Ғылыми жұмыс «Төрт түлігім- ырысым»
проект на тему

Усакбаева Гульжанат Сапаровна

Мазмұны

                 I.           Аннотация.

     Кіріспе .......................................................................................   3- 4 бет

                    II.        Негізгі  бөлім.

1.     «Төрт  түлігім- ырысым»   ...... .............................................  5-13бет

a)     «Түйе –малдың  қасқасы» .................................................. .   5- 6 бет

ә)  «Жылқы –малдың  патшасы»................................................   7- 9 бет

б)  «Сиырдың  сүті  тілінде» ................................................... ...10-11бет

в)  «Қойдың  еті  қорғасын » ......................................................  12  - бет

г)  «Ешкі  төресі –серке» ............................................................. 13  - бет

2.     Төрт  түліктің  адамға  пайдасы .........................................  14-21 бет

    3.  Төрт  түлік  туралы мақал- мәтелдер,жұмбақтар...................  22  бет

                  III.      Практикалық бөлімі.....................................................................    23 бет

                  IV.      Қорытынды...................................................................................    24 бет

Пікір................................................................................................  25 бет

Пайдаланған  әдебиеттер .............................................................   26бет

 

 

 

 

 

 

 

                                         Аннотация

Зерттеу  мақсаты:

1.Төрт  түліктің  түрлерімен  танысып,зерттеу.

2.Төрт  түліктің  адамға  пайдасын  зерттей  отырып, ұғымды кеңейту.

3.Төрт  түліктің  маңыздылығын  айту, адам  өміріне  қажеттілігін көрсету.

Міндеттері :

Ø   Төрт  түліктің  шығу  тарихын,  түрлерін      анықтау.

Ø    Төрт  түліктің  адам  өміріне  пайдасы  туралы  мәлімет  жинау.

Ø    Төрт  түлікке  қатысты  ұлттық   ұғымдарды  ұғыну.

Гипотеза:Төрт түліктің түрлерімен жан-жақты танысып, адам өміріндегі  

                 маңыздылығын  анықтау.

Зерттеу кезеңдері:

-Дайындаушылық: тақырыпты  таңдау,мақсат  пен  талаптың  қойылуы.

-Зерттеушілік:төрт  түліктің  түрлерін,пайдасын  зерттеу,анықтау

-Тәжірибелік: Қазақ  тілі сабағында  төрт  түліктің  пайдасын  түсіндіру; 

 ұлттық  ұғымдар   арқылы  бағалау  сезімдерін  дамыту,қажетті  мәліметтер  

 беру; сабақта  қосымша  жұмыс  түрінде  қолдануға  болады.  

 Зерттеудің  жаңашылдығы.

 Төрт  түліктің  маңыздылығын  түсіндіре  отырып, мәдени,рухани  дамыту  

  әдісі  ретінде  тиімді  қолдану  мүмкіншілігін  көрсете  білу.

  Жұмыстың  нәтижесі  мен  қорытындысы.

  Наурыз  мерекесінде  оқушылар  төрт түліктің  адамға  пайдасының  маңыз-

  дылығын  жете  түсіне  білді,мал  өнімдерінен,ұлттық   ойындардан   жақсы 

  әсер  алды.

  Жұмыстың  тәжірибе  ретінде  қолдану  аясы:

  Мектепте, сынып   сағаттарында, әдеби  кештерде  қолдануға   болады. 

                                        Аннотация.

Цель  исследования:

1.Ознакомиться   с видами  домашних  животных.

2.Исследовать   пользу  домашних  животных.

3.Показать  необходимости  пользы  домашних  животных  для  человека.

Задачи :

Ø Исследовать   историю   домашних   животных  и  определить  виды.

Ø Собирать   материалы  о  пользе   домашних   животных .

Ø Развивать  национальное  понятие  о  домашних  животных.

 Гипотеза: Ознакомиться с видами  домашних  животных,определить пользу

 в жизни человека.

 Этапы  иссследования:

-Подготовительный: выбор  темы ,определение  цели  и  задачи.

-Исследовательский: Определить,  исследовать  виды  и  пользу  домашних   животных.  

-Практический: На  уроках  казахского  языка  использовать   материалы

  о пользе   животных  как  средство  работы с  учащимися  для  развития  

  чувства  любви  к  национальному  понятие ; использовать  на уроках  как    

  дополнительная  работа. 

 Новизна  иследования.

  Показать  возможности  использования  о пользе  домашних  животных

  как   метод  духовного  развития  каждого  учащегося.   

 Результаты  и  итоги  работы.

  На  празднике  Наурыз  ученики  узнали  о  пользе  домашних  животных,

  получали  эстетическое  наслаждение. 

 Использование  работы  в  практике:

 

 Можно   использовать  для  проведения   внеклассных  мероприятии,литера-

 турных  вечеров   для  повышения  мотивации  учащихся. 

«Мал  тұяғы – қазына».

Әлихан  Бөкейханов.

     Қазақ   халқы  ежелден - ақ  мал   шаруашылығымен   айналысқан   халық. Ғасырлар   бойы   қалыптасқан   бай  тәжірибиесі   бойынша  олар    малдың өрісін, тіршілік  ету  сырын, жай- күйін, қадір-  қасиетін  әбден   зерттеп  біл-ген.  «Малы  бардың- жаны  бар», « Елдің  көркі - мал» деген   халық  нақыл    сөздерінен - ақ  қазақ   халқының  тұрмыс  тіршілігінде  төрт  түлік   малдың ерекше  орын  алатынын  түсінуге болады.Бабаларымыз  төрт түлікке  ерекше көңіл  бөлген. Ас- ауқаты, киімі, көлігі, қымызы – ем, жегжат – жұрағатымен жасайтын   алыс -  берісінің   көзі, байлығы  болғандықтан, қазақ  үшін  осы  төрт  түлік  мал  аса  қымбатты  дүние  болғаны белгілі. Қайда  болмасын, бі-рін- бірі  танысын-танымасын, кездесе  қалған  қазақ «мал-жан  аман ба?» деп амандық - саулық  сұрасқан. Есен - саулығын «мал –жан   аман  ба?» деп   бас  тайтын     қазақ  үшін  төрт  түліктің  орны  бөлек.Төрт  құбыласы  сай  болға-нын  қалайтын   әр   қазақтың   тұрмысы  ежелден -  ақ  төрт   түлікпен  тығыз  байланысты  болған. Малдың  сүтін  ішіп, етін  жеп, терісінен  тон  илеп, жү-нінен  киім  тоқыған  қазақтарда  төрт   түлік  туралы  атаулар  жетіп – арты-лады.

   Қазақтар  малды  тек  пайдаланып  қана  қоймаған, олардың  бабын  тауып, бағып-күтудің  де  жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін  жақсы білген. Қазақ халқы  ежелден  мал  шаруашылығымен  айналысып  келеді.Мал  кезінде  ал-ты алаштың жесе-асы, кисе-киімі,мінсе-көлігі, жапанда-серігі болған.Біз ежел  ден  малға  жақын  халықпыз. Кезінде ата  бабаларымыз  төрт  түлікке  жайлы қоныс іздеп  кең даламызда көшіп қонып жүрген. Қазақ  төрт  түлікті  ерекше құрметтеген  төрт  түліктің  жайымен  жазда  жайлауға, қыста  қыстауға  көш-кен. Малдың  еті, сүті тамақ болған, терісінен, жүнінен  арқан  жіптер, киіз үй жабдықтары, киім-кешек, алаша, кілем тоқып , әр  түрлі  бұйымдар  жасаған. Төрт  түлік  малдың  сүтін  және  одан  жасалған  айран, қымыз, шұбат  сияқ-ты  сусындарды  халқымыз «ағарған» немесе «ақ» деп атаған.

3.      

Қазақ    халқының    ұлттық  ойындарында  да  төрт  түлік  малға  байланысты қызықты  ойындар  көптеп  кездеседі.Мысалы: «Көкпар», «Қыз қуу», «Бәйге»

және  тағы  басқалары.Оның   өнімдерін  тіршілік  құралы   ретінде  пайдала-нып, малдың еті, терісі, тіпті  мүйізі мен сүйегіне дейін өз  қажетіне  пайдала-нып отырған.
     Төрт  түлік   туралы –қазақ   әдебиеті  тарихында   және  халық   арасында кеңінен  таралып,қолданылуда.Ақын- жазушылар  өздерінің  өлең  жырларын да  да  жазып,адамға  пайдасы  зор  екенің  айтқан.  

Заман  алмасып, уақыт  өткен  сайын  бүгінгі  жас  буын  осынау  төл  атаулар

ды  ұмытып, жаңылыстыратын   болып  жүрміз. Тірлігі  малмен  біте  қайнас-қан  қазақ  үшін  бұл  жараспас.Осы себепті біздер, кейінгі жас буын  біле жү-рейік деген  мақсатпен  осы «Төрт түлік» туралы  мәліметтерді  жинау қажет-тілігін түсіндім.

     Қазақ  тілі  сабағында  осы тақырып  мені  өте қызықтырды. Сабақта  төрт  түліктің  төлдері   жайлы,олардың  пірлері  мен  пайдасы  туралы  мәліметтер  алдым.Қазақтың  ұлттық  ойындарын  басқа  ұлттың балалары  да қызығушы-лықпен  ойнады.Асық   ойынын  ойнағанда,  асық   қалай  жасалады ?  деген  сұрақтар  туындады.  Осы  сәттен  бастап, төрт  түлік  туралы   толық  мағлұ-маттар  білу  мақсатында,зерттеу  жүргізуді  қолға  алдым.

    Төрт  түліктің  пайдасы  туралы  ғана  емес,өлеңдер  мен  мақал- мәтелдер, жұмбақтарды   және  ақын - жазушылардың, жыраулардың  ойларын   жинақ-тауды  жөн  көрдім.Осы  зерттеу  жұмысында  төрт  түлік  туралы  ой-түсіні-гім  кеңейе түсті.Тәуелсіз  Қазақстан  жерінде  төрт  түлігімізді бағалай  оты-рып,дастарханымызда   ұлттық   тағамдарымыз  жайнап   тұрса, балалар  ұлт-  тық  ойындарды  ойнап   өссе, ұлттық  құндылықты   құрметтеу басты  парыз.

     Мал   өсіруге  аса  қолайлы  Қазақстан   жерін   малсыз   елестету  мүмкін емес. Бұл  біздің  еліміз үшін  бұдан  былай  да  аса  маңызды  шаруашылық болып  қала бермек.Қасиетті  төрт  түлікке  қатысты   ұлтымыздың  ұғымда-

ры мен бай  тәжірибесін  ұмытпауға  тиіспіз.Қадір  тұтқан   мұраны сақтайық. 

4.      

«Түйе - малдың    қасқасы »

    Түйелер (лат. Camelus) —  ірі  табандылар  отряды-ның  түйе  тұқымдасына   жататын   ашатұяқты  сүтқоректілердің  бір  түрі. Қолда  өсірілетін   түйелердің   арғы   тегі - жабайы  түйелер. Түйе  бұдан  4-5 мың  жыл  бұрын  қолға  үйретілген.  Төрт  түлік  малдың  ішіндегі  ең  қасиеттісі  түйе  болып  есептелген.Ол  қырық  күн  шөлге  шыдамды  жүк,   артса – көлік, жесе – ет, ал  жүні  киімге  жараған. Қазақтар  түйенің  жүні-нен  шекпендер киген, ол  жеңіл  әрі  жұмсақ  сырт  киім  болған.Жүні  қыс  та  суықты  өткізбейді.Түйелер  қос  және сыңар  өркешті болып  келеді жә-

    азық  қорын  өзімен  бірге  алып  жүреді.100 килограмм  өркеші - азықтық    

    майын  жинап   алатын   қоймасы  әрі   шөлдегенде  ішетін  суы. Өркешін-

    дегі  май  оған  екі  жұмаға  дейін  азық  болады.Түйе  шөлдеген   кезде он  

    минутта  он  литр  су  іше  алады  екен. Түйенің  күштілігі, жүйріктігі, шы-

    дамдылық  қасиеттеріне  қарай: біртуған ,бекпатша, күлпатша ,нар, аруана   

    жампоз, мая, айыр,қоспақ, балқоспақ, мырзақоспақ, үлек  деп  бөлінеді.

        Асан  қайғының  шапқанда  құстай   ұшатын  желмаясы  естеріңізде болар.    

        («Айырдан   туған  жампоз  бар, Нарға  жүгін   салғысыз» Шалкиіз  жырау.          

        Ал  түйе  өзінің  өсу  жолында   бота, тайлақ, буыршын,  буырлыш, науша,  

        бұзбаша, інген, атан, бура  деп  аталады. Түйенің   азғын   түрлерін:  көрт,

        кейін  дейді .  («Түйе  жаманы-көрт,шөп  жаманы  керт». Мақал)

        Түйенің  еті  мол, жүні  биязы болады. Түйе   30 - 35  жыл  өмір  сүреді.

