғайды.
Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрсетілген. Екіншіден сол ата - бабалардан қалған асыл мұрамыз - жеріміздің кең - байтақтығы орын алған. Үшіншіден, еліміз бен жеріміздің байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына жарқын жол ашатыны да айқын көрініс тапқан. Ең бастысы, біздің тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі - ел бірлігі баса көрсетілген.

1992 - жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының рәміздерін қабылдады
Кеше ғана Лондон жерінде өткен дүбірлі ойында Қазақстан мәртебесін отандас спортшыларымыз халқымыздың көбін рухтандырды Жат елде жалауы желбіреп, Әнұраны шарықтап Қазақстанның осал ел еместігін мойындатты

ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС
Оқушылар сурет бойынша жұмыс жүргізеді.
Әнұран мәнерлеп оқу
Сергіту сәті «ЖАСА ҚАЗАҚСТАН!» әуеніне қимылды би
Дәптермен жұмыс
Елтаңбаның авторы: Жандарбек Мәлібеков
Шота – Аман Уалиханов
Әнұранның авторы: Жұмекен Нәжімеденов
Нұрсұлтан Назарбаев
Шәмші Қалдаяқов

ІҮ. Ой толғаныс сатысы. «Әдебиет үйірмесі» (оқушыларды төрт топқа бөліп, сұрақтар қойылады)
«Кубизм» стратегиясы
•Зерттеуші: РӘМІЗДЕР ҚАНДАЙ МАҚСАТТА ЖАСАЛҒАН?
•Сөз тапқыш: Мәтін мазмұнына байланысты мақал - мәтел айтып, дәлелде.
•Сұрақ қоюшы: Мәтінге қатысты сұрақтар дайында.
•Бейнелеуші: «Менің қиялымдағы рәміз» сурет салу.
Топ пікірі тыңдалады. Бүгінгі сабақта мен нені білдім? Сұрағы төңірегінде оқушы өз ойын айтады.

Үйге тапсырма.
Мазмұндау. «Менің елім» өлең құру. Авторларды жаттау.
Оқушы білімі бағаланады. Топты бағалау.
Өте жақсы, жақсы қанағаттанарлық
Жеке оқушыларды бағалау
Гимн айту.

Тақырыбы: Елімнің  тұңғыш Президенті
Мақсаты:а)Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.
ә)Елімізге еңсе тіктетіп,мемілекетімізді мығымдап берген,халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б)Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, кәдесыйлықтар, әнұран, т.б.
Түрі: тәрбие сағаты

Әнұран
-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсылтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкінг емес еді.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.

I бастаушы:
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
2 бастаушы:
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр. 
Ән: «Елім менің»
Сөзжұмбақ: «Тәуелсіздік»
1.Мемлекетіміздің аты?
2.Елбасының әкесінің аты?

1 оқушы:
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

Мұғалім:
Мемлекеттің жарқырар күні алыс емес.
Зухра: Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Орынжан: Нұрсылтанды тудырған, заманалар
Желтоқсан жел. Ұл мен қыз
Ажал құшқан сондағы 

Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.
Мирас: Нұрсылтанға рух берген кәрі тарих парағы
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық – алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі

Тілші:
1. Президенттің атын кім қойған
- Наурызбек
- Тілші: Қазақстанда көптеген Нұрсұлтан атты азамат өсіп келеді. Осы туралы не дер едіңіз?
Абзал азаматтарға балдырған аттастарыңызға тілектеріңіз?
Интерактивті тақтамен жұмыс
Қолмен жазылған хаттар 
-Елбасының басқа ел басшыларымен түскен суреттері
Тілші: Елбасының кітап-журналдар оқуға уақыты бар ма екен?
Тұратұғын болашақтың үні кеп
Т артылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндиік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп
Әнге толсын барлық қала ауыл бар 
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар
Астанаға саяхат
Тілші: - Іңкәр Астанадан қангдай әсер алдың?
Кәдесыйлықтар
Тілші: - Бүгінгі ттәрбие сағатына қатысқанына ризамын
Ошақтың аяғы үшеуі болғанымен ұлт біреу
Ұлт тағдырын ойлауымыз керек
Ұлттық теңгеміз өз бабында
Осы бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ.
Нұр аға – қазақ халқының маңдайына біткен бақ. Өз бағымызда бастан теппейік ағайын
Хор: Қазақстан - Ақ Ордасының іші халқына құт болсын, ынтымақ, бейбітшілік ордасына айналсын.
Қорытынды: 
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2. Басшы адам қандай болу керек?
Интерактивті тақтамен жұмыс
Нұраға! Далаңыз егісті, Ордаңыз кеңесті болсын. Отырған орныңыз келісті болсын. Жұмысыңыз жемісті болсын. Халықтың бағы баянды болсын.
Хор: «Елім менің»

