Қазіргі қазақ жарнамаларының тілдік ерекшеліктері.
творческая работа учащихся (9 класс) по теме

Тлеубаева Раушан Багзатовна

 НОУ ошибки в рекламах

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл НОУ Ошибки в рекламах16.33 КБ

Предварительный просмотр:

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Қазіргі қазақ жарнамаларының тілдік ерекшеліктері.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі күні көкейкесті мәселеге айналып, ұлтжанды азаматтардың орынды алаңдауын тудырып отырған жай: қазақ тілінің көрнекі ақпарат пен жарнама тілі ретінде қолданылуы. Жасыратыны жоқ, бұл салада қазақ тілі – қосалқы тіл, аударма тіл, оқылмайтын шалажансар тіл. Өз тіліміз өз көшемізден көрінбей жүр. Қазіргі қазақ қоғамы нарықтық қарым-қатынасқа көшкен уақытта жер мен көкті жарнама жаулаған заман. Көшеге шықсаңыз - жарнама, теледидар, радио қоса қалсаңыз - жарнама.

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

Жарнама – тілдік құралдар арқылы да, вербалды емес құралдар арқылы да ұлттық мәдениеттің белгілерін көрсетуі қажет. Ал ұлттық мәдентиеттің танылуы тілдің ұлттық белгілері: сөз қолдану, граматикалық заңдылығы, нормалары игерілгенде көрінеді. Жарнама мәтіндері ұлт тілімен, ұлттық мәдениетпен байланысты қалыптасатын жағдайда жазылуы тиіс.  

  1. Қаламыздағы жарнама үлгілерін қазақ тіліне дұрыс аудару өзектілігін көрсету;
  2. Жарнама тілі мен қоғам байланыс.
  3. Қаламыздағы сауатсыз жазылған жарнама үлгілерін теріп, оларды сараптамаға алу;
  4. Жарнаманы безендірудегі қолданылатын нормаларды анықтап, оны қадағалайтын ұйымдардың жұмысымен танысу;

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім. Қазіргі қазақ жарнамаларының тілдік ерекшеліктері

1.Қаламыздағы сауатсыз жазылған жарнама үлгілерінің сараптамасы.

2.  Қате жазылған жарнама үлгілерінің қоғам мүшелеріне тигізетін әсері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Қаламыздағы сауатсыз жазылған жарнама үлгілерінің сараптамасы.

 Бүгінде жарнаманың жаңа түрлері мен жаңа қалыптары пайда болуда, алайда жарнама мәтінінде әрдайым негізгі, жетекші қызметті сөз атқарады. Жарнама тілі саласы қазақ тілінде жаңа сала деп қарастыруға болады. Қазіргі таңда жарнама үстем болып отырған орыс тілінде дайындалады да, кейін қазақ тіліне аударылады. Бұл жағдай керісінше болуы тиіс. Алдымен қазақ елінде қазақ тілінде әзірлену керек. Сол тілдің ыңғайына жығылу, сол тілде қалай жазылса, үтір нүктесіне дейін қалдырмай, қазақ тілінде де солай жазу басым. Оған лайық балама немесе қазақ тілінің тілдік нормаларын сақтау ұмыт қалғандай. Сөзбе-сөздіктің қазақ тілінің граматикалық құрылысына, қиыстыру жүйесіне қиянат жасаған жерлері баршыдық. Қиыны, міне осында. Небір жарнама аудармаларын оқып отырғанда, қарап отырғанда, не оқып, не түсінгенінді білмей қайран қаласың. Бірен-сараны болмаса, кілең қазақ сөздерінен құрылған тіркестер өзара байланыспай, қиыспай нақтылы ұғым берместен сіресіп тұрады. Сөзім дәлелді болу үшін мысал келтірейін:

Написать

Қорытынды

Ғылыми жұмысымызды қорытындылай отырып, мынандай  тұжырымдарға келдік:

  1. Жарнама түрлерімен айналысатын агенттіктер мен кәсіпорындардан тіл нормаларын сақтауды талап ету, оларға жауапкешілікті жіктеу, заңды бұзғандарға айыппұл салғызу керек.
  2. Тауарлар мен өнімдердің, қызмет түрлерінің жарнамаланып отыруын реттейтін жарнама агенттіктері қажет және олармен мемлекеттік тілді жетік меңгерген, қазақ халқының этномәдениетінен толық хабардар, сондай-ақ басқа тілдерді де жақсы білетін тілші мамандармен, аудармашылармен жасақталуы тиіс.
  3. Бұл тек біздің облысытың емес, Республикалық деңгейдегі үлкен мәселе. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, көрнекі ақпарат пен жарнаманың аударма нұсқасын емес, семантикалық, грамматикалық, стилистикалық нормалары сақталған қазақша жарнама тілін дайындауға ерекше көңіл бөлу керек.

Ел конституциясы бойынша бекітілген қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін қолдау мен қорғау - әрбір ұлтжанды азаматтың парызы мен міндеті. Осы жауапкершілікті түсінгенде ғана біз «жарымжан» жарнама мен шалажансар ақпаратқа бейжай қарамайтымыз анық. Өзгеге сыйлы боламыз десек, өзімізді сыйлай білейік. Тілімізді дамыту оның күнделікті өмірде қолдану аясын кеңейту үлкен-кішіні, барлығының парызы. Онсыз біз ертең мықты мемлекет бола алмаймыз. Біздер - болашақ жастар, қазақ тілін ту етіп туып, кейінгі ұрпаққа бүлдірмей тапсыруға тырысайық. Өйткені біз бүгінгі заманның баласы болғанымызбен, келешектің кілтін ұстар ұрпақтың атасымыз. Ана тіліміз үшін күрес – елдің амандығы үшін, жұрттың тыныштығы үшін, яғни отбасымыз үшін күрес. Ар-ұятпен аяланатын ана тілімізге аянбай қызмет етелік!


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағ...

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

В данной статье раскрываются проблемы и задачи преподавании инновационных технологий в образовательном процессе. Статья написана на казахском языке....