        Түйенің   пірі - Ойсылқара, төлі - бота.Түйені «көс-көс»  деп  шақырады.

        Төлдеу  мерзімі – 12 ай.

5.      

Түйе  түрлері

Қазақстанда  түйенің  екі  түрі бар:

1). Жалғыз  өркешті  түйе (ғылыми  тілде  дромедар  дейді) - Қазақстанның кейбір  жерлерінде  өсіріледі. Ең  көп  өсірілетін  жері — Қарақұм. Қазіргі кезде  қолда  аруана  деп  аталатын  қолтұқымы  өсіріледі.Жабайы түрі жойы-лып кеткен. Оның жалпы аты - «нар».Ұрғашысы - «мая» немесе «аруана», еркегі - «үлек». Сыңар  өркешті  түйе  ыстыққа  төзімді, бірақ  қатты  аязға шыдамайды. 

2). Қос өркешті түйе (ғылыми  тілде  Бактрия  түйесі  дейді)  немесе Айыр өркешті  түйенің  жабайы  түрі «қаптағай» деп  аталады. Айыр өркешті түйе-нің ұрғашысын - «іңген», еркегін - «бура» дейді.Қазақстанда  қос өркешті түйенің  Қазақстан түйесі, Монғол түйесі, Астрахан  түйесі  деп  аталатын негізгі  үш  тұқымы  өсіріледі; Ол құрғақ  далалы, шөл-шөлейтті  жерлердің табиғи  жағдайларына  жақсы  бейімделген. Аңызақ  ыстыққа, үскірік  аязға төзімді  келеді.

 

                              Қос  өркешті                   Сыңар   өркешті

 

Түйенің   қасиеті.

Түйенің   жүні  мен  терісі – киім, сүті – сусын, еті– ас. Әсіресе, түйе  көш  көлігі  ретінде   бағалы. Ол – сиырдай   емес, сирақты  мал. Қыста   суыққа, жазда  ыстыққа  төзімді.Түйе  алпыс  күн  аштыққа, отыз  күн  шөлге шыдай-ды.  «Айт-шу» десең атып  тұратын «тіл  алғыш», жуас, қайырымды   мал.

 

6.      

« Жылқы - малдың  патшасы »

        Төрт  түлік  малдың  ішінде  қай  халықтың  болса  да құрмет  тұтатындарының  бірі- жылқы  малы. «Ат-ердің қанаты» деп айтатын дана  халқымыз  жылқыны  өте  қастерлеген. Жылқы-мінсең  көлік, жесең ет. Қазы-қарта, жал-жаясыз бірде-бір  қазақ  жанұясын біз көре  алмаймыз.Тари-хи  деректер  бойынша  адам  баласы  жылқыны  біздің  жыл  санауымыздан

3-4мың  жыл бұрын  қолға үйреткен. Негізгі  отаны  Шығыс  Еуропаның  да-лалы  аймағы, Орталық  Азия  және  Қазақстан  алқабы  деп  есептеледі.Әй-

гілі  ғалым  Ахмет  Тоқтабайдың «Алматы   кітап» баспасынан  жарық  көрген  «Қазақ  жылқысының   тарихы»  кітабында «Орталық  Азия, соның ішінде қазақ  даласы- жылқы  отаны» - деген  түпкілікті тұжырым  жасалған. Бұған дәлел ретінде, жүздеген мың жылқы сүйектері табылған энеолитдәуіріндегі – «Ботай  қонысы» аталады. Ботайлықтар – жылқыны  алғаш  қолға  үйреткен-дер. Мұны  қазір  бүкіл  әлем  ғалымдары  мойындап отыр.2009 жылы  бүкіл  әлемге  SCIENCE  ғылыми   журналында  жылқының   дүниежүзі   бойынша  тұңғыш  рет  Солтүстік  Қазақстанда  қолға  үйретілгені,ертедегі малшы-жыл-қышыларының б.з.д. ІY мыңжылдықта  қымыз  дайындағаны әлем  жұртшы-лығына  жария  етілді. Жылқының  арғы тегі  жылқы  пішіндес жануарлардан  дами келе - тарпаңға, Пржевальск  жылқысына, құлан, зебраға  жеткен  көрі-неді. Тарпаңдардың  бойлары  жылқылардан  аласалау, денесі тығыршықтай  томпақ, түстері  құла  және  көк  болып  келеді.

         ХХ  ғасырдың  басында  тарпаң  жабайы  жылқылар  түрлері  мүлдем жойылып кетті. Оларды  тек  суреттерден  ғана көре  аламыз.

    Жылқының  пірі – Қамбар  ата, төлі- құлын.Жылқыны-« құрау- құрау»  деп  шақырады.

7.      

 

Қазақтың  қасиетті  малдарының  бірі-жылқы. Оны  құлын, тай, жабағы,  құ-нан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (сүйрік), айғыр  деп  атайды. Ал  ат-    жүйріктігіне,тағы  да  басқа   қасиеттеріне  қарай   әсіресе   батырлар  жырла-

рында  жорға, су  жорға, текежәумет, жүйрік, тұлпар, қазанат, саңлақ, сәйгү-лік,назбедеу, дүлдүл, арғымақ  деп  атаған.  Жылқы  малын  аса  жоғары баға-лаған  қазақтар  үлкен  ас-тойларда  жарысқа  салып, бас  бәйгесіне  мол  дү-ние  беретін  болған. Ер - азаматтарға  жасалатын  сыйдың  да  үлкені  ат мін-гізіп, шапан  жабу болған. Жалпы  халық  жылқыны  жоғары  бағалаған. Жыл

қының  жүрісіне  дейін  атаулары  болған. Мысалы, аяң жүріс, жорға  жүріс, жортақ  жүріс, бүлкек  желіс, бөкен  желіс, шоқыта  жүру,шабыс. Оның  түсі түрлі  теңеулермен  сипатталған: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз,көк,шұбар . Түйе  мен  жылқыны, өгізді  көлік  ретінде  пайдаланады, шанаға, арбаға,мал- ға  жегеді, салт та  мінеді.

Жылқының  түрлері

Дүние  жүзінде  жылқының  250 дей  түрі  бар. Қазақстанда  жылқының

16 түрі өсіріледі. Жылқы – жүк  жылқысы, мініс  жылқысы, жазық  дала жылқысы,тау  жылқысы, солтүстік  дала  жылқысы  болып  бөлінеді.

        Қазақ  халқы  жылқыны 3 топқа бөлген:

1.Жүйрік  аттар: арғымақ, тұлпар ат , сәйгүлек  ат.

2.Күшті, еті тығыз  аттар.Ауыр жұмыстарға,жүк  артуға, көшкенде пай-

                                               даланған. Бұл  аттарды  Қазанат  деп  атаған.

 3.Жүрдек  аттар.Күші  мығым  ат  пен  бәйге атының  арасындағы  салт

                                жүріске  жарамды  жылқылар  Жабы  деп аталған.

 Жынысына қарай: ат, бие, айғыр, азбан деп ажыратады.

Құлын  (биенің төлі)

Жабағы (6 айдан асқан құлын)

Тай (1 жастан асқаны)

8.    

                          Жылқы     тұқымдары

.                                   

             Алтай тұқымы.                                      Қостанай тұқымы.

 

                                         

   Буденный  тұқымы.                                            Қазақ  тұқымы

 

         Қазақ жылқыларының ерекшеліктері – бастары үлкен, маңдайы ойыстау, қалың жақты, дөнес мұрынды,мойыны шомбалдау,қысқа,көздері мен құлақтары кішкентай. Шоқтығы биік, шабы қысқа, кең сауырлы, қылқұйрығы төмендеу орналасқан. Қазақ жылқысының бойы аласалау көрінгенмен, дене мүшелері кішкентай емес, арқасы қысқа да қайратты, бұлшық еттері  тығыз.

        Қазақ  жылқылары  ауа  райының  құбылмалы жағдайына  төзімді, жем – шөпті  талғамайды,үнемі  далада  жайылымда  жүріп  күнелтеді.

Жылқының  қасиеті.

     Төрт  түліктің  ішіндегі  ең  таза  мал- жылқы.Оның  тазалығы  соншалық- суды  да  кешіп  барып, таза  жерден  ішеді. Ол  өте  сезімтал  мал. Қолға тез үйренеді.Бір  ғажабы  жылқыда  өт болмайды.Төрт  түліктің  ішінде  жылқы-ны өсіру  жеңіл.Жылқы-жеті қазынаның бірі. Ол сезімтал, талғампаз жануар.

9.      

« Сиырдың  сүті – тілінде »

 Сиыр, ірі  қара, мүйізді  ірі  қара- сүтқоректілер   класы-на  жататын  аша  тұяқты, қуыс  мүйізді, күйіс  қайыратын  жануарлар. Сиыр малы   осыдан  7- 10 мың  жыл  бұрын  Жерорта   теңізі  маңындағы   елдерде қолға  үйретілген. Қазіргі  үй  сиырларының   шыққан  тегі  тур деп  аталады. Тур  деген  жабайы  сиырды  қолға  асырап, үйретілгеннен  кейін  үй  сиыры пайда  болған. Жабайы  сиырлармен  салыстырғанда, үй  сиырларының  аяқ-тары  қысқа, денелері  ірі, үлкен, шекелері  кіші  болып  келеді. Бұл  ірі қара әр  түрлі тұқымдардың шағылысуы арқылы  көптеген  будандарға  айналады. Мұндай  сиырлар  Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікмен-стан, туысқан  республикаларда  кең  таралып  өсті. Жергілікті  сиыр тұқым-дары  көбейді.Қазақстан  сиырларының  тұқымдары  еттілік, сүттілік, көлік-тік  жағынан  ерекшеленіп, өсіп-өніп  келеді.

Сиыр   малы  момақан, қазақтар  үшін  көбінесе  тамаққа   жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік  осы   сиырдың  берген  берекесі  болған. Сиырды  кейде  көшке  де, егіске  де  пайдаланып  отырған. Жалпы, қазақтар  сиырды  киімге  жаратпаған, қонаққа  сыйға тартпаған, тіпті түске  кірсе  де  ауыртпалық  деп   жорыған, тіпті  қазақта  епетейсіз,икемсіз әрі  денелі  адам-  ды «сиырдай» деп, сөйлемейтін  адамды «аузын   буған  өгіздей», «мыңқиған  бұзау  сияқты» деп  мазақтайтын  тіркестер  қолданылады.Дегенмен, сиыр  да  үйдің  берекесі, айран - сүттің  көзі, балаларының   асыраушысы  ретінде  қа-дірлі  мал  болған. Сиырды   жасына   қарай   бұзау,торпақ, тана, тайынша,қа- шар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа  деп  атаған.

Сиырдың  пірі -Зеңгі баба, төлі-бұзау.Сиырды-«аухау-аухау» деп  шақырады.

Сиырдың  төлдеу  мерзімі -9 ай.

10.           

Сиырдың  түрлері

Қазіргі  кезде  дүние  жүзінде  сиырдың   250- ге  жуық   түрі  бар.Сиырдың дене  бітімі  олардың   өнімділік   бағытына  (сүт, ет)  байланысты  болады.

Сүт  бағытындағы.   Сиырдың   денесі  ұзын, сүйегі  салыстырмалы  түрде жіңішке, терісі  жұқа, жұмсақ, түгі  жылтыр, қарыны  кең, басы  мен  мойыны ұзын, құрсағы  мен  желіні  үлкен  болады.

Ет  бағытындағы. Сиырдың  тұрқы  төртпақ  әрі  кең, омыраулы, аяғы  мен мойыны  қысқалау, желіні  кішілеу, сүтті  малға  қарағанда  бұлшық   еттері жақсы   жетілген, терісі  қалың  әрі  жұмсақ, тері  астындағы  май   қабаты  жақсы   дамыған.

Сүтті  бағыттағы  қолтұқымдар.

Бұл бағытта  өсірілетін  ірі  қара қолтұқымдарынан  сүт  алу мақсаты  көзде-леді. Қазақстанда   қырдың  (даланың) қызыл  сиыры, әулиеата, алатау, қа-рала, симменталъ қолтұқымдары  өсіріледі.                                                                                                                                                                                                              

                         Әулиеата     сиыры                Әулиекөл   тұқымы

               

Сиырдың   қасиеті.

Сиыр  малы  момақан,көп  күтімді  талап  етеді.Қазақта:  «Сиыр   малы-үйдің  асыраушысы» деп  тегін  айтылмаған. Себебі : сиыр  сүтінен   қан-шама  тағам  түрі  жасалады.Ертеде  қазақ  халқы  сиырдың  терісінен  құ-дықтан  су  тартатын  ыдыс  қауғалар, қымыз  ашытатын  сабалар  мен  су-сын  құятын  торсықтар  жасады.

11.           

«Қойдың  сүті – қорғасын»

      Қой –  қуысмүйізділер   тұқымдасына   жататын, күйіс қайыратын  жұптұяқты  мал.Қой  бұдан   10-11 мың  жыл,бұрын  қолға  үйре -тілген. Қойдың  жабайы  арғы  тегі – жабайы  қой  муфлон  және  арқар таулы алқаптарда  таралған. Қойдың  алғаш  қолға  үйретілген  орталықтары: 

Жерорта  теңізінің   маңы, Орта  Азия, Қазақстан, Орталық  АзияОңтүстік Африка.