Тақырыбы: Әдепті бала арлы бала

Мақсаты: 1. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салтдәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
2. Адам бойындағы ұнамдыұнамсыз қылықтарды айыра отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
3. Әдептілікке сыпайылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Адамгершілікке байланысты түрлі суреттер: жаман жолдас, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық жасау, автобус ішіндегі бала, аналарды сыйлау.
Өсиет мақалдар:
а) Әдепті бала — арлы бала,
Әдепсіз бала — сорлы бала.
ә) Жаманға айтқан ақылың,
Далаға атқан оқпен тең.
б) Татулық — табылмас байлық.
в) Жақсы адам — елдің ырысы,
Жақсы жер — жанның тынысы.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Әдептілік, адамгершілік туралы әңгімелей отырып, мынадай сұрақтар қою.
Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесің?
Әдепті бала қандай деп ойлайсың?
Әдепті бала болғың келе ме?
Әдептілікті бізге кім үйретеді?
Балалар осы сұрақтарға жауап береді.
Мұғалім: Сонда адам бойында жақсы және жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Оны бізге ақ жаулықты аналарымыз ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.
Әр оқушы өз өлеңдерін кезеккезекпен айтады.
1оқушы: Әдептілік дегенің,
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре сарсаң әлегің.
2оқушы: Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді!
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың қалады.
3оқушы: Шындықты сақтаймыз,
Шыншылды жақтаймыз.
Шаршы топ алдында
Шығарып мақтаймыз.
4оқушы: Спортпен айналыс,
Сұлулық сыйлаған.
Сол саған пайдалы іс,
Сауық пен кинодан.
5оқушы: Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетті деп білемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесі
Анама айтып өкпесін.

2. Тыйым сөздерден айтыс.
1. Суреттер бойынша әңгімелесу. Адамгершілік, сыпайылық қарымқатынас сипаттарын үйрену керектігін әңгімелеу.
2."Жалғастыр"ойыны
3."Не істеуге болмайды?". Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі. Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
а) Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.
б) Есікті керуге болмайды.
в) Бейуақытта ұйықтауға болмайды.
г) Ауызды ашып есінеуге болмайды.
д) Қатты дауыс көтеріп күлуге болмайды.
ж) Үйге жүгіріп кіруге болмайды, тағы сол сияқты жалғастырып айтады.
"Не істеу керек"деп жазылып көрсетіледі
Бұл да сол сияқты жүргізіледі.
а) Үлкенге ізет, кішіге көмек көрсету керек.
б) Үлкендерге қол беріп сәлемдесу керек.
в) Аналар мен қыздарды құрметтеу керек.
г) Қателігіңді әрқашан мойындай керек.
д) Досқа адал болу керек.
ж) Үлкендердің айтқан ақылын тыңдау керек.
3. Адамның асыл қасиеттері жөнінде сұрақтар қойып, оны талқыға салу.
Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
Қонақ келгенде бала не істеу керек?
Қонаққа барғанда өзін қалай ұстау керек?
Мектепте, сынып ішінде қалай жүруі керек?
Әр оқушы өз ойларын айтып сұраққа жауап береді.
4. Құпия хаттарға жауаптар беру.
Құпия хаттарды қатар қойып, біреуі келіп, ашып, дауыстап оқып, жауабын ойланып айтады.
Хаттардың мазмұны мынадай:
1хат
Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбекөз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?

