Урок казахского языка "Моя Родина - Казахстан"
методическая разработка (5 класс) на тему

Смашова Сауле Жаксыбековна

Материал урока будет важен и интересен тем, кто хотел бы поближе познакомиться с народом Казахстана.

Скачать:

ВложениеРазмер
Microsoft Office document icon moya_rodina_-_kazahstan.doc59 КБ

Предварительный просмотр:

Тақырып: Менің Отаным-Қазақстан.

Мақсат: «Менің Отаным -Қазақстан» модуліндегі тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін байқау, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.

     Сөздік қорын молайту, ой-өрісін, танымдылық қабілетін қазақша ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту.

     Өз Отанын, елін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу, сүйіспеншілік сезімін ояту.

Көрнекіліктер: интер. тақта, асық, тест, үнтаспа.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап, әңгімелеу, диалог, өздік жұмыс, топпен жұмыс т.б.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Амандасу. Оқушыларды түгендеу.

2. Әнұранды орындау.

3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Білуіміз керек: рәміздерді, тіл туралы, салт-дәстүрлерді, Қазақстанның тарихын ...

Игеруіміз керек: қойылған сұрақтарға толық жауап беру, сөйлемдерді дұрыс құрастыру, өз ойайқаларынды еркін жеткізе білу т.б.

   Бүгін өздерін байқап отырған боларсыздар екі топқа бөлініп, сайыс сабағын өткіземіз. І-топ «Бүркіт» тобы, ІІ- топ «Тұлпар» тобы.   Алдарымызда көріп отырған жеті сандық. Осы құпия сандықтарымыздың ішінде тапсырмалар бар, сандықтарды ашып, тапсырмаларды орындаймыз. 7 сандық алған себебім, өйткені 7 қазақ халқының қасиетті саны болып есептеледі және біз 7 мектепте оқимыз. Ал сайысымызды бастайық. Бәрін белсенді қатысып отырыныздар.

  Сандықты ашпас бұрын проблемалық сұрақ қойылады. Отаншыл болу үшін әр азаматтың бойында қандай асыл қасиеттер болу керек?  Осы сұраққа сабақтың соңында жауап бересіздер.

ІІ. Қайталау кезеңі:

1 сандық. (Тіл)

«Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ» дейді Н.Назарбаев. Бәріміз елбасымызбен келісеміз.

1 тапсырма. Сұрақтарға жауап беру:

  1. Сенің ана тілің қай тіл?
  2. Сен қандай шетел тілдерін білесің?
  3. Шетел тілінде көркем әдебиеттер оқисың ба?
  4. Қанатты тілдер, афоризімдер білесің бе?

2 тапсырма.  «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» деген сөз бар.Бұл өте құнды кеңес. Сыныптастарына полиглот болу үшін не істеу керек жайында қандай кеңес бере аласыңдар?

1 кеңес ...

2 кеңес...

3 тапсырма.  «Тілді білсең мақалдап айт, мақал- сөздің, тілдің көркі». Келесі тапсырма мақалдарды аяқтаңдар.

Шешеннің тілі- ... (ортақ)

Ырыс алды -... (ынтымақ)

Бірлік бар жерде - ...(тірлік бар)

Бірлік еткен озар-... (бірлеспеген тозар)

Өнер алды-... (қызыл тіл)

Шешен сөз бастар- ... (батыр қол бастар)

4 тапсырма. Мақалды қалай түсінесіңдер? Өз сөздерімен түсіндіру.

 «Уәде алтыннан да қымбат» 1топ.

 «Тиыннан теңге құралады»  2 топ.

5 тапсырма. Сөзжұмбақты шешіп, келесі сандыққа түсеміз.

Сөзжұмбақты шешсеңіздер келесі тапсырманың тақырыбын білесіздер.