Қой –төрт   түлік   малдың   ішіндегі  қазақтың  ең  сүйіктісі. «Қойдың  сүті- қорғасын,  қойды   құртқан  оңбасын»  дейтін   қазақтың  қой  өсіруге  ынта-ықыласы  мол- ақ. Өзі  майда, өсімтал, момақан, тез  ет алып, қонақ   кәдеге  жарап  отыратын, сүті  майлы  әрі жұғымды  қой  малын  ата-бабамыз  ерек-ше  қастерлеген. Қой  өсу  жасына  орай  қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық  деп аталады.

Қойдың  пірі- Шопан  ата,төлі-қозы.Қойды-«пұшайт-пұшайт» деп шақырады.

Қойдың  төлдеу  мерзімі – 5 ай.

Қой  түрлері . Қазақстанда  өсірілетін  қой  тұқымдары:

                          Арқар -  меринос                           Алтай   қойы

 

      

12.         

«Ешкі  төресі - серке»

    Ешкі  де  қазақтар  үшін  өсімтал  малдың  бірі.Ешкі 11-12 мың жыл бұрын қолға үйретілген Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің  сүттісін  арнайы  ұстап, ана сүтіне  жарымаған  ба-ланы  ешкі  сүтімен  асырайды. Ешкінің  серкесін  әрдайым  қойдың  отарына  қосып  отырады, оның  бүкіл  отарды  бастап жайылымға   апарып, әкелетін  қасиеті бар. Дегенмен  ешкіні  қонаққа  соймайды. Ешкі  жеңілтек  мал   деп есептеледі  де, мінезі  ұшқалақ, шыдамсыз  баланы  ( әсіресе  қыз баланы) «ешкі  құсап  селтеңдеп» деп, ешкіге  теңеп отыратыны  бар. Ешкіні  жасына  қарай  лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі. Ешкі  тоғыз – он  жыл тір-шілік  етеді.Ешкінің  мүйізі  қырлы,дене  бітімі  жеңіл,құйрығы қысқа  келеді.

Қазақ  ешкіні  жасына  қарай:

·        үлкен теке

·        серке

·        дөнен серке

·        құнан серке

·        ту ешкі

·     үлкен ешкі

·        сақа ешкі

·        туша шыбыш

·        шыбышша

·        шыбыжық

·        марқа лақ  - деп  атайды.

Ешкінің  пірі- Шекшек  ата,төлі-лақ. Ешкіні-«шөре-шөре» деп  шақырған.

Төлдеу  мерзімі- 5 ай.

13.           

Төрт  түліктің  пайдасы.

Төрт  түлік  малдың  өзі  қадірлейтін  басын  қазақтар  басқаға  бермеген, он-да  жұтаңдық  орнап  қалады  деп есептеген. Әрбір  рудың  өз малына сала-тын  таңбасы  болған. Оны  олар  малдың  құлағына, мүйізіне, жамбасына салатын  болған. Еңбекқор  қазақ  халқы  мал өнімдерін өте  орынды пайда-ланып отырған. Шаруашылықта  қолданылатын  заттар – жылқының  жалы-нан, құйрығынан  арқан, сиыр  мүйізінен  тарақ, қой  жүнінен  киіз, текемет, тоқылған сырт киім, түйе жүнінен  тоқылған  шекпен т.б. аса жоғары баға-ланған. Тіпті түйенің шудасын  қайнатып, емге пайдаланған. Кедей  қазақтар қойдың  жабағы  жүніне  жаңа  туған  нәрестені  де орап, қыстан  аман алып шыққан. Осындай  аса  құнды мал болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып-үйірілген, еркелетіп отырған.  Малдың  қадірін   біліп, қасиетін  бағалаған  бабаларымыз  адам

есіміне мал атауларын қосуды әдетке айналдырған.Мысалы,Ботакөз,Нартай,

Атанбай ,Бурабай ,Жылқыайдар,Түйебай, Қошқар,Қозы ,Серке,Қойлыбай,

Құнанбай.Қазақ халқы балаларын «ботам»,»қошақаным»,»құлыным» деп еркелетіп,әлпештегенде терең мән  жатыр.(«Ал шырағым,құлыным,маң-дайымда тұлымың»)

Тіпті  ертедегі  халықтың  жыр,әңгіме,ертегілерінде де мал қасиетті түлік есебінде батыр,ер,сұлулармен  қоса дәріптеліп айтылып жүреді.Мұның бәрі халықтың  малсақтық  ерекшеліктері  мен  ұғымынан туғанын естен шыға-руға  болмайды.

Әр мезгілде малдың жүнін,қылын,түбітін алудың да атау түрлері көп. Мысалы:Түйені  жүндейді,жылқыны  күзейді,қойды,ешкіні қырқады,ешкінің түбітін алу үшін тарайды.

  Малдың сүтінен жасалатын тағамдар:түйенің шұбаты,жылқының қымызы-аса құнды,шипалы сусын.Ал сиыр мен қой сүтінен:уыз,айран, қатық,қаймақ,

май, сүзбе,ірімшік, ақпақ, құрт,ежігей,сарысу,тосан  көптеген  дәмді тағам-дар  жасалады.

14.           

Халық  ұғымында малдың  пірі,иесі бар деп түсіндіріледі.Мысалы:түйеде-

Ойсылқара, жылқыда-Қамбар ата,сиырда -Зеңгі  баба,қойда-Шопан ата,ешкі-де - Шекшек ата.

Жылқының  жыры.

Қамбар  ата  жылқымын,

Шөптің  жеймін  түр –түрін.

Дертке  дауа  қымызым,

Берік  арқан  қыл-түгім.

 

Жылқыны  күту, тамақтандыру

Тау  бөктері  аймақтары  мен  қуаңшылық  жерлерде  ауа  райы жылы болған-дықтан  жылқыны жыл бойы  жайылымда бағады. Бұл  жерде  жылқы шаруа-шылығы  ет  алу  мақсатында ұйымдастырылған. Жылқыны  бағудың  бірне-ше әдістері бар: үйірлеп бағу, бос бағу, табындап бағу.Бос  бағуда  жылқыны жыл бойы жайылымда болады.Қатты  боран  немесе көк  тайғақ  болғанда пі-шен, жем беріледі. Табындап  баққанда  жылқы  жынысына және  жасына қа-рай  табынға бөлінеді.Боран және аяздан қорғау  үшін  қора, қолқа, ықтасын-салынады, Құдық  қазылады, суаттар  жасалады.

Жылқы өнімі

Еті мен сүтінің  адам  ағзасына  пайдасы.

Қазақ  халқы үшін жылқы  қасиетті  мал. Оның еті  мен сүті өте шипалы.  Еті жесең қорытуға  жеңіл, сіңуі  тез, өте пайдалы.Жылқы  етінің басты қасиеті : жүрек, қан, тамыр ауруларына, бүйрек  жұмысын  жақсартуға , буын  сүйек-терді  жібітуге т.б. қолданылады.Сондай ақ  ірі  қара  малдың  асқазаны ауыр-ғанда,  балапандар мен тауықтардың  ащы шегінде  қабыну белгілері байқал-ғанда  қолдануға болады.Міне, бұл  кеңестерді  үнемі жаныңызға  жинап, қа-жетіңізге  жаратуға  болады.

15.           

 

    Биенің  сүтінен  қымыз  ашытады. Қымыз  ауырған  адамға  ем, ал сау адамға қуат береді. Бие сүтінде қант көп болады.Жаңа  сау-ған сүттің  дәмін татып  көрсеңіз  байқайсыз. Құрамында  «С»  дәрумені  көп болады. Қымыздың  емдік  қасиеттері  әсіресе  туберкулез  ауруын  емдеуге    пайдалы.Қымыз  қазақ  халқының  сүйіп  ішетін  сусыны.Биеден  күніне 10-12, кейбіреулерінен 15-17 литрге  дейін  сүт  сауылады.

Жылқының жал-құйрығын «қыл» деп атайды. Жал-қүйрық көбінесе арқан-жіп есуге, сүзгі тоқуға, тұзақ есуге, жұмсалады. Жылқы қылын терімен қаптап көпшік, жастың, бөстек жасауға, қобызға тағуға пайдаланған.

Қылқобыз — әлемдегі ысқышпен орындалатын ішекті аспаптардың атасы, қос ішекті көне музыкалық аспап. Қобыздың екі ішегіне және ысқышына аттың құйрық жалының қылы тағылады. Қобыз адамның денесін шымырлатып, жүректі тербейтін қоңыр қою дыбыс береді. Қобыз күйлері халықтың мұңы мен қуанышын, ішіндегі сырын айқын суреттейді. Ерте заманда қобызда жыршылар, бақсылар, емші — балгерлер ойнаған. Қылқобыздың қазіргі заманның түрі — прима қобыз.

Жылқы біздің  ұлттық  мәдениетіміз, тарихымыз. «Ер қанаты -  ат» деген  қа-натты  сөзді  халық  жадында  сақтап  келеді.Осы  қағиданы берік ұстаған ба-баларымыз  жылқы  өсіруге  ерекше  ден қойған. Жылқы  еркіндіктің, тұрақ-тылықтың  белгісі,біздерд і  жарқын   болашаққа   жетелейді.

16.           

Түйенің  түйгені.

Ірі менің сүйегім,

Ойсыл қара түйемін

Ежелден ақ ел білген,

Күш  қуатқа  иемін.

Түйенің  күтімі.

Түйе  түлігі  негізінен  жайылымда  бағылып, күтімді, құнарлы  азық  пен  құ- рылысы  күрделі, жылы  қора- жайды  аса  қажет етпейтіндіктен, басқа  ауыл шаруашылық  малдарымен  салыстырғанда  тиімді  сала болып табылады. Түйе түлігі  күй таңдамайды, басқа  мал  жемейтін  қатты, тікенді өсімдіктер-мен қоректене береді. Түйе  күндіз  жайылып, түнде  жатып, күйіс қайырады. Бірнеше  тәулік  су ішпеуге шыдайды. Бұл  кезде  өркеш  майларынан  бөлін-ген суды  пайдаланады.Түйе  шаруашылығы  Ақтөбе, Батыс  Қазақстан, Маң-ғыстау,Қызылорда,Оңтүстік  Қазақстан, Жамбыл  облыстарында  жақсы дамыған.

                 Түйе   өнімдері.

Түйе  сүтінің  майлылығы  сиыр  сүтінен  әлдеқайда  жоғары. Оның   құра-мында  адам  ағзасына  қажетті  нәруыз,  дәрумендер  мол.  Сүті  24  сағатқа дейін  ашымайды. Түйе  сүтінен  шұбат дайындалады (қымыран  деп  те ата-лады). Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына бірден-бір шипа, қанды толық-тырады.Шұбаттың  радиацияға  қарсы  әсері  болатыны  да  анықталған.Түйе

17.           

еті - түйе  өнімінің  бір  түрі, бағалы  тағамдық  шикізат.Түйе  етінің  химия-лық  құрамы-мүйізді  ірі  қара  мал  етіне ұқсас  және қуатты  келеді.Түйе  еті-нің-қасиеті толық  зерттеліп  бола  қойған жоқ, дегенмен,еліміздің түйе өсіре-тін  аймағының  жергілікті халқы оны диеталық  тағам деп біліп, дертке дауа санайды.

Шудасы. Түйенің  шудасы  да  қымбат  бағаланады. Оны буын, құяң, бүйрек ауруларына  және  радиация  сәулелеріне  қарсы  ем  ретінде  пайдаланады. Шудадан  бағалы  тоқыма  бұйымдар  жасалады.Түйе  жүнінен  неше  түрлі өрмек  жіптерін  иіріп, шекпен, қап, белбеу, кілем, қоржын  сияқтыларды то-қиды. Сол сияқты түйе жүні айыл-құйысқан, өмілдірік, ноқта жасауға және көген, бау-шу есуге өте қолайлы.Түйе жүнін көрпеге салуға, шапанға тартуға өте жақсы, жеңіл, әрі жылы болады, қылшық  шықпайды.

Төрт  түліктің  ішінде  түйе  малын  байлық  ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. Осы малдың сақтаушы иесін «Ойсылқара» деп атаған. Ойсылқара атауы ұғымдық жақтан  түйе  деген  мағынаны  білдіреді.  Қазақтар  түйенің  жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл  әрі жұмсақ сырт  киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Тіпті түйенің шудасын да, қайнатып, емге пайдаланған. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлы-ным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып-үйірілген, еркелетіп отырған.

Бота.

18.           

Сиырдың  сыры.

Ел  аузынан  түспеген,

Зеңгі баба - құт деген.