3. Ақылдың кені
Адамның кісілік қасиеттері, мінезқұлықтары, әдептілік әліппесі жайлы ұлы адамдардың сөздерін оқушылар жатқа айтып, оны қалай түсінетіндері жайлы айтып беру.
1оқушы: Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз адам мінезі жайлы былай десе керек:"Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім " деген еді.
2оқушы: Әлемнің көріпкел ойшылы атанған ӘлФараби бабамыз да мінез құлыққа қатысты мынандай өсиеттер қалдырған екен:"Жақсы мінезқұлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде — бұлар адамгершілік қасиеттер болып табылады".
3оқушы: Мағжан ағамыз әдептілік басшысы ұлттық тәрбиеден басталады дейді. "ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс... сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті"дейді.
4оқушы: Ұлы ойшыл Демокрит:"Арлы мен арсыздың кім екені істеген ісінен ғана емес, пікірпиғылынан да көрінеді"депті. Мұндағы негізгі ой адамның ішкі дүниесінің бейнесі ісәрекетінде көрініс тауып жатады дегені болса керек.
5оқушы:"Адамдағы ынсап, әділет, мейірім — үшеуін қосып айтқанда ұждан деген ұғым шығады"деген Шәкәрім Құдайбердиевтің ақыл сөзі арұжданның тек ұялу ғана емес, мейірімділік пен адлдықты, шыншылдықты, қанағатты қажет ететінін айтса керек.
Мұғалім: Балалар, сонымен әдептілік деген арұяттың белгісі, адамдық қасиеттердің көрінісі, адам мінезқұлқының негізі екенін түсінген балаларсыңдар. Әр адам өзінің ішкі дүниесінің таза, пәк болуын, ниетінің адал болуын қадағаласа, істеген ісі де соған сай инабатты, әдепті, жүрегі мейірімге толы болмақ.

Тақырыбы:Ибалы ұл, инабатты қыз-өмір көркі 
Мақсаты: а) Ата-аналарды қатыстыра отырып, олардың
үлгісі мен ықпалы арқылы оқушыларды ата-
аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
ә)Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты
нығайту.
б) Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы
оқушылардың бойында асыл да адамгершілік
қасиеттерді қалыптастыру
Көрнекілігі: Отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздер.
Барысы:
І. Сан сұраққа саяхат
ІІ. Өз өнерлерін көрсету
ІІІ. Сыңарын тап
а) ата-аналар үшін
ә) балалар үшін
IV. Тыйым сөздерді оқушыларға беру. «Ұрпақ үшін тыйым сөздердің пайдасы бар ма?» (ата – аналарға сөз беру)
V. Сіздің пікіріңіз.
Мұғалім сөзі:
- Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.
- Бүгінгі бас қосуымыз ата – ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту.
Отбасы мүшелерімен таныстыру. Топқа бөлу.
Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?
Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады.
Бала тәрбиесіне арналған асыл сөздерге тоқталу.
Иә, сөз асылы- мақал деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені, бақыт та, нұр да, жыр да, тыныста- бала. Осы бала бағбаны кімдер?
Әрине, ата- ана. Жас жеткіншек қашанда ата – ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады.
Құрметті көрермендер, мен сіздерден ата – аналардың, оқушылардың ұлттық салт- дәстүрден нені білетінін көріп, бағалар отыруларыңызды сұраймын.
І тур. «Сан саяхат»
Ата – аналарға:
1. Малдың 12 мүшесін атаңыз
2. «Елім-ай» әнінің шығу тарихын білесіз бе? (бір шумағын айтып беріңіз)
3. Ұлттық ойындарды атаңыз?
4. Нанға байланысты тыйым білесізбе?
Оқушыларға:
1. Жеті ата деген не? Өз жеті атаңды білесің бе?
2. Төрт түліктің пірлерін ата?
3. Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата (қой, ешкі, сиыр- сүт, бие сүті- қымыз, түйе сүті-шұбат)
4. Жылқы туралы мақал- мәтел айта аласыз ба?
(Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы-малдың патшасы.)
5. «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай» әндерінің авторы кім? (әнші сазгер А.Қоразбаев)
Әдепті бала ата-анасын ІІ. Өз өнерлерін ортаға салу
ІІІ. Сыңарын тап
Ата –аналарға:
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
Балаларға:
1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
IV. Тыйым сөздер
1. Оқушыларға тыйым сөздер туралы сөз кезегін беру
2. Тыйым сөздердің пайдасы туралы ата- аналардың пікірлерін тыңдау
V. Сіздің пікіріңіз.
Ата – аналармен өткізіледі.
1. Тәрбие ісінде отбасының рөлі қандай деп ойлайсыз?
2. Ең алдымен қандай тәрбиеге ерекше көңіл бөлер едіңіз?
3. Сіз мерекелерде балаңыздың дайын сыйлық бергенін қалайсыз ба? Әлде өз қолымен жасаған бір затын сыйлағанды жөн көресіз бе? Неліктен?
4. Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама, теледидар көр, демал деп шеттететін ата- аналарға не айтар едіңіз?
5. Кешкі ас ішіп болған соң ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткесін қызыңыз сізге; « шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?
Қорытындысы шығарылып, сыйлықтар үлестіру.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік дей келе бүгінгі ата-ана сағатымызды аяқтаймыз.
Отбасылармен бірігіп «Ана туралы жыр» әнін орындау.
«Ақ сөйлеп адал күлетін бол.
Шындықты жақтап жүретін бол,
Сыйласудың сырын білетін бол.»
         