Сұрақтар:

  1. Халық ауыз әдебиеті  (мақал)
  2. Тудың көгілдір түсі ненің белгісі? (аспан)
  3. Высотный деген аудармасы қалай? (зәулім)
  4. Өте сирек кездесетін ерекше алғыр аң (барыс)
  5. Қазақ халқы қандай халық? (қайырымды)
  6. Қазақстанның қаласы (Семей)
  7. Қазақстан  Республикасының Бірдей бір заңды төлем құралы (теңге)
  8. Ел ертеңі кім? (жастар)

     9.  Қазіргі кезде әрбір жас адам нені игеруге ұмтылу керек? (мамандық)

2 сандық. (Қазақстан)

Қазақстан картасы бойынша монолог құрастыу.

3 сандық. (Президенттің жолдауы).

Президенттің жолдауы

 Біздің президент Қазақстан халқына 2030 жылға арналған жолдау жасады. Сол жолдауда не деген? Сызба бойынша әңгімелеу.

        

4 сандық  (Астана).

1) Қазақстан туралы білесіңдер. Ал астана туралы не айта аласыңдар?  Сұхбаттасу.

2)Сөйлемдерді дұрыс құрастыру.

5 сандық. Ту- ол ҚР мемлекет белгілерінің бірі. Тудан басқа қандай мемлекеттік рәміздерді  білесіңдер?

 1 тап. Оқушылар ҚР елтаңбасын бөліктерін жинап, әңгімелеу.

2 тап. Синоним сөз. табу.        Антонимдер:

Сыйлау –құрметтеу                         биік -аласа

Татуласу-достасу                             кең -тар

Намысқор-намысшыл                     бай -кедей

Болашақ –келешек                           пайда-зияң

Байлық –қазына

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

6 сандық (Салт дәстүр). Үй тапсырмасы.

«Әр елдің салты басқа. Қазақ халқы өз салт-дәстүрлерімен бай халық. – Қандай қазақ халқының салт- дәстүрлерін білесіңдер?» (Оқушылар, әр топ өз дайындап әкелген салт-дәстүрлерін көрсетеді). 1 топ- «Қырқынан шығару», 2 топ «Шашу».

7 сандық  (Отаншыл).

Проблемалық сұрақтарға жауап беру.

 Отаншыл болу үшін әр азаматтың бойында қандай асыл қасиеттер болу керек?  

мемлекеттік тіл        Ана тілін білу, құрметтеу

Отаншыл

Салт-дәстүрлер

                                   Туған жердің тарихын

Рәміздер

IV. Өздік жұмыс. Тест.

V. Сабақты қорытындылау. Бағалау.

VІ. Үй тапсырмасы.


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Моя Родина - Казахстан

Разработка урока "Наша Родина  - Казахстан"  для урока казахского языка в школе с русским языком обучения. К уроку есть видеофайл. Он называется "Наша Родина Казахстан" и опубликован в разде...

Урок казахского языка "Қыс"

Урок на казахском языке, знакомит с приметами зимы. Ведётся интересный диалог учитель и ученика....

Урок казахского языка "Ас атасы - нан"

Урок казахского языка по теме "Хлеб - всему голова"....

Моя Родина - Казахстан

Цель:1.  Воспитать чувство патриотизма, уважения к своей Родине;2.    Познакомить с особенностями географического расположения Казахстана;Воспитать гордость и уважение к государ­ст...

Презентация к уроку по казахскому языку "Мой Казахстан"

Презентация к вводному уроку модуля. Включает грамматический материал: закон сингармонизма, виды слогов. Есть изображения государственных символов с краткими сведениями....

Конспект урока «Наша Родина – Казахстан» 7 чудес Казахстана

Цель урока:  - Изучать историю музыкальной культуры КазахстанаЗадачи урока:  -провести беседу о роли музыки, песни в жизни современного человека;- дать сведения о 7 чудес Казахстана;- дать с...

Презентация к уроку «Наша Родина – Казахстан»

Цель урока:  - Изучать историю музыкальной культуры КазахстанаЗадачи урока:  -провести беседу о роли музыки, песни в жизни современного человека;- дать сведения о 7 чудес Казахстана;- дать с...