Балалар тез  өссін деп,

Шелек-шелек сүт берем

Сиырды күту.
      Шаруашылықта  малды  қолда   және  жайылымда  ұстайды. Қолда бағу кезеңінде мал қора — жайда, ал жайылым кезеңінде табиғи  өрісте  ұстала-ды.  Жаз  айларында  көк  шөп  құрама  жем, қыста сүрлем, пішендеме  береді. Бұзауларды  сүтпен  қоректендіреді.

Сиырдың еті мен сүтінің адамға пайдасы.

Сиырдың  сүті  бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі  шикі-заты. Сиыр  сүтінен  айран, сары май, ірімшік, кілегей, құрт, сүзбе,сары су әзірлейді. Сүт  тағамдары  денсаулыққа  пайдалы  және  қоректі  қасиеті де  мол.Сиырдың  сүті  несеп ауруларына ем,  Ойды ұшқырлайды.Сары май әл ауқатты арттырады. Ал етінің құрамында белок  көп.Сиырдың  еті-салқын, майлы, желдің қызуын қайтарады.

 

19.           

Қойдың  ойы.

Біздер  жайлы  сөйлеген

Момын ,әрі  пайдалы,

Біз  боламыз  қой  деген.

Шопан  ата  түбіміз.

Қойдың  қасиеті.

Қазақ  халқы  қой  мен  ешкіні  қосып «уақ мал» деп атайды.Қой-төрт түлік мал  ішіндегі  ең  жуасы. Қойдың  еті, жүні, терісі пайдалы. Жүнінен  киіз басады, түрлі киім-кешек тоқиды.

Қой  күтімі

        Қой  шаруашылығы - мал шаруашылығының  бір  саласы. Малды  қыста қорада, қалған  уақытта жайылым жерлерде бағады. Оларды азықтық  дақыл-дармен  қоректендіреді, мезгілімен  дәрігерлік  көмек  көрсетіледі.Қойдың салмағы тұқымына қарай  әртүрлі болып келеді.

Қой  өнімі

Қойды  ет, сүт, жүн, тері  өндіру  үшін  өсіреді.Қой  еті  бағалы  тағамдық ши-кізат. Қойдың  еті – жылу  мен  әл-ауқатты  арттырады, денедегі  желді  баса-ды. Асқа  тәбетті  арттырады. Сүті  қою, емдік  қасиеті  бар.Қойдың  жүнін «жабағы», «күзем жүні», «қозы жүні», «өлі жүн» және «шет-пұшпақ» деп бес түрге  бөліп  атайды. Қойдың  жабағы  жүнінен  шидем  шапан, күпі  күседі, ішпек, терілік  жасайды, тыстап  күпсек (бөстек),көпшік, жеңіл байпақ тігеді, киіз жасайды.

 Қой  жүнінен  киіз басар,

 Кисе –киім, жесе –тамақ,

 Мал  жоқ  шығар  қойдан  асар  -  дегендей  үй жануарларына  адам  қандай

 қамқорлық  жасасақ, сондай пайда  көріп  отырмыз.

20.           

Ешкінің  ережесі.

Таппайтұғын  еш  тыным,

Шекшек ата –ешкімін.

Талайлардан  ілгері,

Талайлардан   естімін.

Ешкінің  қасиеті.

Ешкі- өте  өсімтал  мал.Ешкінің  мүйізі  қырлы, дене  бітімі  жеңіл, құйрығы қысқа  келеді. Оның  түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкі бір – екі, кейде  бесеуден  лақтайды. Жақсылап  күтсе  жылына  екі  рет  төл-дейді. Ешкілерді  көктемде, жылы  аудандарда  екінші рет тамыз – қыркүйек айларында  қырқады. Текесінен 4 – 6 кг, ешкісінен 3 – 5 кг қыл алынады. Тү-бітті ешкіден 0,2 – 0,5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады. Ешкі  терісінен  сафиян, шевро сияқты  бағалы  былғары  жасалады.

Ешкі  күтімі

        Ешкі  шаруашылығы - мал  шаруашылығының  бір саласы. Ешкі   малы - текесі 60 – 65 кг-ға дейін, ешкісі 40 – 60 килограмға  дейін тартады. Жемден-ген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май, жеті – он айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май  алынады.Ешкі  тұқымын  асылдандыру, күтімі  мен  азықтандыруын дұрыс  ұйымдастыру  арқылы  оның  өнімділігін  арттырады

Ешкі  өнімі

Ешкі  еті  әсіресе  лақ, серке еті дәмді, сіңімді келеді. Сүті  емшектегі  балаға жұғымды, одан  қаймақ, май, ірімшік, құрт, айран, т.б. тағамдар  дайындала-ды.Ешкінің  сүті  ентікпеге  ем.Өкпе  ауруына,  қан  аздық, рахит, буын, тері ауруына  шалдыққандарды  әу  бастан-ақ  ешкі сүтімен емдеген. Түбіті  мен жүнінен  жеңіл, әрі берік  орамал, қолғап, басқа да киімдер тоқылған.

 

21.           

Төрт  түлік  туралы.Түйе - көштің көркі, жылқы - жетекші, қой - береке.
                                            Майлықожа   Сұлтанқожаұлы.

Жұмбақтардың  шешімін  табу. 
Туа сап жүріп кеткен,
Енесін қуып кеткен.(  )

Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.
Егіз құлағы бар,
Иегінде сақалы бар. ( )

Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (  )

Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (  )

Екі айнасы бар,
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. ( сиыр )

Мақал –мәтелдер.

1.Сиыр су ішсе - бұзау мұз жалайды.
2.Құдай  сүзеген  сиырға  мүйіз  бермейді.
3.Тай - атқа  жеткізер, ат – мұратқа  жеткізер.
4.Еттің  бәрі - қозы емес, иттің бәрі - тазы емес.
5.Алпыс  күн  атан  болғанша, бір  күн  бура  болғанға  не  жетсін.
6.Жығылсаң  жылқы - жалын төсейді, сиыр - мүйізін  төсейді
7.Соңғы  түйенің   жүгі ауыр.

 

22.           

 

Практикалық  бөлім.

Мал  шаруашылығы  біздің  еліміз  үшін  қазіргі  таңда  да  маңызды саланың бірі  болып  келеді.Сондықтан  біз  ұлтымыздың  қасиетті  төрт  түлікке  қа-тысты  ұғымдары  мен  бай  тәжірибиесін  ұмытпай, күнделікті  тіршілігіміз-де  қолдануымыз   керек.

Мен төрт  түлік  туралы  толығырақ  біліп, зеттеуді  алдыма  мақсат еттім.Бұл

тақырып  маған  өте  қызықты.Зерттеу  барысында  кітапханаға, мұражайға барып  керекті  мәліметтер ала отырып, өзімнің төрт түлік туралы зерттеуімді жүргіздім.Бұл жинақталған  мәліметтерді   қазақ  тілі сабақтарында,сыныптан тыс сабақтарда  қолдансақ  екен  деген  игі мақсатта  зерттеу  жұмыстары  ат-қарылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23.           

Қорытынды.

Төрт  түлік  ұғымына көңіл  бөлсек; түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі малын қо-сып, «төрт  түлік  мал» деп  ата-бабаларымыз  атап кеткен. Бұлардың сақтау-шы  иесі  бар  деп  ұғынып, оларды  Ойсылқара, Қамбар ата, Зеңгі  баба, Шо-пан  ата, Шекшек ата деп атаған.  Атаулардың  ертедегі  қалыптасқан  ұғым- дық  мағынасы  өте  кең. Бұл  атаулар  ұлтымыздың  тарихымен  тікелей  қа-тысты, ұлт болып қалыптасудан  көп  ілгері  ру, тайпамен  сабақтас  жатқан атаулар.Төрт  түлік  малды  оның «иесі», «киесі» бар деп нанып,оларға жал-барынатын, киелі ақ нар, киелі ақ боз айғыр, киелі көк бұқа, киелі көк қошқар деп ат қою салты болған. «Малымның  құты» деп, еркек  малдан  белгілі бір айғырды, бура немесе лөкті, қошқарды  қастерлеген де салт болған.

Жер  жүзіндегі  барлық  жаратылыстың  түпкі  тегі төрт  нәрседен- топырақ, су, от, және  желден(ауадан) жаралды  десек, түйе - сордан, жылқы- желден, сиыр- судан, қой- ауадан  жаратылған  деп  төрт  түлікті  әр түрлі  нәрсенің  символы  деген.

Бұл  ғылыми- зерттеу  жұмысы  төрт  түлік  туралы  тереңірек  білуге,оларды

бағалап, құрметтеуге  септігін  тигізетіні  сөзсіз.Оқушыларға  төрт түліктің  адам  өміріндегі  маңыздылығын  түсіңдіре  отырып,қазақ  тілін оқыту әр мұғалімнің   басты  міндеті.

Осы  тақырыпты  таңдаған  5»Б»  сынып   оқушысы   Ансағанов   Бекзаттың бойынан  көп  ізденіс  пен  талпынысты байқадым.Таңдалған  тақырыптың мазмұны  ашылып,зерттелді. Келешектегі  мақсатымыз  осы  тақырыпты те-

реңірек  зерттеу.

 

 

 

 

 

24.                         

«Қостанай  қаласы  әкімдігі  білім  бөлімінің  № 3 мектеп-гимназиясы» ММ  

4 «Б»  сынып  оқушысы

Утегенова  Жайнаның «Төрт түлігім - ырысым» деп  аталатын ғылыми - зерттеу   жұмысына

            

Пікір.

Қазақ  халқының  басты құндылықтарының  бірі –төрт  түлік  мал.Ата - баба-мыздан  келе жатқан  байлықтарымыз-төрт  түліктің  маңыздылығын  оқушы

бойына сіңіру,мұғалімнің басты  парызы.

«Төрт  түлігім- ырысым» атты   ғылыми  жұмыстың  өзектілігі - төрт  түліктің

адам  өміріндегі  маңыздылығын  айқындау,өнім  көзі  болып  табылатын  төрт түлікті  күтіп,баптау.

Орыс  тілді  мектепте оқитын  оқушының  зерттеліп отырған  ғылыми  жұмысы қазақ  халқының  тұрмыс  тіршілігінен  сыр шертеді.Оқушы өз ғылыми еңбегін зерттеп, жазу барысында  төрт  түліктің  маңыздылығын, түрлерін  терең  ашып байымдаған және  дәлелдеуге тырысқан. Бұл жұмыс тақырыпқа сәйкес түрлі-түсті суреттермен көзге түседі. «Төрт  түлігім - ырысым»  тақырыбын  кітапха-наларда отырып, зерттеп, ізденген, ойын  жеткізе білген. Зерттеу  жұмысында  тақырыптың толық  мәнін  ашуға тырысқан. Жалпы  жұмыс  ұтымды, нақты, тұжырымды  жазылған.    

 

 

 

 

 

Жетекшісі:Ұсақбаева Г.С.

 

25.                         

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қ.Бозымов « Жылқы және түйе шаруашылығы»  Алматы «Қайнар» 1993ж.

2. К.Мырзалиев «Қызыл кітап» Алматы  «Жалпы» 1983ж.

3.  Қазақстанның экономикалық  және  әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009

4. Қ. Дүйсенбаев, З.Сейітов, Ә. Хасенов «Қымыз» Алматы «Қайнар» 1968ж.5.Қазақ  Энциклопедиясы, 8 том6. Интернет  ресурстары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

26.           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл nauch.docx475.46 КБ

Предварительный просмотр:

Мазмұны

  1.   Аннотация.

     Кіріспе .......................................................................................   3- 4 бет

  1. Негізгі  бөлім.
  1. «Төрт  түлігім- ырысым»   ...... .............................................  5-13бет
  1. «Түйе –малдың  қасқасы» .................................................. .   5- 6 бет

ә)  «Жылқы –малдың  патшасы»................................................   7- 9 бет

б)  «Сиырдың  сүті  тілінде» ................................................... ...10-11бет

в)  «Қойдың  еті  қорғасын » ......................................................  12  - бет

г)  «Ешкі  төресі –серке» ............................................................. 13  - бет

  1. Төрт  түліктің  адамға  пайдасы .........................................  14-21 бет

    3.  Төрт  түлік  туралы мақал- мәтелдер,жұмбақтар...................  22  бет

  1. Практикалық бөлімі.....................................................................    23 бет
  2. Қорытынды...................................................................................    24 бет

Пікір................................................................................................  25 бет

Пайдаланған  әдебиеттер .............................................................   26бет

                                         Аннотация

Зерттеу  мақсаты:

1.Төрт  түліктің  түрлерімен  танысып,зерттеу.

2.Төрт  түліктің  адамға  пайдасын  зерттей  отырып, ұғымды кеңейту.

3.Төрт  түліктің  маңыздылығын  айту, адам  өміріне  қажеттілігін көрсету.

Міндеттері :

  •  Төрт  түліктің  шығу  тарихын,  түрлерін      анықтау.
  •   Төрт  түліктің  адам  өміріне  пайдасы  туралы  мәлімет  жинау.
  •   Төрт  түлікке  қатысты  ұлттық   ұғымдарды  ұғыну.