Тақырыбы: «Ана тілім –бал тілім»
Жүр: Ана тілім –дана тілім, айбарлым
Сырың терең, тұнығындай қайнардың
Ана тілім –қасиетім қастерлім
Бір өзіңнен бақыт нәрін алғанмын –деп ақындар жырлағандай халқымыздың өшпес асылы, сөнбес шырағы, мол қазынасы, сан ғасыр тарихы бар, қасиетті тіл мен өнеріне арналған «Ана тілім –асыл мұрам» атты тақырыптық сабағымызды бастаймыз.
- Балалар, қандай мерекені атап өткелі жатырмыз.
- Тіл күнін
- Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес
«22 қыркүйек –Қазақстан халықтарының тілдер күні» ретінде аталып келеді.
Қане, балалар осы тіл мерекесіне ән –жыр тақпақтарымызды арнайық.
Ортаға: Бекзат, ДильназА. Алан.Г. Талғатова.Д. Аңсар. Сайлау.А.
Менің тілім біреу –ақ
Сөйлейтін де жазатын
Тауып қойған тілеуі –ақ
Қазақ деген өз атын
Дариядай пейілі
Тілі, діні, жыры да

Ана тілім –ана күтім, арым менің
Сәулетім –сая бағым, сәнім менің
Аспаным өзіңменен арайланып
Нұрланып атар ылғи таңым менің

Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімде бүгінгі
Ана тілім сақтаған

Ана тілім ұраным
Ана тілім құралым
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым

Ана тілім менің
Әлдилеген әнім
Ана тілім демім
Ана тілім жаным

Желеп –жебеп піріміз
Таза болсын деніміз
Жауқазындай жалынып
Өркендесін тіліміз

Жүр: «Тіл не үшін керек»? –деген сұраққа Дильназ бен Ислам былай деп жауап береді.
Мен саған сұрақ қойғым келіп тұр? Осы тіл не үшін керек?
Досым –ау, тіл бір –бірімізбен сөйлесу үшін қажет қой.
Дильназ: Жарайды, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлемей ме?
«Неге ана тілі деп бөледі?»

Себебі, әр елдің өз Отаны, өз тілі бар емес пе.
- Балалар, сендер бір –біріңмен сөйлескенде қай тілде сөйлесесіңдер?
- Қазақ тілінде, ана тілінде сөйлесеміз.
- Неге, біз өз тілімізді ана тілі дейміз?
- Себебі, бұл тілді анамыздың аузынан естиміз.
- Дұрыс айтасыңдар. Ана тілі дегеніміз, ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал, ана деген –бәрінен де, қастерлі, аяулы да, асыл жан.

Ал, енді барлығымыз орнымыздан тұрып, «Ана тілін сүйеміз» әнін орындайық.
Жүр: Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлттың тілі, оның бақыты, тірегі. Максим, Лиза, Диана өздерінің тақпақтарын арнасын.

