Сабақтың тақырыбы: Көкжиек. Көкжиек тұстарын анықтау (топ-серуен) экскурсия сабағы.
рабочая программа по естествознанию (5 класс) на тему

Оқушылардың көкжиек және көкжиек тұстары ұғымын қалыптастыру.

Күнге, жергілікті белгілерге және компасқа қарап көкжиек тұстарын анықтауға жаттықтыру.

Скачать:


Предварительный просмотр:

Сабақтың тақырыбы:

Көкжиек. Көкжиек тұстарын анықтау (топ-серуен) экскурсия сабағы.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың көкжиек және көкжиек тұстары ұғымын қалыптастыру.

Күнге, жергілікті белгілерге және компасқа қарап көкжиек тұстарын анықтауға жаттықтыру.

Құрал-жабдықтар:

  1. Тұсбағдар, көкжиек тұстары белгіленген карточкалар.

Сабақ барысы:

Оқушылардың бағдарды айқын ұғынуы, көкжиекті, көкжиек сызығын еркін анықтай білу үшін жан-жақты түрлі ғимараттармен, орманмен жабылмаған ашық алаңда өтеді. Бұл сабақта оқушылардың өздігімен атқаратын жұмыстары, бақылаулары басым болуға тиіс. Сондықтан да сабақтың алғашқы бөлімінен бастап оларды сабақ мазмұнын меңгеруге белсенді қатыстыру мақсаты көзделеді  де бірнеше тапсырма беріледі.

  1. Жан-жақтарыңа көз жеткен  жерге дейін қарап аспан мен жердің астасқан (түйіскен) жерін байқаңдар. Осы аспан мен жердің түйіскені сияқты болып көрінген жерін-көкжиек сызығы дейміз.
  2. Көздерің жеткен жерге дейін аралықты қараңдар, оны көкжиек дейміз.
  3. Биік жерге шығып, жан-жақтарыңа қараңдар, көрінетін жердің көлемі қалай өзгереді?

(Көз жететін аймақ молайды ма?)

Міне, осындай тапсырмаларды орындап, мұғалімнің басшылығымен көкжиек сызығы туралы түсінік алған оқушыларға сабақтың келесі бөлімін көкжиектің негізгі және аралық тұстары туралы ұғындыруға мүмкіндік туады.

  1.  Алдын-ала дайындаған карточкалардан көкжиек тұстарының қалай белгіленетіні көрсетіледі. Көкжиек тұстарын  анықтау әдістері айтылады.Солардың ішінде алдымен Күнге қарап бақылау әдістеріне тоқталады.
  2.  Көкжиек тұстарын дәл анықтау үшін қолданылатын құрал-тұсбағдармен таныстыру. Оқушыларға тұсбағдарды үлестіріп беріп,құрылысымен және онымен жұмыс істеу тәсілдерімен таныстырады. Бағдарлау туралы материалды саналы түрде қабылдауы үшін оқушылар өздері туған жерден түрлі (обьектілер) орындар үй,мектеп, ұйым кеңсесі, дүкен, мәдениет сарайы т.с.с. қай тұста орналасқанын анықтайды.
  3. Оқушылардың білімін тұжырымдау үшін бірнеше сұрақ беріледі.

1. Көкжиек дегеніміз не?

2. Көкжиек сызығы деп нені атайды? Ол биіктікке байланысты қалай өзгереді?

3. Көкжиектің негізгі және аралық тұстарын ата?

4. Көкжиек тұстарын тұсбағдар бойынша қалай табады? Жұмыс ретін айт. Тұсбағдарды пайдаланып, үйіңнің бағытын анықта

        V.         Үйге «Көкжиек», «Көкжиек тұстары», «Күнге қарап бағдарлау», «Тұсбағдар бойынша бағдарлау» тақырыптарын оқу тапсырылады. «Темірқазық жұлдызына қарап бағдарлау» тақырыптары қосымша материал ретінде ұсынылады.

 


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Сөйлем.(«Сурет сабағы»).

Урок учителя начальных классов Енбекшинской начальной школы Жанибекского района ЗКО Хайруллиной Гульдарии Жусуповны...

Сабақтың түр өзгерістері.

Урок учителя биологии СОШ имени Т.Жарокова Жанибекского района ЗКО Закариной Гулии Сансызбаевны...

Ашық сабақ: "Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, басқа орынға ауыстыруды рәсімдеудің тәртібі"

Бұйрықтың түрлерімен таныстыра отырып, өз беттерімен оларды құжат барысында дұрыс қолданыла білуге үйрету....

Ашық сабақ дәйектемесі

Бұл ашық сабақ "Электронды-есептеуіш машина операторы" мамандығының арнайы пәндерімен өндірістік сабақты қосып жасалған...

Я утверждаю сабя

Классный час, посвященный проблеме самоутверждения в подростковом возрасте...

Ер есімі ел есінде. Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: Халық қаһарманы - Бауыржан Момышұлы.

Ер есімі ел есінде. Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: Халық қаһарманы - Бауыржан Момышұлы. ...

Экскурсия, как форма внеклассной работы. При подготовке и проведении классных часов используются различные методы и приемы. В нашем классе стало традицией ежегодно организовывать экскурсии. В зависимости от характера объекта экскурсии делятся на три вид

Экскурсия, как форма внеклассной работы. При подготовке и проведении классных часов используются различные методы и приемы. В нашем классе стало традицией ежегодно организовывать экскурсии. В зав...