Гипотеза:Төрт түліктің түрлерімен жан-жақты танысып, адам өміріндегі  

                 маңыздылығын  анықтау.

Зерттеу кезеңдері:

-Дайындаушылық: тақырыпты  таңдау,мақсат  пен  талаптың  қойылуы.

-Зерттеушілік:төрт  түліктің  түрлерін,пайдасын  зерттеу,анықтау

-Тәжірибелік: Қазақ  тілі сабағында  төрт  түліктің  пайдасын  түсіндіру;  

 ұлттық  ұғымдар   арқылы  бағалау  сезімдерін  дамыту,қажетті  мәліметтер  

 беру; сабақта  қосымша  жұмыс  түрінде  қолдануға  болады.  

 Зерттеудің  жаңашылдығы.

 Төрт  түліктің  маңыздылығын  түсіндіре  отырып, мәдени,рухани  дамыту  

  әдісі  ретінде  тиімді  қолдану  мүмкіншілігін  көрсете  білу.

  Жұмыстың  нәтижесі  мен  қорытындысы.

  Наурыз  мерекесінде  оқушылар  төрт түліктің  адамға  пайдасының  маңыз-

  дылығын  жете  түсіне  білді,мал  өнімдерінен,ұлттық   ойындардан   жақсы  

  әсер  алды.

  Жұмыстың  тәжірибе  ретінде  қолдану  аясы:

  Мектепте, сынып   сағаттарында, әдеби  кештерде  қолдануға   болады.  

                                        Аннотация.

Цель  исследования:

1.Ознакомиться   с видами  домашних  животных.

2.Исследовать   пользу  домашних  животных.

3.Показать  необходимости  пользы  домашних  животных  для  человека.

Задачи :

  • Исследовать   историю   домашних   животных  и  определить  виды.
  • Собирать   материалы  о  пользе   домашних   животных .
  • Развивать  национальное  понятие  о  домашних  животных.

 Гипотеза: Ознакомиться с видами  домашних  животных,определить пользу

 в жизни человека.

 Этапы  иссследования:

-Подготовительный: выбор  темы ,определение  цели  и  задачи.

-Исследовательский: Определить,  исследовать  виды  и  пользу  домашних   животных.  

-Практический: На  уроках  казахского  языка  использовать   материалы

  о пользе   животных  как  средство  работы с  учащимися  для  развития  

  чувства  любви  к  национальному  понятие ; использовать  на уроках  как    

  дополнительная  работа.  

 Новизна  иследования.

  Показать  возможности  использования  о пользе  домашних  животных

  как   метод  духовного  развития  каждого  учащегося.   

 Результаты  и  итоги  работы. 

  На  празднике  Наурыз  ученики  узнали  о  пользе  домашних  животных,

  получали  эстетическое  наслаждение.  

 Использование  работы  в  практике:

 Можно   использовать  для  проведения   внеклассных  мероприятии,литера-

 турных  вечеров   для  повышения  мотивации  учащихся.  

«Мал  тұяғы – қазына».

Әлихан  Бөкейханов.

     Қазақ   халқы  ежелден - ақ  мал   шаруашылығымен   айналысқан   халық. Ғасырлар   бойы   қалыптасқан   бай  тәжірибиесі   бойынша  олар    малдың өрісін, тіршілік  ету  сырын, жай- күйін, қадір-  қасиетін  әбден   зерттеп  біл-ген.  «Малы  бардың- жаны  бар», « Елдің  көркі - мал» деген   халық  нақыл    сөздерінен - ақ  қазақ   халқының  тұрмыс  тіршілігінде  төрт  түлік   малдың ерекше  орын  алатынын  түсінуге болады.Бабаларымыз  төрт түлікке  ерекше көңіл  бөлген. Ас- ауқаты, киімі, көлігі, қымызы – ем, жегжат – жұрағатымен жасайтын   алыс -  берісінің   көзі, байлығы  болғандықтан, қазақ  үшін  осы  төрт  түлік  мал  аса  қымбатты  дүние  болғаны белгілі. Қайда  болмасын, бі-рін- бірі  танысын-танымасын, кездесе  қалған  қазақ «мал-жан  аман ба?» деп амандық - саулық  сұрасқан. Есен - саулығын «мал –жан   аман  ба?» деп   бас  тайтын     қазақ  үшін  төрт  түліктің  орны  бөлек.Төрт  құбыласы  сай  болға-нын  қалайтын   әр   қазақтың   тұрмысы  ежелден -  ақ  төрт   түлікпен  тығыз  байланысты  болған. Малдың  сүтін  ішіп, етін  жеп, терісінен  тон  илеп, жү-нінен  киім  тоқыған  қазақтарда  төрт   түлік  туралы  атаулар  жетіп – арты-лады.

   Қазақтар  малды  тек  пайдаланып  қана  қоймаған, олардың  бабын  тауып, бағып-күтудің  де  жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін  жақсы білген. Қазақ халқы  ежелден  мал  шаруашылығымен  айналысып  келеді.Мал  кезінде  ал-ты алаштың жесе-асы, кисе-киімі,мінсе-көлігі, жапанда-серігі болған.Біз ежел  ден  малға  жақын  халықпыз. Кезінде ата  бабаларымыз  төрт  түлікке  жайлы қоныс іздеп  кең даламызда көшіп қонып жүрген. Қазақ  төрт  түлікті  ерекше құрметтеген  төрт  түліктің  жайымен  жазда  жайлауға, қыста  қыстауға  көш-кен. Малдың  еті, сүті тамақ болған, терісінен, жүнінен  арқан  жіптер, киіз үй жабдықтары, киім-кешек, алаша, кілем тоқып , әр  түрлі  бұйымдар  жасаған. Төрт  түлік  малдың  сүтін  және  одан  жасалған  айран, қымыз, шұбат  сияқ-ты  сусындарды  халқымыз «ағарған» немесе «ақ» деп атаған.

Қазақ    халқының    ұлттық  ойындарында  да  төрт  түлік  малға  байланысты қызықты  ойындар  көптеп  кездеседі.Мысалы: «Көкпар», «Қыз қуу», «Бәйге»

және  тағы  басқалары.Оның   өнімдерін  тіршілік  құралы   ретінде  пайдала-нып, малдың еті, терісі, тіпті  мүйізі мен сүйегіне дейін өз  қажетіне  пайдала-нып отырған.
    Төрт  түлік   туралы –қазақ   әдебиеті  тарихында   және  халық   арасында кеңінен  таралып,қолданылуда.Ақын- жазушылар  өздерінің  өлең  жырларын да  да  жазып,адамға  пайдасы  зор  екенің  айтқан.  

Заман  алмасып, уақыт  өткен  сайын  бүгінгі  жас  буын  осынау  төл  атаулар

ды  ұмытып, жаңылыстыратын   болып  жүрміз. Тірлігі  малмен  біте  қайнас-қан  қазақ  үшін  бұл  жараспас.Осы себепті біздер, кейінгі жас буын  біле жү-рейік деген  мақсатпен  осы «Төрт түлік» туралы  мәліметтерді  жинау қажет-тілігін түсіндім.

     Қазақ  тілі  сабағында  осы тақырып  мені  өте қызықтырды. Сабақта  төрт  түліктің  төлдері   жайлы,олардың  пірлері  мен  пайдасы  туралы  мәліметтер  алдым.Қазақтың  ұлттық  ойындарын  басқа  ұлттың балалары  да қызығушы-лықпен  ойнады.Асық   ойынын  ойнағанда,  асық   қалай  жасалады ?  деген  сұрақтар  туындады.  Осы  сәттен  бастап, төрт  түлік  туралы   толық  мағлұ-маттар  білу  мақсатында,зерттеу  жүргізуді  қолға  алдым.

    Төрт  түліктің  пайдасы  туралы  ғана  емес,өлеңдер  мен  мақал- мәтелдер, жұмбақтарды   және  ақын - жазушылардың, жыраулардың  ойларын   жинақ-тауды  жөн  көрдім.Осы  зерттеу  жұмысында  төрт  түлік  туралы  ой-түсіні-гім  кеңейе түсті.Тәуелсіз  Қазақстан  жерінде  төрт  түлігімізді бағалай  оты-рып,дастарханымызда   ұлттық   тағамдарымыз  жайнап   тұрса, балалар  ұлт-  тық  ойындарды  ойнап   өссе, ұлттық  құндылықты   құрметтеу басты  парыз.

     Мал   өсіруге  аса  қолайлы  Қазақстан   жерін   малсыз   елестету  мүмкін емес. Бұл  біздің  еліміз үшін  бұдан  былай  да  аса  маңызды  шаруашылық болып  қала бермек.Қасиетті  төрт  түлікке  қатысты   ұлтымыздың  ұғымда-

ры мен бай  тәжірибесін  ұмытпауға  тиіспіз.Қадір  тұтқан   мұраны сақтайық.  

«Түйе - малдың    қасқасы »

  101231-26  Түйелер (лат. Camelus) —  ірі  табандылар  отряды-ның  түйе  тұқымдасына   жататын   ашатұяқты  сүтқоректілердің  бір  түрі. Қолда  өсірілетін   түйелердің   арғы   тегі - жабайы  түйелер. Түйе  бұдан  4-5 мың  жыл  бұрын  қолға  үйретілген.  Төрт  түлік  малдың  ішіндегі  ең  қасиеттісі  түйе  болып  есептелген.Ол  қырық  күн  шөлге  шыдамды  жүк,   артса – көлік, жесе – ет, ал  жүні  киімге  жараған. Қазақтар  түйенің  жүні-нен  шекпендер киген, ол  жеңіл  әрі  жұмсақ  сырт  киім  болған.Жүні  қыс  та  суықты  өткізбейді.Түйелер  қос  және сыңар  өркешті болып  келеді жә-

    азық  қорын  өзімен  бірге  алып  жүреді.100 килограмм  өркеші - азықтық    

    майын  жинап   алатын   қоймасы  әрі   шөлдегенде  ішетін  суы. Өркешін-

    дегі  май  оған  екі  жұмаға  дейін  азық  болады.Түйе  шөлдеген   кезде он  

    минутта  он  литр  су  іше  алады  екен. Түйенің  күштілігі, жүйріктігі, шы-

    дамдылық  қасиеттеріне  қарай: біртуған ,бекпатша, күлпатша ,нар, аруана  

    жампоз, мая, айыр,қоспақ, балқоспақ, мырзақоспақ, үлек  деп  бөлінеді.

        Асан  қайғының  шапқанда  құстай   ұшатын  желмаясы  естеріңізде болар.   

        («Айырдан   туған  жампоз  бар, Нарға  жүгін   салғысыз» Шалкиіз  жырау.          

        Ал  түйе  өзінің  өсу  жолында   бота, тайлақ, буыршын,  буырлыш, науша,  

        бұзбаша, інген, атан, бура  деп  аталады. Түйенің   азғын   түрлерін:  көрт,

        кейін  дейді .  («Түйе  жаманы-көрт,шөп  жаманы  керт». Мақал)

        Түйенің  еті  мол, жүні  биязы болады. Түйе   30 - 35  жыл  өмір  сүреді.

        Түйенің   пірі - Ойсылқара, төлі - бота.Түйені «көс-көс»  деп  шақырады.

        Төлдеу  мерзімі – 12 ай.

Түйе  түрлері

Қазақстанда  түйенің  екі  түрі бар:

1). Жалғыз  өркешті  түйе (ғылыми  тілде  дромедар  дейді) - Қазақстанның кейбір  жерлерінде  өсіріледі. Ең  көп  өсірілетін  жері — Қарақұм. Қазіргі кезде  қолда  аруана  деп  аталатын  қолтұқымы  өсіріледі.Жабайы түрі жойы-лып кеткен. Оның жалпы аты - «нар».Ұрғашысы - «мая» немесе «аруана», еркегі - «үлек». Сыңар  өркешті  түйе  ыстыққа  төзімді, бірақ  қатты  аязға шыдамайды. 

2). Қос өркешті түйе (ғылыми  тілде  Бактрия  түйесі  дейді)  немесе Айыр өркешті  түйенің  жабайы  түрі «қаптағай» деп  аталады. Айыр өркешті түйе-нің ұрғашысын - «іңген», еркегін - «бура» дейді.Қазақстанда  қос өркешті түйенің  Қазақстан түйесі, Монғол түйесі, Астрахан  түйесі  деп  аталатын негізгі  үш  тұқымы  өсіріледі; Ол құрғақ  далалы, шөл-шөлейтті  жерлердің табиғи  жағдайларына  жақсы  бейімделген. Аңызақ  ыстыққа, үскірік  аязға төзімді  келеді.

101231-26C:\Users\Асель Кисикова\Desktop\верблюд.jpg

                              Қос  өркешті                   Сыңар   өркешті

Түйенің   қасиеті.