Ақыл ойын дараның
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның
Максим: Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөзін

Ана тілім елім
Қайсар, қайрат, күнім
Ана тілім –менің
Баста бақыт құсым
Ақерке: Ана тілім ерлігім
Ана тілім елдігім
Ана тілім болмаса
Бүтінделмес кемдігім

Ана тілін біліп қой
Бостандығың теңдігін
Ана тілін біліп қой
Мақтанышым елдігің
Ислам: Келе жатқан мәңгіден дара салтым
Мақтанышым елдігім парасатым
Сенсіз тілім, теңі жоқ тіршілігім
Өміріме өң беріп жарасатын

Ән: «Ананың тілі –аяулым менің»
Жүр: Ана тілі туралы кім қандай мақал –мәтел біледі?
Олжас: Ана сүті бой өсіреді
Ана тілі ой өсіреді
Асуан: Піл көтермейді
Тіл көтереді
Анель: Ақыл көркі –тіл
Тілдің көркі –сөз
Нұрлыбек: Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
Дана: Өнер алды –қызыл тіл

Тілден биік асқар жоқ
Тілден терең теңіз жоқ
Жүр: Жылжыған жылдар көшімен
Тербетіп мені, туған жер
Өсірген алтын бесік ең
Өлеңмен боп, жыр боп есілем

Ән: «Туған жер»
Тазша бала кіреді: Балалармен амандасып, әкелген жұмбағын жасырады, санамағын айтқызады.
Жәнібек: Ана тілі біздің туған анамыз
Анамыздай сынап бағып қағамыз
Ана тілін бағаласақ қалай біз?
Өзіміздің солай болмақ бағамыз
Ана тілді білмесем
Шат –шадыман жүрмес ем
Жер бетінде сайраңдап
Қазақ болып жүрмес ем
Нұрсұлу: Өсірген ой –білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөзін
Мәнін терең білуді

Жүр: Балалар, міне осы өлең –тақпақтарда айтылғандай, өз тілімізді, қадірлеп, оны сүйе білуіміз керек. Тіл бар жерде, ұлт та, елде, жер де, болмақ. Сондықтан әрқайсысымыз өз ұлтымыздың тілін қадірлей білейік.

Тақырыбы: Отбасы мықты -мемлекет
Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын, жора - жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау. Дамыта оқытуға негізделген жұмыстармен тапсырмаларды ата - аналармен бірлесе отырып шешу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, пікір алысу, өз ойын ортаға сала білу.
Көрнекілігі: Төс белгілер, үлестірмелі кестелер, даналық сөздер, компьютер, баяндамалар, плакаттар.

Нақыл сөздер:
1. «Анаң - асыл қазынаң, әкең - асқар тау».
2. «Ата - ананың міндеті - тәрбиелеу және жақсылықты үйрету».
3. «Бала - біздің болашағымыз»
4. «Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады».
5. «Бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі».
6. «Балаға сіңірген ата - ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле - өлгенше сусындайтын махаббат.
Ғабиден Мұстафин
Түрі: Ата - ана мен баланың арасындағы сыйластықты күшейту.
Барысы: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар, шәкірттер! Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырыпта осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек?
- Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.
Сонымен, бүгінгі ата - аналар мен бала бірлескен «Мен және жанұям» атты кешімізге қош келдіңіздер.
Жақсыдан жаман туады,
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз.

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы - ата - ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек»- деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата - ананың орны бөлек. Бала әкеден - ақыл, анадан - мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.
Ата - анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала - адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата - ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қай халық болса да үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінің түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі - ата - бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерде.
Кештің ашылу құрметіне «Анашым» әні орындалады.
Ендеше сайысымызды бастайық:

І стратегия. Топқа бөлу.
Сыныптағы сайысқа қатысатын оқушылар І топқа «Ұландар» деп жазылған дөңгелек үстелге жайғасады. Ал, ата - аналар ІІ топқа «Ардақтылар» үстеліне жайғасады.
ІІІ топқа әділқазылар жайғасады. Әділқазыға бір оқушы ата - анасымен жайғасады.
Әр топтың тұсына мынадай сөздер жазылған.
«Ұландар» тобына:
Балам менің бал бөбегім,
Өмірімнің жалғасы.
Ол үшін мен ой толғанам,
Шегініп сен қалмашы.
«Ардақтылар» тобына:
Ей, ардақтылар ата - аналар,
Келші бүгін жарысайық.
Біздерменен бақ сынасып.
Әперші ұпай өз балаңа.
Әділқазылар тобына:
Әділқазы болды менің,
Досым ата - анасымен.
Сендік саған жан - жолдасым,
Әділдікпен бағалашы.

Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау;
    Міндеттері:
Оқушылардың дұрыс тамақтануының негізгі прициптерін;
- Тамақтану сауаттылығының  негізін;
- Тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін;

- Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды қастерлеуге ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу;

- «Әдемілік және диета»  спорт арқылы бойға дариды;
- «Салауатты өмір» салтына қатысты негіздеулерді тұжырымдау,ортақ ой түю.
    Қолданылатын көрнекіліктер:

- Ақпараттық мәліметтер слайдтар арқылы ;
- Дәрігердің кеңестері ;
- Дәрумендер жиыны;
- Көкөністер мен жемістер, түрлі тағамдар бұрышы;
- Жарнамалар.

Ақпараттандырылған тәрбие сағатының барысы :

   І- бөлім : конверт
1.Бой жазу:
Мұғалім:
- Балалар, сендерге Данышпан атай жұмбақ жіберіпті. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар , өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі тәрбие сағатымыз да сол жұмбақтың жауабымен аталады.
                     Оны күткен адамдар,
                     Ұзақ өмір сұреді.
                     Қадірін білген жарандар,
                     Байлық осы деседі. (
денсаулық)
Мұғалім:

  • Сонымен құрметті оқушылар сендер түсінген боларсыңдар  бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «ТИІМДІ ЖӘНЕ ҮЙЛЕСІМДІ ТАМАҚТАНУ – ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ»,  яғни дені сау, сымбытты да сұлу болу үші қалай тамақтану керек және немен айналысу қажеттігі туралы ой қозғаймыз.

   ІІ- бөлім: қызығушылықты ояту

Ас дастарханға қалай келеді?

Оқушылардың пікірін тындау.

   ІІІ – бөлім: мағнынаны тыңдау (слайд)

Нан туралы ақал - кеңестер.

   *Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа жатпайды.

   *Нанды сатып алған кезде таза дорбаға салыңыз.

   * «Дүниедегі көп байлықтың негізгісі - нан».

   * «Ас жүрген жерде - береке».

   * «Дастархан дәмі - киелі».

   ІV – бөлім: «Дастархан басында сақталатын ырым - тыйымдар».

Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.
3.Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің
4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.
5.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды
6.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды
7.Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.
8.Ертеңгі асты тастама
Кешкі асқа қарама.
Балаға ми жеуге болмайды.
Ми жемейді жас бала,
Миды ұсын басқаға,
Былжыр болып өсеміз,
Ынжық болу масқара.
9.Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.
10.Дастарханнан аттауға болмайды.
11.Өле жегенше,
Ағайынмен бөле же.
12.Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.
  - Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан да халық дастарханды «Құтхананың берекесі» деп қасиет тұтады.

    Жұмбақ:

Алға жайып тұз дәмін
Келтіреді үй сәнін
Ол халқымның ақ жаны
Жақсы дәстүр маржаны
Кең пейілде арайлы
Осы жерден тарайды. Бұл не? (
дастархан)
    Олай болса бәріміз бірге  «Берекелі дастархан» әннін шырқайық.

Мұғалім:

«Таспен атқанды аспен ат» деп халық бекер айтпаған. Себебі, дастархан дәмі- киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астық киесі ұрады дейді. Естеріңде болсын, балалар! Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастархан басындағы асты ең алдымен ата – анаға, үлкенге ұсынады. Сондай-ақ  дастарханға алдымен нанды қояды.

  Нан туралы тақпақтар
1. Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан өмірдің ана сүті арқауы
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
2. Бір кезде болып нанға зар,
Қадірін білген адамдар.
Әулие тұтып нанды ұстап,
«Нан ұрсын» деп қарғанар
Нан ардақты адал ас
Кәрі – жас одан аттамас.
3. Нанға үлкен жүрекпен қараңдар
Нанды өмір деп санаңдар
Нан болмаса
Қызығың, бақытың
Құр әуре, далбаса.