Түйенің   жүні  мен  терісі – киім, сүті – сусын, еті– ас. Әсіресе, түйе  көш  көлігі  ретінде   бағалы. Ол – сиырдай   емес, сирақты  мал. Қыста   суыққа, жазда  ыстыққа  төзімді.Түйе  алпыс  күн  аштыққа, отыз  күн  шөлге шыдай-ды.  «Айт-шу» десең атып  тұратын «тіл  алғыш», жуас, қайырымды   мал.

« Жылқы - малдың  патшасы »

http://t0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTsYZuPBZAcaTWhSp9jXniLcaB-jIQMu308a5caiKu7JKM7VJu8p30WAfE        Төрт  түлік  малдың  ішінде  қай  халықтың  болса  да құрмет  тұтатындарының  бірі- жылқы  малы. «Ат-ердің қанаты» деп айтатын дана  халқымыз  жылқыны  өте  қастерлеген. Жылқы-мінсең  көлік, жесең ет. Қазы-қарта, жал-жаясыз бірде-бір  қазақ  жанұясын біз көре  алмаймыз.Тари-хи  деректер  бойынша  адам  баласы  жылқыны  біздің  жыл  санауымыздан

3-4мың  жыл бұрын  қолға үйреткен. Негізгі  отаны  Шығыс  Еуропаның  да-лалы  аймағы, Орталық  Азия  және  Қазақстан  алқабы  деп  есептеледі.Әй-

гілі  ғалым  Ахмет  Тоқтабайдың «Алматы   кітап» баспасынан  жарық  көрген  «Қазақ  жылқысының   тарихы»  кітабында «Орталық  Азия, соның ішінде қазақ  даласы- жылқы  отаны» - деген  түпкілікті тұжырым  жасалған. Бұған дәлел ретінде, жүздеген мың жылқы сүйектері табылған энеолитдәуіріндегі – «Ботай  қонысы» аталады. Ботайлықтар – жылқыны  алғаш  қолға  үйреткен-дер. Мұны  қазір  бүкіл  әлем  ғалымдары  мойындап отыр.2009 жылы  бүкіл  әлемге  SCIENCE  ғылыми   журналында  жылқының   дүниежүзі   бойынша  тұңғыш  рет  Солтүстік  Қазақстанда  қолға  үйретілгені,ертедегі малшы-жыл-қышыларының б.з.д. ІY мыңжылдықта  қымыз  дайындағаны әлем  жұртшы-лығына  жария  етілді. Жылқының  арғы тегі  жылқы  пішіндес жануарлардан  дами келе - тарпаңға, Пржевальск  жылқысына, құлан, зебраға  жеткен  көрі-неді. Тарпаңдардың  бойлары  жылқылардан  аласалау, денесі тығыршықтай  томпақ, түстері  құла  және  көк  болып  келеді.

         ХХ  ғасырдың  басында  тарпаң  жабайы  жылқылар  түрлері  мүлдем жойылып кетті. Оларды  тек  суреттерден  ғана көре  аламыз.

    Жылқының  пірі – Қамбар  ата, төлі- құлын.Жылқыны-« құрау- құрау»  деп  шақырады.

Қазақтың  қасиетті  малдарының  бірі-жылқы. Оны  құлын, тай, жабағы,  құ-нан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (сүйрік), айғыр  деп  атайды. Ал  ат-    жүйріктігіне,тағы  да  басқа   қасиеттеріне  қарай   әсіресе   батырлар  жырла-

рында  жорға, су  жорға, текежәумет, жүйрік, тұлпар, қазанат, саңлақ, сәйгү-лік,назбедеу, дүлдүл, арғымақ  деп  атаған.  Жылқы  малын  аса  жоғары баға-лаған  қазақтар  үлкен  ас-тойларда  жарысқа  салып, бас  бәйгесіне  мол  дү-ние  беретін  болған. Ер - азаматтарға  жасалатын  сыйдың  да  үлкені  ат мін-гізіп, шапан  жабу болған. Жалпы  халық  жылқыны  жоғары  бағалаған. Жыл

қының  жүрісіне  дейін  атаулары  болған. Мысалы, аяң жүріс, жорға  жүріс, жортақ  жүріс, бүлкек  желіс, бөкен  желіс, шоқыта  жүру,шабыс. Оның  түсі түрлі  теңеулермен  сипатталған: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз,көк,шұбар . Түйе  мен  жылқыны, өгізді  көлік  ретінде  пайдаланады, шанаға, арбаға,мал- ға  жегеді, салт та  мінеді.

Жылқының  түрлері

Дүние  жүзінде  жылқының  250 дей  түрі  бар. Қазақстанда  жылқының

16 түрі өсіріледі. Жылқы – жүк  жылқысы, мініс  жылқысы, жазық  дала жылқысы,тау  жылқысы, солтүстік  дала  жылқысы  болып  бөлінеді.

        Қазақ  халқы  жылқыны 3 топқа бөлген:

1.Жүйрік  аттар: арғымақ, тұлпар ат , сәйгүлек  ат.

2.Күшті, еті тығыз  аттар.Ауыр жұмыстарға,жүк  артуға, көшкенде пай-

                                               даланған. Бұл  аттарды  Қазанат  деп  атаған.

 3.Жүрдек  аттар.Күші  мығым  ат  пен  бәйге атының  арасындағы  салт

                                жүріске  жарамды  жылқылар  Жабы  деп аталған.

 Жынысына қарай: ат, бие, айғыр, азбан деп ажыратады.

Құлын  (биенің төлі)

Жабағы (6 айдан асқан құлын)

Тай (1 жастан асқаны)

                          Жылқы     тұқымдары

C:\Users\Амирхан\Desktop\Новая папка (3)\Downloads\altai.jpg.                                    C:\Users\Амирхан\Desktop\Новая папка (3)\Downloads\kustanaiskaya poroda.jpg

             Алтай тұқымы.                                      Қостанай тұқымы. 

 

C:\Users\Амирхан\Desktop\Новая папка (3)\Downloads\budenovkaya poroda.jpg                                          C:\Users\Амирхан\Desktop\Новая папка (3)\Downloads\kazahskaya poroda.jpg

   Буденный  тұқымы.                                            Қазақ  тұқымы

         Қазақ жылқыларының ерекшеліктері – бастары үлкен, маңдайы ойыстау, қалың жақты, дөнес мұрынды,мойыны шомбалдау,қысқа,көздері мен құлақтары кішкентай. Шоқтығы биік, шабы қысқа, кең сауырлы, қылқұйрығы төмендеу орналасқан. Қазақ жылқысының бойы аласалау көрінгенмен, дене мүшелері кішкентай емес, арқасы қысқа да қайратты, бұлшық еттері  тығыз.

        Қазақ  жылқылары  ауа  райының  құбылмалы жағдайына  төзімді, жем – шөпті  талғамайды,үнемі  далада  жайылымда  жүріп  күнелтеді.

Жылқының  қасиеті.

     Төрт  түліктің  ішіндегі  ең  таза  мал- жылқы.Оның  тазалығы  соншалық- суды  да  кешіп  барып, таза  жерден  ішеді. Ол  өте  сезімтал  мал. Қолға тез үйренеді.Бір  ғажабы  жылқыда  өт болмайды.Төрт  түліктің  ішінде  жылқы-ны өсіру  жеңіл.Жылқы-жеті қазынаның бірі. Ол сезімтал, талғампаз жануар.

« Сиырдың  сүті – тілінде »

Chk Сиыр, ірі  қара, мүйізді  ірі  қара- сүтқоректілер   класы-на  жататын  аша  тұяқты, қуыс  мүйізді, күйіс  қайыратын  жануарлар. Сиыр малы   осыдан  7- 10 мың  жыл  бұрын  Жерорта   теңізі  маңындағы   елдерде қолға  үйретілген. Қазіргі  үй  сиырларының   шыққан  тегі  тур деп  аталады. Тур  деген  жабайы  сиырды  қолға  асырап, үйретілгеннен  кейін  үй  сиыры пайда  болған. Жабайы  сиырлармен  салыстырғанда, үй  сиырларының  аяқ-тары  қысқа, денелері  ірі, үлкен, шекелері  кіші  болып  келеді. Бұл  ірі қара әр  түрлі тұқымдардың шағылысуы арқылы  көптеген  будандарға  айналады. Мұндай  сиырлар  Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікмен-стан, туысқан  республикаларда  кең  таралып  өсті. Жергілікті  сиыр тұқым-дары  көбейді.Қазақстан  сиырларының  тұқымдары  еттілік, сүттілік, көлік-тік  жағынан  ерекшеленіп, өсіп-өніп  келеді.

Сиыр   малы  момақан, қазақтар  үшін  көбінесе  тамаққа   жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік  осы   сиырдың  берген  берекесі  болған. Сиырды  кейде  көшке  де, егіске  де  пайдаланып  отырған. Жалпы, қазақтар  сиырды  киімге  жаратпаған, қонаққа  сыйға тартпаған, тіпті түске  кірсе  де  ауыртпалық  деп   жорыған, тіпті  қазақта  епетейсіз,икемсіз әрі  денелі  адам-  ды «сиырдай» деп, сөйлемейтін  адамды «аузын   буған  өгіздей», «мыңқиған  бұзау  сияқты» деп  мазақтайтын  тіркестер  қолданылады.Дегенмен, сиыр  да  үйдің  берекесі, айран - сүттің  көзі, балаларының   асыраушысы  ретінде  қа-дірлі  мал  болған. Сиырды   жасына   қарай   бұзау,торпақ, тана, тайынша,қа- шар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа  деп  атаған.

Сиырдың  пірі -Зеңгі баба, төлі-бұзау.Сиырды-«аухау-аухау» деп  шақырады.

Сиырдың  төлдеу  мерзімі -9 ай.

Сиырдың  түрлері

Қазіргі  кезде  дүние  жүзінде  сиырдың   250- ге  жуық   түрі  бар.Сиырдың дене  бітімі  олардың   өнімділік   бағытына  (сүт, ет)  байланысты  болады.

Сүт  бағытындағы.   Сиырдың   денесі  ұзын, сүйегі  салыстырмалы  түрде жіңішке, терісі  жұқа, жұмсақ, түгі  жылтыр, қарыны  кең, басы  мен  мойыны ұзын, құрсағы  мен  желіні  үлкен  болады.

Ет  бағытындағы. Сиырдың  тұрқы  төртпақ  әрі  кең, омыраулы, аяғы  мен мойыны  қысқалау, желіні  кішілеу, сүтті  малға  қарағанда  бұлшық   еттері жақсы   жетілген, терісі  қалың  әрі  жұмсақ, тері  астындағы  май   қабаты  жақсы   дамыған.

Сүтті  бағыттағы  қолтұқымдар.

Бұл бағытта  өсірілетін  ірі  қара қолтұқымдарынан  сүт  алу мақсаты  көзде-леді. Қазақстанда   қырдың  (даланың) қызыл  сиыры, әулиеата, алатау, қа-рала, симменталъ қолтұқымдары  өсіріледі.                                                                                                                                                                                                              

                         Әулиеата     сиыры                Әулиекөл   тұқымы

                http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/43/Adaptaur.jpg/220px-Adaptaur.jpgПорода аулиекольская крупного рогатого скота Фото, Изображение Порода аулиекольская крупного рогатого скота

Сиырдың   қасиеті.

Сиыр  малы  момақан,көп  күтімді  талап  етеді.Қазақта:  «Сиыр   малы-үйдің  асыраушысы» деп  тегін  айтылмаған. Себебі : сиыр  сүтінен   қан-шама  тағам  түрі  жасалады.Ертеде  қазақ  халқы  сиырдың  терісінен  құ-дықтан  су  тартатын  ыдыс  қауғалар, қымыз  ашытатын  сабалар  мен  су-сын  құятын  торсықтар  жасады.

«Қойдың  сүті – қорғасын»

http://im8.asset.yvimg.kz/userimages/barkorn/a5bC5D8w1eXnY4f3s27Gn0gqMR3Pve.jpg      Қой –  қуысмүйізділер   тұқымдасына   жататын, күйіс қайыратын  жұптұяқты  мал.Қой  бұдан   10-11 мың  жыл,бұрын  қолға  үйре -тілген. Қойдың  жабайы  арғы  тегі – жабайы  қой  муфлон  және  арқар таулы алқаптарда  таралған. Қойдың  алғаш  қолға  үйретілген  орталықтары: 

Жерорта  теңізінің   маңы, Орта  Азия, Қазақстан, Орталық  АзияОңтүстік Африка.

Қой –төрт   түлік   малдың   ішіндегі  қазақтың  ең  сүйіктісі. «Қойдың  сүті- қорғасын,  қойды   құртқан  оңбасын»  дейтін   қазақтың  қой  өсіруге  ынта-ықыласы  мол- ақ. Өзі  майда, өсімтал, момақан, тез  ет алып, қонақ   кәдеге  жарап  отыратын, сүті  майлы  әрі жұғымды  қой  малын  ата-бабамыз  ерек-ше  қастерлеген. Қой  өсу  жасына  орай  қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық  деп аталады.

Қойдың  пірі- Шопан  ата,төлі-қозы.Қойды-«пұшайт-пұшайт» деп шақырады.