4. Нандай жоқ қой асыл дәм
Жеп үйренген жасыңнан
Дастарқаннан нан кетсе
Береке кетер асыңнан
Ей, балалар, балалар
Болмаңдар сірә нанға зар
Өмірдің алтын арқауы
Бар қасиет нанда бар.

   V – бөлім: ас ішу тәртібі
1. Тарта жесең, тай қалар,
Қоя жесең, қой қалар,
Қоймай жесең не қалар.
Сондықтан тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.
2. Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.
3.Тамақ ішіп отырып,кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.
4.Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады. Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек.
5.Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы,
6.Ұлттық тағамдарымызға: бауырсақ, қазы – қарта, жал – жая, қымыз – шұбат, құрт тағы басқалар жатады.
   Мұғалім:

-Ас ішу тәртібін өте жақсы біледі екенсіңдер, сонымен қатар спортпен де шұғылдансаңдар нағыз дені сау азамат боласыңдар.  Ортаға спортшыларымызды шақырайық. Көрініс тамашалаңыздар.

Мұғалім:

-Қазіргі тойларда дастархан жаю мәдениет дәстүр. Онда астың барлық түрлері болады. Әсіресе, жеміс пен көкініс дастарханның сәні.

               Қауын –қарбыз, көкөніс
               Қанша жидек, көп жеміс.
               Қане, тойда тойыңдар,
               Кәдеден соң ойын бар, - демекші енді ойын оынап алайық.

   Ортаға жеті бала шақырылып, «пайдалы тағам» ойынын ойнайды.

VІ – бөлім: жағдаяттарды шешу:
Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп: «Денсаулығыңды бұзасың ғой, отырып асықпай дүрыс тамақтансаң қайтер еді ?» деді. Самат анасына : « Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша ?» деді.
- Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыс па ?
Оқушылар:
Саматтың айтқаны дұрыс емес. Деніміздің сау болуы үшін ең алдымен
тиімді тамақтану қажет.
   «Ән болса – дән болады, дән болса –нан болады» дегендей ән шырқайы бәріміз.

    VІІ – бөлім: бата беру
Ас болған жерде бата беріледі. Ендеше батаға кезек береміз.
Амандық берсін басыңа
Қадір келсін қасыңа
Бар екем деп тасыма
Жоқ екем деп жасыма
Еңбек етсең ерінбей
Дәулет келер қасыңа.
Әумин!
VІІІ – бөлім: ой қорыту

Мұғалім:
- Балалар. Біз бүгін сендермен ата-аналардың,  мектеп  дәрігерінің ынытымақтасуымен  «Салауатты өмір салтының »  қағидалары мен тиімді әрі үйлесімді тамақтанудың денсаулыққа пайдасы жөнінде ой тұжырымдадық.

Сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ырым – тыйымдарды білдіңдеріңді көрсеттіңдер.Білгендеріңді естен шығармай, өмірде орнымен қолдануға тырысуларың керек. Тәрбие сағатымыз аяқталды, сау болыңыздар.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Бастауышым балбұлағым

Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі...

Бастауыш сынып оқушыларына арналған білім биржасы "Зияткерлік ойыны"

Оқушылардың  білімге  деген  құштарлығын  арттырып, қызықтыру  арқылы  білімін  тереңдетіп,  зияткерлік  қабілетін  дамытады.  Оқушылардың...

Қазақ тілі "Бастауыш" ашық сабақ

Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтап, бастауыштың сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік береді.Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамытады....

Мектепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық

Мектепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық...

Қош бол ,бастауыш мектеп

Бастауышпен қоштасуға арналған жоспар...

Ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру

Заман талабына сай білім беру – бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек,оны...

Бастауыш сыныпта дамыта оқыту негізінде оқушының жазбаша тілін дамыту

Бастауыш сыныпта  дамыта оқыту негізінде оқушының жазбаша тілін дамыту Смагулова Бейбиткул МуптикызыАктоғай ауданы Шашубай кентіндегі «Мектеп-балабақша кешені»ММ...