Қойдың  төлдеу  мерзімі – 5 ай.

Қой  түрлері . Қазақстанда  өсірілетін  қой  тұқымдары:

                          Арқар -  меринос                           Алтай   қойы

C:\Users\Амирхан\Desktop\1328591034_1308665012.jpgC:\Users\Амирхан\Desktop\1328591972_63319241d887801988e1814c47651d2cc0e91.jpg

       

«Ешкі  төресі - серке»

http://t3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQPhhS91YaCbb2ZHW_uPNoEF1e-Mi6S78FHjbjam514VdltnQrkeg    Ешкі  де  қазақтар  үшін  өсімтал  малдың  бірі.Ешкі 11-12 мың жыл бұрын қолға үйретілген Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің  сүттісін  арнайы  ұстап, ана сүтіне  жарымаған  ба-ланы  ешкі  сүтімен  асырайды. Ешкінің  серкесін  әрдайым  қойдың  отарына  қосып  отырады, оның  бүкіл  отарды  бастап жайылымға   апарып, әкелетін  қасиеті бар. Дегенмен  ешкіні  қонаққа  соймайды. Ешкі  жеңілтек  мал   деп есептеледі  де, мінезі  ұшқалақ, шыдамсыз  баланы  ( әсіресе  қыз баланы) «ешкі  құсап  селтеңдеп» деп, ешкіге  теңеп отыратыны  бар. Ешкіні  жасына  қарай  лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі. Ешкі  тоғыз – он  жыл тір-шілік  етеді.Ешкінің  мүйізі  қырлы,дене  бітімі  жеңіл,құйрығы қысқа  келеді.

Қазақ  ешкіні  жасына  қарай:

  • үлкен теке
  • серке
  • дөнен серке
  • құнан серке
  • ту ешкі
  •   үлкен ешкі
  • сақа ешкі
  • туша шыбыш
  • шыбышша
  • шыбыжық
  • марқа лақ  - деп  атайды.

Ешкінің  пірі- Шекшек  ата,төлі-лақ. Ешкіні-«шөре-шөре» деп  шақырған.

Төлдеу  мерзімі- 5 ай.

Төрт  түліктің  пайдасы.

Төрт  түлік  малдың  өзі  қадірлейтін  басын  қазақтар  басқаға  бермеген, он-да  жұтаңдық  орнап  қалады  деп есептеген. Әрбір  рудың  өз малына сала-тын  таңбасы  болған. Оны  олар  малдың  құлағына, мүйізіне, жамбасына салатын  болған. Еңбекқор  қазақ  халқы  мал өнімдерін өте  орынды пайда-ланып отырған. Шаруашылықта  қолданылатын  заттар – жылқының  жалы-нан, құйрығынан  арқан, сиыр  мүйізінен  тарақ, қой  жүнінен  киіз, текемет, тоқылған сырт киім, түйе жүнінен  тоқылған  шекпен т.б. аса жоғары баға-ланған. Тіпті түйенің шудасын  қайнатып, емге пайдаланған. Кедей  қазақтар қойдың  жабағы  жүніне  жаңа  туған  нәрестені  де орап, қыстан  аман алып шыққан. Осындай  аса  құнды мал болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып-үйірілген, еркелетіп отырған.  Малдың  қадірін   біліп, қасиетін  бағалаған  бабаларымыз  адам

есіміне мал атауларын қосуды әдетке айналдырған.Мысалы,Ботакөз,Нартай,

Атанбай ,Бурабай ,Жылқыайдар,Түйебай, Қошқар,Қозы ,Серке,Қойлыбай,

Құнанбай.Қазақ халқы балаларын «ботам»,»қошақаным»,»құлыным» деп еркелетіп,әлпештегенде терең мән  жатыр.(«Ал шырағым,құлыным,маң-дайымда тұлымың»)

Тіпті  ертедегі  халықтың  жыр,әңгіме,ертегілерінде де мал қасиетті түлік есебінде батыр,ер,сұлулармен  қоса дәріптеліп айтылып жүреді.Мұның бәрі халықтың  малсақтық  ерекшеліктері  мен  ұғымынан туғанын естен шыға-руға  болмайды.

Әр мезгілде малдың жүнін,қылын,түбітін алудың да атау түрлері көп. Мысалы:Түйені  жүндейді,жылқыны  күзейді,қойды,ешкіні қырқады,ешкінің түбітін алу үшін тарайды.

  Малдың сүтінен жасалатын тағамдар:түйенің шұбаты,жылқының қымызы-аса құнды,шипалы сусын.Ал сиыр мен қой сүтінен:уыз,айран, қатық,қаймақ,

май, сүзбе,ірімшік, ақпақ, құрт,ежігей,сарысу,тосан  көптеген  дәмді тағам-дар  жасалады.

Халық  ұғымында малдың  пірі,иесі бар деп түсіндіріледі.Мысалы:түйеде-

Ойсылқара, жылқыда-Қамбар ата,сиырда -Зеңгі  баба,қойда-Шопан ата,ешкі-де - Шекшек ата.

Жылқының  жыры.

Қамбар  ата  жылқымын, 

Шөптің  жеймін  түр –түрін.

Дертке  дауа  қымызым,

Берік  арқан  қыл-түгім.

 

Жылқыны  күту, тамақтандыру

Тау  бөктері  аймақтары  мен  қуаңшылық  жерлерде  ауа  райы жылы болған-дықтан  жылқыны жыл бойы  жайылымда бағады. Бұл  жерде  жылқы шаруа-шылығы  ет  алу  мақсатында ұйымдастырылған. Жылқыны  бағудың  бірне-ше әдістері бар: үйірлеп бағу, бос бағу, табындап бағу.Бос  бағуда  жылқыны жыл бойы жайылымда болады.Қатты  боран  немесе көк  тайғақ  болғанда пі-шен, жем беріледі. Табындап  баққанда  жылқы  жынысына және  жасына қа-рай  табынға бөлінеді.Боран және аяздан қорғау  үшін  қора, қолқа, ықтасын-салынады, Құдық  қазылады, суаттар  жасалады.

Жылқы өнімі

Еті мен сүтінің  адам  ағзасына  пайдасы.

Қазақ  халқы үшін жылқы  қасиетті  мал. Оның еті  мен сүті өте шипалы.  Еті жесең қорытуға  жеңіл, сіңуі  тез, өте пайдалы.Жылқы  етінің басты қасиеті : жүрек, қан, тамыр ауруларына, бүйрек  жұмысын  жақсартуға , буын  сүйек-терді  жібітуге т.б. қолданылады.Сондай ақ  ірі  қара  малдың  асқазаны ауыр-ғанда,  балапандар мен тауықтардың  ащы шегінде  қабыну белгілері байқал-ғанда  қолдануға болады.Міне, бұл  кеңестерді  үнемі жаныңызға  жинап, қа-жетіңізге  жаратуға  болады.

 C:\Users\Амирхан\Desktop\017.jpg  Биенің  сүтінен  қымыз  ашытады. Қымыз  ауырған  адамға  ем, ал сау адамға қуат береді. Бие сүтінде қант көп болады.Жаңа  сау-ған сүттің  дәмін татып  көрсеңіз  байқайсыз. Құрамында  «С»  дәрумені  көп болады. Қымыздың  емдік  қасиеттері  әсіресе  туберкулез  ауруын  емдеуге    пайдалы.Қымыз  қазақ  халқының  сүйіп  ішетін  сусыны.Биеден  күніне 10-12, кейбіреулерінен 15-17 литрге  дейін  сүт  сауылады.

Жылқының жал-құйрығын «қыл» деп атайды. Жал-қүйрық көбінесе арқан-жіп есуге, сүзгі тоқуға, тұзақ есуге, жұмсалады. Жылқы қылын терімен қаптап көпшік, жастың, бөстек жасауға, қобызға тағуға пайдаланған.

kob2Қылқобыз — әлемдегі ысқышпен орындалатын ішекті аспаптардың атасы, қос ішекті көне музыкалық аспап. Қобыздың екі ішегіне және ысқышына аттың құйрық жалының қылы тағылады. Қобыз адамның денесін шымырлатып, жүректі тербейтін қоңыр қою дыбыс береді. Қобыз күйлері халықтың мұңы мен қуанышын, ішіндегі сырын айқын суреттейді. Ерте заманда қобызда жыршылар, бақсылар, емші — балгерлер ойнаған. Қылқобыздың қазіргі заманның түрі — прима қобыз.

Жылқы біздің  ұлттық  мәдениетіміз, тарихымыз. «Ер қанаты -  ат» деген  қа-натты  сөзді  халық  жадында  сақтап  келеді.Осы  қағиданы берік ұстаған ба-баларымыз  жылқы  өсіруге  ерекше  ден қойған. Жылқы  еркіндіктің, тұрақ-тылықтың  белгісі,біздерд і  жарқын   болашаққа   жетелейді.

Түйенің  түйгені.

Ірі менің сүйегім,

Ойсыл қара түйемін

Ежелден ақ ел білген,

Күш  қуатқа  иемін.

Түйенің  күтімі.

Түйе  түлігі  негізінен  жайылымда  бағылып, күтімді, құнарлы  азық  пен  құ- рылысы  күрделі, жылы  қора- жайды  аса  қажет етпейтіндіктен, басқа  ауыл шаруашылық  малдарымен  салыстырғанда  тиімді  сала болып табылады. Түйе түлігі  күй таңдамайды, басқа  мал  жемейтін  қатты, тікенді өсімдіктер-мен қоректене береді. Түйе  күндіз  жайылып, түнде  жатып, күйіс қайырады. Бірнеше  тәулік  су ішпеуге шыдайды. Бұл  кезде  өркеш  майларынан  бөлін-ген суды  пайдаланады.Түйе  шаруашылығы  Ақтөбе, Батыс  Қазақстан, Маң-ғыстау,Қызылорда,Оңтүстік  Қазақстан, Жамбыл  облыстарында  жақсы дамыған.

C:\Users\Амирхан\Desktop\imgres.jpg                 Түйе   өнімдері.

Түйе  сүтінің  майлылығы  сиыр  сүтінен  әлдеқайда  жоғары. Оның   құра-мында  адам  ағзасына  қажетті  нәруыз,  дәрумендер  мол.  Сүті  24  сағатқа дейін  ашымайды. Түйе  сүтінен  шұбат дайындалады (қымыран  деп  те ата-лады). Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына бірден-бір шипа, қанды толық-тырады.Шұбаттың  радиацияға  қарсы  әсері  болатыны  да  анықталған.Түйе

еті - түйе  өнімінің  бір  түрі, бағалы  тағамдық  шикізат.Түйе  етінің  химия-лық  құрамы-мүйізді  ірі  қара  мал  етіне ұқсас  және қуатты  келеді.Түйе  еті-нің-қасиеті толық  зерттеліп  бола  қойған жоқ, дегенмен,еліміздің түйе өсіре-тін  аймағының  жергілікті халқы оны диеталық  тағам деп біліп, дертке дауа санайды.

Шудасы. Түйенің  шудасы  да  қымбат  бағаланады. Оны буын, құяң, бүйрек ауруларына  және  радиация  сәулелеріне  қарсы  ем  ретінде  пайдаланады. Шудадан  бағалы  тоқыма  бұйымдар  жасалады.Түйе  жүнінен  неше  түрлі өрмек  жіптерін  иіріп, шекпен, қап, белбеу, кілем, қоржын  сияқтыларды то-қиды. Сол сияқты түйе жүні айыл-құйысқан, өмілдірік, ноқта жасауға және көген, бау-шу есуге өте қолайлы.Түйе жүнін көрпеге салуға, шапанға тартуға өте жақсы, жеңіл, әрі жылы болады, қылшық  шықпайды.

Төрт  түліктің  ішінде  түйе  малын  байлық  ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. Осы малдың сақтаушы иесін «Ойсылқара» деп атаған. Ойсылқара атауы ұғымдық жақтан  түйе  деген  мағынаны  білдіреді.  Қазақтар  түйенің  жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл  әрі жұмсақ сырт  киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Тіпті түйенің шудасын да, қайнатып, емге пайдаланған. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлы-ным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып-үйірілген, еркелетіп отырған.

C:\Users\Амирхан\Desktop\imgres.jpgБота.

Сиырдың  сыры.

Ел  аузынан  түспеген,

Зеңгі баба - құт деген.

Балалар тез  өссін деп,

Шелек-шелек сүт берем

Сиырды күту.
      Шаруашылықта  малды  қолда   және  жайылымда  ұстайды. Қолда бағу кезеңінде мал қора — жайда, ал жайылым кезеңінде табиғи  өрісте  ұстала-ды.  Жаз  айларында  көк  шөп  құрама  жем, қыста сүрлем, пішендеме  береді. Бұзауларды  сүтпен  қоректендіреді.

Сиырдың еті мен сүтінің адамға пайдасы.

Сиырдың  сүті  бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі  шикі-заты. Сиыр  сүтінен  айран, сары май, ірімшік, кілегей, құрт, сүзбе,сары су әзірлейді. Сүт  тағамдары  денсаулыққа  пайдалы  және  қоректі  қасиеті де  мол.Сиырдың  сүті  несеп ауруларына ем,  Ойды ұшқырлайды.Сары май әл ауқатты арттырады. Ал етінің құрамында белок  көп.Сиырдың  еті-салқын, майлы, желдің қызуын қайтарады.

C:\Users\Амирхан\Desktop\url.jpgC:\Users\Амирхан\Desktop\url.jpg

Қойдың  ойы.

Біздер  жайлы  сөйлеген

Момын ,әрі  пайдалы,

Біз  боламыз  қой  деген.

Шопан  ата  түбіміз.

Қойдың  қасиеті.

Қазақ  халқы  қой  мен  ешкіні  қосып «уақ мал» деп атайды.Қой-төрт түлік мал  ішіндегі  ең  жуасы. Қойдың  еті, жүні, терісі пайдалы. Жүнінен  киіз басады, түрлі киім-кешек тоқиды.

Қой  күтімі

        Қой  шаруашылығы - мал шаруашылығының  бір  саласы. Малды  қыста қорада, қалған  уақытта жайылым жерлерде бағады. Оларды азықтық  дақыл-дармен  қоректендіреді, мезгілімен  дәрігерлік  көмек  көрсетіледі.Қойдың салмағы тұқымына қарай  әртүрлі болып келеді.

Қой  өнімі

Қойды  ет, сүт, жүн, тері  өндіру  үшін  өсіреді.Қой  еті  бағалы  тағамдық ши-кізат. Қойдың  еті – жылу  мен  әл-ауқатты  арттырады, денедегі  желді  баса-ды. Асқа  тәбетті  арттырады. Сүті  қою, емдік  қасиеті  бар.Қойдың  жүнін «жабағы», «күзем жүні», «қозы жүні», «өлі жүн» және «шет-пұшпақ» деп бес түрге  бөліп  атайды. Қойдың  жабағы  жүнінен  шидем  шапан, күпі  күседі, ішпек, терілік  жасайды, тыстап  күпсек (бөстек),көпшік, жеңіл байпақ тігеді, киіз жасайды.

 Қой  жүнінен  киіз басар,

 Кисе –киім, жесе –тамақ,

 Мал  жоқ  шығар  қойдан  асар  -  дегендей  үй жануарларына  адам  қандай

 қамқорлық  жасасақ, сондай пайда  көріп  отырмыз.

Ешкінің  ережесі.

Таппайтұғын  еш  тыным,

Шекшек ата –ешкімін.

Талайлардан  ілгері,

Талайлардан   естімін.

Ешкінің  қасиеті.

Ешкі- өте  өсімтал  мал.Ешкінің  мүйізі  қырлы, дене  бітімі  жеңіл, құйрығы қысқа  келеді. Оның  түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкі бір – екі, кейде  бесеуден  лақтайды. Жақсылап  күтсе  жылына  екі  рет  төл-дейді. Ешкілерді  көктемде, жылы  аудандарда  екінші рет тамыз – қыркүйек айларында  қырқады. Текесінен 4 – 6 кг, ешкісінен 3 – 5 кг қыл алынады. Тү-бітті ешкіден 0,2 – 0,5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады. Ешкі  терісінен  сафиян, шевро сияқты  бағалы  былғары  жасалады.

Ешкі  күтімі

        Ешкі  шаруашылығы - мал  шаруашылығының  бір саласы. Ешкі   малы - текесі 60 – 65 кг-ға дейін, ешкісі 40 – 60 килограмға  дейін тартады. Жемден-ген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май, жеті – он айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май  алынады.Ешкі  тұқымын  асылдандыру, күтімі  мен  азықтандыруын дұрыс  ұйымдастыру  арқылы  оның  өнімділігін  арттырады

Ешкі  өнімі

Ешкі  еті  әсіресе  лақ, серке еті дәмді, сіңімді келеді. Сүті  емшектегі  балаға жұғымды, одан  қаймақ, май, ірімшік, құрт, айран, т.б. тағамдар  дайындала-ды.Ешкінің  сүті  ентікпеге  ем.Өкпе  ауруына,  қан  аздық, рахит, буын, тері ауруына  шалдыққандарды  әу  бастан-ақ  ешкі сүтімен емдеген. Түбіті  мен жүнінен  жеңіл, әрі берік  орамал, қолғап, басқа да киімдер тоқылған.

Төрт  түлік  туралы.Түйе - көштің көркі, жылқы - жетекші, қой - береке.
                                           Майлықожа   Сұлтанқожаұлы.

Жұмбақтардың  шешімін  табу. 
Туа сап жүріп кеткен,
 C:\Users\Асель Кисикова\Desktop\домашные животные\жеребенок.jpgC:\Users\Асель Кисикова\Desktop\домашные животные\жеребенок.jpg
Енесін қуып кеткен
.(  )

Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар. http://t3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQPhhS91YaCbb2ZHW_uPNoEF1e-Mi6S78FHjbjam514VdltnQrkeghttp://t3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQPhhS91YaCbb2ZHW_uPNoEF1e-Mi6S78FHjbjam514VdltnQrkeg
Егіз құлағы бар,
Иегінде сақалы бар.
( )

Кезікті бір жануар, C:\Users\Асель Кисикова\Desktop\верблюд2.jpgC:\Users\Асель Кисикова\Desktop\верблюд2.jpg
Үстінде екі тауы бар.
(  ) 

Кішкентай ғана бойы бар, C:\Users\Асель Кисикова\Desktop\домашные животные\ягненок.jpgC:\Users\Асель Кисикова\Desktop\домашные животные\ягненок.jpg
Айналдырып киген тоны бар
. (  )

Екі айнасы бар, http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/43/Adaptaur.jpg/220px-Adaptaur.jpghttp://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/43/Adaptaur.jpg/220px-Adaptaur.jpg
Төрт жылтырмағы бар,
 
Бір шыбыртқысы бар.
( сиыр )

Мақал –мәтелдер.

1.Сиыр су ішсе - бұзау мұз жалайды.
2.Құдай  сүзеген  сиырға  мүйіз  бермейді.
3.Тай - атқа  жеткізер, ат – мұратқа  жеткізер.
4.Еттің  бәрі - қозы емес, иттің бәрі - тазы емес.
5.Алпыс  күн  атан  болғанша, бір  күн  бура  болғанға  не  жетсін.
6.Жығылсаң  жылқы - жалын төсейді, сиыр - мүйізін  төсейді
7.Соңғы  түйенің   жүгі ауыр.

Практикалық  бөлім.

Мал  шаруашылығы  біздің  еліміз  үшін  қазіргі  таңда  да  маңызды саланың бірі  болып  келеді.Сондықтан  біз  ұлтымыздың  қасиетті  төрт  түлікке  қа-тысты  ұғымдары  мен  бай  тәжірибиесін  ұмытпай, күнделікті  тіршілігіміз-де  қолдануымыз   керек.

Мен төрт  түлік  туралы  толығырақ  біліп, зеттеуді  алдыма  мақсат еттім.Бұл

тақырып  маған  өте  қызықты.Зерттеу  барысында  кітапханаға, мұражайға барып  керекті  мәліметтер ала отырып, өзімнің төрт түлік туралы зерттеуімді жүргіздім.Бұл жинақталған  мәліметтерді   қазақ  тілі сабақтарында,сыныптан тыс сабақтарда  қолдансақ  екен  деген  игі мақсатта  зерттеу  жұмыстары  ат-қарылды.

Қорытынды.

Төрт  түлік  ұғымына көңіл  бөлсек; түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі малын қо-сып, «төрт  түлік  мал» деп  ата-бабаларымыз  атап кеткен. Бұлардың сақтау-шы  иесі  бар  деп  ұғынып, оларды  Ойсылқара, Қамбар ата, Зеңгі  баба, Шо-пан  ата, Шекшек ата деп атаған.  Атаулардың  ертедегі  қалыптасқан  ұғым- дық  мағынасы  өте  кең. Бұл  атаулар  ұлтымыздың  тарихымен  тікелей  қа-тысты, ұлт болып қалыптасудан  көп  ілгері  ру, тайпамен  сабақтас  жатқан атаулар.Төрт  түлік  малды  оның «иесі», «киесі» бар деп нанып,оларға жал-барынатын, киелі ақ нар, киелі ақ боз айғыр, киелі көк бұқа, киелі көк қошқар деп ат қою салты болған. «Малымның  құты» деп, еркек  малдан  белгілі бір айғырды, бура немесе лөкті, қошқарды  қастерлеген де салт болған.

Жер  жүзіндегі  барлық  жаратылыстың  түпкі  тегі төрт  нәрседен- топырақ, су, от, және  желден(ауадан) жаралды  десек, түйе - сордан, жылқы- желден, сиыр- судан, қой- ауадан  жаратылған  деп  төрт  түлікті  әр түрлі  нәрсенің  символы  деген.

Бұл  ғылыми- зерттеу  жұмысы  төрт  түлік  туралы  тереңірек  білуге,оларды

бағалап, құрметтеуге  септігін  тигізетіні  сөзсіз.Оқушыларға  төрт түліктің  адам  өміріндегі  маңыздылығын  түсіңдіре  отырып,қазақ  тілін оқыту әр мұғалімнің   басты  міндеті.

Осы  тақырыпты  таңдаған  5»Б»  сынып   оқушысы   Ансағанов   Бекзаттың бойынан  көп  ізденіс  пен  талпынысты байқадым.Таңдалған  тақырыптың мазмұны  ашылып,зерттелді. Келешектегі  мақсатымыз  осы  тақырыпты те-

реңірек  зерттеу.

«Қостанай  қаласы  әкімдігі  білім  бөлімінің  № 3 мектеп-гимназиясы» ММ  

4 «Б»  сынып  оқушысы

Утегенова  Жайнаның «Төрт түлігім - ырысым» деп  аталатын ғылыми - зерттеу   жұмысына

             

Пікір.

Қазақ  халқының  басты құндылықтарының  бірі –төрт  түлік  мал.Ата - баба-мыздан  келе жатқан  байлықтарымыз-төрт  түліктің  маңыздылығын  оқушы

бойына сіңіру,мұғалімнің басты  парызы.

«Төрт  түлігім- ырысым» атты   ғылыми  жұмыстың  өзектілігі - төрт  түліктің

адам  өміріндегі  маңыздылығын  айқындау,өнім  көзі  болып  табылатын  төрт түлікті  күтіп,баптау.

Орыс  тілді  мектепте оқитын  оқушының  зерттеліп отырған  ғылыми  жұмысы қазақ  халқының  тұрмыс  тіршілігінен  сыр шертеді.Оқушы өз ғылыми еңбегін зерттеп, жазу барысында  төрт  түліктің  маңыздылығын, түрлерін  терең  ашып байымдаған және  дәлелдеуге тырысқан. Бұл жұмыс тақырыпқа сәйкес түрлі-түсті суреттермен көзге түседі. «Төрт  түлігім - ырысым»  тақырыбын  кітапха-наларда отырып, зерттеп, ізденген, ойын  жеткізе білген. Зерттеу  жұмысында  тақырыптың толық  мәнін  ашуға тырысқан. Жалпы  жұмыс  ұтымды, нақты, тұжырымды  жазылған.    

Жетекшісі:Ұсақбаева Г.С.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қ.Бозымов « Жылқы және түйе шаруашылығы»  Алматы «Қайнар» 1993ж.

2. К.Мырзалиев «Қызыл кітап» Алматы  «Жалпы» 1983ж.

3.  Қазақстанның экономикалық  және  әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009

4. Қ. Дүйсенбаев, З.Сейітов, Ә. Хасенов «Қымыз» Алматы «Қайнар» 1968ж.5.Қазақ  Энциклопедиясы, 8 том6. Интернет  ресурстары


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

5 класта "Башҡортостан тәбиғәте. Ҡылым." темаһы буйынса дәрес.

5 класта "Башҡортостан тәбиғәте. Ҡылым" темаһы буйынса дәрескә презентация материалдары....

Уртаҡ ҡылым

Был дәрес программа буйынса алтынсы класта үтелә....

Разработка урока на тему: «Ҡылым тураһында төшөнсә» по башкирскому языку в 3 классе в соответствии с ФГОС

Разработка урока на  тему: «Ҡылым тураһында төшөнсә»  по башкирскому языку в 3 классе в соответствии с ФГОС...

Ҡылым. Унын зат, һан, барлыҡ-юҡлыҡ мәғәнәләре. Ҡабатлау дәресе.

4 класс өсөн ҡылым темаһын ҡабатлау дәресе конспекты...

Ҡылым. Ҡабатлау дәресенә слайдлар.

Ҡылым. Унын зат, һан, заман, барлыҡ-юҡлыҡ формаларында килеүе. Ҡабатлау темаһына слайдлар...

Тестар.Ҡылым.

Тестар. Ҡылым....

Башҡорт аты.Сифат ҡылым.

Башҡорт  аты.Сифат ҡылым....